- •1. Валюта курсының белгіленген және өзгермелі жағдайында макроэкономикалық саясаттың нәтижелерін салыстыру.
- •2. Кәсіпорынның мәні, мақсаттары, міндеттері және қызметтері. Кәсіпорынның іс- қызметіне әсер ететін факторлар. Кәсіпорын жіктелімі.
- •1 . Қазақстанның әлемдік экономика одағына кіруі сапалы дамудың негізі.
- •2. Жалпыға бірдей еңбек қоғамына 20 қадам. Қоғамды әлеуметтік жаңғырту міндеттері.
- •2. Еңбек ақы төлемінің тарифтік емес түрлері мен мәні.
- •1 . Қазақстан экономикасын жаңғырту, тұрақты экономикалық өсу іргетасы ретінде.
- •1. ЕурАзэс мүше елдердің қазіргі кезеңдегі валюта нарығы жағдайы.
- •2. Инфляция: себептері, түрлері, әлеуметтік – экономикалық зардаптары және оны тоқтату шаралары.
- •1. Қазақстан экономикасының Әлемдік экономикалық дағдарыстың жақындағанда қазіргі кезеңдегі жағдайы.
- •2. Кәсіпорында айналмалы капиталды тиімді пайдаланудың негізгі жолдары.
- •1.Қазақстан Республикасындағы шағын және орта кәсіпкерліктің дамуы.
- •2. Айналым кұралдарының ауыспалы айналымы және оның айналым көрсеткіштері.
- •1.Қазақстандағы транспорт инфрақұрылымының дамуы (Қазақстан Республикасы президентінің – « Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» жолдауы материалдары бойынша 2014 жыл 11 қараша).
- •Үдемелі индустриалды инновациялық даму бағдарламасы. ЕурАзэс шеңберіндегі проблемалары және болашағы. Оны жүзеге асыру қорытындысы.
- •Өндірістің жалпы тиімділігі және көрсеткіштер жүйесі. Тиімділіктің дифференциалданғант көрсеткіштері. Өндіріс тиімділігіне ықпал жасайтын факторлар.
- •1.Халықаралық капиталды миграциялау және халықаралық несиелеу түсінігі және формалары.
- •2.Негізгі капиталды пайдалану тиімділігінің көрсеткіштері кәсіпорынның негізгі капиталын тиімді пайдалану факторлары және жолдары.
- •1.Әлемдік валюта жүйесінің эволюциясы. Алтын стандарт.Генуэздік Алтынұран стандарты. Бреттон – Вудтағы конференция. Ямайка конференциясы.
- •2.Инновациялық экономика. Түсінігі және мәні. Технологиялық укладтар
2. Еңбек ақы төлемінің тарифтік емес түрлері мен мәні.
Еңбек ақының тарифсіз жүйесі сипатталады:
- жұмыскердің жалақы мөлшерінің ұжымдық жұмыс нәтижесі бойынша есептелінген еңбек ақы қорының тығыз байланысымен;
- алдыңғы еңбек қызметінің мәліметтері жөнінде жалпы еңбек нәтижесіндегі оның еңбек үлесін анықтайтын және оның квалификациялық деңгейін сипаттайтын (квалификациялық деңгей коэффициенті), жұмыскерге тұрақты салыстырмалы коэффициенттің берілуімен;
- оның квалификациялық деңгейінің бағасын толықтыратын, ағымдағы қызмет нәтижесіндегі еңбекке қатынасу коэффициентінің (ЕҚК) әрбір жұмыскерге бекітілуімен.
Еңбек ақының тарифсіз жүйесі, тәжірибе көрсетіп отырғандай көптеген ресейлік кәсіпорындарда (Қазақстанда еңбек ақының бұл моделі осы күнге дейін кеңінен пайдаланылып жатқан жоқ), келесідей жағдайларда кеңінен қолданылуы мүмкін:
еңбек ұжымы жұмыстың соңғы нәтижесіне толық жэауапкершілікте болғанда;
бір-бірін жақсы білетін, өз жетекшілеріне толық сенетін еңбек ұжымы болғанда.
Еңбек ақының тарифсіз жүйесі белгілерден және жұмыскердің кәсіби спасын бғалау қағидаларынан, олардың соңғы нәтижедегі үлесінен тәуелді еңбек ақыға бағытталған қорларды үлестік бөлуге негізделген.
