Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЕМТИХАН МИКРОБИОЛОГИЯ.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
157.72 Кб
Скачать

6 Резистенті оральді микрофлораның экологиясының түраралық байланысы

Ауыз қуысы -әртүрлі микроорганизмдердің тіршілік етуіне, көбеюіне ең қолайлы биотоп, өйткені ол жерде тағамдық заттектер үнемі түсіп отырады, температуралық /37°С/, ылғалдылық және рН /әлсіз сілтілі 6,7-7,0/ жағдайы микроорганизмдердің көбеюіне өте қолайлы.

Ауыз қуысында 500-ден астам бактериялар, вирустар, саңырауқұлақтар және қарапайымдылар мекендейді. Микроорганизмдер үнемі көп мөлшерде ұрттың ішкі бетіндегі шырышты қабығында, қызыл иектерде, қызыл иек қалталарында, тілдің бетінде, сонымен қатар тістер үстінде де кездеседі. Сілекейдің құрамында микроорганизмдердің саны 108~/1 - мл дейін анықталады, ол лабораториялық жағдайда 1 мл орі ЕПС /етті-пептонды сорпасы/ қоректік ортада дақылдандыру нәтижесінде кобейген бактериялар санымен ты сәйкес келеді

Ауыз қуысының микрофлорасын аутохтонды және аллохтонды тұрлерге бөледі. Аутохтонды /қалыпты, индигенді/ микрофлора - бірінші жағынан, эволюция барысында әр тұрдегі микроорганизмдердің арасында пайда болған белгілі бір симбиоз және антагонизм қарым-қатынасы арқылы құрылады; екінші жағынан, адам организміне тұскен микроорганизмдерге макроорганизмніңқорганыштық факторлардың әсері нәтижесінде қалыптасады. Ауыз қуысының аутохтонды микрофлорасы ата негізінде комменсалдар /лат. сош-бірге, шепйа-ас, тағам/ құрайды, олар иесі арқылы қоректенеді, бірақ жаі көзге көрінетін зиян келтірмейді. Ауыз қуысында үнемі тіршілік ететін микроорганизмдердің кейбір тұрлері ағзада маңызды қызмет атқарады: Аллохтонды /кездейсок/микрофлора — аэрогенді немесе алиментарлы жолмен ауыз қуысы арқылы агзага тұскен, ауыз қуысына көршілес орналасқан биотоптардың шырышты қабығында мұрын-жұтқыншақ, асқазан-ішек жолдары және теріде тіршілік ететін комменсалдар, қоршаған ортадагы сапрофиттер, науқастардан немесе бактериятасымалдаушылардан жұққан әртұрлі патогенді микроорганизмдер.

7 Ауыздың қусының тұрақтандыру және агрессивті микрофлорасы.

8.Ауыздың (кілегейлі тістің, ауыздың сұйықтығының, тістің бляшкалары) және микрофлораның құрамының өзгешелігінің ауыз қуысының негізгі биотобының мінездемесі.

Ауыз қуысының негізгі микробтық биотоптары: - ауыз қуысының меншікті шырышты қабығы; сілекей бездерінің ағымдары; қызыл иектер сұйықтығы және қызыл иекке жақын бадамша безінің бөлігі; ауыз қуысының сұйықтығы және тістік тандақтар.

Шырышты қабықтың бетінде грамтеріс анаэробты және факультативті анаэробты бактериялар, микроаэрофилді стрептококтар мекен етеді. Тіласты орнында, ұрттың ішкі беткі қабатында, ауыз қуысының шырышты қабығының қатпарлы бөлігінде қатан анаэробты коктар (вейлонеллалар, пептострептококтар), лактобактериялар (кобінесе Ь.salivarius) және көгерткіш стрептококтар (£.mitis S hominis), ал S salivarius әдетте тіл бетінде тіршілік етеді. Жұмсақ және катты таңдайдың шырышты қабығында, таңдай белдемдерінде, бадамша бездерде әртұрлі бактериялар (стрептококктар, коринебактериялар, нейссериялар, гемофилдер, псевдомонадалар, нокардиялар) және ашытқы гәрізді кандида саңыраукұлақтары мекендейді.

Әдетте сау адамның сілекейлі бездерінің сұйықтығы стерильді болады немесе аз молшерде қатан анаэробты бактериялар байқалуы мұмкін (көбінесе вейлонеллалар). Микробтардың аздылығы фермент- тердің, лизоцимнің, секреторлы иммунды глобулиндердің бактерицидтік әсерімен байланысты болады.