- •1 Ауыз қуысы микрофлорасы. Стоматолог дәрігердің дайындау мақсаты.
- •2 Ауыз қуысының биотобы мен микрофлорасының өсуі мен дамуының шарттары.
- •3.Ауыз-қуысының қалыпты микрофлорасы.
- •4 Микрофлораның физиологиялық процестерде және оральді резидентті микрофлраның ролі.
- •5 Ауыз қуысының микроорганизмі және симбиозды микробтарының ассоциациясы
- •6 Резистенті оральді микрофлораның экологиясының түраралық байланысы
- •7 Ауыздың қусының тұрақтандыру және агрессивті микрофлорасы.
- •8.Ауыздың (кілегейлі тістің, ауыздың сұйықтығының, тістің бляшкалары) және микрофлораның құрамының өзгешелігінің ауыз қуысының негізгі биотобының мінездемесі.
- •9 Тістің бляшкасы және тістің шапқыны, Гликанов биосинтезінің ролі
- •14 Грам оң және грам теріс коклтар (стафило-, стрепто-, энтеро-, пептост-рептококки, нейссерии, моракселлы, вейллонеллы).
- •15.Грам теріс факультативтік - энтеробактериялар анаэробтық және аэробиялық таяқшалары.
- •16.Грам теріс облигаттық - анаэробтық таяқшалар (бактероидтар, превотеллы, порфи-ромонады, фузобактерии).
- •17.Грам оң споротүзуші таяқшалар (жарақат инфекциясы клостридиялар, сіріеспе, ботулизм).
- •18 Дұрыс пішінді грам оң таяқшалары (лактобактериялар).
- •19 Пішіні дұрыс емес грам оң таяқшалары және жіп тәрізді бұтақталған бактериялар
- •20 Спирохеттер және спираль тәрізді бактериялар.
- •21 Патогенді саңырауқұлактар. Ашытқы және мицелиальды саңырауқұлақтар.
- •22 Ауыз қуысының қалыпты микрофлорасына антибиотикотерапияның тигізетін әсері
- •23 Ауыз куысын микозды коздырғыштары. Балалар кандидозының ағымның ерекшіліктері. Емдеу және алдын алу шаралары.
- •24 Ауыз қуысының дисбактериозы. Даму сатылары.
- •25 Ауыз қуысының дисбактериозының микробиологиялық аспектісінің терапиясы
- •36 Оральді спирохетоздың қоздырғышына сипаттама
- •37 Ауыз куысының сифилисі кезіндегі әр түрлі патологиялық өзгерістері. Диагностикасының ерекшеліктері.
- •38 Ауыз куысының лактобактериясы, кариестің дамуындағы ролі
- •39 Одонтогенді сепсиптің қоздырғышы
- •40 Стоматологиялық практикада трансплантология мәселелері
- •41 Стоматологиялық құралдарды стерилизациялау әдісі.
- •42 Дезинфекциялық және антисептикалық препараттардың сипаттамасы (бактерицидтык, туберкулоцидтык, спороцидтык, фунгицидтык және вируленттілік).
- •43 Ауыз куысының вирусты инфекцияларының коздырғыштарының түрлері.
- •46 Ондогенді вирустар (ретровирустардың маңызы және гепатит в және с, ауыз қуысының канцерогенезі).
- •17.2.7.1. Онкогенді днқ- геномды вирустар
- •17.2.7.2. Адамдардың онкогенді рнқ-геномды вирустары
- •47 Оппортунистикалық инфекцияның қоздырғышы, ауыз қуысының житс кезіндегіә көріністері.
- •48 Стоматит қоздырғышының түрлері, оппортунистикалық және инфекциялық стоматиттің өту ерекшеліктері.
- •49 Бактериялық, вирустық санырауқұлакттардың щырышты қабатарының зақымдануы.
- •50 Ауыз куысының микробты ауруларының диагностикасына арналған иммунобиологиялық препараттар, алдын алу, емі.
16.Грам теріс облигаттық - анаэробтық таяқшалар (бактероидтар, превотеллы, порфи-ромонады, фузобактерии).
Бактероидтар /Васteroides тұқымдастығы/. Спора түзбейтін грам-теріс анаэробты және микроаэрофилді таяқша тәріздес бактериялар, олар негізінде қызыл иек қалталарында тіршілік етеді. 3 туыстастыққа болінеді: меншікті бактероидтар, фузобактериялар, лептотрихиялар.
Бактероидтар /Вacteroides туыстастығы/. Қозғалғыш /перитрихтар/ немесе қозғалмайтын таяқшалар, қатаң анаэробтар. Хемоорганотрофтылар. Көмірсулардың ашыту метаболизмінің нәтижесінде майлы, сүтті, кәріптасты, пропионды, сірке, құмырсқа қышқылдары мен газ пайда болады. Пептондарды ферменттеу барысында жағымсыз иіспен сипатталатын амин қышқылдар пайда болады. Сондықтан бактероидтардың ауыз қуысында көбеюі әдетте халитозиске /қалыпсыз тыныс алу/ әкеліп соғады. Ең қолайлы өсу температурасы — 37 °С, рН - 7,0.
