- •Мазмұны
- •1.2 Коммерциялық банк қызметіндегі инновациялық банк өнімдерінің рөлі
- •Сурет 1-Банк ортасында қаржы инновацияларының қалыптасу жағдайы
- •Сурет 2 – Банк қызметіндегі инновацияны енгізу ортасы
- •1.3 Инновациялық банк өнімдерін басқарудағы электрондық банк қызметінің маңызы
- •1. Банк инновацияларын басқарудағы банк клиенттеріне қызмет көрсету сапасын арттырудағы - интернет-банкингтің рөлі
- •Сурет 5 - Транзакциялардың жалпы көлеміндегі үлесі
- •2.2 «Халық банк» ақ-ның қаржы-шаруашылық қызметін талдау
- •2.3 Халық Банкінің» ақ- ның «Интернет-банкинг» инновациялық банктік қызмет тиімділігін есептеу
1. Банк инновацияларын басқарудағы банк клиенттеріне қызмет көрсету сапасын арттырудағы - интернет-банкингтің рөлі
Қазіргі таңда электрондық банк қызметінің даму үрдісі интернет-банкинг жүйесі. Бұл электрондық технологияның арнайы аппараттық бағдарлама-кешен көмегімен интернет желісі арқылы заңды және жеке тұлғаларға қызмет көрсету. Көптеген әмбебап банктер банк қызметтерінің барлық аспектілерін түгелдей қамтитын өнімдердің кең қатарын ұсынады. Осы кезде басқа банктер бәсекелестік артықшылықты жаулап алу және оны мықты түрде сақтандырып қалу мақсатымен қатаң түрде белгілі бір қызметтер түрлерін көрсетуге мамандануға тырысады, соның бірі интернет желісі арқылы жүргізілетін қызмет түрлері. Бүгінгі күні интернет-банкинг электрондық коммерцияның ең динамикалық сегменті болып табылады. Банк ісінде интернет мүмкіншілігін пайдалану үнемі кеңеюде, тәжірибесі жоқ пайдаланушылардың өзі қол жеткізе алатын жаңа қызметтер мен технологиялар пайда болуда. Интернет-банкинг клиенттерге банктік қызметтерді ара қашықтықтан көрсету әдісі нұсқасын көрсетеді [17, Б. 68].
Ақпараттық технологиялардың қарқынды даму ғасырында жаңа технологияларға қарамастан банктік қызметтерді ұсынудың классикалық тұжырымдамасын қолдану тез жылдамдықпен банкротқа әкелуі мүмкін. Сондықтан барлық банктер жаңа қызмет түрлерін енгізу мен қолданыстағы қызметтерді жетілдіруге көп көңіл бөледі. Жаңа қызметтерге пластикалық төлем карточкалары, банк аралық электрондық есеп айырысу, халықаралық интернет желісінде қаржылық нарықты құру және т.б. жатады. Қазақстанның ірі коммерциялық банктері өздерінің пайда базасын кеңейту үшін, өтімділікті, бәсеке қабілеттілікті арттыру үшін өздерінің клиенттеріне арнап қызметтер мен операциялардың кең ауқымды түрлерін енгізуге, орындауға тырысады.
Сонымен қатар, мынаны ескеру қажет: банк қызметінің дамуы банк пен банктің клиенттері үшін банктік қызметтерді ұсынудың минималды шығындарымен, клиенттерге қажетті қызметтерге қолайлы бағаны ұсынумен анықталады.
Инновациялық банктік қызметтердің дамуы көбінесе осы қызметтердің баға құрушылық әдісіне байланысты. Сонымен қатар банк қызметіндегі олардың алатын мәні мен орнын ескеру қажет. Инновациялық банктік қызмет көрсету – интернет-банкингтің экономикалық тиімділігі электрондық банктік қызметтер үшін қолданылатын тәжірибе тиімділігі бар нарыққа өту мақсатында баға құрушылық әдіспен есептелген. Себебі бұл іске асырылатын операциялар көлемі мен шығындар арасындағы шынайы байланысты анықтауға мүмкіндік береді. Тәжірибе тиімділігі бір операцияны жетілдіруге бағытталған нақты шығындар іске асырылатын операциялар көлемі өскен сайын азаяды, алайда тәжірибе тиімділігі іске асырылатын операциялар санының өсуімен байланысты және уақыт ағымымен анықталмайды.
Интернет-банкинг – клиенттерге өз шоттарын интернет желісі арқылы дербес басқаруға мүмкіндік беретін банк қызметі.
Шоттарды нақты уақыт режимінде басқару мүмкіндігі:
- үзінділер алу, төлемдер (банкішілік, банк аралық, коммуналдық қызметтер мен мобилдік байланыс үшін) жүргізу, оның ішінде белгіленген мерзімділікпен;
- уақытша бос ақшалай қаражатты уақытында әр түрлі қаржы құралдарына орналастыру арқылы (оларды көбейтуге мүмкіндік беретіндей етіп) өзінің қаржы ресурстарын нақты басқару.
Сонымен қатар, интернет-банкинг клиенттері валюта нарығындағы кенеттен болатын жағымсыз жағдайлар туралы бірден хабардар болуға және тиісінше шара қолдануға, мәселен, шоттарды жабуға және шетел валютасын сатып алуға мүмкіндік алады.
