Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Көмірді экстракциялау.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.48 Mб
Скачать

3.3.1 Бензол экстрактісінің көмірсутектік құрамы

Бензол экстрактісінің химиялық құрамын, яғни көмірсутекті құрамы газ-сұйықтық хроматографиялық талдау әдісі арқылы зерттелді. Бензол экстрактісінің көмірсутектік топтық құрамын келесі сызбанұсқа көмегімен сипаттауға болады (8-сурет).

8-сурет - Бензол экстрактісінің көмірсутектік топтық құрамы

Зерттеу нәтижесі бойынша бензол экстрактісінің құрамында парафиндер, изопарафиндер, ароматты көмірсутектер, нафтендер, олефиндер, оттекті көмірсутектер бар екендігі анықталды (9-сурет). Хроматограмма көрсеткіштері:

  1. қ-алкандар – н-бутан (0,003%), н-пентан (0,017%), н-гексан (69,757%), н-гептан (0,010%), н-октан (0,007%), н-нонан (0,005%), н-декан (0,475%);

  2. Изоалкандар – изобутан (0,027%), изопентан (0,007), 2-метилпентан (0,090%), 3-метилпентан (0,437 %), 2,2-диметилпентан (0,025%), 2-метилгексан (0,007%), 3-метилгексан (0,005%), 1,1,3-триметилгексан (17,365%), 2,4-диметилгептан (0,013%), 4,4-диметилгептан (0,013%), 3-метилнонан (0,022%);

  3. Алкендер – нонен-3 (0,004%), 2,3-диметилбутен-1 (0,090%);

  4. Диендер – гексадиен(1,223%);

  5. Ароматты көмірсутектер – бензол (0,007%), толуол (0,012%), о-ксилол (0,009%), кумол (0,004%), 1,3,5-триметилбензол (0,284%), 1-метил-2-н-пропилбензол (2,297%), декан-4 (0,015%), декан-10 (0,005%);

  6. Циклоалкандар – циклопентан (0,005%), 1,1-диметилциклопентан (0,015%), изопропилциклопентан (0,255%), циклооктан (0,008%), циклодекан-2 (0,202%).

9-сурет - Бензол экстрактісінің хроматограммасы

Хроматограмма нәтижесі бойынша бензол экстрактісінің көмірсутектік құрамынының басым бөлігін парафиндер (70,32 %), нафтендер (17,85%) және ароматты көмірсутектер (6,14%) құрайтындығы анықталды.

3.3.2 Толуол экстрактісінің көмірсутектік құрамы

Толуол экстрактісінің көмірсутекті құрамы 10-суреттегі сызбанұсқада жинақталған.

10-сурет - Толуол экстрактісінің көмірсутектік топтық құрамы

Зерттеуден алынған нәтиже бойынша толуол экстрактісінің құрамында парафиндер, изопарафиндер, ароматты көмірсутектер, нафтендер бар болатыны анықталды (11-сурет). Хроматогамма нәтижелері келесідей:

  1. Н-алкандар – т н-гексан (40,952%), н-октан (4,992%), н-нонан (7,114%);

  2. Изоалкандар – 2-метилпентан (1,306%), 2,2,4-триметилпентан (1,099%), 2,3,4-триметилпентан (1,250%);

  3. Алкендер – октен (1,053%);

  4. Ароматты көмірсутектер – этилбензол (11,533%), м-ксилол (10,721%);

  5. Циклоалкандар – циклогексан (7,533%), циклогептен-2 (1,143%), метилциклогексан (1,231%); 1,1-метил-этилциклопентан (1,926%); циклооктан (1,789%).

11-сурет - Толуол экстрактісінің хроматограммасы

Газ-сұйықтық хроматография нәтижесі бойынша толуол экстрактісінің көмірсутектік құрамынының басым бөлігін парафиндер (53,06%), изопарафиндер (3,66%) және ароматты көмірсутектер (33,88%) құрайтыны анықталды.

