- •Isbn 9965-826-13-7 @ Абдикаримов с.Ж., Мангытаева б.Б.
- •Периодонттың анатомиясы, физиологиясы
- •1.Мақсаты
- •II. Осы тақырыпты меңгеруге арналған сұрақтар
- •III. Алғашқы білім деңгейін тексеруге арналған сұрақтар.
- •1.Периодонттың жедел қабынуы кезіндегі науқастың шағымдарын анықтаңыз.
- •Периодонттың жедел қабыну
- •Периодонттың жедел қабынуының диагностикасы (сызба нұсқа)
- •1.Тістің ауыруы
- •«Периодонттың жедел қабынуының уыттану сатысын нақтамалау» ойынының сценариі
- •«Периодонттың жедел қабынуының жалқықтану сатысын нақтамалау» ойынының сценариі
- •Ойынды жүргізу бірізділігі
- •Периодонттың созылмалы қабынуы.
- •Кестені толтыра отырып, өзіңіздің біліміңізд тексеріңіз:
- •«Периодонттың созылмалы фиброзды қабынуын нақтамалау» ойынының сценариі
- •«Периодонттың созылмалы гранулдене қабынуын нақтамалау» ойынының сценариі
- •«Периодонттың созылмалы гранулематозды қабынуын нақтамалау» ойынының сценариі
- •Периодонт қабынуын емдеу
- •11. Берілген тақырыпты толық меңгеруге арналған бұрын оқылған сұрақтар
- •111. Білім деңгейін анықтауға арналған сұрақтар
- •1V. Тақырыпты меңгергенін бақылау.
Периодонттың жедел қабынуының диагностикасы (сызба нұсқа)
1.Тістің ауыруы
болады жоқ
соңы
2.Себепсіз ауыру сезімі
бар жоқ
соңы
3.Ұстамалы ауыру сезімі
бар жоқ
соңы
4.Анамнезінде жарақат, периодонт
Бар жоқ
1.Периодонттың жедел
жарақаты (жарақатты периодонт)
соңы
Анамнезінде тісті емдеген кезде мышьяк қойыртпағы қолданылған немесе басқада күшті әсер ететін препараттар
иә жоқ
2. жедел медикаментозды
периодонттың уытты
қабынуы
соңы
6. Рентген суретінде периодонтальды саңылау
бар жоқ
соңы
7.Өтпелі қатпар қызарған және ісінген
жоқ бар
3.периодонттың жедел қабынуы 4.периодонттың жедел
уыттану сатысы қабынуы жалқықты
сатысы
соңы соңы
Периодонттың жедел қабынуы түрлерін нақтылауға арналған негізгі бағыттаушы кесте
Компоненттер және тексеру реттілігі |
Науқаспен қатынас |
Өзіндік бақылау критериі |
|
Уыттану сатысы |
Жалқықтану сатысы |
||
1 |
2 |
3 |
4 |
1.Науқасты сұрап тексеріңіз.
