Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЕМТИХАН МИКРОБИОЛОГИЯ.docx
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
157.72 Кб
Скачать

18 Дұрыс пішінді грам оң таяқшалары (лактобактериялар).

Лактобактериялар – сүт қышқылын түзу арқылы көмңрсуларды ыдырататын грам оң қимылдамайтын спора түзбейтін анаэробты лактобациллаларды біріктіретін Lactobacilaceae тұқымының бактериялары. Олар жасайтын қышқыл орта ішек биоценозының және адам организмінің басқа қалыпты микрофлорасының 85-95% -ын құрайтын бифидобактериялары дамуына ықпал етеді.

Қалыпты метаболизмнің барысында лактобактериялар сүт қышқылын түзу, лизоцим өндіру, плантарицин, лактоцин, лактолин сияқты антибиотикткрдің өндіретін қабілеті бар. Органикалық қышқыл, бактериоциндер (жоғары молекулалы антибиотиктер) өндіруінің арқасында лактобактериялардың көптеген штамдары патогенді микроорганизмдер әсеріне асқазан-ішек жолдарының төзімділігін қамтамасыз ете отырып патогенді және шартты-патогенді микроорганизмдерге қатысты антогонистік белсенділігі айқын болады. Олардың өсуін бәсеңдету және энтероциттерге жабысу есебінен E.Coli, Influenzae, Campilobacter jejuni, Salmonella Shigella, Streptococcus, staphylococcus aureus, Helicobacter pylori сияқты патогенді микроорганизмдерге қатысты антимикробты әсер байқатады.

Лактобактериялар ақуыздар майлар және күрделі көмірсулар ыдырау процесіне, өт қышқылының метаболизміне, сондай-ақ К және В тобының витаминдері синтезіне қатысады.

Лактобактериялар жасушалық иммунитетті және иммуноглобулиндердің өндірілуін белсендіреді. Лактобактериялардың иммунитетті көтермелейтін қасиетін оның иммунитетті өзгертетін әсері бар жасуша қабырғаларындағы пептигликандар мен тейхой қышқылдары болуымен байланыстырылады.

Лактобактериялардың осы штамдарының артықшылығы асқазан сөлі мен өт қышқылдарының жоғары төзімділігіне, осы асқазан қышқылында ортада 30 минут болғаннанг кейін қос микрооорганизмнің (lactobacillus rhamnosus Rosell, lactobacillus acidophilius Rosell) шамамен 80%-ы аман қалған.

Коринебактериялар көптеген басқа бактериялардың осуіне қажетті К витаминін тұзеді, ал ашытқы тәріздес Сапdida саңырауқұлақтары лактобактериялардың осуіне қажетті витаминдерді өндіреді. Лактобактериялар зат алмасу барысында сүт қышқылды түзеді, ол ортаны қышқылдайды, нәтижесінде ашытқылардың адгезиялануы және дақылдануы тежеледі, ол көптеген микроорганизмдерге қажетті витаминдердің мөлшерін азайтып олардың өсіп-көбеюін тоқтатуға әкеледі.

Ауыз стрептококтарымен түзілетін сүт қышқылы көптеген микроорганиздердің өсуін тоқтатады да лактобактериялардың көбеюіне алып келеді. Коринебактериялар тотығу-тотықсыздану потенциалын төмендетеді, ол факультативті және қатаң анаэробтардың өсуіне қолайлы орта туғызады. Қызыл иектің қалталарында, шырышты қабығының қатпарларында, крипталарында оттегі денгейі өте төмен болғандықтан ол қатаң анаэробтардың (фузобактериялар, бактериодтар, лептотрихиялар, спирохеталар) дамуына қолайлы орта туғызады. 1 мл сілекейде 100 млн дейің анаэробты микроорганизмдер байқалуы мүмкін.

Ауыз қуысының микрофлораның сандық және сапалық құрамына адам пайдаланатын тағамдардың түрлері тікелей әсер етеді: сахарозаның көптігі стрептококтар мен лактобактериялардың үлесінің шектен асуына алып келеді. Тағам өнімдерінің ыдырауы сілекейде және қызыл иектер сұйықтығында көмірсулардың, амин қышқылдарының, витаминдердің және басқа да заттектердің жиналуына алып келеді, бұл заттектерді микроорганизмдер қоректік субстрат ретінде пайдаланады. Бірақ та адам зонд арқылы тамақтанған жағдайда да микроорганизмдер ауыз қуысынан жойылмайды.