Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Файл.docx
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
55.11 Кб
Скачать

Жылдам жадты дұрыс пайдалану

 

Тапсырмалар панелінде барлық іске қосылған программалардың белгішелері  (программалардың бүкгелген түрлері) көрсетіледі де, олардың белсендірулі тұрғаны басқа түске боялып қойылады. Мұндағы есксретін жайт: Тапсырмалар панеліне кірістірілген әр программасы компьютер жадъна енгізіліп қойылады. Яғни жұмыс істеп  тұрган программа бүкгелгенде ол, тапсырмалар панеліне орындатылуымен қоса, жадқа да жазылып қойылады. Егер жұмыс барысында бір программа бірнеше рет бүктелсе, ол сонша  рет жадқа жазылып қойылады да, жадтың көп орнын алады. Осының нәтижесінде, жұмыс жалғасқан  кезде пррграмманың қажетті элеменітерін жадтан іздеп табу киынға түседі, әрі машина жұмысының жьлдамдығы бөсеңдейді. Сондықтан тапсырмалар панелінде жазулы бір белгішенің бірнеше рет жазылмағанын қатаң  тексеріп отырған дұрыс. Олардьщ біреуінен басқаларын  алып тастау қиын емес: белгішені оң түймемен шерту керек, жанама  мәзір көрінеді. Мәзірдің жабу пунктін шертсе болғаны.

 

Жетекші. Буманы ашу. Қосымшаны іске косу

 

WordPad мәтіндік редакторы, Paint (Paintbrush) графикалық редакторы  Калькулятор және т.б, көптеген программалар негізгі мәзір құрамындағы  қатарына ">" белгісі орнатылған  стандартты мәзірге енгізілген. Олардың бірін экранға шығару үшіш курсорды қажетт пункт үстіне әкеліп (атауды таңдан), тышқанды бір шертсе болғаны.

 Пункт құрамындағы Жетекші (Проводик) — жүйенің кез келген объектісін (буманы не файлды) іздеп табуга және олармен қажетт әрекетгер жасауға болатын программа. Көрінген қатарды бір шертіп программа терезесін экранға шығаруға болады (6.4~сурет). Яғни  Жетекші программасын  ашу командасы:

 

Іске косу — Программалар —> Жетекші

 

(Комаңдаға енлізілген " —>" символы "Курсорды пунктке жылжыту" сөз тіркесі ретінде паңдаланылған белгі).

6.4-сурегге көрігені сияқты, Жетекші терезссі екі бөлімді. Оның сол жақ бөлімінде дискідегі түрлі бумалардыц атаулары, оң жағында олардың ішінен белсендірілген буманың ішіндегісі (файлдар) көрініп тұрады. Белсеңдірілген бума алдына "—" таңбасы, ал, басқа бумалар алдына "+" таңбасы орнатылып қойылған. Ішкі бумадаи бірінші деңгейлі бумаға өту үшін "—" таңбасы орналасқан шаршыны шерту керек. Буманы ашу үшіи алдымен " + " таңбасы орналасқан шаршыны шертсе болғаиы.

 

Жұмыс туралы қортынды информацияны Файл → Қасиеттер (Файл → Свойства) сұхбаттасу терезесі көмегімен алуға болады. Бұл терезе кейіннен файлды іздеуді оңайлататын информация мен ескертулерді есте сақтайды. Егер «Қасиеттер» терезесінің жолына әр файл туралы тұрақты күйде информация енгізіп отыратын болсақ, кейіннен файлдарды көбейтіп, оның аты, бумасы ұмытылып кетсе де, оларды іздеп табу қиынға соқпайды. Сондай сәттерде бұрын енгізілген «Қасиеттер» терезесіндегі мәліметтердің қадырын түсінуге болады. Енді осы терезені толығырақ қарастырайық. Терезедегі «Жалпы» және «Статистика» парақтары адамдардың қатысысуынсыз – ақ өздері автоматты түрде толтырылады. Сонымен «Қасиеттер» сұхбат терезесін толтыру үшін төмендегі әрікеттерді орындаймыз.

