Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
4444УМК17.11.05каз_Delphi.doc
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.42 Mб
Скачать

2.4 Сурет – Компоненттің қасиеттеріне қатынау

Объектілер инспекторы терезесінің жоғарғы бөлігінде орналасқан ашылатын тізімде компоненттің аты және типі көрсетіледі. Сол немесе басқа компонентті таңдау және сәйкесінше соның қасиеттеріне қатынас жасау Объектілер инспекторы терезесінің тізімінен таңдау арқылы да жүргізіледі. Бұл тәсіл керекті компонент басқа объектілермен толық жабылған жағдайларда ыңғайлы.

Объектілер инспекторының сол жақ бөлігінде қосымшаны жобалау кезеңінде пайдаланатын компоненттердің барлық қасиеттерінің тізімі келтіріледі. Әрбір қасиетінің оң жағында сол қасиеттің мәні беріледі. Компоненттердің бұл қасиеттерінен басқа да қасиеттері бар екенін ескерген жөн, олар қосымшаның орындалу барысында іске қосылады.

Қасиеттер дегеніміз қосымшаның орындалу барысында компоненттердің қызметтері мен көрінісін анықтайтын атрибуттар болып саналады. Әрбір компоненттің Компоненттер тақтасында келісім бойынша өзіндік мәні тағайындалған. Компонентті формаға орналастырғаннан кейін оның қасиеттерін қосымшаны жобалау кезінде немесе орындау барысында өзгертуге болады.

Жобалау үрдісінде қасиеттерді басқару деп компоненттердің қасиеттерінің мәнін Форма құрастырушысы (Сурет) терезесінде немесе Объектілер инспекторының көмегі арқылы өзгертуді айтады.

Өндіруші компоненттің қасиетін керекті мәнді жазу немесе таңдау арқылы өзгерте алады. Сол кезде сәйкесінше компонент те өзгереді, осылайша жобалау кезінде енгізілген өзгерістерді көруге болады. Мысалы, түзету енгізу үрдісінде батырманың Caption (Атауы) қасиетінің мәнін өзгертсек, оның бетіндегі жаңа атауды көруге болады.

Қасиеттің жаңа мәнін бекіту үшін <Enter> пернесін басу жеткілікті немесе басқа бір компонентіне, не қасиетіне көшу керек. Өзгерісті енгізбеу үшін <Esc> пернесін басу қажет. Егер қасиетке қате мән енгізілген болса, онда берілген мән жойылып, қате туралы ескерту хабарламасы шығады. Қасиеттке енгізілген өзгерістер форманы құрғанда компиляторда қолданылатын форманы сипаттау файлында автоматты түрде есепке алынады, ал Name қасиетін өзгерткенде форманың класын сипаттау файлына да енгізіледі.

Әрбір компоненттің қасиеттеріне келісім бойынша мән берілген, мысалы, Color (Түсі), Caption (Бастиегі), Visible (Көрінуі).

Қосымшадағы компонентке қатынау Name қасиеті арқылы орындалады: компоненттің атына формаға орналасу реті бойынша оның нөмірі қойылады. Мысалы, Button батырмасының біріншісі Button1, ал келесісі Button2 және т.с.с. Ең алдымен Name қасиетіне не жазылса Caption қасиеті сол мәнді қабылдайды.

Әдетте өндіруші келісім бойынша берілген аттарды өзіне түсінікті атаулармен ауыстырады. Осыған қатысты деректер атауларына компоненттің типі және қосымшадағы атқаратын қызметі алынады. Осылайша, терезені жабуға арналған TButton типті батырма btnClose немесе ButtonClose деп аталуы мүмкін. Әрбір өндіруші компоненттерді атауда өзіне ыңғайлы ережелерді қолданады. Берілген ОӘК-де түсінікті болу үшін келісілген аттар жиі қолданылады, мысалы Button1, Form1 және Edit1.

Компоненттің өлшемі және орналасуына байланысты қасиеттері (мысалы, Left және Top) компонентті тышқан арқылы жылжытқанда немесе өлшемін ұлғайтқанда автоматты түрде өзгереді.

Егер формада бірнеше компоненттер белгіленген болса, онда Объектілер инспекторында сол компоненттерге ортақ қасиеттердің тізімі беріледі. Осы кезде Объектілер инспекторында енгізілген өзгертулер белгіленген барлық компоненттерге әсер етеді.