3-есеп.
Кәсіпорында құралдардың 100 бірлігі орналастырылған, оның ішінде 22 бірлігі 1985 жылы орналастырылған, 32 бірлігі 1992 жылы, 30 бірлігі-1998 жылы, 16 бірлігі-2003 жылы. Құралдарды орналастырылған жылдарына қарай реттеп, құралдардың құрылымына сипаттама беріңдер.
Билет 21.
1 . Қазақстан экономикасын жаңғырту, тұрақты экономикалық өсу іргетасы ретінде.
Қазақстан – 2050 стратегиясында шағын және орта бизнестің алдына ішкі жалпы өнімнің кем дегенде 50 пайызын өндіру қажеттігі міндет етіп қойылды. Жалпы алғанда, бұл секторда оң қарқын байқалып отыр: өткен жылдың қорытындысы бойынша бизнеспен айналысатындар саны 8 пайызға артып, 2,6 миллион адамға жетті, ал шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері шығарған өнімдер 9 триллион теңгені құрап, жылдық өсім көрсеткіші 3,3 пайыз болды. Дегенмен, Елбасы атап өткендей, осынау оң үрдістермен қатар кейбір келеңсіз жайттардың да орын алып отырғаны шындық. – Соңғы жылдарда экономикадағы шағын және орта бизнестің үлесі ішкі жалпы өнімнің 17 пайызы деңгейінде тоқтап тұр. Кәсіпкерлік субъектілерінің саны көп екеніне қарамастан, республикалық бюджет төлемінің 70 пайызын небәрі төрт жүз салық төлеуші ғана қамтамасыз етті. Ал бұл барлық бизнесмендердің 0,2 пайызы ғана. Негізгі капиталға деген ішкі жеке инвестицияның өсу қарқыны ішкі жалпы өнімнің өсу қарқынынан қалып келеді. Егер дағдарыс кезеңіне дейін олардың ішкі жалпы өнімдегі үлесі 18,4 пайызды құраған болса, 2013 жылдың қорытындысы бойынша небәрі 13 пайызды құрады. Шетелдік тікелей инвестициялар ағыны 2013 жылы 9,7 миллиардты құрады, бұл 2012 жылғы көрсеткіштен 4 миллиардқа аз, – деді Қазақстан Президенті.
2. Еңбек төлемінің мәні, функциялары және принциптері. Еңбек ақының құрылымы.
Еңбекақы төлеуді, ұйымдастыру дегеніміз — кәсіпорынның жұмыскерлерінің еңбекақыларының түрлері мен жүйесін анықтау, кәсіпорынның жұмыскерлерімен мамандарының жеке жетістіктері үшін қосымша ақы анықтау және бөлу. Қазіргі еңбекақы жұмыскерлер табысының негізгі бөлігін құраушы болғандықтан еңбекке ақы төлеу түрімен олардың еңбектерімен материалдық ынталандыру формасы болып табылады. Еңбекақы төлеу негізгі және қосымша түрлерге бөлінеді. Негізгі еңбекақыға мынандай төлемдер жатады: ♦ Мерзімдік, үдемелі және кесімді еңбекақы төлеу кезінде орындалған жұмыстың сапасы және мөлшері үшін, пайдаланылған уақыт үшін төлемдер; ♦ Еңбектің қалыпты жағдайынан ауытқуымен байланысты төлемдер, яғни мерзімнен тыс жұмыстар үшін, түнгі уақыттарға, мереке күндерге және т.б. күндерде жұмыс жасағаны үшін төленетін төлемдер; ♦ Қызметкердің кесірінсіз тоқтап қалулар үшін төлемдер; ♦ Сыйлықтар, сыйлықақылы үстемелер және т.б. Қосымша еңбекақыға ұжымдық келісім-шарттарда және еңбек туралы заңдарда қарастырылған, жұмыс жасалмаған уақыттар үшін төлемдер жатады: ♦ Демалыс уақыттарына ақы төлеу; ♦ Мемлекеттік және қоғамдық міндеттерді орындаған уақыттары үшін ақы төлеу; ♦ Кішкентай балалары бар аналарға жұмыстағы, үзілістері үшін ақы төлеу; ♦ Жасөспірімдерге белгіленген жеңілдік сағаттарға ақы төлеу.
Билет 22.
