Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Геометрия 11 класс.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.59 Mб
Скачать

Сабақтың жоспары:

1. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың сабаққа даярлығын, құрал – жабдықтарының болуын қадағалау және топтарға бөліп отырғызу.

2. Үй тапсырмасын тексеру.Оқушының жан – жақты білімін тексеру:

3. Қайталау. Үшбұрыштың негізгі сызықтары: биіктігі, медиана, биссектриса, орта перпендикуляр, орта сызық Үшбұрыштың төрт тамаша нүктеcі

Кез келген үшбұрышта бір нүктеде қиылысатын:

1. Үш медиана.(медианалардың қиылысу нүктесі үшбұрыштың ауырлық центрі болып табылады, ол әрбір медиананы, төбесінен санағанда, 2:1 қатынасындай етіп бөледі.)

Медианалардың қиылысу нүктесі үшбұрыштың ауырлық центрі болып табылады.

2.Үш орта перпендикуляр (олардың қиылысу нүктесі үшбұрышқа сырттай сызылған шеңбердің центрі болып атбылады.)

Үш орта перпендикуляр қиылысу нүктесі үшбұрышқа сырттай сызылған шеңбердің центрі болып атбылады.

3. Ішкі бұрыштардың үш биссектрисасы(олардың қиылысу нүктесі үшбұрышқа іштей сызылған шеңбердің цнтрі болып табылады.)

Биссектрисаларның қиылысу нүктесі үшбұрышқа іштей сызылған шеңбердің центрі болып табылады.

4. Үш биіктігі (немесе олардың созындылары.)

4. Есептер шығару

  1. Тік бұрышты үшбұрыштың тік бұрышының биссектрисасы гипотенузаны 1:3 қатынаста бөледі. Гипотенузаны биіктік қандай қатынаста бөледі. Жауабы: 9:1

  2. АВС үшбұрышының ВС қабырғасына орта перпендикуляр АС қабырғасын Д нүктесінде қияды. Егер ВД=5 см, АС=8,5 см болса, онда АД мен СД-ны табыңдар. Жауабы: АД=3,5 см, СД=5 см

  3. АВ=АС=10 см, ВС=16 см болатын АВС тең бүйірлі үшбұрыштың медианаларының қиылысу нүктесінен ВС қабырғасына дейінгі қашықтықты табыңдар. Жауабы: 2,5 см

  4. Қабырғалары 25, 25, 14 см-ге тең болатын үшбұрыштың медианаларының қиылысу нүктесінен үшбұрыштың төбелеріне дейінгі қашықтықтарды табыңдар. Жауабы: 16 см,

  5. Тең бүйірлі үшбұрыштың медианаларының қиылысу нүктесіне дейінгі қашықтықтар 25, 14 және 25 см-ге тең. Үшбұрыштың қабырғаларын табыңдар. Жауабы: 48 см,

Үйге:

Оқушыларға сабаққа қатысқанына сай баға қою.

Сабақ №__65__

Күні:______

Сынып:_11___

Тақырып: Қайталау. Стереометрия аксиомалары және олардың кейбір қарапайым салдар.Түзулер мен жазықтықтардың параллельдігі.

Мақсаты:

а)қарапайым математикалық ұйғарымдарды дәлелдеу үшін аксиома,оның салдарын және паралель және айқас түзулер шардың белгілерін,түзу мен жазықтықтың паралельдік белгісін қолдана білу дағдысын қайталау.

б)Оқушыларға сызба салуда ұқыптылыққа, сауаттылыққа, яғни эстетикалық тәрбие беру;

в)Оқушылардың абстрактылы ойлау қабілетін дамыту;

Типі: Қайталау сабақ.

Сабақтың көрнекілігі:а)түрлі сызбалар

Оқыту әдісі: Практикалық жұмыс