- •Қазақ-жоңғар соғыстары
- •«Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама»
- •Қазақтардың жеңілу себептері
- •Жоңғар агрессиясының салдарлары
- •Қазақ халқының күш біріктіре бастауы
- •Бұланты шайқасы
- •Билік үшін бақталас күрес және біртұтас халық майданының ыдырай бастауы
- •Қазақ халқының жоңғар шапқыншылығына қарсы күресінің тарихи маңызы
Қазақ халқының жоңғар шапқыншылығына қарсы күресінің тарихи маңызы
Сонымен XVIII ғасырдың екінші ширегінің бас кезінде қазақ халқы өз азаттығы жолындағы Отан соғысын жүргізді. Жалпы-қазақтық біріккен әскери жасақ жоңғарбасқыншыларына ұйымдасқан түрде үсті-үстіне соққы бере бастады. Мұның өзі көбінесе қазақтың үш жүзінің, бүкіл қазақ халқының күш-жігер біріктіруінің арқасында мүмкін болды. Қазақ халқын түгелдей қырып жіберу қаупі ел билеушілерін бұрын болған алтыбақан алауыз ырың-жырынды ұмытуға, бас қоса бірігіа, жоңғар әскерлеріне үсті-үстіне соққы беруге мәжбүрлікпен жұмылдырды. Қазақтың билеушілері, билері мен батырлары қазақ мемлекеттілігін қалай да сақтап қалуға күш-жігерін барынша аямай жұмсады. Бұланты және Аңырақай шайқастарықазақ сарбаздарының жауынгерлік рухын күшейтіп, аспандата биікке көтерді. Ол шайқастардағы жеңіс халық болып топтасқанда кез келген күшті жауды жеңіп шығуға болатынын айқын көрсетіп берді. Оның үстіне, қазақ сарбаздары жоңғар әскерлерінің жеңіліс атаулыны білмейтіні жөніндеп жалған аңыздың күлін көкке ұшырды. Бұл соғыста қазақ халқының туыскан қарақалпақ және кырғыз халықтарымен жауынгерлік одағын құрудың негізі қаланды. Соны-мен қатар бұл кезде, XVIII ғасырдың 30-жылдарының бас кезінде, билік жолындағы тақ таласы қазақтардың күшін ыдыратуға тағы да алып барып соқты, олар ақыр аяғында елдің тәуелсіздігінен айырылып тынды.
Пайдаланылған әдебиеттер 1. Ч. Мусин /Қазақстан тарихы/ Оқулық, 3-ші басылым. Алматы, 2005 2. «Қазақстан тарихы очерктер» Алматы, «ДӘУІР» баспасы 1994 3. Е. Аққошқаров /Қазақ тарихынан/ Алматы, Жалын 1997
