
- •Isbn 9965-826-13-7 @ Абдикаримов с.Ж., Мангытаева б.Б.
- •Периодонттың анатомиясы, физиологиясы
- •1.Мақсаты
- •II. Осы тақырыпты меңгеруге арналған сұрақтар
- •III. Алғашқы білім деңгейін тексеруге арналған сұрақтар.
- •1.Периодонттың жедел қабынуы кезіндегі науқастың шағымдарын анықтаңыз.
- •Периодонттың жедел қабыну
- •Периодонттың жедел қабынуының диагностикасы (сызба нұсқа)
- •1.Тістің ауыруы
- •«Периодонттың жедел қабынуының уыттану сатысын нақтамалау» ойынының сценариі
- •«Периодонттың жедел қабынуының жалқықтану сатысын нақтамалау» ойынының сценариі
- •Ойынды жүргізу бірізділігі
- •Периодонттың созылмалы қабынуы.
- •Кестені толтыра отырып, өзіңіздің біліміңізд тексеріңіз:
- •«Периодонттың созылмалы фиброзды қабынуын нақтамалау» ойынының сценариі
- •«Периодонттың созылмалы гранулдене қабынуын нақтамалау» ойынының сценариі
- •«Периодонттың созылмалы гранулематозды қабынуын нақтамалау» ойынының сценариі
- •Периодонт қабынуын емдеу
- •11. Берілген тақырыпты толық меңгеруге арналған бұрын оқылған сұрақтар
- •111. Білім деңгейін анықтауға арналған сұрақтар
- •1V. Тақырыпты меңгергенін бақылау.
1V. Тақырыпты меңгергенін бақылау.
Дәрілік препараттарды сәйкестік топтарына қарай бөліңіз
Периодонттағы қабыну үрдісіне әсер ететін дәрілік препараттардың түрлері |
Түбір өзектерін кеңейтуге арналған заттар |
Қан тоқтатуға арналған сұйықтықтар |
Түбір өзектерін антисептикалық өңдеуге және жууға арналған заттар |
Антисептикалық таңбалар(уақытша түбірөзегін пломбылауға арналған материалдар) |
Канал-Э |
|
|
|
|
Натрий гипохлориді |
|
|
|
|
Фурацилин |
|
|
|
|
Декамин |
|
|
|
|
Протеолитикалық ферменттер |
|
|
|
|
Гриназоль |
|
|
|
|
Декаметоксин |
|
|
|
|
Паркан |
|
|
|
|
Канал С |
|
|
|
|
Фуразолидон |
|
|
|
|
Биосепт |
|
|
|
|
Крезофен |
|
|
|
|
RC-prep |
|
|
|
|
Зерифан хлориді |
|
|
|
|
Хлорокс |
|
|
|
|
Гемофобин |
|
|
|
|
Зонайт |
|
|
|
|
Фурагин |
|
|
|
|
Рокль 8 |
|
|
|
|
Абсцесс-ремиди |
|
|
|
|
Largal ultra |
|
|
|
|
Периодонттың созылмалы қабынуын емдеудің әр кезеңінде жасалатын емдік шараларды атаңыз.
Бірінші кезеңде
|
1.тісжегі қуысын егеп тазалау, тіс қуысын ашу, ұлпаны ампутациялау, экстирпация, импрегнациялау, байлам. 2. тісжегі қуысын егеп тазалау, біріншілік эндодонттық жол жасау, өзектерді аспаптық және антисептиктермен өңдеу, өзектерді уақытша пломбалау, 2-3 күнге уақытша байлам. 3. тісжегі қуысын егеп тазалау, біріншілік эндодонттық жол жасау, өзектерді аспаптық және антисептиктермен өңдеу. Тіс ашық қалдаралды. Ауыз ішілік булау ақыл кеңесі берілді. 4.байламды алу,өзекті антисептиктермен өңдеу және түбір ұшына дейін (рентгендік бақылау) пломбылау,тісжегі қуысын пломбалау және пломбаны өңдеу. 5.өзектерді қайталап аспаптармен және антисептиктермен өңдеу, резорцин формалин қоспасын өзекте білікпен қалдыру, 2-3 күнге уақытша пломба. 6.Периодонттың созылмалы қабынуының динамикасы оң болған жағдайда екі кезеңде емделеді. |
Екінші кезеңде аурудың динамикасы оң болған жағдайда
|
|
Үшінші кезеңде аурудың динамикасы оң болған жағдайда |
Мәселелік есепті шешіңіз.
1.Науқас үстіңгі сол жақ тістер аймағында өздігінен пайда болған сыздап ауыратын ауру сезіміне, әлсіздікке, асқа тәбетінің болмауына, ұйқысының бұзылғанына шағымданады.Объективті қарап тексергенде сол жақ бет әлпетінің ортасында аздаған коллатеральді ісіну бар екені анықталды. Үстіңгі бірінші кіші азу тісте сауыт қуысымен байланысқан терең тіс жегі қуысы бар. Себепші тістің аймағындағы өтпелі қатпар ісінген, қызарған, сипап тексергенде ауырады. Қандай ару жайында айтылған. Толық диагноз қою үшін клиникалық суреттемесін толықтырыңыз. Диагноз қойыңыз. Салыстырмалы дианостика жүргізіңіз. Емдеу жоспарын құрыңыз. Әр емдеу кезеңінің мазмұнын атаңыз.
2.1.6 тісінде тісжегі қуысы бар екеніне шщағымданады. Тіс ауырып мазаламаған. Бұрын емделген, бірақ емді аяғына дейін толық жүргізбеген. 1.6 тісаймағындағы өтпелі қатпарда аздаған ісіну байқалады.Кілегей қабық өзгермеген. Сипап тексергенде ауырмайды, аздаған тығыздық байқалады. 1.5 тістің дистальді бетінде жұмсарған дентинге толы тісжегі қуысы бар.Сауыт қуысы ашылған, ұлпа ыдырау жағдайында.Қағып тексергенде ауырмайды. Тіс температуралық тітіркендіргіштерге жауап қайтармайды.Тіс ұлпасының электр қоздырғышы жоқ. Ренген суретте көлемі 0,3-0,5мм шекарасы тегіс сүйек тінінің сорылу ошағы анықталды.Диагноз қойыңыз, басқа аурулармен салыстырмалы диагностика жүргізіңіз. Әр емдеу кезеңінің мазмұнын атаңыз.
3.Науқасты клиникалық тексеру кезінде 2.1тісінде периодонттың созылмалы қабынуы бар екені анықталды. Осы тісті толық емдеп бітіру қүшін қанша кезең керек екенін атаңыз.Осы тісті емдеу кезінде қандай жағдайлар емдеу кезеңінің азайуына немесе көбейуіне себепші болуы мүмкін.
4.Периодонттың қабынуын сапалы емдеу түбір өзектерінің сапалы өңделуіне байланысты болып келеді. Түбір өзектерін дұрыс өңдеу қандай мақсатты ұстанады? Бұл мақсаттарға қандай әдістермен қол жеткізуге болады? Түбір өзектерін өңдеу әдістеріне салыстырмалы сипаттама беріңіз және оларды қолдану керсеткіштерін анықтаңыз?
СТУДЕНТТЕРДІҢ «ПЕРИОДОНТТЫҢ ҚАБЫНУЫН ЕМДЕУ» ТАҚЫРЫБЫ БОЙЫНША ІСКЕРЛІК ОЙЫНҒА ҚАТЫСУ ҮШІН ӨЗДІГІНЕН ДАЙЫНДАЛУҒА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР.
