Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
4444УМК17.11.05каз_Delphi.doc
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.42 Mб
Скачать

3 Дәріс. Delphi программасының интегралданған өңдеу ортасы

Қосымшаны өндіру ең алдымен қосымшаның интерфейсін құруға және оған қызметтер тағайындауға әкеп соқтырады.

Қосымшаның интерфейсін құру

Қосымшаның интерфейсі өндіруші Компоненттер тақтасынан таңдап, формаға орналастырған компоненттерден құралады, компоненттердің өздері құрылыс блоктары болып саналады. Қосымшаның интерфейсін жасаған кезде WYSIWYG (What You See Is What You Get – не көрсең соны аласың) принципі әсер етеді, өндіруші қосымшаның құрылған формасын қалай көрсе, орындалу барысында да сол форманы көреді.

Компоненттер құрылымдық бірліктер болып саналады да, визуалды (көрінетін) және визуалды емес (жүйелік) болып екіге бөлінеді.

Ескерту. Бұл тек қана орындалу кезеңіне әсер етеді. Жобалау кезеңінде қосымшаның барлық компоненттері көрінеді.

Визуалды компоненттерге батырмалар, тізімдер, ауыстырғыштар, форма және т.б. жатады. Қолданушы визуалды компоненттерді қосымшаны басқару үшін қолданғандықтан, бұл компоненттер сондай-ақ басқарушы компоненттер немесе басқару элементтері деп аталады. Осы визуалды компоненттер қосымшаның интерфейсін құрайды.

Визуалды емес компоненттерге аса маңызды емес, көмекші ретінде әсер ететін компоненттер, мысалы, Timer таймер (секундомер) немесе Table деректер жиыны жатады. Timer компоненті уақыт аралығын есептеуге, ал Table компоненті деректер қоры жазбаларының кестесін жазуға мүмкіндік береді.

Қосымшаның интерфейсін құрған кезде оның әрбір компоненті үшін келесі операциялар орындалады:

  • компоненттер тақтасынан компонентті таңдап, оны формаға орналастыру;

  • компоненттің қасиеттерін өзгерту.

Өндіруші бұл операцияларды Форма құрастырушысы терезесінде Компоненттер тақтасы мен Объектілер инспекторын пайдалану арқылы орындайды. Бұл кездегі өндірушінің іс-әрекеті графикалық редактор ортасында жасаған жұмысқа ұқсас, ал қосымшаның интерфейсін құру үрдісі әдеттегі бағдарламалауға қарағанда сурет салуға немесе құрастыруға көбірек ұқсайды. Осыған байланысты қосымшаны құру үрдісін бағдарламалау деп атамай, құрастыру деп жиірек айтады.

Тақтадан керекті компонентті таңдау тышқанды сол компоненттің үстіне қойып, мысалы, Button батырмасына шерту арқылы іске асады, соның нәтижесінде оның белгішесі батырыңқы түрге өзгереді. Егер осыдан кейін форманың бос жеріне шертсек, онда таңдап алынған компонент пайда болады да, оның белгішесі Тақтада қайтадан өз қалпына келеді. Компоненттер белгішесі компоненттердің тағайындалуын көрсетеді, егер тәжірибелік машықтану неғұрлым көп болса, соғұрлым керекті компонентті таңдау тез іске асады. Сонымен қатар керекті компонентке тышқанның көрсеткішін апарғанда оның тағайындалуы туралы азғантай ақпарат көрсетіледі.

Delphi-дің объектілері типтерінің мағынасында, соның ішінде компоненттері үшін де, Т әрпі көрсетіледі. Компоненттердің мағынасы үшін олардың аттары емес, типтері жиі қолданылады. Компоненттердің мағынасы үшін олардың типтерін емес, аттарын қолданайық, мысалы, TButton емес, жай ғана Button, Tlabel емес, Label.

Формаға компонентті қойғаннан кейін Delphi модуль файлы мен сипаттау файлына автоматты түрде өзгеріс енгізеді. Форманың кластарын (модуль файлы) сипаттағанда әрбір жаңа компонентке келесі форматтағы жол қосылады:

<Компоненттің аты>:<Компоненттің типі>.

Компоненттің аты Name қасиетінің мәнінен алынады, ал типі таңдап алынған компонентпен анықталады. Мысалы, Button батырмасы үшін бұл жол алғашқыда келесі түрде жазылады:

Button1:TButton;

Button батырмасының сипаттау файлында келесі код жазылуы мүмкін:

object Button1:TButton

Left=88

Top=120

Width=75

Height=25

Caption=’Button1’

TabOrder=0

еnd;

Формаға бірнеше бірдей компоненттерді орналастыру үшін Компоненттер тақтасынан компонентті таңдаған кезде <Shift> пернесін басып тұрып шерту қажет. Сол кезде тышқанды форманың бос орынында шертіп, оны сол жерге орнатқаннан кейін де таңдалған компоненттің Тақтадағы белгішесі батырыңқы түрде қалады. Әрбір келесі шерту формаға сол компонентті орналастыра береді. Таңдап алынған компонентті өзгерту үшін тақтадан басқа компонентті таңдау немесе Компоненттер тақтасының сол жағындағы бағыттауыштың белгісіне шерту жеткілікті.

Формаға компонентті орналастырғаннан кейін тышқанның көмегімен оның орналасу жағдайын және өлшемін өзгертуге болады. Сондай-ақ, бірнеше компоненттер үшін туралауды немесе сол немесе басқа компонентті алдыңғы немесе артқы жоспарға өткізуге болады. Бұл жағдайда өндірушінің іс-әрекеті қарапайым графикалық редактор ортасында орындалатын әрекеттерге ұқсас болады. Формада бір уақытта бірнеше компоненттерді белгілеу <Shift> пернесін басып тышқанды шерту арқылы жүзеге асады.

Келісім бойынша формадағы компоненттер тор сызықтары бойынша түзуленеді, жұмыс жүргізілетін интеграцияланған ортаның бұл параметрін Snap to grid (Тор бойынша түзету) жалаушасы арқылы орнатамыз. Кейбір жағдайларда, мысалы формаға компоненттерді тығыз орналастыру қажет болғанда бұл жалаушаны іске қоспауға тура келеді. Келісім бойынша тордың қадамы сегіз пикселге тең, ал жобалау кезінде тор форманың бетінде орналасады. Тор бойынша түзету, тордың бар болуы (Display grid жалаушасы (Торды көрсету)) және горизонталь, вертикаль бағытымен тордың қадамын анықтау Tools (Құралдар) мәзірінің біраттас командасы арқылы шақырылатын Environment Option (Ортаның параметрлері) сұхбаттық терезесіндегі Preferences (Қалаулылар) қосымшасында іске асады.

Компоненттің сыртқы пішінін Объектілер инспекторы терезесінде берілген қасиеттері арқылы анықтайды, ол үшін формадағы компонент белгіленіп, оның жан-жағы ерекшелеу маркермен жүргізілуі тиісті (сурет 2.4). Форманың өзінің қасиеттеріне қатынау да осыған ұқсас, алайда форма таңдалған кезде ол маркермен жүргізілмейді. Форманы белгілеу (таңдау) үшін компоненттері жоқ оның бос жерінен шерту жеткілікті.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]