Шағымын анықтаңыз |
Науқаспен толық қатынас |
Ас қабылдағанда ұлғая түсетін сыздап ауыратын ауру сезімі |
Тұрақты сыздап ауыратын ауру сезімі, тісі өсіп кеткен сияқты сезім, тісіне тілімен тиіп кеткенде қатты ауырады,ауырған тіс аймағында ісіктің пайда болуы, әлсіздің, дене қызуының көтерілуі, бас ауруы. |
Науқастың ауру тарихын анықтаңыз |
Науқаспен толық қатынас |
Тісінде өздігінен пайда болған ауру сезімі 3-4 күн бұрын пайда болған. Ауру сезімі ұстама тәріздес, температуралық тітіркендіргіштерден ұлғая түскен. Содан кейін солқылдап ауыратын болды. \суықтан аздап басылған. 1-2 күн бұрын тісі тісіне тигенде немесе ас қабылдағанда ауыратын болды. Аурудың қарқындылығы ұлғая түсіп, ауру сезімі тұрақтанды. Температуралық тітіркендіргіштерге ауру сезімі жоғалды. Дәрігер стоматологқа барып қаралмаған. |
|
2.Сыртқы бет әлпетін қарап тексеріңіз |
Науқасты креслоға дұрыс отырғызу, табиғи жарықтың жақсы болуы керек |
Науқастың сыртқы бет әлпеті өзгеріссіз |
Себепші тістің аймағындағы жұмсақ тіндерінде коллатеральді ісіктің болуына байланысты бет әлпетінде ассиметрия болуы мүмкін |
Тістер қатары |
Ауыз қуысын және тістерді тексеруге арналған аспаптар |
Тіс қатарында әр түрлі дәрежедегі тіс жегі болуы мүмкін |
|
Себепші тіс |
|
Терең тісжегі қуысы жұмсарған дентинге толы, тісжегі қуысы тіс қуысымен байланыспаған |
|
Себепші тіс аймағындағы кілегей қабық |
|
Ақшыл қызыл түстес |
Өтпелі қатпар тегістелген, қызарған, ісінген |
Ауыз қуысының басқа кілегей қабың аймағы |
|
Ақшыл қызыл түстес |
|
3.Тістердің қозғалуын тексеріңіз |
Стоматологиялық айна, пинцет |
Тіс берік |
Тіс қозғылмалы, тіске пинцеттің тиуі ауру сезімін тудырады |
4.Тісжегі қуысын сүңгілеп тексеріңіз. Сүңгімен тіске дөрекі қысым түсіруге болмайды |
Стоматологиялық айна, пинцет |
Ауру сезімі болмайды |
|
5.Тісті қағып тексеріңіз |
|
Ауырады |
Қатты ауырады |
6.Сипап тексеріңіз: А.Себепші тіс аймағындағы кілегей қабықты |
|
Ауырмайды |
Ауырады, кейбір жағдайларда флюктуация болады |
Б.Шеттік лимфатүйндерді |
|
Өзгеріссіз |
Ұлғайған, ауырады |
7.Алдын ала диагноз қою |
Науқасты толық тексеру сараптамасының нәтижелері |
|
|
8.Қосымша тексеру әдісін қолданыңыз: А.Температуралық тітіркендіргіш |
|
Ауру сезімі болмайды |
|
Б.Себепші тіс ұлпасының электр қоздырғышын тексеріңіз |
ЭОД аппараты |
Ұлпаның электр қозғыштығы болмайды, тіс 100мкА де электр қозғыштығына жауап қайтармайды |
|
В. Себепші тістің рентген суретін қараңыз |
Рентгенодиагностика бөлмесі, негатоскоп |
Периодонтта өзгеріс жоқ |
Периодонт саңылауының кеңейгені байқалады. 1-2 күннен кейін сүйек тінінің борпылдақ затының айқындығы жоғала бастайды. |
Г.Науқастың дене температурасын өлшеңіз |
Термометр |
Қалыпты |
Аздап көтерілген, субфебрильді дене қызуы- 38 |
9.Салыстырмалы диагностика жүргізіңіз |
4 кестені қараңыз |
|
|
10.Қорытынды диагноз қойыңыз |
|
|
|
Периодонттың жедел қабынуы түрлерінің салыстырмалы диагностикасы.
Диагноз |
Периодонттың жедел қабынуы |
Периодонттың созылмалы қабынуының өршуі |
Жедел одонтогенді остеомиелит |
Гаймор қуысының жедел қабынуы |
Ұлпаның жедел қабынуы |
|||||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
|||||
Шағымы |
Өздігінен пайда болған тұрақты, біртіндеп ұлғая түсетін ауру сезімі, тісі тісінен ұлғайып кеткен сияқты, тістегенде тісі ауырады. |
Клиникалық көрінісі периодонттың жедел қабынуы сияқты, бірақ тісі тісіне тиіп кеткенде қасында тұрған тістерде ауру сезімі пайда болады. |
Үстіңгі жақ денесіндегі аймақта және бірнеше тістер қатарында, көбінесе үстіңгі жақ азу тістерде тұрақты орта қарқынды деңгейдегі ауру сезімі,ауру сезімі бар жақтағы мүрынының бітелуі. |
Өздігінен пайда болған ұстама тәрізді, температуралық және механикалықтітіркендіргіштерден ұлғая түсетін ауру сезімі. |
||||||
Қарап тексеру |
Ауыру жағында коллатеральді домбығу, ісіну, қызару, өтпелі қатпарда сипап тексергенде ауру сезімі бар, тіс аздап қозғалмалы, тісжегі қуысы бар.