«ПЕРИОДОНТТЫҢ ҚАБЫНУЫН ЕМДЕУ ӘДІСТЕРІНЕ» АРНАЛҒАН ОЙЛАМДЫ ҚҰРЫЛЫМ.
Әдістер Консервативті консервативті хирургиялық
хирургиялық
түбір гемисекция реплантация
Түрлері ұшы
резекциясы
М
аңызы
тісті
П
ериодонтта-
Периодонтағы Периодонттағы Тісті
жұлып, оған жұлу
ғ
ы
инфекция инфекция көзің иныекция
көзін эндодонттық ем
көзін жою, эн- жою, эндодонт- жою, эндодонт- жүргізу,реставра-
додонттық ем, тық ем, түбір тық ем, тісті қай- циялау, түбір
тісті рестав- ұшын резекция- та реставрация- ұшын резекциялау
рациялау лау, тісті қайта лау, сақтап қал- және оны орнына
реставрациялау уға болмайтын қайта орнықтыру
түбірді жұлу байлау.
«ПЕРИОДОНТ ҚАБЫНУЫН ЕМДЕУДІҢ» ОЙЛАУ ҚҰРЫЛЫМЫ.
К
елу
саны бір екі
үш
Көрсетілімі __бір түбірлі тістерді __периодонттың __периодонттың
периодонттың созыл- жедел қабынуы жедел өабынуы
малы қабыну, жылан уыттану сатысы жалқықты
көз болған кезде __ периодонттың сатысы
созылмалы қабыну-__периодонттың
ының түрлері созылмалы
__периодонттың қабынуының
созылмалы қабыну- түрлерінің
ының түрлерінің коллатеральді
коллатеральді ісіксіз ісікпен және
және жалпы жалпы
интоксикациялық интоксикациялық
сиптомсыз өршуі симптоммен өршуі
Емдеу кезең- диагностикалық
д
ерінің
рентгенограмма
мазмұны
анестетиктерге
аллергиялық реакция-
ның
болмауын ескеру
адеквататты
жансыздан
дыру
тісті ауыз сұйығынан
бөлу
тісжегі қуысын егеп
тазалау
тіс қуысын ашу және
біріншілік эндодонттық
жол
жасау
ыдыраған сауыт ұлпа
сын алу,диагностикалық
рентген суретті оқу,
өзек
сағаларын анықтау
өзек
сағаларын кеңейту
кезеңімен
өзектерден
антисептиктер ерітіндісі
көмегімен ыдыраған
ұлпаларды
алу
өзектердің жұмысшы
ұзындығн
анықтау
өзектерді эндодонттық
аспаптармен өңдеу
өзектерді дәрілік
препараттармен өңдеу,
кептіру
өзектерді
пломбылау өзектердіантисептик
тісті ашық
уақытша пломбалық қалдыру
материалдармен
пломбалау тағайындау
7-10
тәулікке
тісті
қайта қалпына герметикалық байл
келтіру ам
фиништік
өңдеу
Тіс қуыстарының топографиясы.
Жоғарғы орта күрек тіс. Орташа ұзындығы – 22,5 мм, түбір саны – 1 (100%), көлденең кесіндісі – сопақ пішінді (алдан бүйірге қарай созылған), жақсы өтеді. Түбірінің ұшына жақын бөлігі бүйір бағытында аздап тілген, түбір өзегін өңдеуге арналған бұрғыларды өлшемі – 50-90.
Жоғарғы бүйір күрек тіс. Орташа ұзындығы – 22 мм, түбірлері саны – 1 (99%); 2 (1%); түбір өзектерінің саны – 1 (99%); 2 (1%); көлденең кесіндісі сопақ пішінді (ерін таңдай бағытында), түбірінің ұшына жақын бөлігі бүйір бағытта аздап иілген. Түбір өзегі көбінесе жақсы өтеді және сауыт қуысының жалғасы болып табылады, оны өңдеуге арналған бұрғылардың өлшемі – 35-40 (өзек қисық болғанда); өзек тік болған жағдайда – 50-70.
Жоғарғы сүйір тіс. Орташа ұзындығы – 2, 6, 5 мм, түбірлері саны – 1 (99%), 2 (1%), түбір өзектерінің саны – 1 (99%), көлденең кесіндісі – сопақ пішінді (ерін-таңдай бағытында); түбір ұшы аздап таңдай және бүйір бағыттарында иілген; өңдеуге арналған файлдар өлшемі – 50-70.
Жоғарғы бірінші кіші азу тіс (сурет) – орташа ұзындығы – 20,5 мм; түбірлері саны – 1 (19%), 2(80%), 3(1%); өзектерінің саны – 1 (4%), 2(95%),3(1%); сауыт қуысының пішіні құмсағат пішініне ұқсас, ұрт-таңдай бағытында созыла орналасқан, табаны дөңес ерге ұқсас, екі жағында екі өзек сағалары (таңдай және ұрт өзектері) орналасқан, өзектері аздап артқы бағытта иілген; таңдай өзегін өңдейтін файлдар өлшемі – 40-60; ұрт өзегін өңдейтін файлдар өлшемі – 35-45.
Жоғарғы екінші азу тіс (сурет). Орташа ұзындығы – 21,5 мм; түбірлері саны – 1(90%), 2(9%), 3(1%); түбір өзектерінің саны – 1(75%), 2(24%), 3(1%); аздап артқы және таңдай жаққа иілген болады. Түбір өзегі таңдай-ұрт бағытында созылған, екі бүйірі қысыңқы саңылауға ұқсас сауыт қуысының жалғасы болып табылады. Түбір өзектері еніне байланысты 45-60, 35-45, 30-35 өлшемді файлдармен өңделеді.
Жоғарғы бірінші үлкен азу тіс (сурет). Орташа ұзындығы – 20,8 мм; түбірлері саны – 2 (15%), 3(85%); сауыт қуысы таңдай-ұрт бағытында аздап созылған, екі бүйірі қысыңқы төртбұрышқа ұқсайды, табанында теңқабырғалы емес үшбұрыш құрай өзек сағалары орналасқан, түбір өзектерінің саны – 3(60%), 4(40%). Үшбұрыштың таңдайжақ сүйір бұрышында таңдай өзегінің сағасы орналасқан, өңдеуге керек файлдар өлшемі – 45-60. ұртжақ сүйір бұрышында алдыңғы ұрт өзегінің сағасы орналасқан және оның орта тереңдігінде төртінші канал бөлініп кетуі мүмкін (40% жағдайда). Алдыңғы-ұрт өзектерін кеңейтуге арналған файлдар өлшемі – 35-45 (бір өзек болса), 30-40 (екінші тармағы болған кезде). Төртінші өзектің сағасы өте тар болғандықтан оны табу қиын және ол көбіне алдыңғы-ұрт өзегімен бірігіп кетеді.
Үшбұрыштың доғал бұрышында артқы-ұрт өзегінің сағасы орналасқан және тар саңылауға ұқсайды, оны кеңейтуге керекті файлдар өлшемі – 35-45. Түбір өзектерінің қисықтығы әртүрлі.