Объектілер инспекторында қасиеттердің мәнін орнату үшін қандайда бір қасиетпен жұмыс істегенде автоматты түрде қосылатын қасиеттер редакторы қолданылады:

  • Қарапайым (мәтіндік) – қасиеттің мәні Delphi сандық немесе жолдық типті деректер ретінде қабылдайтын символдардан құралған қарапайым жол сияқты түзуленеді немесе енгізіледі. Caption, Left, Height және Hint сияқты қасиеттерге қолданылады.

  • Саналымдық – қасиеттің мәні ашылатын тізімнен таңдалып алынады. Тізім қасиеттің мәні жазылған аумаққа курсорды апарғанда пайда болған бағыттауышты шерткеннен кейін ашылады. Таңдамай-ақ пернетақтадан қажетті мәнді жазуға да болады, алайда бұл тәжірибеде көп қолданылмайды, себебі тек ұсынылған мәндердің біреуін ғана теру керек. Сонымен қатар мәнді енгізу қиындайды және қате шығу ықтималдығы артады. FormStyle, Visible және ModalResult қасиеттеріне қолданылады.

  • Жиындық – қасиеттің мәні ұсынылған жиын мәндерінің құрамасын береді. Объектілер инспекторында жиындық типті қасиеттің атының сол жағында «+» белгісі болады. Қасиеттің мәні оның атынан екі рет шерткенде ашылатын қосымша тізім арқылы құрылады. Бұл тізімде қасиеттің барлық қолдануға болатын мәндері беріледі, олардың әрқайсысының оң жағынан True немесе False деп көрсетуге болады. True-ді таңдасақ осы мән мәндер құрамасына енгізіледі, ал False болса – енгізілмейді. BorderIcons және Constraints қасиеттері үшін қолданылады.

  • Объект – қасиет объект болып табылады, және де оның жеке-жеке өзгертуге болатын басқа да қасиеттері (қосалқы қасиеттері) бар. Fonts, Items және Lines сияқты қасиеттерге қолданылады. Объект-қасиетінің мәндер облысында жақшаның ішінде объектінің типтері көрсетіледі, мысалы, (TFont) немесе (tStrings). Объект-қасиеті үшін атының сол жағында «+» белгісі қойылуы мүмкін, бұл жағдайда оның қосалқы қасиеттерін басқару жиындық типіндегідей ашылатын тізім арқылы іске асады. Бұл тізімнің сол жағында қосалқы қасиеттерінің аттары, ал сол жағында әдеттегідей түрлендірілетін олардың мәндері орналасқан. Мәндер облысында үш нүкте бейнеленген батырма болуы да мүмкін. Бұл берілген қасиеттің батырманы шерту арқылы шақырылатын арнайы редактордың бар болуын білдіреді. Осылайша, Font қасиеті үшін қаріптің параметрлерін орнатуға арналған Windows стандартты терезесі ашылады.

Қосымшаның орындалу барысында компоненттердің қасиеттерінің мәндерін (Объектілер инспекторы терезесінде бар) меншіктеу операторының көмегімен іске асыруға болады, мысал үшін, форманы құрудың оқиғаларын өңдеуде. Мысалы, Button1 батырмасының бастиегін келесі түрде өзгертуге болады:

Button1.Сaption:= ‘Жабу’;

Алайда бұл Объектілер инспекторын пайдалануға қарағанда көп уақыт алады, сонымен қатар мұндай орнатулар тек қосымша іске қосылғанда ғана өз күшіне енеді, ал жобалау кезінде көрінбейді, сондықтан визуалды компоненттерді басқару ісі де қиындайды. Сондықтан да көрнекілік үшін көптеген мысалдарда жеке қасиеттердің мәндері Объектілер инспекторынан таңдалып алынбай, меншіктеу операторы арқылы енгізіледі.

Орындалу уақытының қасиеті де бар екенін ескерейік, ол Объектілер инспекторында болмайды, оған тек қосымша жұмыс істеп тұрған уақытта ғана қатынаса аламыз. Мұндай қасиеттерге деректер жиынының RecordCount жазбалар саны және визуалды компоненттің суретінің беті Canvas жатады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]