Қазіргі таңда интернет-банкингтің дамуының екі моделі қалыптасқан: интернет желісі арқылы және өзге де каналдар арқылы қызмет көрсететін виртуалды және дәстүрлі банктер. Бірақ соңғы кезде осы екі моделдің ұштасуы көрініс табуда. Клиенттердің көпшілігі нақты қарым-қатынассыз жұмыс істей алмайтын болғандықтан, виртуалды қызметкерлерге клиенттердің банк қызметкерлерімен чат – лайн, форум, операторлық орталықтар арқылы өз сұрақтарына жауап алуға мүмкіндік жасау арқылы қосымша қызмет каналдарын енгізуге тура келді. Осыған байланысты Американың ірі виртуалды банктерінің біріне өз бөлімшесін ашуына тура келді.
Қазіргі таңда банк саласында маркетинг элементтерінің келесідей түрлері кеңінен қолданысқа ие болған:
Дистанциялық банктік қызмет көрсету. Бұл топтағы каналдың ерекшелігі, клиент фронт-кеңселік операцияларды мамандандырылған жүйеде қолда бар коммуникациялық құралдар көмегімен (интернет,ұялы телефон) жүзеге асырады. Бұл топ өзіне кең және жедел дамушы каналдар аясын қамтиды. Бүгінгі күні әлемдегі қызметтердің 30-40% осы дистанциялық канал арқылы сатылады;
Телефон-банкинг- қызмет көрсетуші банк пен клиенттің арасындағы байланысты қарапайым телефон арқылы жүзеге асырады. Бүгінгі таңда АҚШ-тың 92 пайыз алдыңғы қатарлы банктері телефон қызметтерін ұсынып отыр. Сонымен қатар клиенттердің жартысынан көбі банкпен байланысқа осы қызмет түрін таңдап отыр;
SMS-банкинг-клиенттерге ұялы телефон көмегімен банктік қызметтердің кең аясын алуға мүмкіндік береді (шоттың ағымдағы көрсеткіштерінен бастап, валюта курсы,ақша құралдарымен жүзеге асырылатын операциялар туралы мәліметтер);
Интернет –банкинг-банк клиенттеріне әлемнің кез-келген нүктесінен аптасына 24 сағат бойы интернет желісіне қосылған компьютер көмегімен өз шоттары туралы ақпарат алуға мүмкіндік береді;
Мобильді-банкинг - бұл канал интернет-банкинг каналының ерекшеліктерін қамтиды және ұялы телефонның арнайы мүмкіндіктері арқылы пайдалануға мүмкіндік береді. Бұл сұранысы күннен –күнге артып келе жатқан, ең перспиктивалы каналдың түрі. Бұл канал клиенттерге қызметтердің кең мүмкіндіктерін ұсынады және күндіз-түні қызмет көрсетеді.
Банктік мерчандайзинг. Батыс елдеріндегі банктер өзінің шығу тегінің сауда ұйымдарымен тығыз байланысты екенін мойындап, енді ғана нәтиже шығара бастауда.
Осының салдарынан банктік қызметтерді жылжытуға жұмсалатын шығындар құрылымының өзгеруі орын алды. Егер бұрын шығындардың көп бөлігі тұтынушылар маркетингі-жарнамаға жұмсалса,бүгінгі күні мысалы Еуропада бұл шығындар жалпы бюджеттің жартысын құрайды. Қалған бөлік негізін мерчандайзинг құрайтын, сатылуды ынталандырушы қоғамдық байланыстар мен шараларды қамтитын сауда маркетингіне жұмсалады.
Сату орындарындағы банктік персоналдың жауапкершілікті іс-әрекеттерісіз сауда белгісіне жұмсалған шығындар ақталмайды. Сонымен қатар, банк қызметкерлері жаңа белгіні дұрыс презентацияламаса және сату техникасын жетік білмесе, келушілердің келісім шарт жасаудан бас тартуымен қатар, осы белгіге деген теріс пікірі қалыптасуы мүмкін.
Сондықтан банк өнімдерінің өнімділігін арттыруда жылжытудың элементтерін сауатты және ұқыпты пайдалану, банктің нарықта орнығуына ықпал етеді.
Интернет-банкингтің жүйесін таңдағанда, интернет арқылы есеп шоттарды басқару мүмкіндігін деклорациялайтын банктің нақты бар екендігіне және оның қаржылық жағдайы күдік тудырмайтығына көз жеткізу керек. Содай-ақ мыналарға назар аудару қажет:
- жүйенің функционалдығына;
- жүйенің оңай қолданылуына (интерфейстің тілектестігі);
- ақпараттың қорғаныс деңгейі;
- жүйенің есеп жүргізуінің жылдамдығы;
- жүйені техниалық қолдаудың деңгейі;
- қызмет көрсетудің құнына байланысты жүйенің қолжетімділігі;
- жүйені ақпаратты қолдаудың деңгейі;
- мобильді телефонды қолдану мүмкіндігі;
- интернет-қызметпен қамтамасыз етушілердің, банктердің қызметкерлер құрамының көрегендігі (сыпайылығы).
Өз кезегінде дистанциондық қызмет көрсетуді жекелеп сату желісі арқылы қызмет көрсетуді біріктіретін дәстүрлі банктер қазір бір мезетте байланыс каналдары (телефон, факс, тура модемдік қосылу, интернет, мобильді интернет, интерактивті сандық теледидар) бойынша қызметтер көлемін өсіре отырып, өздерінің қатысу деңгейін азайтуда.