Жоғарғы екінші үлкен азу тіс (сурет). Орташа ұзындығы – 20 мм; түбірлері саны – 1(1%), 2(19%), пішіндес 3 (80%); сауыт қуысы төртбұрыш, үшбұрыш, куб пішіндес және таңдай – ұрт бағытында созылған саңылауға ұқсас келеді. Түбір өзектерінің саны – 1(1%), 2(2%), 3(57%), 4(40%); Өзек сағаларының орналасуы, өзектердің қисықтығы, оларды өңдеу бірінші үлкен азу тіске ұқсас келеді. Кей жағдайларда тіс қуысы пішінің ерекшелігіне байланысты өзек сағалары бір түзудің бойында орналасады. Сонымен қатар алдыңғы-ұрт өзек сағасы артқы-ұрт өзек сағасына өте жақын орналасқан жағдайларда жиі кездесе береді.
Төменгі ортаңғы және бүйір күрек тістер. Орташа ұзындықтары – 20,7 мм; түбірлерінің саны – 1(100%), сауыт қуыстары тіс сауытының пішінін қайталап, тарыла отырып, табансыз тікелей түбір өзегіне ауысады; түбір өзектерінің саны – 1(60%), 2(40%); сауыт қуысына жақын көлденең кесіндісі сопақ пішінді (ерін-тіл бағытында созылған), түбір ұшына жақын – домалақ пішінді; түбір өзегін кеңейтуге арналған файлдар өлшемдері: бірінші өзек үшін – 35-45, екінші өзек үшін – 30-35. Екінші өзек негізгі өзектің тіл жағында орналасқан және оның сағасын табу үшін өзек сағасын тіс мойнына қарай кеңейту керек.
Төменгі сүйір тіс (сутер). Орташа ұзындығы – 25,6 мм; түбір саны – 1(98%), 2(2%); Сауыт қуысы конус пішіндес, біртіндеп тарылып түбір өзегіне айналады; өзек саны – 1(94%), 2(6%); көлденең кесіндісі сопақ пішінді; кеңейтуге арналған файлдар өлшемі – 45-60.
Төменгі күрек және сүйір тістердің өзектері сопақ пішіндес, ерін және тіл қабырғалары шығыңқы орналасқандықтан (выпуклые стенки), өңдеген кезде аспаптарды осы қабырғаларға тығыз жанастыра отырып, оларды мұқият тазалаған жөн.
Төменгі бірінші кіші азу тіс (сурет). Орташа ұзындығы – 21,6 мм; түбір саны-1 (100%); түбір өзектер саны 1 (75%), 2 (20%), 3(5%); Сауыт қуысы сауыт пішінін қайталап, біртіндеп тарылып, түбір өзегіне ауысады, көлденең кесіндісі домалақ немесе сопақ пішіндес .Өзектерді кеңейтетін файлдар өлшемі: бір өзек болған жағдайда – 40-60, екі өзек болған жағдайда тілжақ өзек үшін -30-40; ұртжақ өзек үшін – 30-40.
Төменгі екінші кіші азу тіс. Орташа ұзындығы – 21,5 мм; түбір саны – 1 (100%); өзектер саны – 1 (89%), 2(10%), 3(1%). Сауыт қуысы тіс сауытының пішінін қайталап, біртіндеп түбір өзегіне ауысады. Өзектерді кеңейтетін файлдар өлшемі: бір өзек болған жағдайда – 40-60, екі өзек болған жағдайда – 35-45.
Төменгі бірінші үлкен азу тіс (сурет). Орташа ұзындығы -21 мм; түбір саны -2(98%), 3(2%); түбір өзектерінің саны – 3(80%), 4(7%), 2(13%); Сауыт қуысы алдан артқа қарай созылған төрт-бұрыш пішіндес, тістің ұртжақ бетіне жақын орналасқан, табаны ойық, көбіне өзек сағалары теңқабырғалы үшбұрыш жасай орналасады. Үшбұрыштың табанында екі алдыңғы (медиальды) өзек сағалары, ол шыңында (верхушка) артқы (дистальды) өзек сағасы орналасқан. Алдыңғы түбірде екі өзек орналасқан және олар көбіне артқа қарай қисайған; артқы түбірде көбіне бір өзек (сағасы ұрт-тіл бағытында созылған сопақшаға ұқсас), кейде сағалары саңылауға ұқсас екі өзекте орналасуы мүмкін. Алдыңғы өзектерді кеңейтетін файлдар өлшемі – 35-40, артқы өзек үшін – 45-60.
Төменгі екінші үлкен азу тіс (сурет). Орташа ұзындығы -20 мм; түбірлері саны – 2 (84%), 1(15%), 3(1%). Сауыт қуысы кубқа ұқсас, табаны ойық, өзектер саны – 3(77%), 2(13%), 4(7%), 1(3%); өзек сағалары теңбүйірлі үшбұрыш құрай (бірінші үлкен азу тістегідей), бірақ бір-біріне жақынырақ орналасады. Кейде олар тік бұрышты үшбұрыш жасай да орналасады. Бұл кезде оның табанындағы тік бұрышта алдыңғы тілжақ, ал сүйір бұрышында алдыңғы ұртжақ өзектерінің сағалары орналасады. Егер артқы түбірде екі өзек болатын болса, барлық өзектердің сағалары тік төртбұрыш, куб немесе трапеция пішінін жасай орналасады. Тіс бір түбірлі болған кезде өзек екеу (ұрт және тілжақ өзектері), кейде біреу болады. Бұл кезде сауыт қуысы төртбұрыш немесе домалақ пішінді болып, табансыз біртіндеп түбір өзегіне ауысады.
Түбір өзектерін кеңейтуге арналған файлдар өлшемі: алдыңғы өзектер үшін – 35-45, артқы өзектер үшін – 45-60 (бірінші өзектер үшін) және 35-45 (екінші өзектер үшін).
Үшінші үлкен азу тістер (ақыл тістер) қуыстары мен өзектері туралы мәліметтер берудің қажеттілігі шамалы. Себебі, көп жағдайларда бұл тістерде асқынған тісжегіні емдеу мүмкіндігі бола бермейді.
Түбір өзектерін эндодонттық аспаптармен кеңейту әдістері.
Түбір өзегін эндодонттық аспаптармен өңдеудің негізгі мақсаты өзек қабырғасындағы инфекцияға бай минералданбаған (предентин) және жұмсарған дентинді қырып алып тастап, өзекке пломбылауға ыңғайлы белгілі пішін (конусқа ұқсас) беру. Егерде минералданбаған және жұмсарған дентин алынып, өзек қабырғалары жақсы тегістелмесе, пломбылық материал өзек қабырғасымен тығыз жанаспайды, осының нәтижесінде түбір өзегі пломбылық материалмен тығыз толтырылмайды және өзек қабырғасындағы микроорганизмдер еніп кеткен дентин өзекшелерінің ауызы бітелмей қалады. Мұндай жағдайда пломбыланған өзектің өзі инфекция көзі болып сақталады, периодонттағы қабыну үрдісі кері дамудың орнына қарқындай береді және әртүрлі асқынулар туындатады.
Түбір өзегін эндодонттық аспаптармен өңдеудің алдында оны ұлпа ыдырандысынан ұлпаалғыштың көмегімен тазалап алу керек. Ұлпаалғыштың жұмысшы бөлігінің тістері өте нәзік болғандықтан тез майысады, сондықтан онымен жақсы өтетін өзектерді тазалайды. Түбір өзегін тазалау және өңдеу келесі кезеңдерден тұрады:
Алғашқы дайындық және өзектің түбірұшы бөлігінің еркін өтуін қамтамасыз ету;
Өзектің орта бөлігін дайындау;
Өзекті соңғы рет дайындау.
