Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
4444УМК17.11.05каз_Delphi.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.42 Mб
Скачать

Түсініктемелер

Түсініктеме пробелге рұқсат берілген бағдарламаның кез келген жерінде жазуға болатын түсіндірмелік мәтінді бейнелейді. Түсініктеме мәтіні (* және *) немесе олардың эквиваленттері { және } символдарымен шектелген және ол тілдің кез келген символынан, соның ішінде орыс әріптерінен де құрылады. Осындай символдармен шектелген түсініктеме бірнеше жолға созылуы мүмкін. Біржолдық түсініктеме жазғанда жолдың басына қатарынан екі слэш // қойылады.

Мысал. Түсініктемелердің нұсқаулары.

(* Біржолдық түсініктеме *)

// Екінші біржолдық түсініктеме

(*Көпжолдық түсініктеменің басы

Көпжолдық түсініктеменің соңы*)

Түсініктемені компилятор қабылдамайды және ол бағдарламаның орындалуына ешқандай әсер етпейді. Түсініктемелер арқылы жөндеу барысында бағдарламаның кейбір операторларын қарастырмауға да болады, мысалы, төмендегі жағдайдағыдай:

sum:=0;

for n:=1 to 100 do begin

read (x);

// if x<0 then x:=0;

sum:=sum+x;

end;

Мәліметтердің типтері

Бағдарламадағы өңделетін мәліметтер айнымалыларға, коснтанталарға және литералдарға бөлінеді. Константалар мәндері константаларды баяндау бөлімінде анықталған және бағдарламаның орындалу үрдісінде өзгермейтін мәліметтерді бейнелейді. Айнымалылар айнымалыларды баяндау бөлімінде баяндалады, алайда константаларға қарағанда олар өздерінің мәндерін бағдарлама орындалу барысында қабылдайды, сонымен бірге оларды өзгертуге болады. Константалар мен айнымалыларға олардың аттары бойынша қатынасуға болады. Литералдың аты болмайды және бағдарлама мәтінінде тікелей мән арқылы бейнеленеді, сондықтан литералдарды жай түрде мәндер деп атайды.

Мәліметтердің әрбір элементі белгілі бір типке жатады, бұл жерде айнымалының типі оны сипаттағанда көрсетіледі, ал константалар мен литералдардың типтерін компилятор автоматты түрде көрсетілген мәні бойынша қабылдайды.

Типті бағдарламаның элементтері қабылдайтын мәндердің жиыны және де сол мәндерге орындалатын операциялардың жиынтығы анықтайды. Мысалы, 36 және 67 сандары бүтін типке жатады, оларды көбейтуге, қосуға, бөлуге және одан да басқа арифметикалық операциялар орындауға болады, ал ‘abcd’ және ‘sdfh123’ мәндері жолдық типке жатады, оларды біріктіруге (қосуға) болады, бірақ мұндай мәліметтерге бөлу және алу амалдарын орындауға болмайды.

Мәліметтердің типтерін келесі топтарға бөлуге болады:

  • Қарапайым;

  • Құрылымдық;

  • Көрсеткіштер;

  • Процедуралық;

  • Нұсқаулық.

Өз кезегінде, қарапайым және құрылымдық типтер басқа да типтерден тұрады, мысалы, бүтін немесе массивтер. Келтірілген типтерге бөлу кейбір өлшемде шартты – кей кезде көрсеткіштерді қарапайым типке, ал құрылымдық типке жататын жолдар жеке тип ретінде қарастырылады.

Типтер бір біріне тең немесе олардың бірі автоматты түрде басқасына түрлендіріледі дегенді білдіретін типтердің үйлесімділігі ұғымының маңызы өте зор. Мысалы, нақты тип пен бүтін тип үйлесімді болып саналады, өйткені бүтін сан автоматты түрде нақты типке түрленеді, бірақ керісінше емес.

Операторлар

Операторлар мәліметтермен кейбір іс-әрекеттер атқаратын тілдің аяқталымды сөйлемін білдіреді. Delphi операторларын екі топқа бөлуге болады:

  • қарапайым;

  • Құрылымды.

Мысалы, қарапайым операторларға меншіктеу операторы, ал құрылымдық операторларға – тармақталған және циклдық операторлар жатады.

Операторларды жазу ережелері. Операторлар нүктелі үтір арқылы ажыратылады. Нүктелі үтір – операторларды ажыратқыш болып саналады, және де операторлардың арасына жазылмаса қате деп есептеледі. Операторлардың арасында бірнеше нүктелі үтір қойылуы мүмкін, ол қате деп есептелмейді, өйткені олар бос оператор ретінде қабылданады.

Ескерту. Сипаттау және баяндау бөлiмiнде артық қойылған нүктелi үтiр синтаксистiк қате болып табылады.

Нүктелi үтiрдi begin сөзiнен кейiн және end сөзiне дейiн қоймауға да болады, өйткенi ол оператор емес, операторлық жақшалар болып табылады. Нүктелi үтiр шартты оператор мен таңдау операторларында then сөзiнен кейiн және else сөзiне дейiн қойылмайды. Параметрлік цикл операторында нүктелi үтiр do сөзiнен кейiн тұрса, ол синтаксистiк қате болып есептелмейдi. Бұл жағдайда цикл денесiнде тек қана бос оператор болады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]