- •Мазмұны
- •1.2 Коммерциялық банк қызметіндегі инновациялық банк өнімдерінің рөлі
- •Сурет 1-Банк ортасында қаржы инновацияларының қалыптасу жағдайы
- •Сурет 2 – Банк қызметіндегі инновацияны енгізу ортасы
- •1.3 Инновациялық банк өнімдерін басқарудағы электрондық банк қызметінің маңызы
- •1. Банк инновацияларын басқарудағы банк клиенттеріне қызмет көрсету сапасын арттырудағы - интернет-банкингтің рөлі
- •Сурет 5 - Транзакциялардың жалпы көлеміндегі үлесі
- •2.2 «Халық банк» ақ-ның қаржы-шаруашылық қызметін талдау
- •2.3 Халық Банкінің» ақ- ның «Интернет-банкинг» инновациялық банктік қызмет тиімділігін есептеу
Сурет 1-Банк ортасында қаржы инновацияларының қалыптасу жағдайы
Ескерту: Автормен құрастырылған [10]
Қазақстанда банк мекемелері көп және олардың барлығының меншік капиталының біршама төмен болуынан оларда тұрақсыздық орнауы мүмкін, демек клиенттердің, инвесторлардың және салымшылардың тарапынан банк жүйесіне сенімсіздік тудыруы – Қазақстандық банк жүйесінің бірінші және ең басты проблемасы болып табылады.
Әлемде және Қазақстан көлемінде де күшейіп бара жатқан бәсекелестік Ұлттық банк тарапынан өздерінің меншік қаражатының мөлшерін Қазақстанға келетін әлемдік банк институттарымен бәсекеге түсуге мүмкіндік беретін деңгейге жеткізу үшін күш-жігер жұмсауды қажет етеді.
Сондықтан Қазақстанның банк қызметін сауықтыру үшін банктердің меншік капиталын ұлғайту және тиісінше тұтастай банк жүйесінің тәуекелін төмендету жолында іс-әрекет жасау қажет.
Банктердің меншік капиталын ұлғайту әдістері көп емес. Ең алдымен, бұл инвесторлардың арасында қосымша акциялар эмиссиясын қарастырады. Іс жүзінде акциялар эмиссиясында нарықтың жаңа эмиссиялар сатып алу мүмкіндігі әрдайым ескерілуге тиіс [11].
Қазіргі таңдағы коммерциялық банктердің қызметіндегі инновацияны ендіру үрдісіндегі жеке сегметтеуді жүргізу 2-ші суретте келтірілген.
Инновациялық банк қызметінің аясы |
банк
қызметін ұсынудағы
инновация
банк технологиясы
аясындағы
инновация
банк
қызметін көрсетудегі инновация
банк
қызметінің құрылымдық инновациясы
банк
қызметін басқарудағы
инновация
Сурет 2 – Банк қызметіндегі инновацияны енгізу ортасы
Ескерту: Автормен құрастырылған [10]
Банк өз инвестицияларының сенімділігіне сенімді болғанда ғана нақты құралды пайдалана бастайды. Банк үшін жаңа құралдарға және инвестициялық салаларға салымдар, банктер арасындағы өршіп келе жатқан бәсеке нәтижесінде ғана салынады. Қарастыруды қажет ететін келесі мәселе – Ұлттық банк жүйесінің бәсекеге қабілеттілігін жақсарту жолдары. Қазақстандық банк жүйесінің шетелдік банктерден айырмашылығы – көрсетілетін қызметтер аясының тарлығы. Мәселен қазақстандық банктер практикасында қолданылатын тек дәстүрлі құралдар банктерге қойылатын талаптарға жауап бермейді. Инновациялық банк технологиясындағы коммерциялық банктің қызметі келесідей болып бейнеленеді.
Кесте 1 - Банк қызметіндегі инновациялық сыныптамасы
Сыныптама белгісі |
Инновация түрі |
Маңызы |
Өнімдер технологиясы |
Туындау белгісі
|
Рактивтілігі Стратегиялығы |
Жаңалау белгісі |
Ерекшелігі Маңыздылығы |
Әсер ету масштабы |
Нүктелік Жүйелілігі |
Функционалдық мазмұны |
Операциондық Интеллектуалдық Басқарушылық |
Жаңашыл бағыты |
Радикалдығы Кайзден жақсарту технологиясы |
Дерек көзі: Автормен құрастырылған [11] |
|
Банктердің практикасына электрондық төлем карточкаларын енгізу көрсетілетін қызметтер аясын кеңейтудің екінші келешек жолының мол бағыты болып табылады. Аталмыш нарық қазіргі таңда іс жүзінде әлі құрылған жоқ, ал оның келешегі – аса мол.
Қазақстан банктері ұсынатын қызметтердің саны тым шамалы, ал қызметкерлердің саны әлемдік практикамен салыстырғанда керісінше өте көп екенін айтып өту қажет. Демек, қазақстандық банктер жаңа қызметтер енгізу, сондай-ақ банк жұмысын автоматтандыру және қызметкерлер санын қысқарту арқылы өзінің пайдалылығын айтарлықтай арттыруға және тиісінше өздерінің бәсекелік жайғасымдарын елеулі жоғарылатуы мүмкін.
Әлемдік тәжірибені зерттеу арқылы инновациялық банк қызметі дамуының негізгі бағыттарын анықтау және олардың екінші деңгейлі қазақстандық банктер қызметіне қатысты бейімделуі жөнінде ұсыныстар әзірлеу негізінде электрондық банк қызметінің даму болады.
«Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі» туралы заңның 1 бабына сәйкес, «банктік қызмет – бұл банктік операцияларды жүзеге асырумен байланысты қызмет». Әрбір банк өз жұмысын жетілдіре отырып, банк басымдық – клиенттердің сұранысын қанағаттандыруға сүйенеді, ал ол банкте болып жатқан бизнес-процестерге тікелей байланысты. Осы процестерді тиімді басқару бәсеке қабілеті жоғары болашақты қамтамасыз етеді, оның бірі қазіргі таңдағы электрондық банктік қызметінің дамуы болады.