Қалыптасқан дәстүр бойынша өзектерді өңдеу қолмен істейтін аспаптармен (файлдармен) түбір ұшынан бастап өзек қабырғаларын қыру немесе сүрілеу арқылы орындалады. Егер файл қабырғаға ілініп, жылжи алмай қалса, аздап сағат тілі бағытында және оған қарсы бағытта аздап айналдыра (¼ айналымға) қозғауға болады. Өзек қабырғаларын қыру немесе сүргілеу қимылы бірыңғай және толассыз қабырғалар толық тазаланғанша жүргізіледі. Файлдарға ілінген дентин үгінділерін ауық-ауық антисептиктер ертінділерінде тазаланады. Өзектің саға бөлігін өңдеу үшін арнаулы Гейтс Глидден кеңейткіш бұрғысы қолданылады.
Түбір өзегін («бір адым кейін» немесе телескопиялық әдіс) әдісімен өңдеу.
Бұл әдіс түбір өзегін өңдеуді өзектің ең тар түбір ұшы бөлігінен бастап, өзек сағасы бағытында жүргізуді қарастырады және аспаптарды қолдануды ең кіші өлшемінен бастап, үлкен өлшемімен аяқтайды. Орындау тәсілі:
Түбір өзегін ұсақ аспаптармен өңдеу кезінде құрамында ЭДТУ (этилендиаминтетрауксус қышқылы) бар «Zorgal», «Rc-Prep»сияқты эндолубриканттар пайдаланған жөн. Оларды қолдану дентин өзекшелерінің ауызын тазартуға көмектесіп, ұсақ аспаптардың өзекте еркін жылжуын қамтамасыз етеді.
Түбір ұшына жақын өзек қабырғасында тірек (апикальный упор) жасау. Бұл тірек кертпе ретінде қалыптастырылады және гуттаперчаны түбір ұшы тарылымында (апикальное сужение) жақсылап нығыздау үшін, оның түбір сыртына шығып кетпеуі үшін қажет.
Тіректі өзекте түбір ұшына дейін өткен ең кіші өлшемді файлдың көмегімен жасай бастайды. Мысалы, алғаш өзекті өткен файлдың өлшемі №15, ұзындығы 21 мм болса, тіректі №25 өлшемді аспап қолданғанға дейін (өлшемдерді біртіндеп жоғарылата отырып №15, 20, 25) қалыптастыра береді. Бір өлшемнен екінші өлшемді аспаптарға ауысу қиын болса, «Golden medium» табанына аралық өлшемді аспаптарды (№17,22) пайдаланады. К-файлмен жұмыс істегенде оны жарты немесе ¾ айналымға сағат тілімен немесе оған қарсы бағытта айналдыра отырып, өзектен шығарып алады да дентин үгінділерінен тазартады. Әрбір файлды өзекке енгізер алдында сұйық немесе гель түріндегі эндолубрикатпен ылғалдандырып алады. Аспаптарды алмастыру алдында өзекті жуып дентин үгінділері мен органикалық заттар ыдырандыларынан тазартады және оны арнаулы эндодонттық шприцтің көмегімен орындайды.
Түбір ұшына жақын тірек жасалғаннан кейін өзектің түбір ұшы бөлігін өңдеуге кіріседі. Өңдеуді соңғы өлшемді файлдан (№25) жуандау файлмен (№30) бастайды және оның ұзындығы алдындағысынан 1 мм (қазіргі жағдай 20 мм) кем болуы керек. Осы түйелген кеңейткіш аспаптардың өлшемін үлкейте отырып, түбір ұшындағы тіректен біртіндеп алыстай отырып (әр аспапты енгізгенде 1 мм шегіне отырып) өзекті сағасына дейін кеңейтіп өңдейді. Егер өзек қабырғасынан жұмсарған дентиннің қалың қабатын алу керек немесе өзектің көлденең кесіндісіне сопақ немесе домалақ пішін беру керек болса, онда қырлары өткір, жақсы қыратын Hedsbroem-File қолданған жөн. Бірақ оның өлшемі алдындағы К-файлдан бір өлшемі кіші болуы керек.
Өзектің сағалық бөлігін «Gates Glidden» типтес бұрғылармен өңдейді және олардың да өлшемдерін біртіндеп үлкейтіп (№2,3,4) отырады. Бірақ, көпшілік көзқарастар өзек сағаларын қолмен істейтін файлдарды қолданып өңдеген дұрыс деп санайды.
Өзек қабырғаларын толық тегістеу үшін Hedstroem-File (кестірілген жағдайда №25) қолданады және оны ілгер-кейін жылжыта отырып жұмыс істейді. Жақсы тазаланған өзектен шыққан дентин үгіндісі ақ түсті болады.
«Бір адым кейін» тәсілемен қисық өзектерді кеңейткен кезде қолданылатын аспаптарды өзек қисықтығына сай иіп алған жөн, оны жасамаған жағдайда төмендегідей асқынулар туындайды:
өзек «құмсағат» пішіндес болып кеңейеді;
өзекте аспап сынып қалуы мүмкін;
өзектің түбір ұшы бөлігі араның тістеріндей болып қалыптасады;
түбірұшы бөлігінде өзек қабырғасын тесіп алудың нәтижесінде «жалған түбір ұшының» пайда болуы.
Түбір өзегін «Crown-Down» (от коронки вниз-сауыттан төмен қарай) әдісімен өңдеу.
Бұл тәсіл – кең тараған тәсіл және түбір өзегін сағасынан бастап түбір ұшына қарай кеңейтуді қарастырады. Бұл үшін кеңейтуді үлкен өлшемді аспаптармен бастап, кіші өлшемді аспаптармен аяқтайды. Мысалы, бастапқы кезде саға бөлігін кеңейтуді «Gates Glidden» және үлкен өлшемді К-файлдармен бастайды. Түбір өзегіне конусқа ұқсас пішін беріп кеңейту үшін «Pro File 04» типтегі немесе ұштықтың көмегімен айналатын (минөтіне 150-250 айналыммен) профайлдарды қолдануға болады.
«Crown Down» тәсілімен өзекті кеңейту тәсілінің жүйесі:
Өзек сағасын қолмен істейтін К-файлдың көмегімен тауып алу.
Өзектің сағалық бөлігін үлкен өлшемді 04 профайлмен кеңейту (аспап сағаға ене алатын болса).
Осыдан кейін өзектің жұмысшы ұзындығын және оны түбір ұшына дейін өте алатын аспаптың өлшемін анықтау. Өзектің ұзындығын анықта тістің рентгенсуретін жасау арқылы, тістің ұзындығы таблицаның, апекс-локаторлардың көмегімен анықталады. Мысалы, егер тістің ұзындығы 20мм, ал түбір ұшына №10 қолмен кеңейткіш аспап жететін болса, кеңейтуді №21 өлшемді қолмен кеңейткішке сай №4 профайлмен бастайды (сабы күлгін түсті). Бірінші профайлдың өлшемі түбір ұшына дейін жеткен К-файлдан екі өлшемге артық болу керек.
Өлшемі №4 профайлды аздаған кедергі сезілгенше, өзектің ½бөлігіне дейін енгізіп өңдейді.
Келесі №5 өлшемді профайлды (көкшіл сапты) жоғарыдағы тереңдікке өзекке енгізіп, өзектің сағалық бөлігін кеңейтуді аяқтайды.
