Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-часть.doc
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
533.5 Кб
Скачать

1.2 Коммерциялық банк қызметіндегі инновациялық банк өнімдерінің рөлі

Қазіргі кезеңде әлемдік экономикалық жүйенің қарқынды дамуы ғылымды қажетсінетін өнімдер мен оны өндіретін технологияларды тиімді құру және пайдалануға байланысты. Ол үшін негізделген ғылыми–зерттеулер жүргізу қажет және олардың нәтижелерін шұғыл түрде өндіріске енгізу үлкен жетістік. Сонымен, ғылымда жаңа технологиялық бағыттар пайда болады. Осылардың бәрін дұрыс бағытқа салу, тиімді пайдаланып нақтылы нәтижеге жету үшін арнайы инфрақұрылым қажет.

Әдетте инновациялық инфрақұрылымның мынадай жүйелік буындарын бөліп көрсетуге болады:

- өндірісті–технологиялық: технопарктер, инновациялы–технологиялық орталықтар, бизнес–инкубаторлар және т.б.;

- қаржылық: қорлардың әртүрлі типтері–бюджеттік, венчурлік, қамсыздандыру, инвестициялық;

- ақпараттық: орталық–талдау, статистикалық, ақпараттық және т.б.;

- кадрлық: дайындау, қайта дайындау, оқу мекемелері (әсіресе инновациялық менеджмент саласынан), технологиялық аудит, маркетинг және т.б. [6].

Қазіргі уақытта инновациялық өнімді тиімді жасап, ұтымды пайдалану қатынастарын сапалы түрде қарастырылмайынша елдегі аса маңызды əлеуметтік–экономикалық міндеттерді шешу мүмкін еместігін түсіну енді жеткілікті емес. Ал бұл өзіне тəн арнайы мамандырылған қызмет субъектілері, инфрақұрылым институтттары, өзіндік нарықтық қатынастары бар елдің барлық инновациялық потенциалының дамуын талап етеді.

Индустриалды–инновациялық қызметтердің өндірістің тиімділігі мен өнімнің бəсеке қабілеттілігін арттырудың пəрменді тəсіліне айналуы инновация сферасындағы меншік қатынастарын жүзеге асыру, инновациялық үрдістерді мемлекеттік реттеуде жетілдіру мəселелеріне дұрыс қарауды талап етеді.

Қазақстан Республикасының индустриалды–инновациялық потенциалының орнын, рөлін, қызметін ғылыми–тəжірибелік тұрғыдан талдау инновациялық қызметттің сан қырлы мəселелерін зерттеудің танымдық маңызын арттырып қана қоймайды, сондай–ақ дəстүрлі салалық талдауды жалпы ұлттық жəне аймақтық тұрғыдан толықтыра түседі.

Бәсекеге қабілеттілік мәселелерін шешу үшін Қазақстанда көп деңгейлі инновациялық инфрақұрылымның қалыптасуы қарастырылған. Оған мыналар жатады:

- білім-инновациялық кешендер – жоғары оқу орындары, ғылыми–зерттеу институттары, ғылыми орталықтар, оқытатын компаниялар. Бұлардың бәрі білікті кадрлар дайындау мен жаңа ой–пікірлер ұсынады;

- бизнес-технологиялық кешендер – жаңа ғылыми пікірлерді өндіріске енгізу мен жаңа тауарларды әзірлеумен айналысады;

- қолдаушы кешендер [6].

Инновациялық қызметті қолдау және қаржыландыру, маркетинг, көрме жұмыстары, интеллектуалды меншіктерді қорғау мәселелерімен шұғылданатын құрылымдар кіреді.

Инновациялық инфрақұрылым 8 элементтен тұрады. Олардың ең маңыздысы қаржы инфрақұрылымы болып тыбылыды. Өз алдына қаржы

инфрақұрылымы келесі элементтерден тұрады:

- мемлекеттік даму институттары;

- венчурлық қорлар;

- кəсіпорындар;

- жеке кəсіпкерлер;

екінші деңгейдегі банктер [7, Б. 12].