|
Периодонттың жедел қабыну кезінде сияқты, бірақ: қабыну үрдісі себепші тістің қасында тұрған тістер аймағының өтпелі қабатын қамтиды. |
Периодонттың жедел қабыну кезінде сияқты, бірақ: ауырған жағында кейде тісінде тісжегі қуысы болмауы мүмкін. |
Домбығу болмайды,өтпелі қатпар өзгермеген,тісі берік, тісжегі қуысы тіс қуысымен байланыспаған. |
||||||
Тіс қуысымен байланыспаған |
Тіс қуысымен байланысқан |
|||||||||
Тісжегі қуысын шұқып тексеру
|
Тісжегі қуысын абайлап шұқып тексергенде ауырмайды, ал дөрекі шұқып тексергенде ауырады. |
ауырмайды |
Егер гаймор қойнауы маңайында тістерде тісжегі қуысы балатын болса оның нәтижесі жарақаттанудың тереңдігіне байланысты болады |
Тісжегі қуысы табанында қатты ауру сезімі болады. |
||||||
Қағып тексеру |
Жарақаттанған тісте қатты ауру сезімі болады. |
Себепші және қасында тұрған тістерде ауру сезімі болады |
Қағып тексергенде аздап ауруы мүмкін(жоғарға жақ гаймор қойнауы маңайында болса) |
Аздап ауруы мүмкін |
||||||
Аймақтық лимфатүйіндердің жағдайы |
Ұлғайған, сипап тексергенде ауырады |
Аздап ұлғаюы мүмкін |
Өзгеріссіз |
|||||||
Температуралық тітіркендіргіштерге реакциясы |
Болмайды
|
Қатты ауру сезімі пайда болады |
||||||||
Рентгенография мәліметтері |
Периодонтта өзгеріс жоқ немесе борпылдақ заттардың суретінің айқындылығының төмендеуі |
Рентген суретте периодонттың созылмалы түрлеріне ұқсас өзгерістер болуы мүмкін |
борпылдақ заттардың суретінің айқындылығының төмендеуі немесе периодонттың созылмалы түрлеріне сәйкес өзгерітер болуы |
Өзгеріс жоқ |
||||||
Риногенді кезінде |
|
|||||||||
ЭОД мәліметтері |
100 мкА жоғары |
Себепші тісте 100 мкА жоғары, ал көрші тістерде 20-30 мкА |
Өзгеріссіз |
20-80мкА |
||||||
Жалпы жағдайы |
Әлсіздік,басының ауруы, ұйқысының бұзылуы, асқа тәбетінің болмауы, субфебрильді дене қызуының көтерілуі |
Қалтырауы,әлсіздік,басының ауруы, ұйқысының бұзылуы, асқа тәбетінің болмауы, субфебрильді дене қызуының көтерілуі |
Ұйқысының бұзылуы, асқа тәбетінің болмауы |
|||||||
38-39 |
37-38 |
|||||||||
Аймақтық қан көрсеткіштері |
Аздаған лейкоцитоз,ЭОЖ жоғарлауы |
Айқындалған лейкоцитоз,лейкоцитарлық формуланың солға қарай жылжуы, ЭОЖ жоғарлауы |
Өзгеріс жоқ. |
|||||||
Периодонт қабынуының клиникалық сипаттамасы.
Периодонттың жедел қабынуы.
Қабынудың бұл түрі жедел дамиды және клиникалық белгілері тез ауысып отырады. Осыған байланысты қабыну үрдісінің дамуын екі кезеңге бөлу (уыттану және жалқықтану) негізді деп келісуге болады.