Осыдан кейін кеңейтуді бастаған профайл (№4) өлшемінен бір өлшем кем (№3) аспаппен өзектің ⅔- ¾ бөлігін өңдейді. өзекке енгізілетін аспаптардың жұмысшы бөлігін эндолубриканттармен ылғалдандырады және оларды шығарғаннан кейін өзек натрий гипохлоритінің ертіндісімен жуылып отырады. Өзектің аталған бөлігін кеңейткеннен кейін тағыда тістің рентгенсуретін жасаған жөн. Бұл өзекті осыдан кейін қаншалықты кеңейту керек екенін және өзектің кеңейтілмей қалған бөлігінің ұзындығын анықтау үшін қажет.
Өзектің түбір ұшы бөлігі №2 профайлмен өңделеді, ал түбір ұшына дейінгі 1-2 мм бөлігін қолмен істейтін файлдармен өңдеген тиімді.
Егер қажет болса, өзектің түбір ұшы бөлігін №3,4,5 профайлдармен кеңейтуге де болады.
Түбір өзегін өңдеу нәтижелі болу үшін дәрігерлік тәжрибеде «Crown Down» және «Step Back» әдістерін қоса қолданған тиімді.
Түбір өзектерін «теңестірілген күшпен» (метод «сбалансированной силы») өңдеу әдісі. Бұл әдіс – дәрігердің өзінің ғана таңдау әдісі болып саналады және көбінесе өте қисық өзектерді кеңейту үшін қолданылады. Ол үшін «К»-К-файл типтегі файлдар қолданылады. Бұл әдісті қолдану тәсілі көлденең кесіндісі үш немесе төртқырлы сымдарды тығыз спиральға бұрау арқылы дайындалған стандартты К-файлдарды қолдануға негізделген. Айналдыру бағытына қарамай, файлдың кескіш қырлары өзек қабырғаларымен теңбұрышпен жанасады. Сондықтан оның кесу-қыру мүмкіндігі екі бағытта (сағат тілі бағытында және оған қарсы) айналдырғанда да сақталады. Бұл тәсіл К-файлды сағат тіліне қарсы бағытта айналдыруды қажет етеді. Бұл кезде өзек өзінің табиғи қисықтығын сақтайды, ал файл өзінің ортадағы жағдайынан ешқандай ауытқымайды. Файлды өзекке кедергі кездескенше енгізіледі және тек тік бағыттағы күшпен сағат тіліне қарсы бағытта айналдырады.
Түбір өзектерін механикалық әдіспен өңдеу кезінде ұсақ аспаптар жиі сынып қалатын және өзек шамадан тыс өңделіп кететін (өзек қабырғалары жұқарып кетеді) жағдайлар кездесе береді. Сондықтан соңғы кездерде түбір өзектерін дыбыспен және ультрадыбыспен өңдеуге деген бетбұрыс бар. Ультра дыбыстарға қарағанда (дыбыстың тербелесі 20 000 Гц) төменгі жиіліктегі дыбысты (тербелісі 1500-6000 Гц) қолданған нәтижелілеу болатыны дәлелденген. Қазіргі кезде түбір өзегін өңдеуге төменгі жиілікті акустикалық жүйе «Sonic Air» қолданылады.
Эндодонттық ұсақ аспаптар.
Эндодоноттық ұсақ аспаптарды жүйелеу оларды негізгі атқаратын қызметіне негізделген және төмендегідей болып бөлінеді:
Диагностикалық аспаптар (түбір өзектерінің мөлшерін анықтауға арналған);
Өзек сағаларын ашуға және кеңейтуге арналған;
Ұлпаны немесе ұлпа ыдырандысын алуға арналған аспаптар;
Түбір өзектерін өтуге арналған;
Түбір өзектерін кеңейтуге арналған;
Өзек қабырғаларын тегістеуге арналған;
Түбір өзектерін пломбылауға арналған.
Барлық аспаптардың барлығы JSO 3630 стандартына байланысты белгіленіп (маркировка) шығарылады. Стандартта аспаптың пішіні, профилі, ұзындығы, қалыңдығы, механикалық беріктігінің көрсеткіштері берілген. Сонымен қатар әрбір аспапқа тән өлшемдер түрлі түспен көрсетілген және типтік символдармен белгіленген.
Түбір өзегінің көлемін (өлшемін) анықтауға арналған аспаптар;
Түбір инесі (беті тегіс домалақ және қырлы). Домалақ ине түбір өзегінің өтетін-өтпейтінін анықтау үшін, ал қырлы ине түбір өзегіне әртүрлі дәрілік заттар енгізуге керек мақта білектер дайындау үшін қолданылады және бес өлшеммен (размер) шығарылады.
Өзек тереңдігін анықтайтын домалақ өлшегіш үш өлшеммен шығарылады. Олардан басқа термофилді гуттаперча штифтер жиынтығында да арнаулы верификаторлар бар, себебі термофилмен пломбылаған кезде өзектің көлемін міндетті түрде анықтау қажет.
Сонымен қатар түбір инесі қолданып өзекті пломбылауға да болады.
Өзек сағаларын ашу және кеңейту үшін қолданылатын аспаптар.
Gates Glidden бұрғысы, сабы ұзын және жіңішке, жұмысшы бөлігі қысқа тамшыға ұқсас. Барлық ұзындығы 15-19 мм тең. Көлденең кесіндісінің ұзындығына сай алты өлшеммен (1-6) 0,50; 0,70; 0,90; 1,10; 1,30; 1,50 мм шығарылады. Өлшемі ұстатқышқа бекітілген сақинада белгіленеді. Бұрышты ұштықпен баяу аналымда жұмыс істеуге болады.
Largo бұрғысы (Peeso-Reamer), жұмысшы бөлігі ұзындау, сабы қатты, барлық ұзындығы 15-19 мм тең, алты өлшеммен шығарылады (0,70; 0,90; 1,10; 1,30; 1,50; 1,70 мм). Ұзындатылған жұмысшы бөлігі тек өзек сағасын ғана емес, оның саға жақ ⅓ бөлігін кеңейтуге мүмкіндік береді. Көбінесе жоғарғы үлкен азу тістердің таңдай өзектерінің, төменгі азу тістердің артқы өзектерінің сағаларын кеңейту үшін қолданылады.
Түбір өзектерін өтуге арналған аспаптар (өткіш бұрғылар-дрильборы) – Reamer.
Бұл аспаптар иілгіш келеді және кескіш қырлары тегістеу, аралары ашық болғандықтан ілгері жылжу немесе өзекте өту мүмкіндіктері жоғары.
K-Reamer (Керр дрилі) стандартқа сай 20өлшемен шығарылады.
K-Flexoremer, аспаптың қыры бір-біріне жақынырақ орналасқан, жақсы иілгіш аспап, алты өлшемен шығарылады және аса қисық өзектерді өту үшін пайдаланады.
K-Flexoreamer golden medium - аралық өлшемді аспап, бір өлшемнен екінші өлшемге секірмей өту үшін қолданылады. Мысалы, 0,25 өлшемді аспапты 0,20 өлшемнен кейін өзекке енгізу қиын болса, аралық 0,22 өлшемді аспапты қолданады. Бұл аспап диаметрлері 0,12; 0,7; 0,22; 0,32; 0,37 өлшемдермен шығарылады.
K-Reaner forside өте тар үлкен азу тістер өзектерін ауызды ашу шектелген кезде өтуге арналған. Жиынтыққа 18 аспап кіреді (0,06; 0,08; 0,10; 0,15 ....), жұмысшы бөліктерінің ұзындығы 15-18 мм. тең.
Түбір өзектерін кеңейтетін аспаптар.