2005 жылдың мамырында Қазақстанда интернет-банкингтің пайда болғанына тура бес жыл толды. Яғни электрондық банкинг қақтығысында біздің банктердің қандай жетістіктерге жеткенін және интернет-банкингтің қарапайым қазақстандық үшін немен пайдалы екендігін бағалауға себеп бар [18,Б. 123].
Интернет-банкингтің пайда болу алғышарты негізінде байланыс құралдарының дамуы мен байланыстың ақылы қызметін пайдаланатын адамдар санының өсуі болды. Алдымен банктер клиенттерге қызмет көрсету үшін телефон байланысы мен операторлық орталықтарды пайдаланды (телефон-банкинг). Кейіннен клиенттерге операторға жүгінбей-ақ өз бетімен тура модемдік қосу арқылы операцияларды жүзеге асыруға мүмкіндігі береді.
Алайда, банк ресурсына тікелей қосылу қымбат болғанымен қатар ыңғайсыз болған. Интернет желісінің тұрақтануына қарай қолданушылардың көптеген саны өз қаражаттарын интернет желісі арқылы басқара бастады. Нәтижесінде интернет-банкинг пайда болды және кең етек ала бастады. Қызмет көрсетудің дамыған электрондық арналары клиенттердің тапсырысын қанағаттандырып қана қоймайды, сонымен қатар автоматты түрде жинайды. Ол жасалған операциялардың табыстылығы жайлы ақпаратты береді, ол өз кезегінде клиенттік базаға сәйкес банктік өнімнің табыстылығын анықтауға мүмкіндік береді. Талдау қорытындысы банктерге көрсетілетін қызмет түрлерінің қайтақұрылымы бойынша тиімділігін жоғарлатуға, клиенттерге жеткізу әдісі бойынша әр түрлі категорияларға бағытталады.
«Интернет-банкинг» жүйесі әзірге жеке тұлғаларға арналған. Жүйенің басты ерекшелігі – клиенттер туралы мәліметтердің орталықтандырылған базасы жасалған, соның арқасында интернет-кассаның кез келгенінен интернет-шот аша отырып, Қазақстанның кез келген облыс орталығында банктік қызметті пайдалана аласыз және бұл қызмет көзбе-көз жүргізіледі, яғни Интернет-касса менеджері нақты сізге жеке қызмет көрсетеді.
Интернет-киоскі – клиенттерге қажетті төлемдерді ыңғайлы, тез және сапалы жүргізуге мүмкіндік беретін арнайы бөлінген және жабдықталған жай. Енді банк операцияларын уақтылы жүргізу және клиенттеріміздің бизнесін дамыту, офисті жөндеу, электр энергиясының болмауы, компьютерлік техниканың бұзылып қалуы сияқты ішкі және сыртқы факторларға тәуелсіз болады.
«Интернет-Банкинг» жүйесінің басқа банктер жүйелерінен артықшылығы [18, Б. 124]:
- біріншіден, «интернет-банкинг» жүйесі шеңберінде ұсынылатын сервис басқа банктермен салыстырғанда әлдеқайда кең әрі тұрақты түрде жетілдіріліп отырады;
- екіншіден, интернет-касса желісі барынша кең таралған. Интернет-касса менеджерлері сізге интернет-шоттар бойынша стандартты банк қызметтерін ұсынады.
Сонымен қатар, үйінде немесе кеңсесінде интернет желісіне қосылу мүмкіндігі жоқ клиенттерге өзінің интернет-шотына шығу және қажетті операциялар жүргізу үшін интернет-кассаның арнаулы жабдығын (мультикиоскілер және клиенттік дербес компьютерлер) пайдалану мүмкіндігі беріледі және бұл мүлдем тегін көрсетілетін қызмет, электрондық қол қою тетігінің болуы, көпшілік жағдайда басқа банктер мұны пайдаланбайды.
Банк клиенттерінің басым көпшілігі, негізінен, табысы жоғары ауқаттылар сегментін құрайтындықтан әрі бұл өз қаржысын өте бағалайтын топ болғандықтан, олардың қаражатын сенімділікпен сақтау мәселесінің мәні зор болып табылады.
Атап айтқанда, интернет-банкингті таңдауда шешімнің оңайлылығы мен қолайлылығы анықтаушы фактор болып қалыптасады, клиенттер, әсіресе жеке тұлғалар (олармен жұмыс жасау үшін оқып-үйренуді талап ететін) күрделі жүйелерді жете ұғынуды жаратпайды. Банктер амалсыздан пайдаланушылар үшін қолайлы және хабарлар мәліметтерінің қауіпсіздігі үшін келісім іздеуге мәжбүр және соңғы кезде қашықтықтан қызмет көрсету анағұрлым жеңілденді. Бағдарламаларды ерекше қамтамасыз етуді талап етпейтін жүйелермен кез келген компьютерден қолдануға болады, оның қауісіздігіне клиент сенімді, бұл айтарлықтай маңызды фактор.
