Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Периодонттың анатомиясы.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.68 Mб
Скачать

1.Периодонттың жедел қабынуы кезіндегі науқастың шағымдарын анықтаңыз.

Уыттану сатысы

Жалқықтану сатысы

А. Ұзақ уақыт толассыз сыздап ауыратын, ас қабылдағанда ұлғая түсетін ауру сезімі.

Б. Ыңғайсыздық, ауырлақ сезімі, тырсылдап кеңейуі немесе тісі тісіне тиіп кеткенде аздап ауырады, жылан көз және тісжегі қуысы бар.

В. Өздігінен пайда болған тұрақты, өрши түсетін, тісі тісіне тиіп кеткенде ұлғая түсетін ауру сезімі. Тісі өсіп кеткен сияқты симптом пайда болған. Жақ маңындағы жұмсақ тіндердің ісінуі. Кейде дене қызуының көтерілуі, асқа тәбетінің болмауы.

Г. Өздігінен пайда болған тұрақты, өрши түсетін, тісі тісіне тиіп кеткенде ұлғая түсетін ауру сезімі.

Жақ маңындаға жұмсақ тіндердің ісінуі. Кейде дене қызуының көтерілуі, асқа тәбетінің болмауы, кейде жылан көз пайда болады. Осыған ұқсас симптомдар бұрын болған.

Д.Шағымы болмауы мүмкін, кейде тісжегі қуысына тамақ қалдықтары тұрып қалады.

2.Периодонттың жедел қабынуының клиникасын анықтаңыз.

Уыттыну сатысы

А. Тісжегі қуысы сауыт қуысымен байланысқын, қағып тексергенде қатты ауырады,қызарған, өтпелі қатпарды және лимфа түйіндерін сипап тексергенде ауырады. Кейде бетінде ассиметрия және жылан көз болуы мүмкін. Рентген суретте сүйек тіндерінің от жалыны тәрізді резорбциялануы байқалады.

Б. Сауыт қуысымен байланыспаған терең тісжегі қуысы бар. Қағып тексергенде ауырады, сүңгілеп тексергенде ауырмайды. Түбір ұшы кілегей қабат өзгермеген. Температуралық тітіркендіргіштерге ауру сезімі жоқ. ТЭҚ 100мкА жоғары.

В. Сауыт қуысымен байланыспаған терең тісжегі қуысы бар. Түбір ұшы кілегей қабат қабат қызарған, ісінген, сипап тексергенде ауырады. Лимфаденит. Қағып, сүңгілеп тексергенде қатты ауырады. Ыстық, суыққа ауру сезімі жоқ. Ассиметрия болуы мүмкін.

Г. Тісі бұрын ұлпа қабынуы бойынша емделген. Тісінде тұрақты пломба бар. Түсі өзгермеген.Қағып тексергенде ауырмайды. Кілегей қабат өзгеріссіз.Рентген суретте өзек толық пломбыланған, түбір ұшында периодонтальді саңылау сүйек тінінің резорбциясыз бірқалыпты кеңейуі байқалады. Гиперцементоз.

Д. Тісжегі қуысы сауыт қуысымен байланысқан.Қағып, сүңгілеп тексергенде ауырмайды. Ыстық, суыққа ауру сезімі жоқ. ТЭҚ 100мкА жоғары. Тістің түсі өзгерген. Рентген суретте түбір ұшында шекарасы айқын тегіс сүйек тінінің резорбциясы байқалады.

Жалқықтану сатысы

СТУДЕНТТІҢ «ПЕРИОДОНТТЫҢ ЖЕДЕЛ ҚАБЫНУЫНЫҢ КЛИНИКАСЫ, ДИАГНОСТИКАСЫ» ТАҚЫРЫБЫ БОЙЫНША ІСКЕРЛІК ОЙЫНҒА ҚАТЫСУЫНА, ӨЗДІГІНЕН ДАЙЫНДАЛУҒА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАМА.

«Периодонттың жедел қабынуы» тақырыбы бойынша ойлау құрылымы.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]