K-File – Керр сүргі бұрғысы. Кескіш қырлары бір-біріне жақын орналасқан, жиынтықта жұмысшы ұзындығы 21,25,28,31 мм болатын 21 өлшемді аспаптар түрінде шығарылады. Өзекті аспаптарды ілгері-кейін жылтыра отырып, қабырға бетіндегі жұмсарған дентинді қыру арқылы кеңейтеді.
K-Flexofile - өзек кеңейткіш аспап, иілу қасиеті өте жоғары. Өте қисық және тар өзектерді кеңейту үшін қолданылады, жұмысшы бөлігінің ұзындығы 21, 25, 31 мм, алты өлшемен (0,15; 0,20; 0,25; 0,30; 0,35; 0,40) шығарылады.
K-Flexofile golden medium – аралық өлшемді жақсы иілетін өзек кеңейткіш аспап. Басқа кеңейткіш аспаптармен жұмыс істегенде үлкен өлшемді аспаптарға біртіндеп ауысу үшін қолданылады және алты өлшеммен шығарылады (0,12; 0,17; 0,22; 0,27; 0,32; 0,37), жұмысшы бөлігінің ұзындығы – 21, 25, 31, мм.
K-File nitiflex өте қисық (90º дейін) және тар өзектерді өтуге арналған. Аспап титан-никель құймасын дайындалған, ұшы доғал, жақсы иілгіш. Стандартқа сай 10 өлшеммен (0,15; 0,20; 0,25; 0,30; 0,35; 0,40; 0,45; 0,50; 0,55; 0,60 ) шығарылады, жұмысшы бөлігінің ұзындығы – 21, 25, 31 мм.
Hedstroem File – Хедстрем сүргі бұрғысы. өзек қабырғаларын тегістеуге арналған. Стандартқа сай 20 өлшеммен (0,08 ден 0,0140 дейін) шығарылады, ұзындығы – 21, 25, 28 және 31 мм.
Emdosonore File – түбір өзегін ультрадыбыспен кеңейтуге арналған бұрғы, алты өлшеммен шығарылады (0,10; 0,15; 0,20; 0,25; 0,30; 0,45), ұзындығы – 27, 31 мм.
Rasp; Rat Tile File – рашпиль (түрпі бұрғы), түбір өзектерін кеңейтуге арналған. Жұмысшы бөлігінде аспап өсіне тік орналасқан 50 тісшелері бар (олардың ұзындықтары аспап диаметрінің ⅓ ұзындығына тең). Аспаптың ұшында тістер болмағындықтан, өзек бойымен жеңіл сырғиды. Жиынтықта 7 аспап бар, жұмысшы бөлігінің ұзындығы – 25мм.
Beutoelroch Reamer B2 – түзу өзектерді кеңейтуге арналған аспап, кесетін қыры екеу, аспаптың өзек қабырғаларын қыру және кеңейту мүмкіндігі өте жоғары.
Profile 04 Taper Series 29 Rotary Instrumentes – айналатын эндодонттық аспаптар қатарына жатады, Dentsplay фирмасының бөлімі шығарады. Бұл аспаптардың бірден-бір ерекшелігі - әрбір аспаптың ұшының диаметрінің келесі аспаптан 29% айырмашылығы бар. Мұның өзі өзек диаметрін біртіндеп кеңейтуге мүмкіндік береді. Аспаптың жұмысшы бөлігіндегі сайлары U-әрпіне ұқсас, жиектері тегіс болғандықтан, өзек көп ілініп қалмай еркін жылжиды.
Profile 04 эндодноттық ұштықпен жұмыс істеуге арналған.
Жұмысшы бөлігінің ұзындығы өзгеріп тұратын эндодонттық аспаптар. Бұл жүйе миллиметрмен белгіленген өлшегіш саптан, ұстағышға бекітілетін ауысып тұратын алты өлшемді (1-6) аспаптардан және жұмысшы бөлігінің ұзындығын реттеп тұратын қысқыш құрылымнан тұрады. Аспаптардың жұмысшы ұзындығы 16-28 мм.
Түбір өзегін пломбылауға арналған аспаптар.
Zentulo - өзектолтырғыш (каналонаполнитель) – конусқа ұқсаған спиральды аспап. Жұмысшы бөлігінің ұзындығына қарай қысқа (17 мм), ұзын (21 мм) және өте ұзын (25 мм) болып, және спиральдың диаметріне қарай төрт өлшемді (1-4) болып бөлінеді. Ең бір тиімдісі - өзектолтырғышпен өткіш және сүргі бұрғылар өлшемдерінің бір-біріне тәуелді болуы. Түбір өзегін 0,30, 0,35 өлшемді аспаптармен кеңейткеннен кейін № IV (қызыл сақиналы) өзектолтырғышты 040; 045 өлшемді кеңейткіштерден кейін №2 (көк сақиналы), 050, 055, 060 өлшемді кеңейткіштерден кейін №3 (жасыл сақиналы), ал 070,080, 090 өлшемді кеңейткіштерден кейін №4 (қара сақиналы) өзектолтырғыштарды қолданған тиімді. Ұштықтың көмегімен айналатын өзектолтырғыштың оңтайлы жылдамдығы минөтіне 100-120 айналым. өзектолтырғыштар қолмен істеуге және бұрышты ұштыққа арналып шығарылады.
Spreder (спредер) – өзекті тығыздағыш, түбір өзегіне енгізілген гуттаперча штифтерді бүйірден нығыздау үшін қолданылады, өлшемдері 010; 020; 030; 040 және 025; 030; 040, 050; 060 екі түрде шығарылады, жұмысшы бөлігінің ұзындығы – 21, 25 мм.
Condensor (конденсор) – түбір өзегіне енгізілген гуттаперчаны нығыздау үшін қолданылады. Жұмысшы бөлігінде спиральға ұқсас сайлары бар, бұрышты ұштыққа арналып шығарылады. Жұмысшы бөлігінің ұзындығы – 21 және 25 мм, өлшемдері – 025, 030, 035, 040, 045, 060, 070, 080.
Plager (плагер) – түбір өзегіне енгізілген гуттаперчаны тік бағытта нығыздауға арналған аспап, пішіні цилиндрге ұқсас, ұшы доғал, қолмен істеуге арналған. Екі түрде шығарылады: бірінші түрі – көлденең кесіндісі 0,70-1,10 мм сегіз өлшеммен; екіншісі – цилиндрге ұқсас үш өлшемде болады.
Периодонтиттің еміне физикалық факторларды қолдану
Периодонт ауруларын емдеуде көптеген емдік-профилактикалық шаралар арасынан физиотерапиялық процедуралардың үлкен мағынасы бар. Физикалық факторларды уақытылы және дұрыс қолдану патологиялық процестің бастапқы көрінісін жабуғу(бітеуге), көрініс дәрежесін, клиникалық симптомдардың ауырлығын және асқыну қауіптілігін төмендетуге немесе патологиялық процестің фазасының ауысуын тездете отырып, қысқа уақытта және жақсы жағдайда емнің келесі этаптарын жүргізкге көмектеседі. Олар периодонтиттің барлық фазасы мен формаларында көрсетілген, түбір өзектерін өңдеуде, оларды кеңейту қиынға түскенде, асқынуларды емдеуде және алдын алуда қолданылады. Физикалық факторлар организмнің иммуноглобулинді реакцияларын стимулдеуге, жалпы және жергілікті интоксикация мен сенсибилизация көрінісін төмендетуге, организмде және патологиялық ошақта нервті-гуморальды процестерді өзгертуге, дәрілік заттың локальды таңдамалы әсерін күшейтуге мүмкіндік береді. Физикалық факторлардың көбісі патологиялық процестің биофизикалық, биохимиялық және патофизиологиялық механизмдеріне спецификалық әсер етеді, бұл емдік затты салыстырмалы түрде таңдау керектігін көрсетеді.
