Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Геометрия 11 класс.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.59 Mб
Скачать

1.Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылардың сабаққа дайындығы және оқу бөлмесінің, ақпараттық техниканың дайындығы тексеріледі. Оқушылармен сәлемдесу.

2.Үй тапсырмасын тексеру

Үй есебінің орындалуын тексеружәне шығару жолын талдау.

3.Жаңа тақырыпты түсіндіру

  1. Пирамиданың анықтамасы

  2. Пирамиданың элементтері

  3. Дұрыс пирамиданың анықтамасы

  4. Пирамиданың апофемасының анықтамасы.

  5. Пирамиданың диагоналдық қимасы

4.Есептер шығару

7, №8, №9

5.Бекіту

  1. Пирамида деп қандай фигураны атайды?

  2. Пирамиданың элементтерін атаңдар?

  3. Дұрыс пирамида деп қандай пирамиданы айтады?

  4. Пирамиданың апофемасы дегеніміз не?

6. Үй тапсырмасы: 3.1. тақырып. Сұрақ 1-3. №10

Сабақ №___

Күні:______

Сынып:_11___

Тақырыбы: Қиық пирамида.

Мақсаты:

  1. Көпжақтардың қималары туралы ұғымды және олардың салу әдістерін меңгеру бойынша оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыру.

  2. Кеңістікті елестету арқылы бейнелеу дағдыларын, талдау жасай білу, жалпылау, жүйелеу және қорытынды жасай алу біліктерін дамытуға жағдай жасау.

  3. Оқушыларды белсенді танымдық іс-әрекетке жұмылдыру арқылы пәнге деген ынтасын, қызығушылығын арттыруға, кәсіби бағдар беруге мүмкіндік туғызу.

Типі: Жаңа сабақ.

Сабақтың көрнекілігі: түрлі сызбалар

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылардың сабаққа дайындығы және оқу бөлмесінің, ақпараттық техниканың дайындығы тексеріледі. Оқушылармен сәлемдесу.

2.Өтілген тақырыпты қайталау

Үй есебінің орындалуын тексеружәне шығару жолын талдау.

  1. Пирамида деп қандай фигураны атайды?

  2. Пирамиданың элементтерін атаңдар?

  3. Дұрыс пирамида деп қандай пирамиданы айтады?

  4. Пирамиданың апофемасы дегеніміз не?

3.Жаңа тақырыпты түсіндіру

Қиық пирамиданың анықтамасы

Қиық пирамиданың элементтері

Дұрыс қиық пирамиданың анықтамасы

Дұрыс қиық пирамиданың апофемасының анықтамасы.

4.Есептер шығару

11, №12

5.Бекіту

Қиық пирамиданың деп қандай пирамиданы айтады?

Қиық пирамиданың қандай элементтерін білесіңдер?

6. Үй тапсырмасы: 3.3. тақырып. Сұрақ 4-5. №13

Сабақ №__

Күні:______

Сынып:_11___

Тақырыбы: Пирамиданың жазбасы. Прамида бетінің ауданы.

Мақсаты:

1. Оқушларға көпжақтардың бүйір және толық бетінің ауданы тақырыбына есептер шығарту

2.Оқушылардың есеп шығару дағдысын қалыптастыру.

3. Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту

Типі: Білім мен икем дағыдыны бекіту сабағы

Көрнекілігі: Сызбалар, тест парағы

Сабақтың барысы:

Үй тапсырмасын тексеру

1).Үй есебінің орындалуын тексеру

2). Бақылау сұрақтары:

  1. Қиық пирамида деген не?

  2. Қиық пирамиданың толық бетінің ауданы неге тең?

  3. Қиық пирамиданың осьтік қимасы қандай фигураны береді?

  4. Пирамиданың осьтік қимасы қандай фигураны береді?

Жаңа тақырып:

Пирамиданың жазбасы

Пирамиданың бүйір бетінің ауданы

Дұрыс пирамиданың бүйір бетінің ауданы

Қиық пирамиданың бүйір бетінің ауданы

Есептер шығарту.

Есептер жинағынан

1 есеп. Дұрыс үшбұрышты пирамиданың бүйір бетінің ауданы 96 см2- қа тең, ал толық бетінің ауданы 112 см2. Пирамиданың табанының қабырғалары мен биіктігін табыңдар.

3 есеп. Табаң қабырғалары 10 см және 2 см , биіктігі 3 см – ге тең дұрыс қиық пирамиданың бүйір беті мен толық бетінің ауданын табыңдар

Шағын тест

1.Төртбұрышты дұрыс қиық пирамиданың табандарының қабырғалары 4 см және 6 см тең. Егер бүйір қыры үлкен табанымен 450 бұрыш жасайтын болса, диагональдық қиманың ауданын табыңыз.

а) 12 см2 в) 10 см2 с) 20 см2 д) 95 см2 е) 13 см2

Бекіту

Призма мен пирамиданың айырмашылығы мен ортақ қасиеттерін ата?

Үйге тапсырма беру: