Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
gos_biletteri.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.05 Mб
Скачать

Билет 15

1. Валюта курсының белгіленген және өзгермелі жағдайында макроэкономикалық саясаттың нәтижелерін салыстыру.

Валюта багамы деп бір елдің валютасы екінші елдің валютасына айырбастағандағы валюталардың қатынасын атаймыз.

Мысалы: 153 тг = 1$, 70 тг = 1DM, 4тг= 1RR.

Қазіргі заманда валюта бағамын белгілеуде бір-біріне қарама-қарсы екі әдіс бар:

1) валютаның еркін айналымдағы бағамы;

2) тағайындалатын валюта бағам әдісі.

Валютаның еркін айналымдағы бағамы кезінде бағам ұсыныс пен сұраныстың әсерінен қалыптасады.Валютаның еркін айналымдағы бағамына көптеген факторлар әсер етеді. Олар:

Тұтынушы талғамының өзгеруі. Басқа елдің тауарына деген тұтынушының талғамы, көзқарасы ол елдің валютасына қатты әсер етеді. Мысалы, америкалық машиналардың беделі артса, онда тұтынушылар оны алуға тырысып, долларға қосымша сұраныс тудырады. Немесе Қазақстанға Ресейден демалушылар көп келсе, онда рубль ұсынысы көбейіп, арзандайды.

Табыстың салыстырмалы азаюы. Бір елдің ұлттық табысы басқа елдердің ұлттық табысына қарағанда өсімі салыстырмалы жоғары болған жағдайда, ол елдің валюта бағамы төмендейді. Себебі елдің импорты оның табыс деңгейіне қатысты болады.

Бағаның салыстырмалы өзгеруі. Егер Қазақстанда баға өссе, ал Ресейде қалыпты болса, онда қазақстандықтар ресейліктердің салыстырмалы арзан тауарын тұтынуға тырысып, рубльге қосымша сұраныс тудырады. Ал ресейліктердің керісінше, біздің тауарды тұтынуға деген ынтасы азайып, рубль ұсынысын кемітеді. Бұл екі жағдай бірігіп теңгені құнсыздандырады.

Салыстырмалы нақты пайыздық мөлшерлемелерінің өзгеруі. Мынандай жағдайды ойластырайық. Қазақстанда инфляцияны тежеу мақсатында «Қымбат ақша» саясаты жүргізілді. Нәтижесінде инфляцияны есептей отырып алынған нақты пайыздық мөлшерлеме мөлшері басқа елдерге қарағанда жоғары болды. Соның арқасында Қазақстан инвестициялауға өте тиімді елге айналды, ал ол инвесторларды (елдің экономикасы тұрақты болған жағдайда) теңгені алуға итермелейді.

Алыпсатарлық. Қазақстан экономикасында: а) Ресей экономикасына қарағанда жылдам өсу қарқыны болады деген жорамал бар; ә) басқа елдерге қарағанда инфляция жоғары болады деген қауіп бар; б) төмен мөлшерлеменің пайыздық мөлшері күтілуде. Ондай жағдайда теңгесі бар тұлғалар қолындағы теңгені

басқа, қалыпты валютаға айырбастауға ұмтылады. Ал ол сол валютаға сұранысты жоғарылатып, оны теңгеге қарағанда қымбаттатады.

2.Жалақы формалары және жүйелері.

  • Жалақы – жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбек ақысы. Бұған ведомость бойынша алынатын жалақы сомасы, әлеуметтік қамсыздандыру бойынша қосымша төлемдер және т.б. жатады.

Еңбек төлемі жүйесі: Жұмысшылардың еңбектері уақытында, келісіммен немесе еңбек төлемінің басқада жүйесімен төленеді. Төлем жеке немесе ұжымдық еңбек нәтижесі бойынша жүргізіледі. Еңбек төлемі тарифтік немесе тарифсіз, аралас жүйе негізінде қалыптасады. Еңбек төлемінің тарифтік жүйесіне: тарифтік салым, тарифтік тор, тарифтік коэффициенттер. Еңбек төлемінің тарифсіз жүйесі жұмысшылардың кәсіби сапасының бағасы мен оның соңғы нәтижеге бағытталуы.

3. есеп.

Технологиялық құралдардың құны 100000 тг. Пайдалану мерзімі 5 жыл. Амортизация нормасы 2 есеге өсуі мүмкін. Амортизация сомасын азайтатын қалдық әдісімен анықтаңдар

Билет 16

1. Әлемдік қаржылық экономикалық дағдарыстар: себептері, білінуі, зардаптары

2.Негізгі құралдардың тозуы, оның түрлері. Амортизацияның мәні, есептеу әдістері.

Негізгі құралдар дегеніміз - өндірісте ұзақ уақыт бойы (бір жылдан артық уақыт) пайдаланылатын, өзінің бастапқы заттай нысанын (пішінін, түрін) сақтай отырып, құнын шығарылған өнімге, орындалған жұмысқа, көрсетілген қызметке біртіндеп бөліп-бөліп есептелген амартизациялық материалдық активтерді айтады. Шаруашылық қызметте пайдалануға арналған негізгі құралдарды. Қайта caтyға немесе ақшаға айналдыруға болмайды. Ақшалай бағаланған негізгі қорлар негізгі құралдар деп аталады. Олар бухгалтерлік есепте осы бағамен көрінеді және субьект балансында көрініс табады. Негізгі құралдар ұзақ уақыт бойы, көптеген өндіріс циклы барысында пайдаланылады, олар бірте-бірте тозады және өзінің қасиеті мен түрін сақтай отырып, өз құнын бірте-бірте жаңадан өндірілген өнімге аударады. 