Интернет-банкингті қолдану қауіпсіздігі – осы қызметті пайдаланатын көптеген клиенттерді алаңдататын сұрақ. Көптеген клинтерге интернетте қаржы операциялар жасау бұрынғысынша тәукелдікпен, қорқынышпен, алданып қалумен байланыстырылады. Ақпарат бұқара құралдары арқылы үнемі беріліп тұратын хаккерлердің сәтті шабуылдары туралы хабарлары көптеген күдік туғызады, ал шындығында тәжірибе жүзінде шоттарды заңсыз ашу, кіру кінәсі клиенттердің өздерінде жатыр. Интернет-банкинг жүйесінің беделін түсіретін хабарлардың өздері қандай түзетілмейтін шығын әкелетінін банктер жақсы түсінеді және барынша көп күш салып, бұзуды болдырмау үшін әрекет етеді. Анағұрлым тез және жәй әдіс – клиенттердің өздеріне шабуыл жасау болып саналады, пайдаланушының мамандығы банктің мамандарына қарағанда төмен. Тұтынушылардың компьютерлерінің қорғанбауы және жүйеде қауіпсіздік мәдениетінің жоқтығы, сондай-ақ фишингтік айла-шарғыға дайын болмаулары клиенттерді соққыға қояды. Кіруге арналған парольді «троян» вирусының көмегімен, яғни компьютерге билдірмей вирусты жіберу арқылы ұрлауға болады.
Мәліметтердің құпия таңбаларын және оларды қолға түсіруді мүмкін емес қылуын, банктер клиенттерді интернет-банкинг жүйелерімен қауіпсіздік ережелері бойынша жұмыс жасауға үйретуге қажетті көңіл бөлмейді. Үйреншікті тәсіл – ол сайттығы кішірек жаднама мен түпнұсқаның кілтен берердегі ескерту, олар ұмытылып қалады немесе клиенттер естерінде ұстамайды. Жуық арады мұндай зұлымдықтық тіпті көп таралды және баспасөзде кеңінен баяндалған жағдайда, банктер ақырында өздерінің клиенттерін жүйеде қауіпсіз жұмыс жасау ережелеіне кешенді түрде оқыта бастайды.
Интернет-банкинг жүйесінде мәліметтерді беру үшін SSL мәліметтердің шифры қолданылады, тұтынушыларға цифрлы құжат (куәлік, сертификат) беріледі. Бірақ бұл клиенттердің өз шоттарының қауіпсіздігіне сенімді болу үшін жеткіліксіз. Ең табысты банктер токендерді – USB-кілттер қолданады, сырт жағына олар флэшкаға ұқсайды және сертификаттардың, кілттердің, авторлық ақпараттардың қауіпсіз сақталуын қамтамасыз етеді.
Қазақстанда интернетті пайдаланушылардың саны 4 миллионға жеткен және одан әрі өсуде. СomScore бағалауы бойынша олардың саны 2007 жылмен салыстырғанда, 27% өсті, ал Еуропада бұл көрсеткіш жыл сайын 8%-ке өсуде. Интернеттің Алматы, Астана сияқты қалаларда қолдану көрсеткіштері әрқашан еуропалық көрсеткіштермен теңеледі және пайдаланушылардың негізгі өсімін осы өңірлер береді. Бірақ, тез әрекет жасаушы бұл өте жоғары қарқынмен дамыған жүйеге кіру үшін мұндай құрылғыларды қолданушылар саны өте жоғары қарқынмен көбеюде. Атап айтқанда, қазіргі заманға сай технологиялардың пайда болуын үнемі бақылап отыратын қалалық тұрғындар халықтың ең қамтамасыз етілген бөлігі, яғни банктер үшін олар ең қалаулы клиенттер. Оның үстіне қазақстандық банктердің кеңестік ділді сақтаған, яғни салымдар бойынша бірлі-жарым операциялар ғана жүргізеді және барлық қосымша қызмет көрсету түрлеріне сенімсіздікпен қарайтын «дәстүрлі» тұтынушыларға қарағанда, банк қызметін пайдаланатын білімді, жас пайдаланушылар әлдеқайда белсенді болады. Өз қаражаттарын басқаруда зор мүмкіншіліктерге ие болуды қалайтын талғампаз тұтынушылар саны көбейе түсуде.
Интернет-қызмет көрсетуді белсенді түрде ұсынушы ірі банктерде тұтынушылар саны көбеюде. Қазір көптеген банктер өз интернет-банкинг жүйесін құру үшін немесе мол табысқа жету үшін жұмыс жасап жатыр. Қазақстанда интернет-банкинг жүйесінің дамуы қаржылық операцияларды электрондық байланыстың кез келген құралдарының көмегімен жасайтын адамдардың «сыншы тобының» сәтті жетістіктерінің арқасында деуге болады. Тіпті сауда орталықтарындағы төлем терминалдары сияқты қарапайым құрылғылар, тұрғындардың автоматикаға деген сенімдерін арттырады. Интернет-банкинг жүйесін жарнамалау әзірше сирек болады. Кез келген кәсіпорында жаңалықтарды қалт жібермейтін бірнеше қызметкерлер болады, олар интернет-банкинг ұсынатын еңбекақы шоты бойынша сервисті қолдана бастайды, олардың көптеген әріптестерінің бұл жүйелердің ыңғайлы екендігіне көздері жетеді. Бұл адамдардың интернет-банкинг жүйесін танып-білулерінің ең кең жайылған мысалы.
Банктер интернет арқылы операциялар жүргізетін клиенттерінің үлесінің артуына мүдделі. Қазір интернет-банкинг жүйесін жарнамалауға бағытталған нақты қадамдар жасалуда – бюджеттер бөлінуде, промо-сайттар жүргізілуде. Бұл қадамдар 2011 жылға дейін интернет-банкингті пайдаланушылар саны 3 – 4 миллионға жетуі мүмкін, бұл барлық қазақстандық интернет-аудиториясының елеулі табысы болып саналады.
