Бума. Белгіше. Жарлық
Бума (папка) — каталог сияқты арнаулы атау берілген дискілік файл, ерекшелігі — оның ішінде түрлі жарлықтарды сақтауға да болады.
Белгіше (значок) - жұмыс үстелінде файл құрылған ортаның (объектінің) атын графикалық түрде көрсету белгісі. Ол программа қүрылған кезде автоматты түрде орнатылып қойылады. Белгіше жойылса, объект те жойылады.
Жарлық (Ярлык) - бір объектіге (бумаға, қосымшаға) сілтеме, объектінің тұрған орнын көрсететін белгі. Жарлық пен белгішенің орындайтын іс-әрекеттері бірдей. Ол үшін көрсеткішті үстеріне әкеліп, екі рет жылам шертсе бол5аны, ішіне енгізілген объект ашылады (жарлықты ашу дегеніміз — онымен байланысты объектіні ашу деген команда). Бума жарлығыш сыртқы бума ішінде не жұмыс үстелі беіінде орната беруге болады. Мысалы, жұмыс үстеліне жарлық құру үшін оның бетіне жанама (контексті) мәзір шығарып, Құру — Жарлық командасын беру және көрінген терезенің Шолу (Обзор) түймесін шерту керек. Одан әрі оньщ ішіне қажетті объектіні кірістіріп қою қиън емес. Жұмыс үстеліңде Microsoft Word қосымшасының жарлығын құру үшін Іске қосу — Программалар командасын беріп, қосымша таңдау (көрсеткішті атау үстіне 2келіп, тышқан түймесі шерту); одан 2рі, тышқанның оң түймесін шертіп, көрінген жанама мәзірден 'Жөнелту' қатарын шерту. Көрінген тізімнен Жұмыс үстелі (жарлық құру) қатарын шерту (жанама мәзір жөніңде 6.12- тықырып қараңыз).
Жарлықты не белгішені тұрған орнынан басқа жерге жылжыту не өшіру де қиын емес. Жарлық өшірілген кезде ішіндегі өшірілмей, бұрынғы орнында қалып қояды. Жарлықтың жадта алатын орны да үлкен емес,
1 Мбайт ғана.
Белгіше мен жарлық белгілерінің айырмашылықтары — жарлықтың төменгі сол жағына нұсқама белгісі орнатылып қойылады. Олар төмегі суреттерде бейнеленген: 1) - белтіше, 2) - жарлык.
Терезені бүктеу, жаю, жабу
Windows-тың кез келген терезесінің оң жақ жоғарғы бұрышына терезе шамасын басқаруға ариалған үш түйме енгізілген. Олардың алғашқы екеуі — терезені бүктеу, терезені жаю түймелері, ал соңғысы — терезені жабу түймесі.
Терезені жабу түймесі ағымдық терезені жауып, программамен жұмысты аяқтайды. Бүктеу түймесі терезені бүктеп, бслгішеге айналдырады да, белгіше Тапсырмалар панеліне енгізіліп қойылады. Терезені қайта ашу үшін осы белгішені жылдам екі рет шерту жеткілікті. Жаю түймесі терезені толық экрандық етіп жаяды.
Терезені үлкейту, кішірейту, жылжыту. Объектіні таңдау.
Windows-тың және Windows-пен жұмыс істейтін кез келген қосымшаның жұмыс істеу интерфейстері бірдей. Мысалы, тышқан көмегімен терезелерді біршама үлкейту, кішірейту не жылжыту сияқты әрекеттер мынадай тәсілдермен орыңдалады:
— терезенің биіктігін не ұзындығын біршама өзгерту үшіи көрсеткішін оның сөйкес жиегінің ортасына әкеліп, тышкан түймесін басу және оны босатпай, көрсеткішті сәйкес бағытта жылжыту керек. Мақсатты тұсқа жеткен кезде түйменің босатылуы тиіс;
- терезенің биіктігі мен ұзындығын қатар үлкейту үшін көрсеткішті терезе жиегінің бұрышына әкеліп, жоғарыдағы тәсіл бойынша оны тиісті жылжытса болғаны. Мақсатгы жерге жеткен кезде түймені босату керек.
Жылжыту және қалдыру. Таңдау. Шамасын өзгертпей, терезені оңға, солға не жоғары, төмен жылжыту үшін тышқаи корсеткішін оның тақырып жолына әкеліп, тышқан түймесін басу және оны босатпай көрсеткішті сәйкес бағытта жылжытса болғаны. Мақсатгы жерге жеткен кезде түйменің босатылуы тиіс. Тышқанмен орындалатын мұндай әрекет әр түрлі. Олар Жылжьпу және қалдыру әдісі делінеді.
Терезеде көрінген белгішені, мәзір пунктін және т.с.с. объектіні , іске қосуүшін алдымен оны таңдау керек. Ол үшін атауының үстіне көрсеткішті әкеліп, тьшхқан түймесімен бір шерту жеткілікті. Бұл кезде белгіше өзге түске боялыл қойылады. Осы сияқты Көрсету және таңдау (ерекшелеу) деп аталады.
