Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
gos_biletteri.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.05 Mб
Скачать

2. Кәсіпорынның мәні, мақсаттары, міндеттері және қызметтері. Кәсіпорынның іс- қызметіне әсер ететін факторлар. Кәсіпорын жіктелімі.

Кәсіпорын – қоғамдық еңбек бөлінісі жүйесіндегі оқшауландырылған дербес өндірістік-шаруашылық бірлік (шаруашылық жүргізуші субъект); өндірістік-шаруашылық қызметті ұйымдастырудың негізгі нысаны. Басты мақсаты – белгіл бір пайда көлемін табу – ұйым қызметінің күшті және әлсіз жақтарын, сыртқы ортадан туатын күтпеген жағдайларды ескере отырып, сын көзбен талдау жүргізу арқасында қалыптасады.

Жоспарлаудың негізгі мақсаты – болашақ мүмкіндіктерді тауып оларды пайдалану бойынша іс-әрекеттерді ұйымдастыру. Жоспарлау процесінде келесі шешімдер қабылданады: 1) ұйымның қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді стратегияларын таңдау; 2) қойылған мақсаттарды жүзеге асыруға көмектесетін немесе қатерлі жағдайларды жеңіп шығатынұйғарымды бағыт пен іс-қимылдарын тудыру; 3) бақылау жүргізу үшін оперативиі қызметтердің стандарттарын қалыптастыру; 4) өзгеріп жатқан жағдайда ертерек белгіленген жоспарларды қайта қарау.

3. есеп.

Технологиялық құралдың бастапқы құны-90000 т. 2007 ж тамызында ол 22 жұмыс күнінде жұмыс атқарды. Пайдалану мерзімі 5 жыл. Кумулятивті әдіспен әржылдық амортизация сомасын есептеңдер. Ж: 72692тг.

Билет 18.

1 . Қазақстанның әлемдік экономика одағына кіруі сапалы дамудың негізі.

Кеден Одағы елдерінің нарықтары. Нарығының сыйымдылығы шамамен 170 млн. адамды құрайтын Кеден одағына Қазақстанның кіруі инвесторлардың алдында республика аумағында инвестициялық жобаларды тиімді іске асыру үшін қосымша мүмкіндіктер туғызады мен жаңа жетістіктерге жетелейді. Инвесторлар өз өнімдерін Белоруссия және Ресей нарықтарына кедергісіз жылжыта алады. Соңғы онжылдықтың ішінде Жалпы ішкі өнім 8-ден астам есеге өсті (17 млрд.-тан 146,5 млрд. долларға дейін). Қазақстанда инвесторларға арналған жайлы бизнес- климаттың барлық тұстарына жіті көңіл бөлінеді: әкімшілік тосқауылдарды азайту және рәсімдерді жеңілдету, құқық қорғау жүйесінің және сот жүйесінің тиімділігін арттыру, кедендік және салықтық әкімшілік жүргізуді жақсарту. Соңғы екі жыл ішінде ҚР кәсіпкерлік қызметке қолайлы жағдай жасауда орасан зор табысқа қол жеткізген 10 елден құралған қатарды бастап келеді. Инвестициялық климаттың жайлылығына халықаралық рейтингтерде Қазақстан Республикасының «Doing Business» рейтингі бойынша 47, ал «Менеджментті дамытудың Халықаралық институтының (IMD) рейтингі» бойынша 36 орында тұрғандығы куә болады.

2. Жалпыға бірдей еңбек қоғамына 20 қадам. Қоғамды әлеуметтік жаңғырту міндеттері.

тапсырмаларға орай орталық мемлекеттік органдарға елімізді әлеуметтік дамытудың жалпыұлттық Тұжырымдамалық Жоспарының жобасын әзірлеуді жүктеді. Біз осы жоспарды орындау бойынша нақты іс-шараларды атқаратын боламыз. Ал, құжаттағы 4, 5 тапсырмаларда аталып өткендей әлеуметтік еңбек қатынастарының тиімді модульдерін қалыптастыру қажет. Сондықтан өзін өзі жұмыспен қамтыған белсенді халықтың жағдайын және еңбекпен қамту саласының мүмкіндіктерін саралай отырып, жұмыспен қамтуға қарай ойысу, жұмыссыздық деңгейін айқындаудың әдісін жетілдіру керек.

Үкіметке  2020 жылға дейінгі біліктіліктің ұлттық жүйесін кезең-кезеңімен әзірлеу Жоспарын дайындап, қабылдауды; ЖОО-лар мен колледждер түлектері үшін біліктілікті бекітудің тәуелсіз жүйесін құру жөніндегі жұмыстарды белсендірек жүргізуді тапсырды.   Әрбір адам, соның ішінде, әсіресе, жастар белгілі бір кәсіптік саладан өз болашағын көргісі келетіндігін мойындау қажет. Сондықтан біліктіліктің ұлттық жүйесін (БҰЖ) құру жөніндегі барлық жұмыстарға барынша екпін берілуі қажет. Олар тек нормативтік маңызға ие болып қана қоймай, сонымен қатар, әрбір кәсіп үшін «жол картасы» да болуы қажет.