Дипломдық жұмыстың бірінші бөлімін қорытындыласақ, Қазақстанның екінші деңгейлі банктері өзінің табыс базасын кеңейту үшін, табыстылықты және бәсекелік қабілеттілігін жоғарлату үшін өзінің клиенттеріне кең ауқымды операциялар мен қызметтер көрсетуге ұмтылуда.
Қазіргі дамып жатқан ақпараттық технологиялар заманында өз шаруашылығын жалғастыру үшін, қызмет ауқымын кеңейтіп, жоғары пайдаға қол жеткізу үшін көптеген кәсіпорындар тауардың жаңа түрін шығаруға, жаңа қызметтерді ұсынуға ұмтылуда. Осыған орай банктер де жаңа қызметтерді ендіруге және бұрынғы қызметтерді жетілдіруге үлкен назарын аударып отыр. Жаңа қызметтерге пластикалық карточкалар, банкаралық электрондық есеп-айырысулар, әлемдік Интернет байланыс жүйесіндегі қаржы нарығының құрылуы дамуда.
2 БАНК СЕКТОРЫНДАҒЫ ИННОВАЦИЯЛЫҚ БАНКТІК ӨНІМДЕР ҚЫЗМЕТІН ТАЛДАУ
2.1 Электрондық банк қызметтері нарығын талдау
2014 жылғы жағдай бойынша электрондық терминалдар мен қашықтан қол жеткізу жүйелері арқылы қашықтан көрсетілетін банк қызметтерін 27 екінші деңгейдегі банк және «Қазпочта» АҚ көрсетті. Көрсетілген ұйымдардың ішінде 24 банк және «Қазпочта» АҚ төлем карточкалары пайдаланылатын қызметтерді және 13 банк олар пайдаланылмайтын қызметтерді көрсетеді [19].
Өткен жылы төлем карточкаларын пайдаланбай электрондық банк қызметтерін көрсететін банктер санының 3-ке ұлғайғанын атап өткен жөн, ал төлем карточкалары пайдаланылатын электрондық банк қызметтерін көрсететін банктердің саны өзгеріссіз қалды. Бұл ірі емес банктердің жылдам ақы төлеу терминалдарын орнату жөніндегі іс-қимылдарымен түсіндіріледі. Осындай динамикаға қарамастан, жақын болашақта (заңнамалық базаны ешбір түбегейлі өзгертпестен) жылдам ақы төлеу терминалдары бар банктер саны айтарлықтай өседі екен деуге болмайды, себебі нарықтың көрсетілген сегменті бәсекелестікті ескере отырып, бұрынғысынша банктер үшін тартымсыз болып қала береді.
Сонымен қатар өткен жылы саны 4%-дан аз ұлғайған банкоматтар желісінің ұлғаюына деген қызығушылықтың төмендеуі байқалады. Соңғы 3 жылда банкоматтар санының өсу қарқынының төмендегенімен, 2013 жылы олардың өсуі төмен болды. Мұндай жағдайда оған себеп отырған нарықтың банкоматтармен толып кетуі екені сөзсіз, сондай-ақ эквайрингтік қызметті болжамды монополияландыру жөнінде айтылған ұсыныс та әсер етті. Алайда, банк дүңгіршектерімен қалыптасқан ахуал қарама-қайшы, олардың саны 2 есе ұлғайды (1 678-ден 3 982-ге дейін), бұл банктердің бірінің клиент тарту жөнінде жүргізген саясатының салдары болды. Бұл ретте банк дүңгіршектері бір рет қана орнатылмай, 2013 жыл бойы орнатылды.
Банкоматтарға түскен салмақ 2013 жылы салыстырмалы түрде жоғары болған жоқ, орташа алғанда күніне бір банкоматта 53 транзакция жүргізілді, 2012 жылмен салыстырғанда 2 транзакцияға көп. Мұндай өзгеріс орнатылатын банкоматтардың өсу қарқынының баяулауы тұрғысынан түсінікті. Бұл ретте банк дүңгіршектері бойынша мұндай көрсеткіштер айтарлықтай өзгерді, бір банк дүңгіршегіне 2012 жылы 97 транзакциядан келсе, 2013 жылы 178 транзакцияға дейін жасалған. Банк дүңгіршектеріне түскен салмақтың өсуі салдарынан олардың функционалдық мүмкіндіктері де кеңейді, атап айтқанда, қолма-қол ақы төлеу терминалы ретінде пайдалану мүмкіндігін енгізу.
Соған қарамастан кезекті кезеңнің қорытындылары бойынша Қазақстандағы барлық қолма-қол ақшасыз төлемдер мен қолма-қол ақшаны пайдалана отырып жүргізілген транзакциялардың негізгі үлесі дәстүрлі қондырғылар – банкоматтар мен POS-терминалдарға тиесілі болды.