Дүние жүзінде жаһандану үрдісінің күрделенуіне байланысты бәсекеге қабілетті экономиканы қалыптастыруда әрбір мемлекет өзінің ұлттық инновациялық жүйесі мен инновациялық инфрақұрылымынын дамытуға басымдық беріп отыр. Өйткені ұлттық экономикасы қалыптасқан және дамыған елдердің тәжірибелеріне сүйенсек, олардың жеткен жоғары жетістіктеріне инновациялық инфрақұрылымның оңды әсер еткенін байқаймыз. Олардың әлемдік нарықтағы үлесі де қомақты.

Сондықтан да, дамыған елдердің қатарына кіруге талпыныс білдіріп отырған Қазақстанның өзінің мүмкіндіктері мен стратегиялық мақсаттарына сай ұлттық инновациялық жүйесі мен инфрақұрылымын дамыту өзекті мәселе болып отыр.

Әлемдік экономиканың қарқындап дамуы – адами және интеллектуалдық ресурстардың нәтижелі еңбегінің жемісі екені белгілі. Қазіргі заман талабына сай дамыған елдерде тиімді әзірлемелер жүйесі және түрлі қызмет сфераларына жаңа технологиялық шешімдерді енгізуге негізделген инновациялық экономикаға өту үрдісі байқалады.

Сонымен бірге, табиғи ресурстардың молдығын пайдалану маңызды болған дәуір өтіп барады, оның орнына экономиканың технологиялық тұрғыдан дамуын тездету, үдету мақсатында тиімді тетіктерді қолдану мүмкіншілігі үлкен мәнге ие болып отыр. Арзан, сапасы төмен еңбекке негізделген өндіріс кезеңі аяқталуда. Дәл қазіргі қоғам – адамның интеллектуалдық ресурстарына, оның инновацияларды қабылдауы мен жүзеге асыру қабілетіне негізделген қоғам болып қалыптасуда.

Өнеркәсібі жан–жақты дамыған елдер индустриялдық әлеуеті қалыптасқан топқа кіреді. Дәл осы топ құрамына кірудің арнайы ережемен белгілемеген шарттары да бар. Солардың қатарына, өнеркәсіптік өнімнің жылдан-жылға артуы, тек оның көлемінің ғана емес, сапалық және ассортименттік құрамының да көбейуі, шикізаттық сектордың жалпы экономикадағы үлесінің қысқаруы сияқты және басқа да көрсеткіштер бойынша нәтижелі болу жатады. Мұның барлығы да инновациялық инфрақұрылымды қалыптастыру мәселесіне жете мән беріп, оны мемлекеттің арнайы стратегиялық мақсаттарының бірі етіп белгілеуді міндеттейді.

Инновациялық инфрақұрылым – ғылыми идеяның өндірісте қолдау тауып, нақты өнім, қызмет, жұмыс түрінде көрініс табуына дейінгі барлық кезеңдерді қамтитын іс-шаралардың жүруіне ыңғайлы жағдай жасайтын, қажетті жұмыстар мен қызметтерді орындайтын ұйымдар жиынтығынан тұрады [8, Б. 25].

Инновациялық инфрақұрылымның негізгі міндеті инновациялық өнім өндірумен (қызмет көрсетумен, жұмыс орындаумен) айналысатын кәсіпорындарға қолдау көрсету деп топшыласақ, онда инновациялық инфрақұрылымды қалыптастыру мемлекеттің техникалық, технологиялық, экономикалық, қаржы, әлеуметтік жағдайын жақсартып қана қоймай, сонымен бірге оның әлемдік экономикадағы тұғырын көтеруге де, сыртқы нарықтарға шығып, ондағы өзінің орнын табуға немесе иеленуге де мүмкіндік жасайды деген байламға келуге болады.

Инновациялық инфрақұрылымның экономикалық маңызы елдің экономикалық даму стратегиясын айқындаумен, қосылған құны жоғары өнімдер өндірумен, шағын инновациялық кәсіпкерлікті жандандырумен және басқалармен анықталады.

