Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Diplomnaya rabota.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
212.39 Кб
Скачать

1.3 Инновациялық банк өнімдерін басқарудағы электрондық банк қызметінің маңызы

Электрондық банктік қызметі – бұл банктік карточкаларды және электрондық ақша жүйесін пайдалану арқылы көрсетілетін қаржылық қызметтер, сондай-ақ, қор құндылықтарымен жасалатын биржалық операцияларды жүзеге асыру мен қаржы делдалдары ретінде көрсететін банктік мекемелердің электрондық қызметтері. Бұл банктің бизнес-процестерінің тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз етудегі негізгі міндеттер құжаттаманың біртұтасығын, стандартталған базасының болуын және бизнес-процестерді автоматтандыруды қамтамасыз етуіне септігін тигізеді [12, Б.10].

Экономикалық қатынастардың жаңа түрлеріне көшу өзімен бірге банктік жүйесінің құрылымын қайта құруды және есептесудің жаңа бағдарламалық түрлерін енгізуді әкелді. Ең алдымен банктер банктік карталар әзірледі, олар банктермен ұсынылатын қызмет спекторларын мәнді кеңейтіп, басқа да электрондық банктік технологияларға бастама берді. Несиелік каторчка ойы Эдуард Белламен «Глядя назад» 1880 ж. кітабында көтерілді. Бізге белгілі 1914 жылы шығарылған мұнай өнімдеріне төлем төлеу үшін арналған General Petroleum Corporation of California фирмасының картасы алғашқы несиелік карта болды. Отельдер, дүкендер желісі мен газ компанияларының карточкалары қазіргі заман карточкаларының ата-аналары болды, олар бұл бизнесті өткен ғасырдың басында бастады. Бұл карталар тұрақты клиенттердің саудасын есепке алу үшін пайдаланылды және бөліп сатып алудың жалғасы болып табылды. 1930 жылдары автомобиль индустриясының, авиакомпаниялардың және сауда фирмаларының дамуының өсуіне байланысты беделді клиенттер үшін компания бүгінгі күні grace-кезең деп аталатын және онсыз қазіргі заманның несие картасын елестету мүмкін болмайтын төлем төлеуді 30 күнге кейін қалдырып төлеуді, ұсына бастады. 1949 жылы Diners Club картасының пайда болуынан бастап әмбебап несие карталарының ғасыры басталды, бірақ Diners Club банктік компания болған жоқ. 1958 жылдың 1 қазынанан бастап қана American Express алғашқы картасы шығарылды, шамамен осы уақытта Америка Құрама Штаттарының бірінші және екінші банктері – Bank of America және Chase Manhattan Bank – несие карточкаларымен операцияларға кірісті. 1914 жылы Алғашқы несиелік карталарды шығарудың басынан бастап 1958 жылы банктік құрылымдармен алғашқы карталарды шығаранға дейін 44 жыл өтті. Visa International және Master Card сияқты банктер аралық ассоциациялар әлемнің барлық нүктелерінде бизнес жүргізетін ұлттық тасымал корпорациялары болды. Осы жүйенің банк-мүшелері миллион карталарды жасайды, және де карталық бизнес табыстың негізгі көзі болған карталық банктер де бар [13, Б. 71].

1989 жылы Euro Card «алтын» картасын шығарған сыртқы экономикалық банк алғашқы кеңестік халықаралық карталар эмитенті болды. Осы пластикалық карталарды шығару шектеулі болды, және де тұлғалардың шектеулі шеңберіне ғана арналды. 1991 жылы өзінің Visa картасын шығарған «Кредобанк» алғашқы коммерциялық банк болды. «Кредобанк» Euro Card/Master Card ассоциациясына кіргеніне қарамастан бұл карталарды бұны Euro Card/Master Card ассоциациясы жағынан тыйым болды деп түсіндіріп, Visa картасымен қатар эмитирлеуді ол бастаған жоқ.

Банктік қызмет нарығында қаржы карталарын сәтті қабылдаудан кейін көптеген банктер өздерінің операцияларына электрондық технологияларды енгізуді жалғастырып, қашықтан банктік қызмет көрсетудің әр түрлі түрлерін әзірлей бастады. Алғашқы рет осындай қызмет көрсету Nottingham Building Society құрылыс қоғамы, британдық British Telecom және Bank of Scotland телефон компаниясы Homelink жаңа технология-бағдарламасын құру үшін өз күштерін біріктіргенде шамамен жиырма жыл бұрын пайда болды. Телефон бойынша қашықтан банктік қызмет көрсету АҚШ өзінің таратуы үшін ерекше қолдау негізге ие болды. 90 жылдардың ортасына дейін америкалық банктер басқа штаттарда филиалдар ашуға мүмкіндіктері болмады, сондықтан бұл жүйе клинтураға ұлттық масштабқа шығудың бір мүмкіншілігін берді. Бұл істегі пионерлердің бірі 1990 жылы өз клиенттеріне телефон жүйесі арқылы 30 аса қызмет пен операциялар ұсынған North Carolina National Bank болды, ол үшін жеткілікті үлкен call-орталығы құрылған, кейіннен операторлар саны қысқартылып, жетілдірілді. 1990 жылы жүйеге шыққандардың күнделікті саны шамамен 200 мыңды құрды. Соңғы уақытта сондай-ақ клиенттерге шұғыл қызмет көрсету үшін мобильді телефонның коммуникациялық мүмкіншіліктері пайдаланылатын WAP және SMS-қызмет көрсету технологиялары белсенді дами бастады [14, Б.32.].