Периодонттың жедел қабынуы, уыттану кезеңі (бірінші кезеңі). Уыттану кезеңі қабыну үрдісінің алғашқы кезінде байқалады және сырқат тістің өз бетімен сыздап ұзақ ауыруымен сипатталады. Сырқат тіспен ас шайнағанда, қарсы тісі тигенде ауыру сезімі күшейе түседі. Бастапқы кезде тісі сырқат адам мазаландырған тісін анық көрсете алады. Температуралық тітіркендіргіштер ауыру сезімін күшейте немесе бәсеңдете әсер ете алмайды. Қарап тексергенде сырқат тісте тісжегі қуысы анықталады және ол сауыт қуысымен байланысқан. Сүңгілеп байқағанда ауыру сезімі жоқ, тік қағып байқағанда ауыру сезімі бар. Тіс төңірегіндегі жұмсақ тіндер ешқандай өзгеріске ұшырамаған. Кейде тіс қуысы жабық болуы мүмкін және тістің ЭҚ. 100 мка жоғары болады. Дәріден дамыған периодонттың жедел қабынуы кезінде сырқат тісте уақытша немесе тұрақты пломбы тұруы мүмкін.
Патологиялық анатомиясы. Микроскопиялық зерттеу кезінде периодонт тінінде қан тамырларының кеңейіп, қанға толғаны (воспалительная гиперемия) байқалады. Тамырлар төңірегіндегі тінде сарысулы жалқықтың сіңуіне байланысты домбығу байқалады (воспалительный отек). Сонымен қатар бірлі-жарымды полинуклеарлармен бірге лимфоциттерден және гистоциттерден тұратын тамырларға жақын орналасқан клеткалар шоғыры (клеточные инфильтраты) анықталады.
Қабыну үрдісінің толастамай, одан әрі күшеюіне байланысты клеткалық метаболизм бұзылып, сүт қышқыл жиналуы әсерінен тіндерде ацидоз дамиды. Мұның өзі қан тамырларының өткізгіштігін жоғарылатып, жалқықтануды күшейтеді және лейкоциттердің сыртқа шығуына жағдай туғызады.
Жалқықтану сатысы – периодонтта жалқықтану үрдісінің күшейіп, периодонт саңылауында қысымның артуына байланысты тұрақты, солқылдатып, ауыртатын сезім пайда болады. Ауру сезімі бір деңгейде турады немесе біртіндеп күшейіп көрші тістерге беріледі. Тіспен ас шайнағанда, қарсы жақ тіс немесе тілі тиіп кеткенде қатты ауырады. Кейде тісі сырқат адам оны өсіп кеткендей сезінеді және қозғалмалы бола бастағанын байқайды. Қарап тексергенде сырқат тісте тісжегі қуысы анықталады, еппен сүңгілеп байқағанда ауру сезімі болмайды, тісжегі қуысы сауыт қуысымен байланыспаған. Температуралық тітіркендіргіштер ауыру деңгейіне ешқандай әсер етпейді. Қағып тексергенде сырқат тіс қатты ауырады (барлық бағытта), аздап қозғалмалылығы бар. Тіс төңірегіндегі қызыл иектің кейде қызарып домбыққаны байқалады, түбір ұшы аймағында ауыспалы қатпар тегістелген,сипап тексергенде ауырады.
Кейбір жағдайларда жақ сүйегін қошаған жұмсақ тіндерде коллатералды домбығу байқалады, ауыспалы қатпар тығыздалып (инфильтрат пайда болуы нәтижесінде) тегістелгені анықталады. Осыған орай дер кезінде дәрігерлік көмек көрсетілмесе, тіс аймағындағы периостың жедел қабыну белгілері дамиды. Бұл кезде организмнің реактивтілігіне байланысты дене қызуы көтеріліп, тісі сырқат адамның басы ауырып, жалпы жағадайы нашарлайды. Кейде қанда да өзгерістер орын алуы мүмкін (лейкоцитоз – 15-20*10 9 г/л ЭШЖ-жоғарылайды). Сырқат тіс жағындағы төменгі жақ асты, кейде иекасты лимфатүйіндері ұлғайып, ауыратын болады.
Жоғарғы кіші және үлкен азу тістер периодонтындағы жалқық Гаймор қуысына ауысып, онда қабыну тудыруы мүмкін.
