Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Файл.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
55.11 Кб
Скачать

Файл – сыртқы сақтау құралында орналасқан, бір типтес элементтердің атауландырылған, реттелген тізбегі. Файлдармен жұмыс жасау үшін программистер файлдық айнымалыларды пайдаланады немесе логикалық файлдар.

Файлдық айнымалы – дисктегі нақты файлға сәйкес келетін айнымалы. Бұл айнымалымен жүргізілген барлық операциялар дисктегі орналасқан файлғада жүргізіледі.

Файлдар құрамындағы элементтерге байланысты түрлі типті болып келеді. Олар мәтіндік, типтелген, типсіз файлдар болып бөлінеді.

Мәтіндік файлдар ұзындығы өзгермелі жолдардан тұрады. Мұндай файлдар TextFile сөзі арқылы сипатталады.

Типтелген файлдар типі анықталған (көрсетілген) мәліметтерден тұратын файл. Мұндай файлдар File of typeData құрлымы арқылы сипатталады.

Типсіз файлдар типі көрсетілмеген элементтерден тұруы мүмкін. Мұндай файлдар жай File сөзі арқылы анықталады.

Компьютердегі барлық ақпарат белгілі бір тәртіппен орналасады. Ол тәртіп файлдық жүйе деп аталатын арнайы жүйенің көмегімен қамтамасыз етіледі. Файлдық жүйенің негізгі нысандары файлдар, бумалар және жарлықтар.  ФАЙЛ ФАЙЛ-байттардың әлдебір атауы бар тізбегі. Windows операциялық жүйесінде файл атының ұзындығы 255 символға дейін барады.  Файлдың атын жазу үшін мына символдарды қолдануға болмайды: \, /, :, *, , |. БУМА Бума қайсібір тәсілмен ақпаратты және файлдар мен бумаларды реттеу үшін құрылады. Буманың, файл сияқты аты және мөлшері бар.  Бумалардың түрлері: 1. Жүйелік бумалар. Windows операциялық жүйесін өзі құрып, тұтынушыға жұмыс жасауға көмектеседі. Оларды жоюға немесе басқа терезелерге орын алмастыруға болмайды. Олар суреті бар белгішелермен жабдықталады.  2. Жұмысшы бумалар. Оларды тұтынушылардың өздері құрады. Оларға Windows –те рұқсат етілген амалдардың бәрін қолдануға болады. Мұндай бумаларды екі рет шерту арқылы ашады. БУМА ҚҰРУ Жұмыс үстелінде жаңа Бума құру Жұмыс үстелінің жаңа бума орналастырмақшы болған жерінде маустың оң жақ батырмасын басу — контексті меню пайда болады. Создать => Папка командасын орындау. Жұмыс үстелінде бума белгішесі пайда болады. Буманың атын енгізіп, енгізу пернесін басу ЖАРЛЫҚТАР. Жарлық-нысанға қолжетімділікті жеңілдететін, нысанның сілтеме көрсеткіші. Жарлық программаны тез іске қосуға немесе файл мен буманы тез ашуға арналған.  Әрбір программа компьютерге орнатылған кезде оның жарлығы Жұмыс үстеліне және Бас мәзірге орналастырылады.  ЕСТЕРІҢДЕ БОЛСЫН! Егер сендер тасығышқа, мысалы, флешкаға, жарлықты көшірсеңдер, онда басқа компьютерде файлдарың ашылмай қалады.Ақпаратты тасымалдау үшін жарлықты емес, файлдың өзін көшіру керек.  БУМАЛАРДЫҢ БҰТАҚТАЛУЫ Бумалар бірінің ішіне бірі кіріп тұрады. Ақпаратты сақтаудың мұндай құрылымы бумалардың бұтақталуы деп аталады.  Файлдың атымен бірге жазылған файлға дейінгі жол файлдың толық аты деп аталады.  ЖАРЛЫҚ ҚҰРУ 1. Қажетті нысанның үстінде шақырылған контекстік мәзірде Жарлық құру бұйрығы бар. Бұл бұйрық арқылы бастапқы нысан орналасқан жерге жарлық құрылады. 