- •Дәрістік сабақтардың конспектісі
- •1 Дәріс. Кіріспе. Курстың мақсаты. Пәнді игеру негіздері, басқа пәндермен байланысы. Программалық жабдықтаудың даму тарихы Процедуралық бағдарламалаудан объектілі-бағытталған бағдарламалауға өту
- •Мұрагерлену
- •Полиморфизм және виртуалды әдістер
- •2 Дәріс. Объектілі бағдарланған визуальді программалаудың принциптері
- •2.1 Сурет – Интеграцияланған өңдеу ортасының түрі
- •2.2 Сурет – Жөндеудің диалогтық терезесі
- •2.3 Сурет – Компоненттер тақтасы қасиеттерінің сұхбаттық терезесі
- •3 Дәріс. Delphi программасының интегралданған өңдеу ортасы
- •2.4 Сурет – Компоненттің қасиеттеріне қатынау
- •Қосымшаның жұмыс істеу қабілетін анықтау
- •2.5 Сурет – Компонентке тиісті оқиғалар тізімі
- •4 Дәріс. Delphi программасындағы жобалар Object Pascal тілі
- •Негізгі түсініктер
- •Алфавит
- •Бағдарламаның құрылымы
- •Түсініктемелер
- •Мәліметтердің типтері
- •Операторлар
- •Компилятор директивалары
- •Дәрiс 5. Қосымша программалардағы қателерді жөндеу
- •Бүтiнсанды типтер
- •Литерлiк тип
- •Логикалық типтер
- •Мәлiметтердің нақты типтерi
- •Бақылау сұрақтары
- •Дәрiс 6. Delphi тіліндегі мәліметтердің типтері
- •Саналымды типтер
- •Интервалды типтер
- •Бақылау сұрақтары
- •Дәріс 7. Компоненттер палитрасындағы парақтар. Мәтіндік ақпараттарды енгізуге және бейнелеуге арналған компоненттер Деректердің құрылымдық типтері. Массивтер. Жиын.
- •Массивтер
- •Жиындар
- •Дәріс 8. Ақпараттардың басқа түрлерін бейнелеуге арналған компоненттер Деректердің структуралық типі. Жазбалар. Файлдар. Жазбалар.
- •Файлдар
- •9 Дәріс. Тақталар және сыртқы әрлеуге арналған компоненттер. Жүйелік диалогтар
- •10 Дәріс. Қолданушының графиктік интерфейсін жобалау Қарапайым операторлар.
- •11 Дәріс. Графика және мультимедиа
- •15. Дәріс Әртүрлі ақпараттық жүйелер класына арналған Delphi мүмкіндіктері.
2.1 Сурет – Интеграцияланған өңдеу ортасының түрі
Негізгі меню – Delphi-дің функцияларына қатынасу үшін арналған ауқымды командалар жинағын қамтиды, олардың негізгілері осы командаларға сәйкес операцияларды үйрену кезінде қарастырылады.
Аспаптар панелі – негізгі мәзірдің астында негізгі терезенің сол жақ бөлігінде орналасады және оның негізгі мәзірде жиі қолданылатын командаларды шақыру үшін пайдаланатын 15 батырмасы бар, мысалы: File/Open (Файл/Ашу) немесе Run/Run (Орындалу/Орындау).
Негізгі мәзірдің көптеген командаларын пернелердің комбинациялары арқылы шақыруға болады, олар команданың атына сәйкес оң жағынан көрсетіледі. Мысалы: Run/Run командасын <F9> пернесі көмегімен шақыруға болады, ал View/Units (Көру/Модуль...) командасын <Ctrl>+<F12> пернелерін басумен.
Барлығы 5 аспаптар панелі бар:
Standard (Стандартты)
View (Көру)
Debug (Жөндеу)
Custom (Қолданушы)
Desktop (Жұмыс орыны)
Аспаптар панелінің көрінісін және олардағы батырмалардың құрамын өзгертуге болады. Бұл әрекеттерді негізгі мәзірдің және аспаптар панелінің облыстарына тышқанның сілтеуін апарып оң жақ батырмасын басу арқылы аспаптар панеліндегі контекстік мәзірді шақырып орындауға болады. Бұл контекстік мәзірдің көмегімен экрандағы компоненттер тақтасының (Component Palette) көрінісін де басқаруға болады.