|
|
Сурет 3 - Қолма-қол ақшасыз жасалатын төлемдер жалпы көлемінің үлесі
Дерек көзі: Электрондық банк қызметтері нарығының 2013 жылғы қысқаша талдамалық шолуы [19]
Сурет 4 -Қолма-қол ақшаны пайдалана отырып жүргізілетін транзакциялар жалпы көлемнің үлесі
Дерек көзі: Электрондық банк қызметтері нарығының 2013 жылғы қысқаша талдамалық шолуы [19]
2013 жылдың басында қабылданған Үкіметтің қаулысы төлем карточкаларын пайдалана отырып төлемге қабылдау желілерінің дамуына оң әсер етті, осыған сәйкес дара кәсіпкерлер қызметтің белгілі бір түрлерін жүзеге асырған кезде есеп айырысу үшін төлем карточкаларын қабылдауға, тиісінше POS-терминалды орнатуға міндеттенеді [20]. Мәселен, кәсіпкерлерде орнатылған POS-терминалдар санының өсуі 40 117 бірлікке дейін жетіп, 46,8%-ды құрады. Банктер POS-терминалдарды орнатуға шарт жасасқан кәсіпкерлердің саны 2014ж.01.01. жағдай бойынша өткен жылы 61,6%-ға ұлғайып, 22 904 бірлікті құрады. Сондай-ақ POS-терминалдар орнатылған сауда нүктелерінің саны елеулі өсіп (58,0%), 33 709 бірлікті құрады [19].
Төлем карточкаларын пайдалана отырып, төлемдерді қабылдау желісі дамуының көрсетілген көрсеткіштері 2008 жылдың соңында Қазақстан экономикасындағы дағдарыстық көріністің байқалу сәтінен бастап қана емес, сондай-ақ электрондық банктік қызметтер нарығы мониторингін жүргізудің көз жетерлік кезеңінде рекордтық болды. Оған қоса, POS-терминалдарды орнату бойынша талаптарды соңына дейін орындағысы келмейтін кәсіпкерлердің психологиясын ескере отырып, салық органдары мен қаржы полициясы органдары тарапынан жағдайды тиісті түрде бақылау болғанда төлем карточкаларына пайдалана отырып төлемдерді қабылдау желісінің дамуы көрсеткіштерінің бұдан әрі өсуін күтуге болады.
Сонымен қатар, қазір кезде кәсіпкерлерде орнатылған POS-терминалдарға жүктеменің төмен болып отырғандығын байқауға болады. Мәселен, 2013 жылы бір POS-терминал бойынша орташа күніне 2-ден артық транзакция жасалған жоқ. Осындай оптимистік емес көрсеткіштерді POS-терминалдардың қолайлы орналаспауымен түсіндіруге болады. Бөлшек төлемдердің негізгі массасы иелері дара кәсіпкерлер болып табылатын және әдетте, қазіргі кезде POS-терминалдар жоқ үлкен емес дүкендерде және сервистік пункттерде жүзеге асырылады. Яғни, жоғарыда көрсетілген Қаулының талаптарын орындау арқылы төлем карточкаларын төлемге қабылдау желісі дамып қана қоймай, сондай-ақ төлем карточкалары пайдаланыла отырып жүргізілетін төлемдердің көлемі елеулі өсетін болады.
Өңірлер бойынша электрондық банктік қызметтерді жүзеге асыру желілерінің бөлінуі айтарлықтай өзгермеді. Өңірлердің басым көпшілігінің негізгі көрсеткіштер бойынша үлесінің азаюы немесе ұлғаюы 1% аспады. Банк дүңгіршектерінің жағдайы керісінше болды, Оңтүстік Қазақстан облысында олардың үлесі 6,3%-ға, Қарағанды облысында – 4,4%-ға және Алматы қаласында 3,7%-ға өскен, бұл жоғарыда аталған жекелеген банктің іс-қимылдарына байланысты болды. Бұрынғыдай, негізгі көрсеткіштер бойынша нарықтың кемінде 20% Алматы қаласына тиесілі (кесте 3).
Кесте 3- Өңірлер бойынша электрондық банктік қызметтер түрлері
Облыстың/қала-ның атауы |
POS-терминалдар |
Кәсіпкерлер |
Сауда орындары |
Банкоматтар |
Банк дүңгіршектері |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
Ақмола |
1 085 |
548 |
745 |
311 |
66 |
үлесі % |
2,5% |
2,6% |
2,4% |
3,5% |
1,9% |
Ақтөбе |
1 769 |
745 |
1 114 |
483 |
115 |
үлесі % |
4,0% |
3,5% |
3,5% |
5,4% |
3,3% |
Алматы |
1 305 |
584 |
906 |
356 |
166 |
үлесі % |
3,0% |
2,7% |
2,9% |
4,0% |
4,7% |
Атырау |
2 042 |
842 |
1 298 |
516 |
89 |
үлесі % |
4,6% |
4,0% |
4,1% |
5,8% |
2,5% |
ШҚО |
2 698 |
1 213 |
1 858 |
713 |
154 |
үлесі % |
6,1% |
5,7% |
5,9% |
8,0% |
4,4% |
Жамбыл |
864 |
425 |
622 |
318 |
87 |
үлесі % |
2,0% |
2,0% |
2,0% |
3,6% |
2,5% |
БҚО |
1 480 |
657 |
1 034 |
349 |
87 |
үлесі % |
3,4% |
3,1% |
3,3% |
3,9% |