2. Таңдалған нысанға жарлық құрып, он жұмыс үстеліне орналастыруға арналған бұйрық: Отправить – Рабочий стол. Жұмыс үстелінде осы нысанды ашатын жарлық пайда болады. Файл - аты бар бірқатар байттар тізбегі. Файл не бағдарлама не құжат болуы мүмкін. Windows - та бағдарламалардың басқа атауы – қолданба да қолданылады. Әр файлдың аты болады. Оның аты оң және сол бөліктен тұрады. Оң жақ бөлігі үш символдан тұрады және оның типін анықтайды. Сол жақ бөліктің ұзындығы 1 - 255 символға дейін болады. Файл типтерінің кейбір негізгі «құжат ретінде» белгіленулерінің тізімі төменде келтірілген: *. bmp Paint *. doc Word WordPad *. txt Блокнот қолданбасының құжаты *. wav Фононграф қолданбасының дыбыстық файлы. *. avi Бейне - клип *. xls Excel кестелік процессорының құжаты *. ppt PowerPoint қолданбасының тұсаукесері Бума - бұл аты аталған файлдар тобы. Windows 98 - дің бумалары каталог рөлін атқарады. Тұрмыстық деңгейде буманы кәдімгі ішіне қағаз беттерін - файлдарды салатын бумалармен салыстыруға болады. Windows 98 - дегі барлық файлдар, құжаттар мен бағдарламалар бумаларда сақталады. Бумалардың аты, файлдың аты сияқты оның мазмұнын көрсете алады. Буманың пиктограммасы болуы мүмкін. Бумаларда таңбашалар, файлдар және басқа бумалар да болуы мүмкін. Бума бос болуы да мүмкін. Бумада аты бірдей объектілері болмауы керек. Буманың ішіндегісін қарап шығу үшін, тінтуірдің батырмасын онда екі рет басу жеткілікті. Бумалар екі түрлі болады: - жүйелік бума - каталогтар; - жұмыс бумалар (Менің компьютерім, принтерлер және т. б.) Бумаларды құру оның құрылымы: Бума элементтері: тақырып, меню, терезені басқару батырмалары, айналдыру жолағы, құрал саймандар тақтасы, қалып күй жолы. Терезеде жаңа бума құру: Буманы Файл →Создать→Папка командасын құрады. Мұны орындағаннан кейін осы терезенің бумалары мен файлдарының тізімінің соңында жаңа бума белгішесі болады. Буманың атын оны құрғаннан кейін бірден енгізуге болады. Файлға ат берілмеген жағдайда оған автоматты түрде «Жаңа Файл» аты меншіктеледі. Жұмыс үстелінде жаңа бума құру: Жұмыс үстелінің жаңа буманы орналастырмақшы болған жерінде тінтуірдің оң жақ батырмасын басу - контексті меню пайда болады. Создать→Папка командасын орындау. Жұмыс үстелінде бума белгішесі пайда болады. Буманың атын енгізіп, енгізу пернесін басамыз. Таңбаша - нақты бір файлдарды көрсететін арнайы белгішелер. Олардың бума белгішесінен айырмашылығы – оның сол жақ төменгі бұрышында кішкене иілген бағдаршасы бар. Таңбашаны жойғанда, оның көрсетіп тұрған файлы жойылмайды. Таңбашалардың негізгі міндетті – объектіге әр түрлі орыннан оның көшірмесін жасамай - ақ қатынауды қамтамасыз ету. Таңбашаны қалай жасайды. Алып бару әдісі. Бірінші жолы: • Таңбашаны орындайтын объектісі бар қапшықты ашыңдар. • Тінтуірдің нұсқағышын керек объектіге апарып, онда тінтуірдің оң жақ батырмасын шерту. • Пайда болған динамикалық менюден Создать ярлык командасын таңдау. Екінші жолы: • Таңдаған белгішеде тінтуірдің оң жақ батырмасын шерту. • Пайда болған динамикалық менюден Создать ярлык командасын таңдау. Windows таңбашаны объектінің өзі орналасқан қапшықта жасайды. • Жаңа ғана жасалған таңбашаны қажетті орынға жылжыту.

Файлдармен және бумалармен тиімді жұмыс істеу

Файлдармен және бумалармен тиімді жұмыс істеу - раздел Информатика, Информатика пәні бойынша барлық Windows Амалдық Жүйесінде Көптеген Тапсырмаларды Орындау Фа...