Негізгі мәзірдегі және аспаптар панеліндегі орнату бойынша ең кең мүмкіндігі бар сұхбаттық терезе Customize (Орнату) (2.2.суретте), аспаптар панеліндегі контекстік мәзір аттас командамен шақырылады. Оның көмегімен жасыруға немесе қандайда бір аспаптар панелін суреттеуге болады, ондағы батырманың құрамын өзгертуге, тағы да батырма үшін қалқып шыққан ескертуді көрсету ережесін таңдауға болады.
2.2 Сурет – Жөндеудің диалогтық терезесі
Компоненттер тақтасы негізгі терезенің оң жақ бөлігінде негізгі мәзірдің астында тұрады және форма шығарушымен орналасқан көп компоненттерден тұрады. Компоненттер қосымша форма құрастыратын өзі құрылыс блоктары түрінде көрінеді. Барлық компоненттер топқа бөлінеді, палитра компонентінің әрқайсысын жеке жолға орналастырады, ал компоненттің өзі тиісті жұлдызшамен (пиктограммами) көрсетеді. Керекті үлесті тышқанның сол жақ батырмасын шертіп таңдалынады. Алғашқы палитра компоненттінде келесі қосымшалар болады:
Standard – Стандартты
Additional – Қосымша
Win32 – 32-разрядты Windows интерфейсі
System - Жүйелі функцияларға кіру
Data Access – BDE көмегімен деректер қорына кіру
Data Controls – Мәліметтерді басқару элементтерін құру
ADO – ActiveХ мәліметтерінің объектілерін пайдалана отырып деректер қорымен байланыс құру
Interbase – Аттас негізгі деректер қорына тікелей кіруді қамтамасыз ету
Midas – Үлестірілген деректер қоры үшін қосымшаларды өңдіру
InternetExpress – Бір уақытта Web-сервер қосымшасы және үлестірілген деректер қорының қосымша-клиенті болып табылатын аттас қосымшаларды құру
Internet – Internet торабы үшін Web-сервер қосымшаларын құру
FastNet – Internet торабына кіруге арналған протоколдармен қамтамасыз ету
Decision Cube – Көпөлшемді талдау
QReport - Есеп беруді жасау
Dialogs – Стандартты сұхбаттық терезелерді құру
Win 3.1 –Windows 3.х интерфейсі
Samples – Үлгі ретінде тұрғызу
ActiveХ – ActiveХ-компоненттері
Servers – Жалпы СОМ серверлерінің VCL сыртқы қабықшасы
Қосымша парақтарының тізімі, саны және аты Delphi-дің версиясына байланысты болуы мүмкін.
Олардың негізгілері төменде толығырақ қарастырылады:
Компоненттер тақтасын Palette Properties сұхбаттық терезесінің көмегімен өзгертуге болады. (Компоненттер тақтасының қасиеттері) (2.3 сурет). Бұл терезе Компоненнтер тақтасының контекстік мәзіріндегі Properties (Қасиеттері) командасының көмегімен немесе негізгі мәзірдің Component/Configure Palette… (Компонент/Компоненттер тақтасын жөнге келтіру) командаларын таңдау арқылы шақырылады. Терезе компоненттерді жою, қосу, орнын өзгерту және де компоненттер парақтарын қосу, жою немесе орнын өзгерту операцияларын орындауға мүмкіндік береді.
Palette Properties сұхбаттық терезесінің сол жақ тізімінде парақтардың атаулары, ал оң жағында – таңдалған парақтың компоненттерінің атаулары орналасады. Тізімнің астында орналасқан батырмалардың көмегімен келесі іс-әрекеттер орындалады:
Қосу (Add…), жою (Delete…), немесе парақтың атын өзгерту (Rename…)
Парақты немесе компонентті жоғары (Move Up), не төменгі (Move Down) позицияға ауыстыру
Компонентті жасыру (Hide)
