Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ctn_eptaaa_tipojauaptary.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
59.63 Кб
Скачать

1.Аналогты аспаптар – бұл көрсеткіштері мен шығыс сигналдары өлшенетін шаманың өзгеру функциясында үздіксіз болып келетін аспаптар. Сызықты аналогты және өлшеу аспаптарының идеалданған түрлендіру теңдеуі мына түрде болады Y = KX, мұндағы Х - өлшенетін шама; Y, К – аспаптың сәйкес түрлендіру көрсеткіші мен коэффициенті. Көптеген өлшеу аспаптары сызықты болатынын айта кеткен жөн.

2. ЭЕМ элементтерінің классификациясы

Электрорадиоэлемент – интегралды сұлбаның кристаллымен бірге жасалған сұлбаның бөлігі [таспалы (пленкалы) резистор].

Интегралды сұлба (ИС) компоненті – электрорадиоэлементтің функциясын іс-жүзіне асырады. МОнтаж алдында жеке құрылғы болып саналады [конденсатор].

ЭЕМ элементтерінің классификациясы:

  1. Функционалды тағайындамасы.

  2. Байланыс типі.

  3. Логика типі.

  4. Өрістердің рәсімделуі.

  5. Ток көзінің қосылу тәсілі бойынша.

  6. Электронды-қолдану параметрлері бойынша.

  7. Экономикалық параметрлері бойынша.

  8. Интергралдау дәрежесі бойынша.

ЭЕМ элементі - логикалық ақпаратты сақтау қосымша немесе арнайы функцияларын орындайтын комионенттер жиыны ретінде берілген электронды сұлбаны айтады.

4. Комбинациондық құрылғыларға шифратор, дешифратор, мультиплексор, демультиплексор жатады.

Шифратор - импульстерді кодтауға (шифрлауға), яғни берілетін пәрмендерді (мысалы, ракетаға) шартты белгілерге (сигналдарға) айналдыратын телебасқарушы және телеөлшегіш кондырғылардың тасымалдаушы негізгі блоктарының бірі. Қабылдағыш кемерлік аппаратура берілген импульстің қай пәрменге жататынын ажыратуы үшін соңғысы белгілі ара қашықтықта, әрбір пәрмен үшін қатаң тіркеспен берілуі тиіс. Шифраторға сондай-ақ нөсер разряды мен немесе қарсыластар туғызатын өндірістік кедергілер мен радиокедергілер әсер етуі мүмкін. Кемердегі қабылдагыш шифрлаған командалар дешифраторға түсіп, анықталады.

Дешифратор (фр. dechiffrer - шешу) — байланыста ұшақтарда, телебасқаруда тек дұрыс кодталған сигналдар мен пәрмендерді қабылдауға, сондай-ақ олардыракетанын, ұшақтын атқарушы орғандарына әсер ететін сигналдарға айналдыруға арналған құрал. Қабылдаушы кондырғыға түсетін көптеген электр импульетерінін ішінен дешифратор тек белгілі бір импульстер жиынтыгын кабылдайды. Атмосфералық разрядтар мен қарсыластар жасаған кедергілер дешифраторға әсер етпейді және оларды атқарушы орғандарга жібермейді.

Мультиплексор (Multiplexer) - екі немесе одан да көп мәліметтер тұтынушылар арасында бір ортақ арна арқылы бір мезетте мәліметтер жеткізуге мүмкіндік беретін қызметтік құрылғы; бір мезгілде бір желі арқылы бірнеше сигнал жеткізуге мүмкіндік беретін құрылғы. Мультиплексор бірнеше кіріс сигналын бір шығыс сигналына айналдыратын логикалық схема немесе бірнеше кіріс ақпараттық ағынын бір шығыс ақпараттық ағынына айналдыратын құрылғы. Мұнда сигналдарды мерзімдік, жиілікті және статистикалық біріктіру тәсілдері қолданылады.

Демультиплексор (Demultiplexer) — мультиплексор орындайтын операцияға қарама-қарсы жұмыс істейтін құрылғы, яғни берілген жұмысалгоритміне байланысты топтық ағынды бірнеше арналарға бөледі.

6.Жартылай өткізгішті есте сақтау құрылғылары

Жедел есте сақтау құрылғыларының интегралды микросхемалары ақпаратты жазу, сақтау және оқуға арналған және ақпаратты таңдауы еркін есте сақтау құрылғыларының тобына жатады.

Динамикалық ЖЕСҚ интегралды схемалары өзінің күйін тек белгілі бір уақыт аралығында сақтайтын, сондықтан периодтық қалпына келтіріуді немесе регенерацияны талап ететін есте сақтау элементінің негізінде құрылады. Динамикалық ЖЕСҚ-ның есте сақтау элементі ретінде конденсатор қызмет етеді. Онда ақпарат зарядтың болуы немесе болмауы түрінде сақталады. Динамикалық ЖЕСҚ кемшілігі ақпаратты регенрециялау схемасын қосу қажеттілігі болып табылады, бірақ бұл кемшілік ЖЕСҚ басқа типтеріне қарағанда ақпарат сыйымдылығының үлкендігімен өтеледі.

