Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЕМТИХАН МИКРОБИОЛОГИЯ.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
157.72 Кб
Скачать

1 Ауыз қуысы микрофлорасы. Стоматолог дәрігердің дайындау мақсаты.

Ауыз қуысы микрофлорасы – аэробтардан, факультативті және қатаң анаэробтардан тұратын грам оң және грам теріс бактериялардың көптеген және бірнеше түрлерінен тұратын күрделі биоценоз. Адам ағзасының резистенттілігін қамту жолдарында, стоматологиялық аурулардың дамуында ауыз қуысы микробиоценозының маңызы зор. Қазіргі таңда тіс жабындысының бактериялық микрофлорасы кариес, гингивит және пародонтит кезіндегі пародонттың зақымдалуын, стоматит, актиномикоз, фузоспирохетоз кезіндегі ауыз қуысының шырышты қабықтарының зақымдалуын тудыратын біріншілік факторы болып қарастырылады.

Ауыз қуысы аэрогенді, алиментарлық, жанасу жолдарымен жұғатын көптеген инфекция қоздырғыштарының кіру қақпасы болып есептеледі (туберкулез,алапес, күл, көкжөтел, жедел респираторлық вирустқ инфекция, ұшық, вирустық гепатит ж.т.б. )

Патологиялық үрдісті немесе ауруды анықтау үшін, пациентті дұрыс тексеру, тиімды емдеуді тағайындау, ауру қайталануының алдын алу үшін тіс дәрігері ауыз қуысында кездесетін микробтамен қоздырылған зақымдалулардың этиологиясын, патогенезін, клиникалық көріністерін білуге міндетті. Сонымен қатар, микробтық зақымданулар туралы білімдер биологиялық қауіпсіздік ержелерін тиімді пайдалану үшін тіс дәрігерге өте қажет. Дезинфекциялық – стерилизациялық жәрдем көрсеткен кезде өзіне және пациентке инфекциялық ауруды жұқтыру мүмкін, нәтижесінде инфекциялардың адам арасында тууы мүмкін.

2 Ауыз қуысының биотобы мен микрофлорасының өсуі мен дамуының шарттары.

Ауыз қуысы – әртүрлі микроорганизмдердің тіршілік етуіне, көбеюіне ең қолайлы биотоп, өйткені ол жерде тағамдық заттектер үнемі түсіп отырады.

Ауыз қуысын экологиялық орта ретінде бірнеше биотоптарға бөлуге болады:

-ауыз қуысының шырышты қабаты

-сілекей безінің сілекейі бар өзектері

-тіс сұйықтығы және тіс желебогы

-ауыз сұйықтығы

-тіс дағы

Әр топтың физико- химиялық ерекшеліктері – рН ортасы, тұтқырлық,температура, органикалық қосылыстар және тағам қалдығы,ауаның перциалдық қысымы – микробеоценоздың құрамындағы тіршілік айырмашылығын қамтамасыз етеді.

Ауыз қуысының шырышты қабаты – көлемі үлкен және әр түрлі орталы биотоп. Сол себепті шырышты микрофлорасы әртүрлі аймақта ауысып отырады. Шырышты қабаттың үстіңгі бетінде грам теріс анаэробтар факультативті анаэробты флора және де микроаэрофилді стрептококтар өседі.

Сілекей безінің өзектері мен сілекей - ауыз қуысының аз зерттелген биотоптардың бірі. Зерттеулерге сүйенсек ферменттердің жоғары бактериялық белсенділігінен лизоцима, секретті иммуноглобулиндер мен басқа факторлардың спецификалық жәні бейспецификалық қорғанысынан адам организмінде өзектердегі сілекей стерилді болуы керек.

Қызылиек сұйықтығы мен қызылиек желобогының аймағында секреттелетін транссудант болып табылады Осы биотопта бактериялардың жіпше тәрізді және иілген облигатты – анаэробты түрлері кездеседі: фузобактериялар, лептотрихиялар, актиномиоциттер,спириллалар, спирохеталар.

Тіс сұйықтығы осы микроорганизмдердің концентрациясы пародонтитте пайда болатын патологиялық тіс кармандары қалыптасқанда өзгереді.

Ауыз сұйықтығы ауыз қуысының ең маңызды биотобы, ол арқылы ауыз қуысындағы микробиоценозының әр түрлі бөлімдерінің қарым – қатынасын қамтамасыз етеді және микроорганизмдер жағынан әр түрлі микрофлорасы бар сілекей безінен бөлінетін сілекей болып табылады.

Тіс дағы тіс бетінде қалыптасатын аса күрделі және компонентті биотоп. Тіс дағында ауыз қуысындағы микрофлораның барлық түрлері кездеседі. Бірақ олардың саны әр адамда әр түрлі, жастық ерекшелігіне байланысты да өзгеріп отырады. Бұл биотоптың өзіндік ерекшелігі ауыз қуысының биоценозының әр түрлі микроорганизмдердің тіршілік нәтижесінде болып табылады.

Бактериялардың алғашқы ауыз қуысына енуі баланың туылу жағдайында болады. Алғашқы микрофлора: лактобацилла, энтеробактерия, коринобактерия, стафилококтар мен микрококтар жатады. Баланың 1 ай кезеңінде ауыз қуысының аэробты және факультативті анаэробты бактериялар болады. Балаларда бұл анаэробтардың болуы тіршілік үшін қажет тіс қатарының болмауымен байланысты. Осы кезде ауыз қуысында тіршілік ететін микроорганизмдер стрептококтар, лактобактериялар нейссериялар кездеседі. Көбінесе 4- ші айда ауыздың шырышты қабатының қатпарларын біраз анаэробты вейланеллалар мен фузабактериялар кездесуі мүмкін. Тістің шыға бастауы микрооранизмдер сапасын анаэробтарды бірден өзгертеді. Бір уақытта микроорганизмдердің бөлінуі белгілі бір биотоптардың анатомиялық ерекшеліктеріне байланысты орналасуы болады. Сонымен бірге тұрақты микробиоценозға қатысты көптеген микрожүйелер пайда болады. Спирохеталар бактероидтар ауыз қуысында тек 14 жаста пайда болады. Ересек адамның ауыз қуысының микрофлорасының өзгеруі стоматологиялық аурулар немесе тіс жұлдырудан және протезбен алмастыруымен немесе ағзада жүйелік аурулардың болуымен байланысты. Сьемді протез кезінде ерекше өзгереді. Негізгі сьемді протезде шырышты қабатың қабынуы протезді стоматитке әкеліп соғады. Қабынудың протездің барлық аймағында болуы сілекей бөлінуінің бұзылысына әкеледі, сәлекейдің иондық құрамы мен ортасы өзгереді, шырышты қабат бетінің температурасы 1-2-С-қа көтеріледі.