Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Периодонттың анатомиясы.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.68 Mб
Скачать

Ойынды жүргізу бірізділігі

Рөлдерді студенттерге, оқытушының қалауынша немесе әр бір студенттің дайындалу деңгейіне сай үлестірілнеді. Рөльдерді оқытушы өз еркі бойынша үлестірген жағдайда, әрбір студент тапсырма жазылған карточкаларды таңдайды. Ойын науқастың шағымдарын айтуымен басталады. Кейіннен емдеуші дәрігер периодонттың жедел қабынуы кезінде, алғашқы қабылдауда жүргізілетін ем кезеңдерін атап шығады. Осы кезде емдеуші дәрігер әр бір мануальді машықтардың техникалық ерекшеліктерін атап өтіп, жалпы ем тағайындауын негіздейді, келісі қабылдау күнін анықтайды. Қажетіне қарай емдеуші дәрігер, дәрігер-физиотерапевттің, дәрігер-лаборанттың, бөлім меңгерушісінің кеңестік немесе тәжірибелік көмегіне сүйенеді. Сырқаттың қарқындылығына қарай емдеуші дәрігер өінің ары қарай ем жоспарын анықтайды. Асқыну дамыған жағдайда, оны уақыттылы нақтамалап, асқынуға алып келген қателіктерін, емдеудің әр бір кезеңін атай отырып, асқынуды жою әдістерін атайды. Алғашқы кезеңдегі сияқты өзінің әріптестерінен ақыл кеңес сұрай алады. Науқасты келесі қабылдау уақыты анықталады.

Ойын периодонттың жедел қабынуын толық емдегенге дейін жалғасады. Емдеуші дәрігер жүргізілген емнің нәтижелілігін бағалап, түбір өзектерін сапалы пломбалағанын анықтау үшін науқасты рентген суретін түсіруге бағыттауы қажет. Дәрігер-рентгенолог, рентген суретін суреттейді, суреттемеге байланысты ары қарай жүргізілетін ем жоспары анықталады. Бөлім меңгерушісі, науқастың амбулаторлық сырқатнамасындағы жазуларға сүйене отырып, науқастың әрбір қабылдауынан кейін емдеуші дәрігерге ескертулер жасауға құқылы. Егер емдеуші дәрігер, бөлім меңгерушісімен келіссе, өзінің жіберілген қателіктерін түзетуі қажет. Жасалған ескертулер, сырқаттың ағымына және асқынулардың даму динамикасына байланысты дәлелденуі керек. Емдеуші дәрігер бөлім меңгерушісінің ескертулерінің негізделмеген деп есептеген жағдайда, ол өзінің жүргізілген ем шараларын дәлелдеуі керек.

Тұжырымдаушы мен оқытушы өздерінің карточкаларына белгілемелер жаза отырып, ойынды үнсіз бақылайды. Бұл белгілемелер, әрбір өзінің рөлін орындаушының жіберген қателіктері мен екскертулерін бейнелеуі қажет. Ойын аяқталғаннан кейін бірінші болып тұжырымдамашы өзінің ескертулерін атайды. Оқытушы ойынды қорытындылап, әр бір ойыншының, сондай ақ тұжырымдамашының іс әрекетін сараптап, студенттердің білімін бағалайды.

ПЕРИОДОНТТЫҢ СОЗЫЛМАЛЫ ҚАБЫНУЫНЫҢ ТҮРІНІҢ КӨРІНІСІ, НАҚТАМАСЫ

І. Тапсырмалар:

  1. Сіз білуіңіз керек:

  1. периодонттың созылмалы фиброзды қабынуының көрінісін, нақтамасын;

  2. периодонттың созылмалы гранулдене қабынуының көрінісін, нақтамасын;

  3. периодонттың созылмалы гранулематозды қабынуының көрінісін, нақтамасын;

  4. Периодонт қабынуының рентген нақтамасын;

  1. Сіз жасай білуіңіз керек:

  1. периодонттың созылмалы фиброзды қабынуын нақтамалауды;

  2. периодонттың созылмалы гранулдене қабынуын нақтамалауды;

  3. периодонттың созылмалы гранулематозды қабынуын нақтамалауды;

  4. периодонттың созылмалы жарақаттық қабынуын нақтамалауды;

  5. периодонттың созылмалы қабынуы бар науқастың рентгенограммасын оқуға.

ІІ. Аталған тақырыпты меңгеру үшін, бұрын оқыған сұрақтар:

  1. Периодонт қабынуының жүйесі

  2. Периодонт қабынуының себебі. Патогистологиясы

  3. Периодонт қабынуының созылмалы түрінің көрінісі

  4. Периодонт қабынуының созылмалы түрінің салыстырмалы нақтамасы

  5. Периодонт қабынуының созылмалы түрінің барысы

ІІІ. Алғашқы білімін тексеруге арналған сұрақтар:

  1. периодонттың созылмалы қабынуының жалпы симптоматологиясы

  2. периодонттың созылмалы қабынуының жеке түрлерінің көрінісі

  3. периодонттың созылмалы қабынуының жеке түрлерінің рентгенологиялық симптоматологиясы

  4. периодонттың созылмалы қабынуының қай түрлерінде себепші тістің айналасындағы ауыз қуысының кілегей қабығында өзгерістер пайда болады?

  5. периодонттың созылмалы қабынуын қандай сырқаттармен салыстырмалы нақтамалау жүргізу абзал?

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]