Периодонттың жедел қабынуы 2-3 тәуліктен екі аптаға дейін созылады және диагнозын нақтылау аса қиындық тудырмайды. Периодонттың жедел қабынуының улану сатысын пародонттың жедел иектеле қабынуынан, қызыл иек бүртігінің жедел қабынуынан (папиллит) ажырата білу керек. Ал жалқықтану сатысын ұлпаның жедел іріңді қабынуынан, периодонттың созылмалы қабынуының өршуінен, пародонтталдық абсцесстен ажырату керек. Ал жалқықтану сатысын ұлпаның жедел іріңді қабуынан, периодонттың созылмалы қабуының өршуінен, пародонталдық абсцесстен ажырату керек. Бұл аурулардың сараптамалық диагнозын студенттер өз беттерімен құру керек. Пародонтталдық абсцесс туралы мәлімет беруге болады. Бұл кезде абсцесс дами бастаған қызыл иек қатты сыздап немесе солқылдап ауырады (кейде тісі ауырғандай болады), тіс аздап қозғалмалы болады. Қарап тексергенде тіс сауыты көбіне бұзылмаған (кейде тісжегі қуысы болуы мүмкін), көлденең қағып тексергенде ауыру сезімі бар, температуралық тітіркендіргіштерге жауап береді, төңірегінде әр түрлі тереңдікте пародонталдық қалта болады. Қызыл иегі қатты қызарып, томпиып ісінген, сипап тексергенде қатты ауырады, консистенциясы қатты немесе орталық аймағында аздап былқылдайды (флюктуациялану белгісі). Кейде пародонталдық қалтадан іріңді жалқық шығады. Рентгендік суретте абсцесс аймағындағы альвеола өсіндісінде пародонттың қабынуына тән өзгерістер анықталады. Ал периодонттың жедел қабынуы кезінде рентген суретте 1-2 тәулекттен кейін-ақ өзгерістер байқалады және олар тісті қоршаған кемік сүйектің суретінің анықтығының жойылуымен сипатталады (сүйек мойындағы инфильтраттану үрдісіне байланысты).
Патологиялық анатомиясы. Периодонт қабынуының жалқықтану сатысы кезінде қабыну ошағындағы тіндерде лейкоцитарлы инфильтраттану үдей береді. Микроскопиялық зерттеу кезінде қабыну белгілерімен қатар тінде полиморфты-ядролы лейкоциттермен жаппай инфильтраттану байқалады. Лейкоциттердің қан тамырларынан көптеп периодонт тініне ауысуы оның ыдырауға ұшырап, іріңді ошақтың (бір немесе бірнешеу) пайда болуына әкеп соғады. Іріңді ошаққа (іріңдікке) жақын жатқан периодонт, сүйек және қызыл иек аймақтарында реактивті қабыну үрдісі (қызару және домбығу) анықталады. Сүйек қабы қалыңдаған, кейде іріңді жалқықпен сылынып кеткен, сүйек мойында қанға толу және ошақты іріңдеу үрдістері орын алған (сурет).
Сонымен қатар қабыну ошағының төңірегіндегі альвеола сүйегінің сорылуға ұшыраған аймақтарында клеткалы-талшықты құрылымдардың пайда болғаны байқалады. Қабыну ошағынан алыстау орналасқан сүйек тінінде клеткалы элементтердің көбеюі орын алған. Жедел қабыну ошағында қышқыл мукополисахаридтің мөлшері көбейеді, керісінше бейтарап мукополисахаридтің мөлшері өзгеріске ұшырамайды. Ал қалыпты және қабыну инфильтратындағы клеткалардағы рибонуклеопротеиндердің мөлшері бастапқы кезде жоғарылап барып, кейінірек төмендейді.
Периодонттың жедел қабынуының жалқықтану сатысы кезінде дәрігерлік жәрдем дер кезінде көрсетілмесе, жиналған жалқық шығуға жол іздей бастайды. Ең тиімді жолы түбір өзегі арқылы өтіп, жалқықтың сауыт қуысына жиналуы (түбір ұшы тесігі кең болған жағдайда), периодонт саңылауы арқылы өтіп, қызыл иек сайымен сыртқа бөлінуі, тіс ұясының түбір ұшы аймағындағы қатты сүйек қабатын бұзып, кемік сүйек арқылы өтіп, сүйек қабығы астына жиналуы немесе жұмсақ тіндерге өтіп, басқа қабыну үрдісін туындатуы мүмкін.