2,5% |
Қарағанды |
3 282 |
1 577 |
2 233 |
767 |
581 |
үлесі % |
7,4% |
7,4% |
7,0% |
8,6% |
16,5% |
Қостанай |
2 298 |
1 147 |
1 809 |
370 |
256 |
үлесі % |
5,2% |
5,4% |
5,7% |
4,1% |
7,3% |
Қызылорда |
658 |
280 |
421 |
241 |
56 |
үлесі % |
1,5% |
1,3% |
1,3% |
2,7% |
1,6% |
Маңғыстау |
1 548 |
780 |
1 022 |
440 |
103 |
үлесі % |
3,5% |
3,7% |
3,2% |
4,9% |
2,9% |
3-ші кестенің жалғасы
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
Павлодар |
2 080 |
1 009 |
1 462 |
554 |
197 |
үлесі % |
4,7% |
4,7% |
4,6% |
6,2% |
5,6% |
СҚО |
1 184 |
567 |
848 |
272 |
62 |
үлесі % |
2,7% |
2,7% |
2,7% |
3,0% |
1,8% |
ОҚО |
2 318 |
1 118 |
1 737 |
553 |
436 |
үлесі % |
5,3% |
5,3% |
5,5% |
6,2% |
12,3% |
Алматы |
13 905 |
6 892 |
10 488 |
1 787 |
747 |
үлесі % |
31,5% |
32,4% |
33,1% |
20,0% |
21,2% |
Астана |
5 579 |
2 896 |
4 094 |
909 |
329 |
үлесі % |
12,7% |
13,6% |
12,9% |
10,2% |
9,3% |
Қазақстан Респ. |
44 095 |
21 280 |
31 691 |
8 939 |
3 531 |
Дерек көзі: Электрондық банк қызметтері нарығының 2013 жылғы қысқаша талдамалық шолуы [19] |
|||||
Қаралатын кезеңдегі ерекшеліктердің бірі жергілікті желілердің төлем карточкаларын шығаруға және пайдалануға байланысты жағдай болып табылады. Электрондық банктік қызметтер нарығына мониторинг жүргізілген кезең бойы жергілікті желілердің үлес салмағы төмендеп келді, VISA және MasterCard халықаралық жүйелерінің төлем карточкаларының үлесі тиісінше ұлғайып отырды. Қаралатын кезеңде айналыстағы төлем карточкалары мен оларды пайдалана отырып жасалған транзакцияларды қоса алғанда, жергілікті жүйелердің үлесі 2013 жыл бойы өсіп отырды (кесте 4) [21]. Алайда, желтоқсан айында халықаралық жүйелердің төлем карточкаларының үлкен көлемде шығарылуына байланысты жағдай өзгерді және жергілікті жүйелердің үлесі бір жыл бұрынғы көрсеткіштерден төмен болып қалды. Сонымен бірге, абсолюттік көрсетуде жергілікті жүйелердің көрсеткіштері төмен болып қалғанын атап өткен жөн.
Кесте 4 - Төлем карточкалары жүйелер жиыны
Төлем карточкалары жүйелері |
Айналыстағы төлем карточкалары (мың бірлікпен) |
2012/2013 ж.ж.төлем карточкаларын пайдалана отырып жасалған төлемдердің көлемі (млн. теңге) |
||
01.01.13ж. |
01.01.14ж. |
2012ж. |
2013ж. |
|
жергілікті |
558,0 |
732,8 |
193 529,0 |
263 062,0 |
жергілікті карточкалардың үлесі |
4,6% |
4,4% |
3,5% |
4,0% |
халықаралық |
11 581,8 |
15 811,4 |
5 369 028,0 |
6 274 241,7 |
халықаралық карточкалардың үлесі |
95,4% |
95,6% |
96,5% |
96,0% |
Барлығы: |
12 139,8 |
16 544,1 |
5 562 557,0 |
6 537 303,7 |
Дерек көзі: Электрондық банк қызметтері нарығының 2013 жылғы қысқаша талдамалық шолуы [19] |
||||
Тұтастай алғанда, соңғы екі жылда төлем карточкаларын шығарудың жыл сайынғы өсуі 25% асады, бұл ретте кредиттік төлем карточкаларының үлесі үдемелі қарқынымен өсіп келеді, 2013 жылы оның үлесі 21,0% құрады, салыстыру үшін 2012 жылы үлесі 17,6% болды. Кредиттік төлем карточкаларының 96,0% Алматы қаласына тиесілі екенін атап өткен өте маңызды, өйткені бұның ірі мегаполис болуымен қатар, мұнда негізгі іскерлік белсенділік те шоғырланған.
Кредиттік төлем карточкаларының (93,5%) басым санының эмитенті бір банк болып табылады. Осы банк те жалғыз болып табылады, оның эмиссия құрылымындағы негізгі үлесін кредиттік төлем карточкалары құрайды, бұл тұтынушылық кредиттеу нарығындағы күштердің шоғырлануына себепші.
Осы уақытта айналыстағы төлем карточкалары санының айтарлықтай өсуіне қарамастан, төлем карточкаларын теңбе-тең пайдалану сияқты осындай маңызды көрсеткіштің төмендемейтіндігін атап өтуге болады, ол 2013 жылы орташа алғанда 42,4% болды, 2012 жылмен салыстырғанда ол айналыстағы карточкалардың жалпы санының 46,8% құрайды. Бұл төлем карточкалары нарығының сапалы өсуін көрсетеді, мұнда эмитент банктер төлем карточкаларын кейіннен оларды төлем құралы ретінде пайдаланатын ұстаушыларға береді.
