
- •2014 – 2015 Оқу жылындағы жтд бағытында дайындау үшін 6 курс интерндерінің Қорытынды бақылауға арналған медициналық симуляцияның сценариі (2 этап – клиникалық дағдыларды бағалау)
- •«Дәрігерлік амбулаторияда жағдайында орташа ауыр дәрежелі преэклампсияның диагностикасы және жүргізу жоспары»
- •Клиникалық жағдайы бойынша бағалау парағы (check-list)
- •Объективті:
- •«Дәрігерлік амбулаторияда жағдайында орташа ауыр дәрежелі преэклампсияның диагностикасы және жүргізу жоспары» клиникалық жағдайы бойынша жауаптар эталоны
- •Симуляцияның жабдықталуы:
2014 – 2015 Оқу жылындағы жтд бағытында дайындау үшін 6 курс интерндерінің Қорытынды бақылауға арналған медициналық симуляцияның сценариі (2 этап – клиникалық дағдыларды бағалау)
Клиникалық жағдай: Дәрігерлік амбулаторияда жағдайында орташа ауыр дәрежелі преэклампсияның диагностикасы және жүргізу жоспары. (ұзақтығы 15 мин)
Жағдай: Сіз – дәрігерлік амбулаторияның жалпы тәжірибелі дәрігерісіз. Сізге жүкті әйел тексерілуге келді.
Науқасты қарап, анамнез жинаңыз
Зертханалық –аспаптық зерттеулердің көрсеткіштерін интерпретациялаңыз
Диагноз қойыңыз
Науқасты жүргізу тактикасын таңдаңыз
Ақырғы нәтиже (outcomes):
Науқастың жағдайын уақытында, дұрыс диагностикалай білді.
Патологиялық жағдайдың диагностикасын, жүргізу тактикасын және шұғыл көмек көрсету жолдарын білетіндігін көрсетті.
Орындаған дағдылары: науқастың жағдайын бағалау, патологияның ауырлығын анықтау, ұйымдастыратын шаралар.
Науқаспен байланысын жақсартты, науқасқа сенімділікті орната білді.
Преэклампсия кезіндегі шұғыл көмек стандарттарын білетіндігін көрсетті.
«Дәрігерлік амбулаторияда жағдайында орташа ауыр дәрежелі преэклампсияның диагностикасы және жүргізу жоспары»
Клиникалық жағдайы бойынша бағалау парағы (check-list)
№ |
Қадамдарды бағалау критерийлері
|
Балмен бағалау |
||
Дұрыс орындады |
Дұрыс орындамады |
Орындамады |
||
1 |
Шағымдары мен анамнезін жинау. Барлық сұрақтар қойылды ма? |
2,0 |
1,0 |
0 |
2 |
Қауіп факторларын бағалау |
2,0 |
0,5 |
0 |
3 |
Физикалды зерттеуді дұрыс жүргізу – жалпы қарау |
1,0 |
0,5 |
0 |
4 |
Науқасқа акушерлік қарауды дұрыс жүргізді |
2,0 |
1,0 |
0 |
6 |
Алдын ала диагнозды дұрыс қойды |
2,0 |
1,0 |
0 |
7 |
Зерттеу жоспарын тағайындау |
2,0 |
1,0 |
0 |
8 |
Ажырату диагностикасын жүргізу |
2,0 |
1,0 |
0 |
9 |
ЖҚА, ЖЗА қорытындысын интерпретациялау |
1,0 |
1,0 |
0 |
10 |
Диагнозды дұрыс қойды |
2,0 |
1,0 |
0 |
11 |
Ем тактикасын анықтады |
2,0 |
1,0 |
0 |
12 |
Науқаспен оңтайлы қарым-қатынас орнатуы және қорқынышын басуы |
2,0 |
1,0 |
0 |
|
ҚОРЫТЫНДЫСЫ |
|
Максималды балл - 20
Актерға (науқас) арналған сценарий мәтіні және оның ролінің сипаттамасы:
Шағымдары: бас ауру, өзін жайсыз сезіну, әлсіздік, суықтануға ұқсас мұрынның бітелуі, алайда мұрыннан су ағу, дене температурасының жоғарлауы болмаған.
Сұрақтың мәні |
Актер үшін сұрақ құрастыру |
Актердің жауабы |
Төлқұжат бойынша мәліметтерін анықтау |
Қанша жастасыз? Қайда тұрасыз? |
28 жаста, Алматыда тұрам, қалалықпын |
Шағымдары |
Сізді не мақалайды? |
Менің басым ауырып тұр, мұрным бітеліп тұр, жалпы әлсіздік |
Шағымдарын анықтау |
Қызуыңыз көтерілді ма, жөтел мен мұрныңыздан су ақты ма? Жүрегіңіз айнып, құстыңыз? |
Жоқ |
Ауру анамнезі |
Бас ауру мен мұрныңыздың бітелуі қашан пайда болды? Шағымдарыңызды немен байланыстырасыз? |
Кеше басталды. Немен байланыстыратынымды білмеим, мүмкін магнит толқуы шығар |
Ісіктер |
Сізде ісіктер бар ма? Қашан пайда болды? |
Иә, бар. Мен ісінетіндігімнен сақиналарымды шешіп тастадым. Аяғымда да ісіктер бар. Екі апта шамасында |
ҚҚ |
Артериальное давление поднимается? Какое давление было до беременности? До беременности давление поднималось? |
Мен білмейм – өлшеген емеспін. Жүктілікке дейін ҚҚ 110/70 мм ртст болатын. Жоқ, жүктілікке дейін қан қысымым көтерілген жоқ. |
Акушерлік сұрау |
Ұрықтың қозғалуын сезесіз ба? Іш астындағы немесе бел аймағындағы ауру сезім бар ма? Жыныс жолдарынан бөлінділер болды ма |
Ұрықтың қозғалуын сезем. Ауру сезім мен бөлінділер жоқ |
Гинекологиялық анамнез |
Етекккір қанша жасыңыздан бері, қанша күннен, қанша күн аралық салып келед, ауру сезіммен ба, қанша қан жоғалтасыз? Неше жасыңыздан бері жыныстық қатынастасыз? |
Етеккірім 12 жастан, арасы 30 күн, 3-4 күн болад, қалыпты, ауру сезімсіз. 20 жасымнан бастап жыныстық қатынастамын |
Акушерлік анамнез |
Қанша жүктілік, босану, түсік тастау, аборт болды? Түсік тастауды немен байланыстырасыз? Түсіктен кейін қаралдыңыз ба? Екінші рет қанша уақыттан кейін жүкті болдыңыз? |
Алдынғы жылы 10-11 апта мерзімінде түсік тастадым, бұл жүктілік екінші. Неге түсік тастағанымды білмейм. Түсіктен кейін тексерілген жоқпын. Түсік тастағаннан кейін екі айдан кейін жүкті болдым. |
Анамнезінде: кешелі бері жағдайы нашарлаған, бас ауруы мен мұрын бітелу басталғалы бері, өзін өзі нашар сезіну, әлсіздік