- •6.Жартылай өткізгішті есте сақтау құрылғылары
- •9.Кодтарды түрлендіргіштер.Индикаторлар
- •29 Аналогты-цифрлық түрлендіргіштер.
- •20 Қосындылағыштар.
- •16 Санағыштар.
- •11 Регистрлер.
- •5 Триггерлер.
- •10 Цифрлық компараторлар.
- •17. Шифраторлар.
- •31)Есептеу жүйесінің құрамы.
- •32 Бульдік функцияларды беру тәсілдері.
- •42)Эем-нің функционалдық түйіндері.
- •54 Компьютерлік желілерге түсінік, оны қорғау әдістері
9.Кодтарды түрлендіргіштер.Индикаторлар
Санның кодын өзгерту операциясы оны түрлендіру деп аталады.Бұл операцияны орындайтын интегральдық микросхемалар кодты түрлендіргіштер деп аталады. Кодты түрлендіргіштер интегральдық микросхемалар айрықша кең таралған, екілік кодты ондық кодқа, оналтылық кодқа, Грей кодына және керісінше айналдыратын операцияларға арналған түрде шығарылады. Кодты түрлендіргіштер өзінің құрлымына байланысты дешифраторлар болып саналады, тек қана олар екілік кодты тек қана біреуінде ғана емес бірнеше шығысында түрленділеді.
12.Транзистор (ағылш. transfer - тасымалдау және resistor - кедергіш) — электр тербелістерін күшейтуге, оларды тудыруға және түрлендіруге арналып жартылай өткізгіш кристалл негізінде жасалған электрондық құрал. Электрондық лампа сияқты қызмет атқаратын транзисторлар одан өлшемінің едәуір кішілігімен, электр энергиясын тұтынудағы аса үнемділігімен, механикалық аса беріктігімен және бүлінбей ұзақ жұмыс істейтіндігімен, бірден әсер етуге әзірлігімен ерекшеленеді. Радиолампа орнына қолданылатын жартылай өткізгіш аспаптар (транзисторлар) негізінде жасалған өте кішкентай радиоқабылдағыштарды көбінесе транзисторлар деп дұрыс атамайды; оның дұрыс атауы — транзисторлы қабылдағыш немесе транзистор негізінде жасалғанқабылдағыш.
Түрлері
Транзистор өрістік (униполярлы) және биполярлы деп бөлінеді.
Өрістік (арналық) транзистор – жұмыстық токтың өзгеруі кіріс сигналы тудыратын, оған перпендикуляр бағытталған электр өрісі әрекетінен болатын транзистор. Өрістік транзисторларда кристалл арқылы өтетін токты тек бір таңбалы заряд тасушы –электрон немесе кемтік тудырады. Заряд тасушыларды басқаруға негізделетін физикалық эффектілерге қарай өрістік транзисторлар шартты түрде 2 топқа: #басқаратын р-п электрон-кемтіктік ауысуы бар немесе металл-шалаөткізгіш түйіспелі
оқшауланған жапқылы металл-диэлектрик-шалаөткізгіш (МДШ) транзисторлар деп бөлінеді.
13.Операциялық күшейткіш (Операционный усилитель; operational amplifier, opamp) — 1) әрекеттер тіркесі күшейткіштің қосалқы тізбелерін ауыстырып қосу арқылы өзгертілуі мүмкін аналогтық компьютердің элементі; кернеу өзгерісінің формасы а кірісте белгілі бірматематикалық өрнекке сәйкес болғанда, шығыстық кернеу өзгерісінің формасы а өзгеріс формасына сәйкес болады. Мысалы, қосындыны орындау үшін үдеткіш а-ға программаланған болса, онда оның кірісіндегі кернеу а кернеу кірісіндегі а- ның қосындысына тең болады; 2) кері байланыс тізбегі жоқ күшейткіш. Әдетте, тұрақты ток күшейткіші. Оның күшейту еселігі үлкен, кіріс кедергісі жоғары, алшығыс кедергісі төмен болады.
29 Аналогты-цифрлық түрлендіргіштер.
Аналогты-цифрлық түрлендіргіш аналогты кернеуді компьютерде немесе логикалық сұлбада қолдануға ыңғайлы болатындай етіп, эквивалентті цифрлық формаға түрлендіреді. Аналогты-цифрлық түрлендіргіштің көптеген түрлері бар, солардың көбісі кіріс сигналының кернеуін логикалық сұлба кірісіне жүктемеге қосылған цифрлы-аналогтық түрлендіргіштің шығыс сигналымен салыстыру принципімен жұмыс істейді.
Цифрлы-аналогтық
түрлендіргішке екілік санағыш жалғанған.
Санағыш нөлден бастап санай бастағанда,
цифрлы-аналогты түрлендіргіш шығысында
ара тәріздес (барлық разрядтарды
бірліктермен тізбектей отыра толтыратын)
сигнал пайда болады. Бұл сигнал кернеуі
кіріс кернеуімен салыстырылады. Сонымен,
санағыш көрсеткіші кіріс сигналының
цифрлық бейнеленуі болып табылады.
Триггердің
шығысындағы ЖОҒАРЫ деңгей «Аналогты-цифрлық
түрлендіргіш бос емес екенін» көрсетеді.
Цифрлы-аналогтық түрлендіргіштер.
Сегізразрядты екілік санды 0-ден 255 шамалар интервалында ондық сандар түрінде бейнелеуге болады. Сондай ақ, егер әр бір битті 10 мВ кернеу түрінде алып, оны 0-ден 255 В диапазонында кернеу түрінде бейнелеуге болады.
Цифрлық деректерді аналогтық кернеуге түрлендіретін аспап цифрлы-аналогтық түрлендіргіш деп аталады. 10.2-суретте цифрлы-аналогтық түрлендіргіштің негізгі екі типі көрсетілген.
Бірінші типті цифрлы-аналогтық түрлендіргіш (сурет-10.2a) түрлендіруді операциялық күшейткіш кірісі мен бекітілген тіректі кернеу арасында түрлі кедергілері бар резистрлерді қосу арқылы іске асырады. Мысалы, D және B ілмектері жабық болса, онда шығыс кернеуі 1.25Vref шамасын құрайды, мұнда, Vref – тіректі кернеу.