Статикалық ЖЕСҚ интегралды схемалары 4-8 транзисторлар негізінде құрылған триггерлік есте сақтау ұяшықтарының негізінде жасалады. Статикалық ЖЕСҚ артықшылығы жоғары тез әрекетушілік, қосымша ақпаратты регенерациялау схемаларын енгізу қажеттілігінің жоқтығы болып табылады. Статикалық ЖЕСҚ кемшілігі жүгіну режимінде де, ақпаратты сақтау режимінде де үнемі қорек көзінен ток тұтынуы болып табылады.

7.ЭЕМ-нің функционалдық түйіндері.

Компьютер – өзіне берілген бұйрықтарды орындау арқылы есептерді шығара алатын машина. Қандай да бір есепті шешу үшін берілген бұйрықтардың тізбегі программа деп аталады. Аппараттық жабдықтардың көмегімен орындалатын бұйрықтардың тілін машиналық деп атайды. Бірақ программаларды машиналық тілде жазу қиын. Бұл проблеманы шешудің бірден-бір жолы адамға ыңғайлы жаңа бұйрықтарды ойлап табу. Жаңа тілдің бұйрықтары машинаға түсінікті болу үшін оларды машиналық тілге ауыстыру жолдарын қарастыру қажет. Оны шешу үшін екі тех­нология белгілі: оның бірі трансляция деп аталатын алғашқы программа­ның орнына машина тілінде жазылған жаңа программаны орындау. Екіншісі алғашқы тілде жазылған бұйрықтарды енгізілетін берілгендер деп түсі­нетін және оларды кезекпен қарастыра отырып, машина тілінің экви­валентті бұйрықтарын орындайтын машина тілінде жазылған программа. Бұл технология жаңа программаны құрастыруды қажет етпейді және интерпретация, ал оны орындайтын программа интерпретатор деп ата­лады.

Қазіргі заманғы көпдеңгейлі машиналар

Қазіргі заманғы компьютерлер екі немесе одан да көп деңгейлерден тұрады. Алты деңгейлі машиналар да бар (1.4-сурет). 0-деңгей машинаның аппараттық жабдықталуы. Оның электронды үрділері 1-деңгейде жазылған программаларды орындайды. Бұл деңгейден де төмен орналасқан физика­лық құрылымдар деңгейі деп аталатын деңгей бар. Онда транзисторлар орналасады.

Ең төменгі цифрлік логикалық деңгейде обьектілер вентильдер деп аталады. Вентильдер транзисторлар сияқты аналогтық компоненттерден тұрғанымен, цифрлік құрылғылар тәрізді оларды дәл үлгілеуге болады. Әрбір вентильдің бір немесе бірнеше цифрлік енгізу сигналдары бар. Вентиль ол сигналдардың НЕМЕСЕЖӘНЕ сияқты жай функцияларын есептейді. Әрбір вентиль бірнеше транзисторлардан тұрады. Бірнеше вен­тильдер 0 немесе 1-ден тұратын жадының битін құрайды. 16, 32 немесе 64 биттен топтастырылған жадының биттері регистрлерді құрайды. Әрбір регистр шектелген ұзындықты екілік санды сақтайды. Компьютердің өзі де вентильдерден тұруы мүмкін.

8.Тұрақты сақтау құрылғысы

Оперативті есте сақтау құрылғысы немесе ЭЕМ-нің жедел жадысы (RАМ), сондай-ақ тұрақты есте сақтау құрылғысы (RОМ) компьютердің ішкі жадысын құрайды, осы екеуімен процессор жұмыс кезінде мәлімет алмасып отырады. Өңделуге тиісті кез-келген мәлімет алдымен компьютердің сыртқы жадынан (магниттік дискілерден) жедел жадына жазылады.

Компьютердің жедел жадысы көлемі өскен сайын оның есептеу жылдамдығы да артады. Информация көлемін өлшеуде сегіз биттен (бір мен нөл тізбегі) тұратын байт бірлігі қолданылатыны белгілі. Осы өлшем бірлігі аркылы жедел жадтағы не магниттік дискеттегі сақталатын информация 360кб, 720кб немесе 1,44 Мб болып жазылуы мүмкін. Мұнда 1 кб (1 килобайт)=1024 байт, Мб (1 мегабайт)=1024 кб, ал винчестер деп аталып жүрген катты дискіде, 1000-10000Мб (1-4 Гигабайт) және одан да көлемді информация жазылып сақталады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]