Windows амалдық жүйесінде көптеген тапсырмаларды орындау файлдармен және бумалармен жұмыс істеуді қамтиды. Windows компьютерде файлдарды сақтау жүйесі ретінде картотека мазмұны сақталатын қағаз бумалар сияқты бумалар құрылымын пайдаланады.

Файл - бұл дискідегі не басқа ақпарат тасымалдаушыдағы аталған аумақ. Файлдарда бағдарламалар мәтіндері, құжаттар, орындалуға әзір бағдарламалар және басқа кез келген мәлімет сақталады.

Файл компьютерге бір мәліметтер жинағын екіншісінен ажырата алуға мүмкіндік беретін негізгі сақтау бірлігі болып табылады. Пайдаланушының файлға жиналған мәліметтерді шығарып алуға, оларды өзгертуге, жоюға, сақтауға, басып шығарғышқа немесе электронды пошта бағдарламасына жөнелтуге мүмкіндігі бар.

Бумалар дискідегі бағдарламалар мен құжаттарды реттестіру үшін қолданылады және файлдармен қатар, өзге бумаларды да қамти алады. Бумаларда түрлі файлдар - құжаттар, музыкалық клиптер, бейне, суреттер, бағдарламалар және т.б. сақталады.

Жаңа бумаларды жасауға, олардағы файлдарды жылжытуға, өзге бумалардан, компьютерлерден немесе Internet-тен файлдар көшіруге, буманың ішінде қосымша бума жасауға болады.

Ярлык (белгіше) - компьютердегі немесе желідегі қатынасуға болатын бағдарлама, файл, бума, диск, веб-беті, басып шығарғыш немесе өзге компьютер сияқты кез келген элементке сілтеме. Белгішелерды кез келген орынға, Жұмыс үстеліне, Іске қосу мәзіріне немесе нақты бір бумаларға орналастыруға болады.

Файл (ағылш. File) — дерек сақтаудың негізгі бірлігі болып табылады.

Файл компьютердің бір дерек жинағын екіншісінен айыруына мүмкіндік береді. Мәтін жазылған немесе суреті бар кез келген қағаз құжат сияқты, файл дерек жинағы болып табылады, ондағы деректі бөліп алуға, өзгертуге, жоюға, сақтауға я болмаса басып шығарғыш немесе электрондық пошта бағдарламасы сияқты шығару құрылғысына жіберуге болады. Файлдардың ішінде бағдарлама, бағдарламада қолданылатын деректер немесе пайдаланушы жасаған құжат болуы мүмкін.

Файл атауының кеңейтімі[өңдеу]

Файл атауының кеңейтімі (ағылш. File name extension) файл атауындағы нүктеден кейін келеді де, файлда сақтаулы деректер түрін білдіреді. Мысалы, Windowsжүйесінде файл атауларының үш әріпті кеңейтімі болады. Example.txt деген файл атауындағы кеңейтім .txt әріптері болады. Бұл кеңейтім осы файлдың мәтіндік файл екенін көрсетеді. Файлды сақтау кезінде кеңейтімді көрсету міндетті емес. Бағдарлама кеңейтімді өздігінен қосады.

Файл түрі[өңдеу]

Файл түрі (ағылш. File type) файл сипаттамасының белгісі. Файл түрі осы файлды ашу үшін пайдаланылатын бағдарламаны, мысалы, Microsoft Word бағдарламасын айқындайды. Файл түрлері файл атауының кеңейтімімен сәйкес келеді. Мысалы, .txt немесе .log деген кеңейтімі бар файлдардың түрі «мәтіндік құжат» болады да, оларды кез келген мәтін өңдегішті пайдалану арқылы ашуға болады

Windows интерфейсінің негізгі элементі — терезе. Экранда көрінетін терезелер негізгі, сұхбаттық және мәліметтік болып үш түрге бөлінеді. Негізгі терезе — Windows терезесі не қолданбалы программаның редактор терезесі. Сұхбаттық  терезе — қажетті әрекет енгізілетін және т.с.с. ішкі терезе. Мысалы, қосымша терезесінің ішінде құжат Документ деп аталатын сұхбаттық терезеде дайындалады да, арнайы команда бойынша сақтальт қойылады және басқа сұхбаттық терезеде ашылады (сұхбаттық терезедер негізгі терезенің ішінде шығарылады). Бір программада сұхбаттық терезелер бірнеше болуы мүмкін, бірақ өр ағымдық мезетте олардың біреуі ғана белсендірулі (екінші, іске қосылулы) тұрады.