Қазақстанның ұлттық инновациялық инфрақұрылымының қазіргі жағдайы әрине республиканың экономикалық дамуының өзіндік ерекшеліктеріне байланысты. Олардың қатарына әлемдік нарықтағы көмірсутек шикізатына бағаның күрт өсуі, қара және түсті металл өнімдеріне деген жоғары сұраныс, осыған байланысты қаржылық және коммерциялық кәсіпкерліктің қанат жаюы, еліміздегі табиғи ресурстарды игеруге қатысы бар халықаралық байланыстардың нығаюы сынды факторларды жатқызуға болады. Әйтсе де, бұл ерекшеліктер әлі де болса ұлттық экономиканың біржақты дамып отырғанын көрсетеді. Өйткені тек шикізатқа ғана бағытталған экономиканың белгілі бір кезеңде құлдырау қаупі жоғары болатыны белгілі. Бұның салдарын қазіргі кезде орын алған әлемдік қаржы дағдарысынан да байқау қиын емес.

Банк экономикалық жүйенің сенімділігінің негізін қалайды, сондықтан өзінің анықтамасына сәйкес қоғамның ең сенімді институттарының бірі болуы мүмкін. Біздің экономикалық және құқықтық орта тұрақсыз­дығымызда банктер мемлекеттік қолдаудың болмауынан және қалыптасқан қоғамдық дәстүрлерге арқа сүйемей өз клиенттерінің қаражатын сақтап қана қоймай, іс жүзінде өздері көбейтуге тиіс.

Банктер кредит нарығында таралған ақпараттың сапасын төмендегі факторлардың есебінен жақсартады:

  • банк пен клиенттің арасында қалыптасқан қатынастар, клиенттің кредиттік тарихы жағымды болған жағдайда ол қаржы делдал­дарына инвестициялық жобаларды іске асыруға мүмкіндік береді. Тек банк қана клиенттер туралы мәліметтерді пайдалана алады, ал мұның өзі капитал нарығында бәсекелестер мен кредиторлар алдында оған артықшылық берілуін қамтамасыз етеді;

  • кәсіпорынның банк кредитіне қол жеткізуі нарыққа оның қаржылық жай-күйін және даму келешегін жариялау болып табылады;

  • қарыз берушілерді бақылауды жүзеге асырғанда банктердің сараптама жүргізуі капиталдар нарығымен салыстырғанда олардың осы салада да артықшылыққа ие болуын қамтамасыз етеді.

Сондықтан тек инновациялық қаржы өнімдері мен қызметтердің пайда болуы ғана барлық өзгерістерге қарамастан нарыққа тұрақтылықты және басқаруды сақтап қалуға көмектесті. Әлбетте, халықаралық бірлесу мен шаруашылық қызметті ғаламдандыру, халықаралық нарықтардың тұрақсыздануы мен экономикалық дамудың әркелкі дамуының күшеюі қаржы инжинирингінің пайда болуының негізгі себебіне айналды.

Шетелдік зерттеулердің көпшілігі практикалық бағытты ұстанады, олардың авторлары нарық тәуекелдерін төмендету мақсатында банктердің күнделікті жұмысында қолданылатын нақты сызбалар мен механизмдер әзірлегісі келген. Еңбектердің басым көпшілігінде мәмілелерді және түрлі банк операцияларын секъютеризациялаудың түрлі формалары, сондай-ақ банк құралдарының сол немесе басқа түрлерін қолдану жөнінде айтылады.

Біздің түсінігіміз бойынша қаржы инновациялары – қаржы нарығы құралдарының, сондай-ақ банк құралдарының дамуында байқалатын ұзақ мерзімді процесс.

Банк инновациялары – аса маңызды ауыспалылардың, адам капита­лының, нарық жағдайының, реттеу және банк қызметкерлерінің корпоративтік мәдениет жүйесінің функциясы.

Білім әлеуетін басқару жүйесінде инновация жасау және оны енгізуде адам капиталы негізгі рөл атқарады. Қаржы инновациясы банк жүйесінің қазіргі заманда дамуының ең айқын әрі маңызды үрдісі болып табылады. Инновациялық құралдарды іздестіру мен енгізу макроортадағы, нарық жағдаятындағы өзгерістермен, сондай-ақ ғылыми-техникалық прогрестің жетістіктерімен байланысты (Сурет 1).

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]