Өндірістік бұл - өндірістік процесіне тікелей қатысатын немесе өндірістің негізін құрайтын негізгі құралдар. Оның құрамына мыфналар жатады: өндіріс үйлер мен ғимараттар, машинамен жабдықтар,өлшеуіш және реттеуші құралы өндірістік және басқа да керек жабдықтар жұмысшы өнім беретін малдар, көпжылдық өсімдіктер енеді.  Өндірістік емес - бұл тұтыну мақсатындағы негізгі құралдар. Олар өндіріс процесіне қатыспайды. Ол ұжымның, мәдини, тұрмыстық қажеттігін қамтамасыз етуге арналған (үйлер, ғимараттар, керек жарақтар, денсаулық сақтау, спорт) 

Амортизация – бұл тозудың құндық белгісі. Бұл негізгі құралдардың амортизациялық құнын тозу шамасына қарай оның көмегімен өндірілетін еңбек өнімі мен қызметке ауыстырудың, өндіріс шығындарына қосылатын амортизациялық аударымдар арнайы ақша қаражаттарын пайдалану немесе негізгі қорлардың (негізгі құралдың) жай және кеңейтілген өндірісіне айналдырудың объективтік процесі.  4 әдісі: Кумулятивтік, өндірістік, кемімелі-қалдық, құнды біркелкі есептен шыгару

3. есеп.

Құралдардың баланстық құнын анықтаңдар, егер оның бастапқы құны 200000 тг құраса, ал пайдалану мерзімі 10 жыл құралдар 7 жыл пайдаланылған.

Билет 17.

1. Қазақстан Республикасындағы экономикалық қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау

Экономикалық қауіпсіздік дегеніміз- оның тұрақты дамуын, қауіпсіздігін, қоғамдық және мемлекеттік дамуы үшін әлеуметтік – экономикалық жағдайының адекватты деңгейін қамтамасыз ететін экономикалық жүйенің күйі.

Экономикалық қауіпсіздік (ЭҚ) ұлттық экономиканың қоғамдық қажеттіліктерді отандық және халықаралық деңгейде тиімді қанағаттандыруды қамтамасыз етуге қабілеттілігін көрсетеді. Басқаша айтқанда, экономикалық қауіпсіздік – ұлттық экономиканың тиімді, динамикалық өсуіне қолайлы әсер ететін ішкі және сыртқы жағдайлардың жиынтығы, оның қоғам, мемлекет, индивид қажеттіліктерін қанағаттандыру, сыртқы және ішкі нарықтағы әр түрлі қауіп-қатер мен шығындарға кепіл беретін бәсекеге қабілеттілікті қамтамасыз ету мүмкіншілігі.

Дамыған елдерде экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету – мемлекеттік саясаттың приоритеті бағыты, сондықтан экономикалық қауіпсіздік сөзсіз кепілдеме ретінде екі деңгейде түсініледі: сыртқы саясат – мемлекет егемендігі; ішкі саясат – қоғамның әлеуметтік-экономикалық тұрақтылығы.

Ұлттық экономикалық қауіпсіздік – экономика және билік институттарының сондай жағдайы, яғни бұл жағдайда мемлекеттің ұлттық мүдделерін кепілді қорғау, ішкі және сыртқы процесстердің даму қолайсыздығы кезінде жеткілікті экономикалық және қорғаныс потенциалы қамтамасыз етіледі.

Қоршаған ортаны қорғау – қоршаған ортаның табиғи жағдайын жақсарту, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану, табиғи байлықтарды сақтау және көркейту негізінде табиғат пен қоғамның өзара үйлесімді әрекетін қамтамасыз етуге бағытталған мемлеккеттік және қоғамдық іс шаралар жүйесі. Қазақстан Республикасында “Қоршаған ортаны қорғау туралы” Заң 1997 жылы 5 тамызда қабылданған. Экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, шаруашылық және басқадай қызметтің табиғи экологиялық жүйелерге зиянды әсеріне жол бермеуге, биологиялық әр алуандылықты сақтауға және табиғатты оңтайлы пайдалануды ұйымдастыруға бағытталған. Қазақстан Республикасының экология қауіпсіздігі туралы мемлекеттік тұжырымдамада (1997) қазіргі және болашақ ұрпақтардың мүдделерін ескере отырып, Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалануды экологияландыруға көшу стратегиясы белгіленген. Қазақстан Республикасының осы стратегияны басшылыққа алып Қоршаған ортаны қорғау туралы заңдарды Қазақстан Республикасының Конституциясына негіздеді және ол “Қоршаған ортаны қорғау туралы”, “Ерекше қорғалатын табиғи аймақтар туралы”, басқа да заңдар мен нормативтік құқықтар актілерінен тұрады. Кейде Қоршаған ортаны қорғау табиғатты қорғау ұғымымен баламалы түрде қолданылады. Бірақ Қоршаған ортаны қорғауға қарағанда табиғатты қорғау ұғымының шеңбері кеңірек; Табиғатты қорғау.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]