Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Периодонттың анатомиясы.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.68 Mб
Скачать

«Периодонттың созылмалы гранулематозды қабынуын нақтамалау» ойынының сценариі

Өткізілу орны – оқу бөлмесі

Ұзақтылығы – 45 минут

Қатысушылар:

  1. науқас

  2. емдеуші дәрігер

  3. дәрігер-рентгенолог

  4. бөлім меңгерушісі

  5. тұжырымдаушы

Қатысушылардың негізгі тапсырмалары:

  1. науқастың:

  • периодонттың созылмалы гранулематозды қабынуының клиникалық көрінісін келтіру;

  • емдеуші дәрігер көрсеткен көмектің сапасы мен көлеміне байланысты, сырқаттың объективті және субъективті адекватты ағымына ақпарат беру;

  • дәрігердің іс әрекеті қате болған жағдайда, бөлім меңгерушісіне шағымдануына құқылы.

  1. емдеуші дәрігердің:

  • науқасты қарап тексеріп, алғашқы нақтамын қою;

  • қажетіне байланысты, ойынға дәрігер-рентгенологты шақыру;

  • ұқсас көрінісі бар сырқаттармен салыстырмалы нақтамалау жүргізу;

  • соңғы нақтамасын қою.

  1. дәрігер-рентгенологтың:

  • берілген рентген суреттерінің ішінен, периодонттың созылмалы гранулематозды қабынуы кезінде периодонт саңылауында болатын өзгерістерге сай келетін рентген суретін таңдап алу, емдеуші дәрігерге рентген суреті бойынша сипаттама жасау.

  1. бөлім меңгерушісінің:

  • науқасты қарап тексеру, салыстырмалы нақтамалау жүргізу және периодонттың созылмалы гранулематозды қабынуы сырқатын нақтамалау кезінде, емдеуші дәрігердің, дәрігер-рентгенологтың іс әрекетіне сараптама жүргізу.

  1. тұжырымдаушының:

  • ойынның барысын қадағалау, басты рөлдердегі ойыншылардың сұрақтарын және берілген жауаптарын мұқият тыңдау. Әр қайсысына берілген түзетілерді карточкаларға тіркеу.

Ойынды жүргізу бірізділігі

Рөлдерді студенттерге, оқытушының қалауынша немесе әр бір студенттің дайындалу деңгейіне сай үлестірілнеді. Рөльдерді оқытушы өз еркі бойынша үлестірген жағдайда, әр бір студент тапсырма жазылған карточкаларды таңдайды.

Ойын науқаспен дәрігердің екеуара әңгімелесуінен басталады, мұнда дәрігер сұрақтар қойып, зерттеу әдістерін атап өтеді, ал науқас қойылған сұрақтарға дұрыс және нақты жауап беруі керек.Науқастан керекті мәлеметтерді жиыстырған соң дәрігер, негізделген алғашқы нақтамын қояды. Нақтамасын дәлелдеу үшін, емдеуші дәрігер, қажетті ақпараттар үшін дәрігер-рентгенологтың көмегіне сүйенеді. Қосымша зерттеу қорытындыларын алғаннан кейін, емдеуші дәрігер созылмалы периодонт қабынуын қандай сырқаттармен салыстырмалы нақтамалау жүргізу керектігін атап шығып, салыстырмалы нақтамалау жүргізеді. Соңғы нақтамын қояды.

Науқас пен емдеуші дәрігердің, емдеуші дәрігер мен дәрігер рентгенологтың екеуара әңгімелесуі барысында, өзінің қызметкерлерінің іс әрекеттері мен ойы барысын қадағалап, оларды түзетіп, толықтырады.

Тұжырымдаушы мен оқытушы өздерінің карточкаларына белгілемелер жаза отырып, ойында үнсіз бақылайды. Бұл белгілемелер, әр бір өзінің рөлін орындаушының жіберген қателіктері мен екскертулерін бейнелеуі қажет.

Ойын аяқталған соң бірінші болып тұжырымдамашы өзінің ескертулерін атайды. Оқытушы ойынды қорытындылап, әр бір ойыншының, сондай ақ тұжырымдамашының іс әрекетін сараптап, студенттердің білімін бағалайды.