Ішкі терезелердің тағы бір түрі - мәліметтік терезе. Мысалы, Word мәтіндік редакторында дайындалған құжаттың беттері мен құжатқа енгізілген сөздер саны сияқты мәліметтер арнайы мәліметтік терезеде көрсетіледі. Түрлі типті терезелер көріністерінің айырмашылықтары да бар.

Windows-тың алатън орнын үнемдеу және тауып алуды жеңілдету үшін іске қосылатын программаларды негізгі ие файлдарды ашу сияқты сұхбатық терезелер ішінде түрлі белгілемелер (белгішелер) түрінде орналастырып қоюға болады (белгіше — кішкене сурет, белгі).

Windows жүйесінің MS DOS-қа қараганда артықшылықтары:

— қолданбалы программаларды іске қосу, олармен жұмыс істеу тәсілдері ықшамды;

— программаның жұмыс істеуі кезінде оны уақытша тоқтатып, ретімен басқа бірнеше қодданбалы программаларды да іске қосуға болады (ол Windows-тың мултипрограммлық қасиеті делінеді);

—  құжат шрифтерінің көлемін және қалыңдығын әр түрлі етіп таңдап алу жеңіл;

— қосымша программаларда түрлі форматты суреттерді салу, графиктерді сызу жөне оларды бір бетке енгізу тәсілдері қиын емес;

— деректерді, мысалы, мәтін үзіндісі мен салынған суретті бір қосымшадан (программадан) екіншісіне алмастыруға болады;

—   Windows программасының жұмысы негізінен оқиғалар тізбектернен және түрлі объектілердің (нысандардьң) осы оқиғаларға жауаптарынан тұрады (объект - түрлі мәндердің қасиеттері мен әдістерінің жиынтығы, қасиетгер — объект сипаттамалары, әдістер - кластың өрістері мен қасиеттерін өңдейтін процедуралар мен функциялар, оқиға — объект жағдайының өзгеруі).

Әдетте Windows-ты пайдаланып жұмыс істейтін қолданбалы про-граммаларды қосымша деп атайды.

— Windows графикалық пайдаланушы интерфейсін пайдаланып визуальды түрде жұмыс істейді (visual — көріністік, экрандық; интерфейс — адам, құрылғы және программаның өзара әрекеттестіктерін қамтамасыз ететін құралдар меи ережелер). Оның негізі — монитор экранында көрінетін графикалық объектілерден тұратын терезелер. Жүйе өзі техникалық құрылғыны ажырата біледі де, Қос та жүмыс істей бер техиологиясын басшылыққа алып, сәйкес команда бойынша жұмыс істей береді.

Жалпы, Windows операциялық жүйесінің жұмысы берілгендер мен программаларға бірдей тәсіл пайдаланатьн объектілі-барғдарлы программалау (ОБП) принципіне негізделген. Оның негізгісі — объект ұғымы. Ұғым алгоритмдер мен алгоритмдер арқьлы өңделетін берілгендерді (мәліметгерді) біріктіреді. Windows та пайдаланатын объектілер көп: файлдық жүйе объектілері (файлдар, бумалар, қосымшалар мен құжаттар), терезелер, жұмыс үстелі жөне т.б.

Windows қосымшалары да Windows-қа негізделіп, компоненттік және объектілік тәсілдерді пайдаланып жұмыс істейді. Компоненттік тәсілдің мәнісі — әр қосымшаның кітапханасы программалау ортасында дайындалып, арнайы іс-әрекетгерді орындайтын компоненттер элементтермен жинақталады. Олар жеткіліксіз болса ғана объектіні өңдеуге арналған үстеме программа құрылады (Windows қосымшалары: Visual Basic, Delphi, Borland C++ және т.б.). Бұл программалау технологиясына жасалған нағыз революция деуге болады.