Физиотерапиялық процедураларды адекватты таңдау үшін және профессионалды орындалуы үшін білу керек:
Физиоемге жалпы қарсы көрсеткіштер;
Перодонтиттің емінде және асқынуларында қолданылатын физикалық факторлардың түрлері;
Физиотерапиялық аппаратурамен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік техникасын;
Физикалық факторлардың әсер механизмін;
Физиопроцедураларды жіберу әдісін, олардың ұзақтығын;
Жасай алу:
Физиотерапиялық кабинеттің аппаратурасымен жұмыс жасай алу;
Әр науқастың диагнозы мен организмінің жалпы жағдайына қарай оптимальды дозасы мен емдеу курсына есеп жүргізу;
Физикалық факторлармен бірге қолдауға болатын дәрілік препараттарды таңдау;
Физиотерапияға қарсы көрсеткіштер
А) абсолютті:
Жаңа түзілімдер немесе олардың бар болуына күдік;
Рак алды жағдай;
Жүктіліктің екінші жартысы;
Жүйелі қан аурулары;
Жүрек жеткіліксіздігі;
Бүйрек және бауыр жеткіліксіздігінің декомпенсирленген сатысы;
Атеросклероз;
Психикалық аурулар;
Физикалық факторларды көтере алмау;
Б) Қатысты:
Өкпе туберкулезі(активті форма);
Жүктіліктің бірінші сатысы;
Гемофилия, геморрагиялық диатез;
Тері аурулары;
Жүрек-қантамыр жүйесінің аурулары(гипертониялық ауру, вегето-қантамырлық дистония);
Декомпенсация сатысындағы қантты диабет;
1.Қабындыратын компонентке әсер ететін физикалық факторлар.
УЖЖ терапия
Емдік фактор-ультра жоғарғы жиілікті 40,68 МГц электр өрісі.
Аппаратура –УЖЖ-66
Әсер механизмі:терең тіндердегі қантамырларды кеңейтеді, қан- және лимфаайналымын, зат алмасуды активтейді. Қантамыр қабырғасының өткізгіштігін, лейкоциттер мен фагоциттердің түзілуін жоғарылатады, жасушаы және тіндік қорғаныс механизмдерін активтейді, бактериялардың активтілігінің фонында қабыну ошағында тіндердің дегидратациясы болады. Кальции иондарының жиналу барысында рН сілтілік жаққа жылжиды.
УЖЖ-ң электр өрісіне физиологиялық реакциялар көптеген жағдайда қолданылып жатқан өрістің интенсивтілігіне байланысты:атермиялық доза-әлсіз интенсивті өріс, қабынуға қарсы әсер етеді, ОЖЖ –н рефлекторлы тыныштандыратын әсер көрсетеді, жансыздандырады; әлсіз жылулық сезімі бар олиготермиялық доза-орташа интенсивті өріс, алмасу процестерін жақсы стимулдейді; термиялық доза(жақсы сезілетін жылуы бар)-жоғары интенсивті өріс, провакациялық мақсатта қабыну реациясын күшейтуге қолданады, оның фазаларының ауысуын тездетеді.
Қолдану көрсеткіштері: жедел перодонтит, экссудация фазасы: экссудаттың шығу жері бар экссудативті компоненті бар периодонтиттің асқынған созылмалы формасы.
Жеке қарсы көрсеткіштер:гипертония, тиреотоксикоз, лихорад.жағдай, науқастың денесінде металл сынықтары болса.
Қолдану әдісі:науқас креслоға отырады, басын бас қойғышқа фиксациялаймыз.№1 немесе №2 конденсаторлы пластиналар қабыну ошағына көлденеңінен орналасады. Пластина мен науқастың жағының арасында ауалы кеңістік пайда болады. Оның үлкендігі патологиялық ошақтың тереңдігімен анықталады. Екі пластинаның жалпы суммалық кеңістігі 6 см-ден аспауы керек. Үлкендерге бет және мойын аймағына УЖЖ-ң 15-30-45 Вт қуатты электр өрісімен әсер ете отырып өткізіледі.өрістің шекарасы индикаторлы лампочкамен анықталады. Емдеу курсына 2 ден 5 беріледі. Экспозиция 7-10 минут, күнделікті.
Микротолқынды терапия
Емдік фактор-443,460 және 915 МГц жиіліктегі микротолқынды диапазонның электромагнитті тербелісі: дициметрлі диапазонындағы микротолқын(460 МГц, 65 см), сантиметрлі диапазондағы микротолқын(2375 МГц, 12,6 см).
Аппаратура –Луч-2, Луч-3
Әсер мехпнизмі. Осындай жиіліктегі электромагнитті толқындар 5-7 см тереңдікте жылу жиналуына әкеледі(әсіресе, құрамында сұйықтығы көптіндерде), ол қантамырлырды кеңейтуге, қан- және лимфаайналымын тездетуге әкеледі, қантамыр қабырғасының өткізгіштігі, зат алмасу, тіндердің қорғаныс реакцияларынжоғарылатады, қабынуға қарсы, ауру сезімін басатын, қантамырларды кеңейтетін, гипотензивті, десенсибилизирлеуші, трофикалық эффект көрсетеді.
Қолдану көрсеткіштері: жедел перодонтит, экссудация фазасы: экссудаттың шығу жері бар экссудативті компоненті бар периодонтиттің асқынған созылмалы формасы.
Жеке қарсы көрсеткіштер:гипертония, тиреотоксикоз, лихорад.жағдай, науқастың денесінде металл сынықтары болса, бет тіндерінің бірден ісінуі.
Қолдану әдісі. Науқас диаметрі 3,5 см сәулелендіргішті альвеолярлы өсіндіге қатты баспай, ошақ деңгейінде қолында ұстайды. Энергия мөлшері әлсіз жылу сезімі пайда болғанша жалғасады(қуаты 7 Вт аспауы керек). Емдеу курсының ұзақтығы 5-7 минут күнделікті 2-5 процедурадан тұрады.Процедурадан кейін сәулелендіргіш жанасқан жерде із қалады, ол кеткенге дейін(10-12 минут) науқасқа бөлмеде қалу ұсынылады.
Ультрадыбыс
Емдік фактор:ультрадыбыс естілмейді акустикалық диапазон жиілігінде ,яғни 16-25 Гц жоғары, таралатын серпімді ортаның механикалық тербелісі.
Аппаратура(құрылғы)-қазіргі кезде каналдарды ультрадыбысты эндодонтиялық тазалау үшін «Соник» деп аталатын эндодонтиялық ұштық ұсынылған. Қазіргі кезде Micro Mega -1500 және жаңа үлгіде Micro Mega-3000 Sonic Air өкілдері бар. «Соник Эйр» жүйесі арнайы ұштық пен серпімді каналішілік аспаптардан-ұштықтарға оңай бекітілетін файлдардан тұрады.Ұштық түбір ұшына өтіп кетуден сақтайтын,каналдың жұмыс ұзындығына сай файлдың ұзындығын реттеп отыруға мүмкіндік беретін белгімен белгіленген. Файлдардың ерекше конфигурациясы мен серпімділігі каналдарды акустикалық қана емес ,механикалық өңдеуге де мүмкіндік береді.
