- •1.Автомобиль жолдарының техникалық жіктелуі
- •2.Жоспар мен бойлық профиль элементтерi
- •3.Жол төсемесiн құрастырудың жалпы қағидалары
- •4.Жер төсемiнiң берiктiлігi мен тұрақтылығы. Жер төсемі деформацияларының түрлері
- •5. Жол төсемесiнiң негiзгi типтерi
- •11. Тоңды топырақтардың түрлері. Мәңгі тоң аймағындағы тоң құбылыстары
- •12. Тау баурайларының тұрақтылығы
- •13. Серпантиндер. Олардың түрлері мен негізгі элементтері
- •14. Батпақтардың типтері, олардың инженерлік жіктелуі
- •15. Батпақты жерлерде жолдардың жобалануы және батпақтардағы іздестіру жұмыстарының ерекшеліктері
2.Жоспар мен бойлық профиль элементтерi
Жолдың геометриялық өсін жергілікті жерге салу трасса деп аталады. Белгілі кедергілерге, қырларға немесе ойға тұскен кезде трассаның пландағы және ұзына бойлық қимадағы өзгерістері кеңістіктегі кескін (сызық) деп аталады. Ал белгілі бір масштабқа кішірейтілген трассаның графикалық кескінін жазықтыққа түсірсек ол трассаның планы деп аталады. - планда бұрылу бұрыштарының саны мен мәнi аз, ал қисық сызықтарының радиустерiнiң мәнi үлкен болғаны жөн.Жол өсімен вертикаль жазықтыққа салынған жазық сызбаны жолдың ұзына бойлық қимасы- деп атаймыз. Ұзына бойлық қима жолдың жекелеген аралықтарының құламаларының шамасына ұзына бойлық еңістік арқылы мінездеме беріп отырады. Сонымен қатар жолдың жүру бөлігінің жер бетінен қаншалықты биіктікте орналасқанын анықтауға қол жеткізеді. Ұзына бойлық еңістік автомобиль жолының көліктік сапасының басты мінездемелерінің біріне жатады. Егер жолдың өсі топырақты алу (кесу) барысында табиғи жер биіктігінен төмен болып жатса, онда бұндай жол бөліктері ойық - деп аталады. Ал керісінше ойпаң жерлерге топырақ үйіп, биіктеткен жол бөліктері үйінді -деп аталады. Егер үйіндінің биіктігі 1 м. аспайтын болса, онда жол нольдік белгі арқылы өтеді деп айтылады. Ескерілген шаралар барысында жолдың биіктік белгілері жер белгілерімен сәйкес келе бермейді, сол себепті үйінді немесе ойық кезіндегі жолдың жиегіндегі (бровка) сызықтың биіктігі мен жердің табиғи биіктігінің арасындағы айырмашылықты жұмыстық белгі -деп атаймыз. Еңістік мәндерінің күрт өзгеруінен пайда болатын ұзына бойлық сынық сызықтар жол қозғалысында қауіп туғызады. Сол себепті автомобиль қозғалысын қауіпсіз ету шараларының бірі вертикаль қисық сызықтар салу. Вертикаль қисық сызықтардың екі түрі бар. Олар ойыс және дөңес вертикаль қисық сызықтарҰзына бойлық қиманың графикалық кескіні жол құрылысындағы бірден бір жобалық құжат болып табылады.
3.Жол төсемесiн құрастырудың жалпы қағидалары
Бүгiнде қолданылыап жүрген автомобиль жолдарының жол төсемелерi көп қабатты жүйе болып келедi, яғни жол төсемесi бiрнеше (екi, үш, төрт немесе одан да көп) құрылымдық қабаттан тұрады. Инженерлiк практикада төмендегiдей қабаттардың аттарын жеке бөлiп атауға болады. Жамылғы – автомобиль дөңгелегiнiң әсерiн қабылдап, оны төменгi жатқан қабаттарға беретiн, сондай-ақ, атмосфералық (табиғи-климаттық) әсерлердi де қабылдайтын жол төсемесiнiң ең жоғарғы қабаты. Жамылғы берiк, тегiс, кедiр-бұдыр болуы керек. Ол, сондай-ақ, жоғарғы оң температураларда пластикалық деформацияларға, жарылуға тұрақты, қажеттi пайдалану сапасын қамтамасыз етуi тиiс. Тозуға тұрақтылық та оған қойылатын қатаң талаптардың бiрi болып табылады және ол барынша су өткiзбегенi дұрыс.Жамылғының құрамына кейде қосымша қабаттар кiредi. Мысалы, қорғаныс қабаты, тозу қабаты. Негiз – жамылғымен бiрге түскен кұштi кемiтiп, оны қосымша қабаттарға немесе жер төсемесiнiң топырағына беретiн жол төсемесiнiң берiк бөлiгi. Негiз өз алдына бiрнеше қабаттан тұруы мүмкүн. Оның бiртұтас (монолит) қабаттары иiлудегi созылуға байланыспаған қабаттары ығысуға жеткiлiктi шамада қарсыласа алу керек. Негiздiң жоғарғы қабаттарын томенгi қабаттарындағыларға қарағанда берiктiгi жоғары материалдардан жасайды. Ол материалдар, сондай-ақ барынша аязға төзiмдi (тұрақты), су өткiзбейтiн болуы керек. Қосымша қабаттарға, сондай-ақ, су және бу-изоляциялық, капиллярды үзетiн, кептелуге қарсы қабаттар да жатқызылады.
Қосымша қабаттар түрлi материалдардан – табиғи қалпындағы немесе тұтқырғыштармен бекiтiлген құм, басқа да тас материалдардан жасалынады.
6.1– сурет. Жер төсемесiнде жол төсемесiнiң орналасуы:1 – жамылғы; 2 – негiздiң үстiңгi қабаты; 3 – негiздiң астыңғы қабаты; 4 – жер төсемесiнiң топырағы.
6.2. – сурет. Жол төсемелерiнiң түрлерi:1 – майда түйiршiктi асфальт-бетон; 3 – қиыршық (шағыл) тас; 4 – құм, шлак; 5 – органикалық тұтқырғышпен өңделген топырақ; 6 – органикалық тұтқырғышпен өңделген шағыл тас; 7 – органикалық емес тұтқырғышпен өңделген топырақ.
