Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
4444УМК17.11.05каз_Delphi.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.42 Mб
Скачать

Компилятор директивалары

Бағдарламаның мәтiнi компилятор директивасы деп аталатын арнайы командалардан тұруы мүмкiн, және компиляция режимдерiн басқару үшiн қолданылады. Компилятор директивалары фигурлық жақшаға алынып, олардың басына $ символы қойылады. Компилятор директивалары арқылы, мысалы, жолдық типтердiң интерпретациясының әдістерін енгізуге, стек өлшемін немесе ресурс файлын қосуға мүмкiндiк береді. Әдетте бағдарламалаушы компиляция режимдерiн жоба параметрлерiнiң терезесi арқылы басқарады, Compiler (Компилятор) және Linker (Байланыс редакторы) беттерiнде қосылғыштарды қойып немесе алып тастау арқылы жүзеге асырады. Бұл жағдайда, қойылған параметрлер жоба параметрлері (DOF) файлында сақталады.

Беттерi көрсетiлген жалпы әдебиеттер

1. [Б.807-827]

2. [Б.51-59]

3. [Б.40-47].

Бақылау сұрақтары:

  1. Object Pascal тiлiнiң алфавитi ненi білдіреді?

  2. Object Pascal тiлiнiң сөздiгi ненi көрсетедi?

  3. Object Pascal тiлiнiң сөздерi қандай категорияларға бөлiнедi?

  4. Бағдарламаның құрылымы қандай?

  5. Бағдарламадағы кейбiр құрастырулар сипаттамасының баяндаудан қандай айырмашылығы бар?

  6. Қандай түсініктемелер нұсқауларын бiлесiз?

  7. Қандай мәлiметтер типтерiн бiлесiз?

  8. Қандай операторлар топтарын бiлесiз?

  9. Компилятор директивалары не үшiн керек және олар қалай дайындалады?

Дәрiс 5. Қосымша программалардағы қателерді жөндеу

Қарапайым типтердiң мәлiметтерiнде басқа типтердiң мәлiметтерi болмайды. Осы типтердiң айнымалылары әр кезде бiр ғана мәнді қабылдайды. Оларға келесi типтер жатады:

  • бүтінсанды;

  • литерлiк (символдық);

  • логикалық (булевтік);

  • нақты.

Нақты типтен басқа барлық типтер реттiк болып табылады, яғни осы типтердiң әрбір айнымалыларының мәндері реттелген шекті тізбекті құрайды. Көршiлес мәндерінің нөмiрлерi айырмашылығы бiрлге тең.

Реттiк типті айнымалылардың аттары мен мәндеріне келесi функцияларды қолдануға болады:

  • Low(T) – Т типтi мәлiметтердiң минималды мәнi;

  • High(T) – Т типтi мәлiметтердiң максималды мәнi;

  • Ord(X) – Х өрнегінің мәнінің реттiк нөмiрi;

  • Pred(X) – Х мәніне дейінгі дейiнгi мән;

  • Succ(X) – Х мәнінен кейiнгi мән;

Сонымен қатар, оларға келесiдей процедуралар қолданылады:

  • Dec(X) – Х айнымалысы мәнінің бiрге азаюы;

  • Inc(X) – Х айнымалысы мәнінің бiрге көбеюi.

Бағдарламалаушы реттiк типтер үшiн интервалдық және саналатын типтердi құра алады. Бұл типтердi қолданушылық немесе қолданушымен анықталған типтер деп те атайды. Оның қолданылуы бағдарламаның сыртқы келбетiн жақсартады және қатенi табуды жеңiлдетедi.

Кейбiр қарапайым типтер физикалық (фундаментальдi) және жалпы болып бөлiнедi. Физикалық типтер тiл құрылып жатқан кезде қойылады және нақты бір компьютердiң ерекшелiгiне қатысты болмайды. Жалпы типтер нақты бiр физикалық типке тиісті болады, және де олар үшін компилятор эффективтi код құратындықтан, оларды қолдану біз үшін тиімді болып табылады. Delphi типтерiнiң аты физикалық және жалпы типке бөлiнуiне қарамастан типтердiң аттарымен сәйкес келедi, олардың көбiсi бағдарламалаушыға Turbo (Borland) Pascal тiлiнен таныс. Сондықтан да бағдарламалаушы жиi қолданылатын, мысалы, real, integer, char және Boolean мәлiметтер типтерiн, типтердің мұндай бөлінуін және Delphi-дің осындай ерекшелігін бiлмей жатып қолдана бередi.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]