Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Геометрия 11 класс.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.59 Mб
Скачать

Vі. Бекіту сұрақтары

1) Шеңбер элементтері: центр, радиус, диаметр, хорда, доға, жанама

2) Шеңбер мен түзудің орналасуы һ > r, h < r, h = r

Vііі. Бағалау

ІX. Үйге тапсырма:

1. Шеңбердің радиусы 2,5 см-ге тең. Шеңбер хордасы 6 см- ге тең болуы мүмкін бе?

( Д = 5 см, хорда 6 см болуы мүмкін емес)

2. Өзара перпендикуляр хордалар бір-бірін 5 см және 7 см кесінділерге бөледі. О нүктесінен хордаға түсірілген перпендикулярды табыңдар.

3. АВ және СД центрі О болатын шеңбердің диаметрі. Егер СВ = 13 см,

АВ = 16 см болса, АОД үшбұрышының периметрі неге тең болады?

Сабақ №__52__

Күні:______

Сынып:_11___

Сабақтың тақырыбы: Бір есепті шығару сабағы

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Планиметрия курсын қайталау және ол есепті әртүрлі тәсілдермен шығару барысында жүйелеу.

Дамытушылық: Ой қорытындылау, логикалық ойлау қабілетін дамытуға жетелеу.

Тәрбиелік: Ұқыптылық пен байқағыштыққа тәрбиелеу.

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылардың сабаққа дайындығы және оқу бөлмесінің, ақпараттық техниканың дайындығы тексеріледі. Оқушылармен сәлемдесу.

II.Үй тапсырмасын тексеру

Үй есебінің орындалуын тексеру және шығару жолын талдау.

ІII.Қайталау, шолу сұрақтарына жауап алу.

- Пифагор теоремасы

- Герон формуласы

- косинустар теоремасы

- трапеция ауданының формуласы

- үшбұрыштар ұқсастығы

ІII. Есептер шығару

№1. Есеп: Табандары 15 см, 5 см, ал бүйір қабырғасы 8 см және 6 см болатын трапецияның ауданын табыңдар.

4 топқа әртүрлі тәсілдер берілген және есептің шығарылу жоспары көрсетілген карточка беріледі.

1 Пифагор теоремасы

1. ∆ АВH үшбұрышын қарастырамыз. АВ=6 c , AH=x, BH-ны пифагор теоремасы арқылы өрнектейміз.

2. СЕD тік бұрышты үшбұрышын қарасытрамыз. СD=8см, DE=(10-x)см

Пифагор теоремасы арқылы СЕ-ны өрнектейміз.

3. ВН=CE, x-ке қатысты теңдеу құрамыз.

4. Трапецияның біктігін табамыз.

5. Трапецияның ауданын табамыз.

2. Герон формуласы

  1. СЕ││АВ қосымша сызық жүргіземіз.

  2. 2. АВСЕ – параллелограмм.

  3. 3. СЕД үшбұрышын құрастырамыз. Герон формуласы боцынша аудан табамыз.

  4. 4. Үшбұрыштың табаны мен ауданы арқылы биіктігін табамыз.

  5. Трапецияның ауданын табамыз.

3. Үшбұрыштар ұқсастығы

1. АВ, СD қабырғаларының созындысын жүргізіп, АВ∩СD=E нүктесін белгілейміз.

2. АЕD және ВЕС үшбұрыштарын құрастырамыз.

3. Бұл үшбұрыштар ұқсастығымен ВЕ және ЕС табамыз.

4. Герон формуласымен АЕD үшбұрышының ауданын табамыз.

5. Герон формуласымен ВЕС үшбұрышының ауданын табамыз.

6. Трапеция ауданын табамыз

.№4.

  1. ВС және АД параллель түзулерін және ВД қиюшыны қарастырамыз.

  2. 2. ∟ВДН - ∟ДВС, бұдан шығатыны, соs∟BDH=cos∟DBC.

  3. BD=x деп белгілейік.

  4. ВДС үшбұрышын қарастырамыз. ДВС бұрышын косинустар теоремасы бойынша өрнектейміз.

  5. ВДА үшбұрышын қарастырамыз. ВДН бұрышын косинустар теоремасы арқылы өрнектейміз.

  6. х-айнымалыға қатысты теңдеу құрамыз.

  7. Герон формуласымен АВД-үшбұрыш ауданын табамыз.

  8. Герон формуласымен ВСД үшбұрышының ауданын табамыз.

  9. Трапецияның ауданын табамыз.

ІV. Тақтада.

Әр топ жетекшісі өз тәсілімен тақтада шығару керек, және түсіндіруі қажет.

V. Өз бетінше жұмыс.

Есеп: Табандары 10 см, 24 см, ал бүйір қабырғалары 13 см және 15 см трапеция берілген. Трапецияның биіктігін және ауданын табыңдар. (кез келген әдіспен шығаруға болады.) Жұмыстары тексерілініп бағаланады.

VІ.Үйге: АВСД трапециясының бүйір қабырғалары 8 см және 10 см, ВС табаны 2 см. АДС бұрышының биссектрисасы АВ қабырғасының ортасы арқылы өтеді. Трапеция ауданын табыңдар.