Windows 3.X, Windows 9X жүйелерінің құрамына мүмкіндіктері біршама жеткілікті мәтіндік Write (WordPad) жәие графикалық Paintbrush (Paint) редакторлары енгізілген (X -~ түрлі цифрлар үшін пайдаланылған белгі). Оларға мол мүмкіндікті MS Word for Windows (Word) мәтіндік редакторы мен ғылыми-зерттеу және шаруашылық жұмыстарда түрлі берілгендерді өндеуге арналған Microsoft Excel npoграммасын (электрондық кестесін) және т.б. программаларды енгізіп  қою да қиын емес. Оларды Microsoft Office программалары деп атайды. Программалардың көпшілігі үлкен көлемді. Мысалы, Word редакторьның алгашқы қарапайымдау нұсқалары (Word 2, Word 6) жадта кемінде 4М6, ал дискіде 16—20 Мб орын алатын.

Windows тышқан құрылғысын пайдаланып жұмыс істеуге негізделген. Оның пернетақтамен жұмыс істеу мүмкіндігі де жеткілікті, бірақ тышқан — Windows- пен жөне Windows-ты пайдаланатын қолданбалы программалармен жүмыс істеу үшін ыңғайлы құрылғы. Тышқанның арнайы курсоры бар. Оны меңзеуіш, меңзер не көрсеткіш деп те атайды. Әдетте қоданылатыны көрсеткіш пен тышқанның сол жақ түймесі. Негізінен қосымшалар көрсеткішті оньң белгіше атауының үстіне әкеліп, бір не екі шерткен кезде іске қосылады (шерту — click). Бұдан былайғы мәтіндерде арнайы айту қажет болмаса, сол жақ түймені қысқаша түрде тек түйме деп атаймыз, оң жақ түйме арнайы командалар үшін ғана пайдаланылады және оны пайдалану кезінде оң жақ түйме деп атап көрсетеміз.

Microsoft фирмасыньң 1996 жылы жарыққа шығарған Windows 95

атаулы жаңа программасын — оның алдындағы нұсқаларына көптеген өзгерістер енгізіліп, жеке операциялық жуйе ретіңде дайьндалған түрі. Мұнда пайдаланушы мен компыотер арасьндағы байланысты ұйымдастыру (негізгі интерфейс) жоғары дәрежеде орьндалған.

Жүйе құрамында төменде аталған бірнеше стаңдартты программалар бар:

— WordPad мәтіңдік редакторы. Оның құрамына жиі пайдаланылаттын командаларды орыңдауға арналған аспаптар панелі енгізілген. Жалпы, WordPad кішігірім Word 97 мәтіндік редакторьі сияқты (Word 97 күрделі программа, ол келесі тарауға енгізілген).

— Блокнот — бір ғана шрифт түрін пайдаланатып қарапайым мәтіндік редактор. Әдетте ол телеграмма, хат сияқты қысқа мәліметтерді дайындауда қолданылады.

— Paint графикалық редакторы (ол жөнінде 6.23-тақырыпта баяндалған).

— Калькулятор — әдетгегі инженерлік, арифметикалық калькулятор сияқты жұмыс істейді.

Оларға қосымша, жүйе құрамында электрондық поштамен, факспен жене желімен жұмыс істеуге арналған Интернеттің және ойын программаларының болуы да мүмкін.

Windows-тa MS DOS жүйесі мен Norton Commander (NC) қабықшасы Windows-тың қосымша программалары ретінде қарастырылған.

Windows-та құрылған программалар мен файлдар MS DOS-тағы сияқты каталогтар мен ішкі каталогтар ішіне енгізіліп қойылады. Windows-та каталог, ішкі каталогорнына бума, ішкі бума атаулары пайдаланылады.

Windows операциялық жүйесінің орындайтын көптеген іс-әрекеттері MS DOS және т.б. операциялық жүйелердің орындайтын іс-әрекеттері сияқты, яғни Windows MS DOS-қа толық үйлесімді (операциялық жүйе командаларынъң негізгілері MS DOS жүйесінің командаларымен бірдей, себебі Windows MS DOS-тың жаңарған тип бойынша дамытылған түрі). Оларға қоса, жүйенің бірнеше қолданбалы программамен (қосымшалармен) және мультимедиямен жұмыс істеуді басқару мүмкіндіктері бар. Жүйе қажет кезінде қосымшалар пайдаланатын сұхбатгық терезелерді экранға шығарады, масштабталган қаріптермен (шрифтермен) жұмыс істеуді сүйемелдейді, т.б.

Windows 95-тің ерекшеліктерінің бірі — көптеген файлдық құжат-тарды іске қоспай тұрған, олардың мазмұндарьн экранға шығарып, танысып шығуды сүйемелдейтінінде де.