Гемин және менадион қажет еткендіктен В. melaninogenicus тек қаны бар агарларда жақсы өседі. Инкубация /5-14 кұн/ кезінде қара пигмент түзеді. Ферменттік белсенділігіне байланысты В. Melaninogenicus үш түршесін ажыратады:
В. Melaninogenius subsp melaninogenicus - көмірсуларды ыдырату қасиеті жоғары, ақуыздарды ыдыратпайды;
В. Теlaninogenicus subsp intermedius - көмірсуларды және ақуыздарды ыдырату қасиеттері орташа;
В. Теlaninogenicus subsp asaccharalyticus - көмірсуларды ыдыратпайды.
В. оralis қара пигмент түзбейді, көмірсуларды кәріптасты және т.б. қышқылдарға дейін белсенді тұрде ыдыратады. Өсуіне гемин қажет етпейді. Тығыз қоректік ортада 2 күннен кейін домалақ, беті тегіс, шығынқы, жартылай мөлдір, көлемі 0,5-2,0 мм колониялар түзеді. Адам денесінің қалыпты микрофлора өқілі болып табылса да, бактероидтар үлкен патогендік потенциалға ие. Бактероидтардың протеолитикалық ферменттері /коллагеназа, хондроитинсульфатаза, гиалуронидаза, липаза, нуклеаза, протеиназа ж.т.б./ пародонтта аурулардың дамуында үлкен патогенетикалық рөлді атқарады. Бактероидтардың метаболизм нәтижесінде пайда болатын майлы қышқылдары және протеаза деген ферменті секреторлық антиденелерді бұзып ауыз қуысының шырышты қабығының жергілікті иммунитетің нашарлатады. Ауыз қуысының гигиенасын сақтамаған, тістері зақымдалған адамдардан көп мөлшерде бөлінеді.
Порфиромонадалар Porphyromonas туыстастығы. Қысқа жылжымайтын өлшемі 1,0-3,0х0,5-0,8 мкм таяқшалар түзеді. Қанды орталарда қоңыр-қара пигмент түзеді 6-14 тәуліктерде. Өсу үшін гемин және К витаминіне тәуелді.
Порфиромонадалар көмірсуларға инертті, индол түзеді. Ауыз қуысында 3 түрін ажыратады: Porphyromonas asaccharolytica, Porphyromonas endodontalis, Porphyromonas gingivalis. Зақымдалу патогензі бактериоидтық инфекцияларға байланысты, сонымен қатар Porphyromonas gingivalis фибриногенді байланыстырады және бұзады, дентиннің зақымдалуына қатысатын коллагеназаны секреттейді және эритроциттерді агглютиндейді. Адамдарда порфиромонадалар гингивит, периодонтит ауруларын тудырады және бастың,мойынның жұмсақ тіндерін зақымдайды, аспирациялық пневмония тудырады.
Превотеллалар грам теріс полиморфты таяқшалар, жылжымайтын, облигатты спора түзбейтін анаэробтар, көпшілігі күңгірт пигмент түзеді.
Prevotella melaningogenica және Prevotella intermedia сонымен қатар эпителиалды жасушалардың мембраналарының бүтіндігін бұзатын және олардың өліміне әкелетің А фосполипазасын бөледі.
Превотеллалар пеницилиндер мен цефалоспориндерге өте резистентті.
Адамда бастың,мойынның жұмсақ тіндерін зақымдайды, плевропневмония, остеомелит тудырады, әйелдердің жыныс органдарын зақымдайтын инфекцияларды тудырады.
Фузобактериялар /Fusobacterium туыстастығы/. Биотоптың анаэробтық флорасының 1 %-на дейін құрайды. Қозғалмалы /перитрихтар/ және қозғалмайтын ұршық тәрізді таяқшалар. Қатаң анаэробтар. Хемоорганотрофтылар. Пептондарды, көмірсуларды ферменттеген кезде сүт, май, сірке қышқылдары көп мөлшерде түзіледі. Ең қолайлы өсу температурасы - 37 С, рН - 7,0. ДНҚ құрамында Г+Ц мөлшері 26- 34 мол %. Қызыл иек қалталарында фузобактериялар спирохеталармен бірге тіршілік етеді. Ультрамембранозды стоматит, тамырлық гранулемаларды, қызыл иектің қабынуын тудыруы мүмкін. Ғusobacterium plauti , Ғ. nucleatum түрлерінің патогенетикалық маңызы жоғары.