Үкіметке   «Мемлекеттік бақылау мен қадағалау туралы» Заңға және Еңбек кодексіне кәсіпорын­дарға тексеру жүргізу бөлігінде рати­фи­ка­цияланған ХЕҰ Конвенциясына сәйкес өзгерістер мен қосымшалар енгізу туралы; Еңбек, Әкімшілік және Қылмыстық кодекс­терге еңбек дауларын әдейілеп туын­дат­қаны үшін жауапкершілік жөніндегі ережені енгізу туралы;  әлеуметтік өштесуді қоздырғандығы, ереуілге мәжбүрлегендігі, еңбекақыны дер кезінде төлемегендігі, ұжымдық шартты орын­да­ма­ғандығы және басқа да құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікті күшейту туралы мәселелерді қарау тапсырылды.   Осыған орай, еңбек дауларының алдын алу, ескеру және реттеу қажет. Әсіресе, бүгінде өндірістегі еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен бақылау жұмыстарын күшейту, әлеуметтік-еңбек дауларын туын­дат­қаны үшін құқықтық жауапкершілікті қолға алуды енгізу қажет. Сонымен қоса, не Еңбек, не Әкімшілік, не Қылмыстық кодекстерде еңбек дауларын туындат­қаны үшін жұмыс берушілер, жауапты және басқа да тұлғаларды жауапкершілікке шақыру баптары қарастырылатын болады.

ҚР Үкіметіне «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорымен бірлесіп, акционерлендірілген ұлт­тық компанияларға жүйелі түрде алдын ала экономикалық және заңгерлік аудит жүр­гізуді, олардың нәтижелерін әлеуетті миноритарийлерге жеткізуді қарастыра отырып, «халықтық ІРО-ның» тұңғыш тәжірибесіне кең көлемді талдаулар жүргізуді; медиация институтын дамытуға бағыт­талған заң аясындағы құқықтық базаның қабылдануын қамтамасыз етуді; даулар мен жанжалдарды соттан тыс реттеудің осы тетіктерін дамыту мақ­са­тын­да Медиаторлардың ұлттық конференциясын өткізуге бастамашылық таныту жөнінде тапсырма берді. 

3. есеп.Жоспарлы жылы өнім өндіру көлемі 120000 мың т, 130000 мың т дейін өсіру көзделген. Бұл үшін бастапқв еңбек өнімділігімен 1260 адам қажет болады. Бірақ персонал санын көбейту кәсіпорын басқармасының жоспарында ЖОҚ керісінше персонал 5 пайыз кемуі қажет. Жоспарланған еңбек өнімділігін есептеңдер.Ж: 1444 мың тг.

Билет 19.

1.Хекшер-Олиннің халықаралық сауда теориясы .

2.Айналмалы капитал: мәні,құрамы және құрылымы. Айналмалы капиталды қаржыландыру көздері

3-есеп.

Өндірілген өнім көлемі 5000 тонна, бағасы 20000 т бір тоннаға. Айналым қаражаттарының орташа жылдық құны 30000 мың тенге. с

Билет 20.

1. Қазақстан Республикасының экономикасындағы транспорттық қатынастар инфрақұрылымы.

Президенттің Жолдауында еліміздің инфрақұрылымының әртүрлі салалары толығымен қамтылған. Яғни, бұл тек қана транспорт-логистикалық инфрақұрылым ғана емес, сонымен қатар, индустриалды-энергетикалық, тұрғын-үй және т.б. инфрақұрылымдар жүйелері болып отыр. Сондай-ақ, орта және шағын бизнесті қолдаудың арнайы іс-шаралары жайлы атап өтілді.  Еліміздің дамуы үшін аса маңызды мәселе, Қазақстанның Еуропа мен Азияны жалғайтын жерүсті халықаралық дәліздеріне белсенді қатысуы болып табылады. Бұл тек қана, өнімдерімізді халықаралық нарықтарға тиімді жеткізу емес, сонымен қатар транзиттік тасымалдаудан түсетін төлемдердің ел пайдасына түсетіндігінде.

Осы жөнінде елбасымыз Н.Ә.Назарбаев өзінің 2014жылғы 17 қарашадағы Қазақстан халқына жолдауында бұлай деген еді: «Көлік инфрақұрылымы – индустриялық экономика мен қоғамымыздың тамырына қан жүгіртетін жүйе. Сапалы заманауи магистральдарсыз дамыған ел болмайды деп мен талай рет айттым. Бұған қоса, Қазақстанның қатынас жолдары оның Еуропа мен Азия, Солтүстік пен Оңтүстік арасында орналасуы тұрғысынан маңызды мәнге ие. Елде жолдар желісін жасау үшін біз «Астана – Қарағанды – Алматы», «Астана – Павлодар – Өскемен», «Алматы – Қапшағай – Өскемен» автожолдарын салуды бастадық. Осы бағыттар бойынша пойыздар қазірдің өзінде екі есе жылдам жүріп жатыр».

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]