3.3.3 Пиридин экстрактісінің көмірсутектік құрамы

Пиридин экстрактісінің химиялық құрамы 12-суреттегі сызба-нұсқада келтірілген.

12-сурет - Пиридин экстрактісінің көмірсутектік топтық құрамы

Хроматографиялық зерттеу нәтижесінің көрсеткіші бойынша пиридин экстрактісінің көмірсутектік құрамында парафиндер, изопарафиндер, ароматты көмірсутектер, нафтендер, олефиндер болатыны анықталды (13-сурет). Хроматограмма көрсеткіштері келесідей:

  1. қ-алкандар – н-бутан (0,008%), н-пентан (0,046%), н-гексан (0,214%), н-гептан (0,084%), н-октан (0,009%), н-нонан (0,011%), н-декан (0,272%);

  2. Изоалкандар – изопентан (0,004%), 2-метилпентан (0,015%), 3-метилпентан (0,024%), 2-метилгексан (0,007%), 2,3-диметилпентан (0,007%), 3-метилгексан (0,010%), 2,3,3-триметилпентан (0,460%), 2,2,4-триметилгексан (2,914%), 2,4,4-триметилоктан (4,484%), 2,3,4-триметилгептан (3,310%), 2,3,4-триметилгексан (3,342%), 2,2,3-триметилгексан (0,043%), 3-метилоктан (0,024%), 2,5-диметилоктан (0,187%), 2,3-диметилоктан (0,038%), изононан (1,294%), 4-метилнонан (0,124%), изононан-8 (0,142%), изодекан-2 (0,006%);

  3. Алкендер – пентен-3 (0,012%), гексен-1 (0,007%), транс-гексен-3(0,028%), цис-гексен-3 (0,214%), гептен-2 (0,026%), гептен-9 (0,010%), гептен-10 (0,037%), гептен-14 (0,009%), октен-1 (1,085%);

  4. Ароматты көмірсутектер – бензол (0,186%), толуол (65,429%), этилбензол (0,101%), м-ксилол (0,218%), п-ксилол (0,098%), о-ксилол (0,071%), кумол (0,565%), 1-метил,3-этилбензол (0,094%), 1-метил,4-этилбензол (0,094%), 1,2,4-триметилбензол (0,115%), екіншілік бензол (0,007%), 1,2,3-триметилбензол (0,053%), декан-10 (0,010%), декан-2 (0,231%), 1-метил-3-н-пропилбензол (0,131%), 1-метил-2-н-пропилбензол (0,074%), декан-10 (0,241%);

  5. Циклоалкандар – метилциклопентан (0,024%), циклогексан (0,010%), 1-цикло,3-диметилциклопентан (0,019%), 1,1-метил-этилциклопентан (1,085%), изопропилциклопентан (0,258%), циклооктан-8 (10,928%), циклооктан-10 (2,152%), изо-бутилциклопентан (0,031%), циклодекан-3 (0,003%), циклодекан-4 (0,060%), циклодекан-6 (0,186%), циклодекан-10 (0,032%);

13-сурет - Пиридин экстрактісінің хроматограммасы

Хроматографиялық талдау нәтижесінің көрсеткіші бойынша пиридин экстрактісінің көмірсутектік шикізат құрамынының басым бөлігін:

Изопарафиндер (16,72%), яғни 2,2,4-триметилгексан (2,914%), 2,4,4-триметилоктан (4,484%), 2,3,4-триметилгептан (3,310%), 2,3,4-триметилгексан (3,342%), изононан (1,294%) құрайды.

Нафтендер (14,79%), яғни пентен-3 (0,012%), транс-гексен-3(0,028%), цис-гексен-3 (0,214%), гептен-2 (0,026%),гептен-10 (0,037%), октен-1 (1,085%) құрайды.

Ароматты көмірсутектердің (67,72%) ішінде басым бөлігін циклооктан-8 (10,928%), циклооктан-10 (2,152%) құрайды.