«Соник Эйр» стоматологиялық құрылғының ауасу түтікшесіне қосылады. Ұштықтың белгіленуіне сай ұзындықта бекітілетін каналішілік аспаптың ұшына 1500 және 3000ГЦ жиілікте вибрациямен(діріл) жұмыс жасайды. и 22222222222222222222222222222222222222222222222222222222222222222222222222222222222222222222.Егер су деңгейі 1мм-ге жетсе қосылады,бұл жұмысының дұрыстылығын білдіреді. Дыбысты аспаптар өтуге емес кеңейтуге арналған, жіңішке және қисық каналдар вибрациялық және акустикалық тиімділікті төмендететіндіктен бірінші кеңейту қолмен жұмыс жасайтын файлдармен , кем дегенде №15 аспапқа дейін ,жүргізіілу қажет.
«Соник Эйр» арналған каналіщілік аспаптар бастапқы ұшын (2мм) өткір емес етіп жасалған.Бұл каналдың тесілуін және апикальды тарылуды бұзылудан сақтайды. Micro Mega-1500 ұштығымен 3 түрлісалма қолданылады:Rispi Sonic,Shaper Sonic және Trio Sonic.Бұл аспаптардың өлшемі ISO бойынша белгіленуіне сай 015 –тен бастап 040 дейін шығарылады.
Клиффорд Дж.Раддл Проультра деп аталатын каналды ортоградты (түбір каналы арқылы ) және ретроградты (апикальды тесік арқылы арқылы хирургия) пьезоэлектрлі ультрадыбысты өңдеу үшін салмалардың(насадка) жиынтығын ұсынды.
Каналдарды ортоградты өңдеу үшін Проультра салмаларының барлық тістерге жұмыс жасауға ыңғайлы жағдай туғызатын иілген бұрышы болады.Абразивті жабынды олардың нақтылығы мен эффективтілігін жоғарлатады,параллель қабырғалары талдау мен қауіпсіздікті жақсартады.Салманың ұзартылған ұзындығы мен кішірейтілген диаметрі эндодонтиялық манипуляцияны нәтижелі етеді.Аспаптың қосымша титаннан жасалған өтуге қиын каналдарды жұмыс жасауды ыңғайлы етеді.Проультра эндодонтиялық аспаптары 3-5 және 6-8 өлшемдерінің каналдығ кез келген бөлігінде қауіпсіз жұмыс істеу және қол жетімді ету үшін ұзындығын ұзарта алатын және кіші диаметрлі ұшы болады.Проультра салмаларымен жеңіл қимылмен сусыз жұмыс істейді.Бұл эндодонтиялық салмалар щтифтерді және түбірде сынған аспаптарды,дентиклдерді алу жәнеөзек сағасын ашу үшін қолданады.
Каналдарды ретроградты өңдеуге арналған Проультра хирургиялық салма түбірді өңдеуде қауіпсіздікті жоғарлататын әртүрлі иілген инелерден тұрады.Олардағы абразивті жабында кескіш эффективтілігін жоғарлатып,микрошытынауларды азайтады.Салманың бұл сериясы міндетті ирригациямен жүргізіледі.Қолайлы орналасқан ирригациондв тарылу өауіпсіздікті жоғарлатып, микрохирургиялық манипуляцияда кедергі жасамайды. Проультра хирургиялық салмаларын таңдау тістердің топографиясына жүргізілетін манипуляцияға байланысты(37-сурет).Хир1 салмасы 80 иілген алдыңғы топ тістерінің жіңішке каналдарында жұмыс істеуге арналған әмбебап аспап.Хир2 салмасы дп солай иілген ,бірақ ұшының диаметрі үлкен,алдыңғы топ тістерінің кең каналдарында жұмыс істеуге арналған.Хир3 аспабы 75° екі иілген бұрышы бар ,оны әдетте төменгі сол жақ жәнежоғары оң жақ бүйір тістердің ұрттық каналдарын өңдеуге қолданады.
40° екі иілген бұрышы бар Хир4 салмасын төменгі сол жақ тістердің тілдік түбірімен және жоғары жақ бүйір тістерін өңдеуге көп қолданылдаы.Хир5 аспабы 75° екі иілген иілу бұрышы бар көбіне төменгі оң жақ жәнежоғары сол жақ ұрттықтүбірлерін өңдеуге қолданады .Хир6 салмасында 110 ° иілген бұрышы төменгі оң жақмтүбірлерді жәнежоғары сол жақ бүйір тістерді өңдеуге арналған.
Әсе ету механизмі:Ультрадыбысты тербеліс тірі тіндермен түгел ағзаға күрделі әсер етеді.Бұл тіндерде зат алмасу күшейеді,нуклейн қышқылдары мен ақуыщ синтезі жоғарылайды,жасуша мембранасының өткізгіщтігі күшейеді,жасушаішілік сұйықтықтың электрөткізгітігі мен қышқылдығы өзгереді.Осыдан тіндердің регенерациясын жоғарылайды.Ультрадыбыс арқылы жасуша мембранасының өткізгіштігінің өзгеруі алғашқы импульстардың бір клеткадан екінші клеткаға өтуінде өшіуінен тіндерде уақытша сезімталдықтың жоғалуы болады.Жараланған беткейге ультрадыбыс оңтайлы әсер етеді.Ауру сезімді басып қана қоймай ,ісінуді де басады.Нәтижесінде имунды механизм активтеледі.
Эндодонтияда акустикалық толқындар дентин каналдарын терең ене отырып ашып ,тазалайды.Өзек қабырғасында файлдың қозғалысы механикалақ тазалауға сай аморфты қабаттығ алынуына,акустикалық турбуленция антисептикалық ерітіндінің өткізгіштігін жоғарлатып,ал үздісіз ирригацияда көпіршікті эффект негізгі және қосымша каналдарды тазалауға әсерін тигізеді.Акустикалық эффектің нәтижесінде ферменттер мен микроорганизмдердің қабырғасының бұзылуы жүреді.Каналдың ультрадыбысты ирригацисы микроорганизмдердің 70 жояды,каналды эндодонтиялық шприц көмегімен натрий гипохлорид ерітіндісімен жуғанда бактериялардың 20 жоя алады.
Көрсеткіші: каналдарды эндодонтиялық өңдеу әсіресе қисық каналдарды және пломбалық материалдардың,штиф,сынған аспаптардың қалдықтары болған жағдайда.
Жеке қарсы көрсеткіштері:Жедел қабыну және созылмалы қабынудың асқыну поцестерінде.
Жүргізу методикасы: 1.каналішілік эндодонтиялық аспап 1,0-1,5 мм жұмыс ұзындығынан қысқа етіп орнатылады. Барлық жіңішке каналдар алдын ала № 15 өлшемге дейін қолмен жұмыс жасайтын аспаптармен өңделу керек.
2.Аспап каналдың қабырғасымен жанаса ,циркулярлы жоғары төмен 2-3мм қозғалу керек.Бірнеше секунд жұмыстан кейін алғашқы қолданған аспап еркін қозғалады,сондықтан үлкен өлшемге өтуге болады.
3.Егер келесі аспап ұзындығына толық жетпесе ,жұмысшы ұзындығына жететін болғандықтан өңдеуді қолмен жұмыс жасайтын аспаппен жалғастырған дұрыс.
Ультрадыбысты аспаптардың кемшілігі сынып қалу мүмкіндігі жоғары.