Ахуал төлем карточкаларын аймақтар бойынша бөле отырып біршама өзгерді. Алматы қ. үлесі, бірінші кезекте кредиттік төлем карточкаларының ұлғаюы есебінен 33,2%-дан 39,7%-ға дейін ұлғайды. Алматы қ. кейін төлем карточкалары нарығының ең көп өсуі Оңтүстік Қазақстан облысына тиесілі (22,2%), бұл айналыстағы төлем карточкаларының саны бойынша осы облыстың 5-орыннан 3-орынға (Алматы және Қарағанды облысынан кейін) түсуіне себепші болды. Оңтүстік Қазақстан облысындағы ахуалдың көрсетілген өзгеруін 2,7 млн. тұрғын саны бойынша Қазақстанда 1-ші орын алатын осы аймақтағы демографиялық ахуал тұрғысынан толық түсіндіруге болады. Сонымен қатар, аймақтағы тұрғындар санының төлем карточкаларының санымен арақатынасы кезінде, Алматы облысынан кейін Оңтүстік Қазақстанда ахуал ең нашар болып тұр – 1 төлем карточкасы 3 адамға тиесілі [19].
Кесте 4 - Төлем карточкаларының айналымы
Облыстың/қаланың атауы |
Айналыстағы төлем карточкаларының саны (бір.) |
Аймақтың үлесі |
Аймақ тұрғындарының 1 төлем карточкасына шаққандағы саны |
1 |
2 |
3 |
4 |
Ақмола |
358 072 |
2,2% |
2 |
Ақтөбе |
615 245 |
3,7% |
1 |
Алматы |
520 741 |
3,1% |
4 |
Атырау |
554 435 |
3,4% |
1 |
ШҚО |
967 030 |
5,8% |
1 |
Жамбыл |
469 209 |
2,8% |
2 |
4-ші кестенің жалғасы
1 |
2 |
3 |
4 |
БҚО |
415 326 |
2,5% |
2 |
Қарағанды |
1 021 740 |
6,2% |
1 |
Қостанай |
507 986 |
3,1% |
2 |
Қызылорда |
420 596 |
2,5% |
2 |
Маңғыстау |
503 273 |
3,0% |
1 |
Павлодар |
618 029 |
3,7% |
1 |
СҚО |
287 125 |
1,7% |
2 |
ОҚО |
996 052 |
6,0% |
3 |
Алматы |
7 360 059 |
44,5% |
0,2 |
Астана |
929 189 |
5,6% |
1 |
Қазақстан Р. |
16 544 107 |
100,0% |
1 |
Дерек көзі: Электрондық банк қызметтері нарығының 2013 жылғы қысқаша талдамалық шолуы [19] |
|||
Бүгінгі күні төлем карточкаларын пайдалана отырып қолма-қол ақшасыз төлемдер көлемінің қарқынды өсуі туралы айтуға болады, олардың саны және сомасы 2013 жылы 2012 жылмен салыстырғанда тиісінше 31,8% және 27,5% ұлғайды. Қолма-қол ақшаны алу бойынша операциялар саны және сомасы тиісінше 9,9% және 17,1% ұлғайды. Бұл ретте қолма-қол ақшасыз төлемдердің үлесі көп емес – қазақстандық эмитенттердің төлем карточкаларын пайдалана отырып транзакциялардың жалпы санынан 25,0% және жалпы сомасынан 10,0% деңгейде. Алайда, қолма-қол ақшасыз транзакциялар санының ұлғаюының оң динамикасын көрсетуге болады, атап айтқанда 2012 жылы олардың үлесі 21,8%, ал 5 жыл бұрын 17,3% болды.
Кесте 5 - Қазақстандық эмитенттердің төлем карточкаларын пайдалана отырып жүргізілген операциялар
Кезең |
2012 жылғы қаңтар-қараша |
2013 жылғы қаңтар-қараша |
||
саны (мың транз.) |
сомасы (млн. теңге) |
саны (мың транз.) |
сомасы (млн. теңге) |
|
Қолма-қол ақшасыз төлемдер |
41 214,7 |
769 412,3 |
54 099,2 |
921 774,2 |
Қолма-қол ақшаны беру |
146 431,2 |
4 793 144,8 |
160 977,0 |
5 615 529,5 |
Барлығы: |
187 645,9 |
5 562 557,0 |
215 076,3 |
6 537 303,7 |
Дерек көзі: Электрондық банк қызметтері нарығының 2013 жылғы қысқаша талдамалық шолуы [19] |
||||
Қазақстанда төлем карточкаларын пайдалана отырып жасалатын төлемдердің жалпы құрылымына елеулі ықпалды кезкелген жеке банк көрсетуі мүмкін. Мәселен, ірі емес банк облыстардың біріндегі ірі кәсіпорынының қызметкерлері үшін қоғамдық тамақтану қызметтеріне төлем карточкаларын пайдалана отырып қолма-қол ақшасыз есеп айырысу бойынша жобаны іске қосқан. Осы жобаның арқасында облыс қаралатын кезеңде төлем карточкаларын пайдалана отырып қолма-қол ақшасыз төлемдер санының жалпы үлесінде Алматыдан кейін (39,6%) екінші орынға ие болды (12,7%), ал көптеген өңірлер сияқты транзакция сомасы бойынша 4,0%-дан аспайды.
Сонымен қоса, төлем карточкаларын пайдалана отырып және оларды пайдаланусыз электрондық терминалдар мен қашықтықтан қол жетімдік жүйесі арқылы төлемдердің жалпы көлемі бойынша көшбасшы Алматы қ., Астана қ., Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстары.