Өз операцияларын 1995 жылы бастаған және 1998 жылы АҚШ Royal bank financial group сатып алынєан Security first netst network bank алғашқы таза интернет-банкі болды. Аталған банк тек Интернетте ғана қызмет етеді және клиентурамен жұмыс үшін бірде бір «физикалық» офисі жоқ. Бұл банк өз клиенттеріне әр түрлі банктік есеп шоттар ашу және оларды басқару, тауарлар мен қызметтерге шоттарды төлеу және банк шоттарындағы қаржы қалдықтарын (баланстарын) бантің web-сайттары арқылы тексеру мүмкіншіліктерін береді. Банк клиенттері АҚШ 45 штаттарында орналасқан.

Өзінің операциялық қызметін 1996 жылы бастаған Дрезден банктік тобының (Германия) еншілес құрылымы – Advan bank банкі Еуропада алғашқы «виртуалды» банк болды. Осындай банктерге басқа мысалдар – BankDirect (1999 жылы ашылған), Compubank (1998ж), Netbank (1996ж).

Электрондық банктік қызметінің қазіргі таңда банктің негізгі операцияларын жүзеге асыруда ең басты уақыт пен қаражатты үнемдеуге шақырады. Электрондық банктік қызметін пайдаланушылар клиенттері «электронды клиент» тобына жатады [15, Б.3].

«Электронды клиент» – бұл банкке банктік шоттар бойынша операциялар жүргізу, сондай-ақ, нақты уақыт режимінде үзінді-көшірме алу туралы нұсқаулар беруге мүмкіндік беретін, банк пен клиент арасындағы автоматтандырылған компьютерлік – модемдік электронды құжат алмасу жүйесі болады. Электронды клиенттердің төмендегі 2-ші кестеде мүмкіндіктері көрсетілген.

Кесте 2 – Электронды клиенттердің мүмкіндіктері

Электронды банк қызметінің басты факторлары

Электронды клиенттің мүмкіндіктері

 Үнемдеу

уақыт, адамзат пен материалдық ресурстарды

Ақпараттылық

компанияңыздың шоттарының жай-күйі туралы хабардар болып қана қоймай, басқа банктердің деректемелері, контрагенттері, валюта бағамы және т.б. жайлы ақпарат алу үшін анықтамалықтарды пайдалана аласыз

Жедел басқару

алынған ақпарат негізінде тез шешім қабылдап, есеп айырыса аласыз.

Жоғары қауіпсіздік

бұл берілген электронды шифрлау мен авторландыру есебінен, сондай-ақ электронды қолдардың көп деңгейлі жүйесінің көмегімен қамтамасыз етіледі.

Ыңғайлылық

кеңседен шықпай-ақ, есеп айырысуды орындау мүмкіндігі

Дерек көзі: Автормен құрастырылған [15]

Электрондық банк қызметінің пайдаланушы электронды клиенттің жүзеге асыру операциялары мыналар: ұлттық және шетелдік валютада ақша аудару мен сыртқы және ішкі төлемдерді жүзеге асыру; шетелдік валютаны айырбастау (сатып алу/сату); зейнетақы қорына, салық комитетіне төлем жасау; қызметкерлердің ағымдағы шоттары мен карт-шоттарына жалақы аудару; шоттың жағдайы туралы анықтама алу (шығыс, кіріс қалдығы, бір күндік операциялар, әрбір операция бойынша көшірме алу); корпорациялық көшірме алу (компания филиалдарының шоттары туралы анықтама алу); валюта бағамы туралы және басқа да қаржылық-анықтамалық ақпарат алу; филиалдық желісі бар компаниялар Қазақстанның өзге аймақтарында орналасқан филиалдарының шотын қарауға мүмкіндік алады [16,Б. 56].

Электрондық банк қызметін пайдалану үшін: банкте ағымдағы шотыңыз болу керек; компьютерлік-модемдік байланысты пайдалану мен банктік қызметтер көрсету туралы банкпен шартқа отыруыңыз керек; дербес компьютер, модем, телефон желісі болу керек.

Электрондық банк қызметі үшін төленетін құнға кіреді:

- «электронды клиент» жүйесі қызметін пайдаланғаны үшін ай сайын алынатын абоненттік ақы;

- «электронды клиент» бағдарламасын пайдаланумен байланысты өзге де қызметтер үшін ақы.

Сонымен қатар банк мамандары ақылы түрде мынадай қызметтетін ұсынады:

- компьютер-модемдік байланыс арқылы шоттармен жұмыс істеуге қажетті бағдарламалық қамтамасыздықты орнатады;

- «электронды клиент» қызметін алу, онымен жұмыс істеу және орнату мәселелеріне қатысты барлық сұрақтар бойынша ақыл-кеңес береді;

- «электронды клиент» бағдарламасын пайдалану жөнінде Сіздің компанияңыздың қызметкерлеріне нұсқама өткізеді.

Банкпен сәйкес арнайы келісім-шарт жасап немесе банктік шоттың дәстүрлі келісім-шартында сәйкес жағдайды көрсетіп осындай банк қызметтерін пайдаланушылар өз бетімен қажетті жабдық сатып алады, ал банк оларға сәйкес терминалдар жабдығы және қажетті бағдарламалық қамтуды сатып алу сұрақтары бойынша кеңес береді. Банк сондай-ақ жүйені орнату кезінде техникалық және әдістемелік қолдауға және клиент персоналын оқуды бастауға, бағдарламалық қамтуды жаңалауға, ал ары қарай кеңес пен ұсыныстарға кепілдік береді [16, Б.57].

Бүкіл әлемде, Қазақстанда да банк қызметінің қашықтан электрондық банк қызмет көрсету облысында сатылы прогресс байқалады, болашақта Қазақстанда электрондық банк қызметін пайдаланушылар тобы артады деген үміттемін.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]