- •Дәрістік сабақтардың конспектісі
- •1 Дәріс. Кіріспе. Курстың мақсаты. Пәнді игеру негіздері, басқа пәндермен байланысы. Программалық жабдықтаудың даму тарихы Процедуралық бағдарламалаудан объектілі-бағытталған бағдарламалауға өту
- •Мұрагерлену
- •Полиморфизм және виртуалды әдістер
- •2 Дәріс. Объектілі бағдарланған визуальді программалаудың принциптері
- •2.1 Сурет – Интеграцияланған өңдеу ортасының түрі
- •2.2 Сурет – Жөндеудің диалогтық терезесі
- •2.3 Сурет – Компоненттер тақтасы қасиеттерінің сұхбаттық терезесі
- •3 Дәріс. Delphi программасының интегралданған өңдеу ортасы
- •2.4 Сурет – Компоненттің қасиеттеріне қатынау
- •Қосымшаның жұмыс істеу қабілетін анықтау
- •2.5 Сурет – Компонентке тиісті оқиғалар тізімі
- •4 Дәріс. Delphi программасындағы жобалар Object Pascal тілі
- •Негізгі түсініктер
- •Алфавит
- •Бағдарламаның құрылымы
- •Түсініктемелер
- •Мәліметтердің типтері
- •Операторлар
- •Компилятор директивалары
- •Дәрiс 5. Қосымша программалардағы қателерді жөндеу
- •Бүтiнсанды типтер
- •Литерлiк тип
- •Логикалық типтер
- •Мәлiметтердің нақты типтерi
- •Бақылау сұрақтары
- •Дәрiс 6. Delphi тіліндегі мәліметтердің типтері
- •Саналымды типтер
- •Интервалды типтер
- •Бақылау сұрақтары
- •Дәріс 7. Компоненттер палитрасындағы парақтар. Мәтіндік ақпараттарды енгізуге және бейнелеуге арналған компоненттер Деректердің құрылымдық типтері. Массивтер. Жиын.
- •Массивтер
- •Жиындар
- •Дәріс 8. Ақпараттардың басқа түрлерін бейнелеуге арналған компоненттер Деректердің структуралық типі. Жазбалар. Файлдар. Жазбалар.
- •Файлдар
- •9 Дәріс. Тақталар және сыртқы әрлеуге арналған компоненттер. Жүйелік диалогтар
- •10 Дәріс. Қолданушының графиктік интерфейсін жобалау Қарапайым операторлар.
- •11 Дәріс. Графика және мультимедиа
- •15. Дәріс Әртүрлі ақпараттық жүйелер класына арналған Delphi мүмкіндіктері.
2.3 Сурет – Компоненттер тақтасы қасиеттерінің сұхбаттық терезесі
Ескерту:
Қосымша парақты компоненттер болмаған кезде, яғни бос болған жағдайда ғана жоюға болады.
Оң жақ тізімдегі компонентті таңдағанда Delete батырмасының аты Hide-қа өзгереді.
Компонентті жасырғанда ол қосымша парақтан жойылады, бірақ оның класы сипатталған модуль дискіде қалғандықтан компонент қайта орнатылуы мүмкін.
Алғашқы кезде Форма құрастырушысының терезесі экранның ортасында орналасады да Form1 атымен аталады. Бұл терезеде форма жобаланады, ол үшін компоненттер тақтасынан формаға қажетті элементтер орналастырылады. Сондықтан форманы құрастыру қарапайым графиктік редактор ортасындағыдай орындалады. Форма құрастырушысы оны жобалау кезінде “кадрдың артында” қалады, ал өңдеушінің ісі форманың өзімен болады, сондықтан форманы құрастырушы терезесі «Форма терезесі» немесе жай «форма» деп аталады.
Код редакторы терезесі (аты Unit1.pas) бағдарламалық жүйе іске қосылғаннан кейін Форма құрастырушысы терезесінің артында орналасады да онымен толық жабылады. Бұл терезе құрастырылып отырған қосымша модулінің мәтінін қамтиды. Алғашында онда жаңа Form1 формасының коды жазылған жалғыз Unit1.pas парағы болады.
Код редакторы (редактор) қарапайым мәтіндік редакторды бейнелейді, оның көмегімен модульдің мәтінін және қосымшаның басқа да мәтіндік файлдарын (мысалы: жоба файлы) өңдеуге болады. Өңделгелі отырған әрбір файл Редактор терезесінде жеке параққа жазылады да, оған кіруге рұқсат оның ярлығын шерту арқылы алынады.