Файл → Қасиеттер командаларын таңдаймыз. «Қасиеттер» сұхбаттасу терезесі пайда болады.

«Құжат» парағына өтіп, ондағы жолдарға тиісті мәліметтер енгізу қажет. «Құжат» (Документ) парағына Тақырып, Автор, Мекеме,Топ, Өзекті сөздер, Ескертпе сияқты жалпы мағлұматтардын жинайды. Бұл мағлұматтарды әркім жұмыс барсында өзі енгізіп, онда 255 таңбаға дейінгі әр түрлі мағлұматтардан тұратын сөз тіркестерін толтыруға мұмкінідік бар.

  1. «Статистика» парағы мынадай мәліметтер береді:

2. Құжаттың дайындалған, өзгертілген, ашылған даталары;

3. Кім дайындады, қанша уақытта түзетілді, кім сақтады;

  1. «Статистика» бөлімінде құжаттың қанша беттен, абзацтан, жолдан, сөзден, символдан, байттан тұратыны туралы жазылған мәлімет болады.

«Қасиеттер» терезесін толтыру қажет те емес сияқты болуы мүмкін, бірақ файлды іздеп оны табу процесінде оны дер кезінде толтырудың қандай маңызы бар екенін толық түсіндіруге болады.

Windows операциялық жүйесінің негізгі объектісі терезе болып табылады. Windows операциялық жүйесінің бұлай аталуы тегін емес, оның қазақша аудармасы «терезелер» дегенді білдіреді. Терезе – Windows ортасының негізгі ұғымы.

Терезе дегеніміз – бұл жақтаулармен шектелген экранның төртбұрышты аймақ. Онда объектілер орналаса алатын жұмыс ортасы мен басқару элементтері бар.

Терезелерді көрсету нұсқалары

Терезелерді экранда көрсетудің үш тәсілі бар:

-          толық экранды – терезе жайылған және тұтас экран бетін алады (жұмыс үстелі);

-          қалыпты - терезе экранның бір бөлігінде орналасады;

-          белгіше – терезе белгіше түрінде «жинаулы» болады;

Терезелердің көрсетілу нұсқасын өзгерту үшін, оның белгішелері бар тақырыптар   

зонасының оң жағындағы батырмалар қолданылады:

-          терезені есептер тақтасындағы жазуға  жималау;

-          терезені толық экранның бетіне жаймалау;

-          терезені жабу (қолданбаның жұмысын аяқтау).

Терезедегі тақырыптар жолының сол жағында терезені тұтас басқаруға арналған жүйелік менюдің батырмасы бар. Бұл менюде тақырыптың батырмаларының функциясын қайталайтын командалар бар. Терезені көрсетудің қалыпты нұсқасында терезенің көлемін мауспен жылжытып немесе пернетақтаның көмегімен терезенің тік көлбеу мөлшерін немесе бұрышын өзгертуге болады. Қалыпты нұсқада белгішелер мен терезелерді экран бойынша жылжытуға болады.

Активті терезе

Қай уақытта болсын бір ғана тереземен жұмыс істеуге болады, ол активті деп аталады. Активті терезе әрқашан басқа терезелерден  жоғары орналасады және оның тақырыбы түспен ерекшеленген. Егер экранда активті емес терезенің ең болмаса бір бөлігі көрінсе, оны мауспен шерту арқылы активті қалыпқа келтіруге болады.

Меню

Меню-бұл одан қажетін таңдауға болатын қандай да бір объектілер тізімі.

Қолданбалармен жұмыс істеу.

Кез келген қолданба бөлек трезеде орындалады, ол экранның жартысын немесе экранды толығымен алуы мүмкін. Қолданбалы бағдарламаны іске қосу  - қолданба терезесін ашуды білдіреді. Қолданбаның терезесін жабу – бағдарламаның жұмысын аяқтауды білдіреді. Бір уақытта бірнеше қолданбаларды қатар орындауға болады (әрқайсысы өзінің терезесінде) және пайдаланушы маустың көмегімен бір терезеден екінші терезеге оп-оңай ауыса алады.