Форма Құрастырушысы мен код Редакторы терезелерін ауыстыруды <F12> пернесінің көмегімен таңдаған ыңғайлы.
Код сілтеушісі (Проводник кода) терезесі Код редакторы терезесінің сол жағында орналасады. Мұнда форма модулінің объектілері, мысалы айнымалылар мен процедуралар бұтақ тәрізді көрсетіледі. Код сілтеушісі терезесінен қосымша объектілерін көру және үлкен модульдермен жұмыс жасағанда маңызды болып табылатын керекті объектілерге тез арада қатынас орнату өте ыңғайлы.
Келісім бойынша Код сілтеушісі терезесі көрсетілмеуі үшін Tools (құралдар) мәзірінен біраттас командамен шақырылатын параметрлерді құру ортасының (Environment Options) сұхбаттық терезесінің Explorer парағындағы Automatically Show Explorer (сілтеушіні автоматты түрде көрсету) жалаушасын алып тастау қажет. Код сілтеушісінің терезесін экранға View/Code Explorer (Көру\Код сілтеушісі) арқылы шақыруға болады.
Delphi-де Dock-терезелер технологиясын қолдайды, олар өзара бір-бірімен тышқанның көмегі арқылы біріге алады. Біріктірілетін терезелерге интеграцияланған өңдеу ортасының аспаптық (сұхбаттық емес) терезелері, сонымен қатар объектілер Инспекторы терезесі де жатады. Терезелер біріккеннен кейін бірнеше бөліктерге бөлінген бір ғана ортақ терезе пайда болады. Мұндай терезелерді экранда жылжыту және олардың өлшемдерін өзгерту өте ыңғайлы.
Екі терезені біріктіру үшін тышқан батырмасының көмегімен біреуін келесісінің үстіне қойып, жылжытылған терезенің жақтаушасының түрі өзгергеннен кейін ғана тышқан батырмасын босатамыз. Бұл терезе екінші тереземен бірге пайда болады. Терезелерді бөлу үшін ортақ бастиегінде орналасқан екі сызықтың бойымен ішкері орналасқан терезені жылжыту керек.
Объектілер инспекторы терезесі жүйені жүктегеннен кейін экрандағы негізгі терезенің сол жағында орналасады және ағымдағы Form1 формасының объектілерінің күйі мен қасиеттерін көрсетеді. Бұл терезені экранға View/Object Inspector (Қарау/Объектілер инспекторы) командасының көмегі немесе <F11> батырмасын басу арқылы шығаруға болады.
Объектілер инспекторы терезесінің екі парағы (қосымша бет) бар: Properties (Қасиеттері) және Events (Оқиғалары).
Properties парағы Форма құрастырушысы терезесіндегі ағымдық (таңдалып алынған) компонент туралы мәлімет береді және форманы жобалау кезінде компоненттердің көптеген қасиеттерін өзгертуге мүмкіндік береді.
Events парағы көрсетілген оқиға туындаған кезде компонент орындауға тиісті процедураны анықтайды. Егер қандай да бір оқиғаға арнайы жазылған процедура болса, қосымшаның орындалу барысында процедура сол оқиға туындаған кезде автоматты түрде шақырылады. Мұндай процедуралар оқиғаларды өңдеуге арналған, сондықтан да оларды өңдеуші-процедуралар немесе жай ғана өңдеушілер деп атайды. Оқиғалар сондай-ақ сәйкес өңдеушілерді көрсететін қасиеттер де болып саналады.
Әрбір компоненттің өзіндік ерекшеліктері мен жеке қасиеттерін анықтайтын қасиеттер мен жағдайлар жиынтығы бар (компоненттердің қасиеттері СӨЖ-де қарастырылады).
Беттері көрсетілген негізгі әдебиеттер:
[C.49-137]
[C.5-39]
Бақылау сұрақтары:
Delphi-дің интеграцияланған өндіру ортасының қандай негізгі терезелері бар?
Delphi-дің интеграцияланған өндіру ортасында екі жобаны қатар ашуға болады ма?
Негізгі терезеде не бар?
Негізгі терезеде қандай аспаптар панелдері болады?
Баптаудың сұхбаттық терезесін қалай шақыруға болады?
Компоненттер тақтасының қандай қосымша парақтары бар және олардың қызметтері?
Форма құрастырушысы терезесі қандай қызмет атқарады?
Код редакторы терезесі қандай қызмет атқарады?
Код сілтеушісі терезесі қандай қызмет атқарады?
Объектілер инспекторы терезесі қандай қызмет атқарады?
