Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
praktika_otchet_durysy.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.2 Mб
Скачать

3 Сғзж бойынша тапсырма: мекеме сұранысына байланысты есептеу жүргізу

Ал енді мәліметтер базасымен жұмыс жасамас бұрын, біз оның каталогын құрып алайық. ДБ-ның айқын басымдылықтары мен объективті алғы шарттары оның кең түрдегі қолданысына әкелді. Оны қолданудың алғы шарттарына келесілер жатады:

  • нақты өмірдің объектілері өзара күрделі қарым-қатынаста болады. Бұның бәрі олардың ақпараттық көрінісі өзара байланысқан бір бүтінді қалыптастыруды талап етеді;

  • әртүрлі пайдаланушылардың ақпараттық қажеттіліктері өзара қиылысады, ал бұл бір мәліметтер базасын қолдануды және әртүрлі пайдаланушылардың оған кіру мүмкіндігін бір мақсатты қылады;

  • ақпараттық қорды құру мен жүргізу функциялары мен қажетті мәліметтерді ұсыну әртүрлі тапсырмаларды шешуге универсалды және жалпы болып табылады. Мәліметтерді басқару үшін мамандандырылған программалық жабдықтарды құру бұл функциялардың орындалу деңгейінің өсуі мен ақпараттық жүйелерді құрудың еңбек сыйымдылығының қысқаруына әкеледі;

  • техникалық және программалық қамтамасыз етудің дамуының қазіргі заманғы деңгейі, ақпараттық жүйелерді құру теориялары мен практикасы тиімді ДБ-ны құруға мүмкіндік береді;

Деректер базасын жіктеу. Мәліметтер арасындағы байланыстарды орнату әдістері бойынша былайша ажыратылады: реляциялық, иерархиялық және желілік ДБ.

Реляциялық ДБ кесте түрінде мәліметтерді ұсынудың қарапайым және әдеттегі формасы болып саналады. Көптеген теориялар ішінде кестеге қатынас (relation) термині сәйкес келеді және ол ДБ-ға осы атты берген. Ол үшін дамыған математикалық аппарат – біріктіру, алу, азайту, қиылысу, қосу және т.б. сияқты математикалық операциялар айқындалатын реляциялық есептеу мен реляциялық алгебра.

Осы типтегі ДБ жасауға американдық ғалым Е. Кодд елеулі үлес қосты.

Реляциялық ДБ-ның жақсы қасиеті – оны қолдаудың аспаптық құралдарының салыстырмалы қарапайымдылығы, кемшілігі – мәліметтер құрылымының катардағы (ерікті ұзындық кестесінің жолдарын берудің мүмкін еместігі) және оның жұмысы жылдамдығының мәліметтер базасы мөлшеріне тәуелділігі. Мұндай ДБ-ға белгіленген көптеген операциялар үшін барлық ДБ қарау қажетті болуы мүмкін.

Microsoft SQL Server – бұл клиент-серверлік реляционды дерекқорды басқаратын жүйе. Бұл жүйе жұмысын систем Microsoft Windows операциондық жүйеде басқарады. Microsoft SQL Server (MS SQL Server) келесі операциондық жүіелерді қолдайды Windows Server 2003, Windows Server 2008, Windows XP, WindowsVista. MS SQL Server құрамында серверлік және клиенттік бөлімдер бар. Бірақ қызметтер құрамы нұсқауларына тәуелді. MS SQL Server алты нұсқауы бар: Enterprise Edition. Бұл нұсқауда ірі жүйелердегі максималды мүм-кіндіктер бар. Мұнда басқа нұсқауларда жоқ 60-тан астам функциялар бар, мысалы: резервті көшірмелер мен деректерді қысу, Resources Governor ресурстарын басқаратын утилиттер; Standard Edition. Enterprise нұсқауының мүмкіндігі талап етілетін орташа жүйеде қолдануға арналған. Аналитикалық және есеп беруді құрудағы базалық мүмкіндіктері бар;

Workgroup Edition. Кәсіпорын филиалдарында орнатуға және де-ректерді басқару құралын, есеп беруді құру, қашықталған синхронизайияларды және басқаруларды ұсынады;

Web Edition. Интернетпен жұміс істегенге ыңғайлы, клиенттерге кең масштабты веб-қосышаларға қатынас құруға мүмкіндік береді;

Express Edition. Ақысыз нұсқа. Үйрену үшін және кіші серверлік қосымшаларды құру үшін ыңғайлы;

Compact Edition. Ақысыз нұсқа. Автономды немесе аз байланысы бар ұялы құрылғыларға, ПК және Microsoft Windows кез келген нұсқасымен жұмыс жасайтын веб-клиенттер үшін өте тиімді.

Microsoft Visual Studio — Майкрософт компаниясының өнімдер тізбегі, құрамына біріктірілген өңдеу ортасы бағдарламалық жасақтамасы және басқа да аспаптық (инструменталды) құралдар кіреді. Аталған өнімдер консольдік қосымшалармен қатар қолданбалы бағдарламалық жасақтамалары да кіреді, мысалы қолданушының графикалық интерфейсі жасақтамасы, сонымен қатар Windows Forms технологиясын қолдану арқылы да, және веб-сайт, веб-жасақтамалар, веб-қызметтер Машинелік кодында және басқа Басқарылатын код арқылы да Microsoft Windows, Windows Mobile, Windows CE, .NET Framework, .NET Compact Framework и Microsoft Silverlight қолданатын барлық платформаларға.

Компоненталары

Visual Studio келесі өнімдердің бір немесе бірнеше компоненталарын өз бойына алған (қамтиды):

  • Visual Basic .NET, оған дейін — Visual Basic

  • Visual C++

  • Visual C#

  • Visual F# (Visual Studio 2010ға енген)

Тапсырыстың көп нұсқалары келесі өнімдерді өз бойына қамтиды:

  • Microsoft SQL Server немесе Microsoft SQL Server Express

Өткен уақытта Visual Studio құрамына келесі өнімдер кірген:

  • Visual InterDev

  • Visual J++

  • Visual J#

  • Visual FoxPro

  • Visual Source Safe — файл-серверлік версияларды басқару жүйесі

4 Техника қауіпсіздігі, еңбекті қорғау және өртке қарсы іс-шаралар тапсырмасы

Қазақстан Республикасының «Еңбек кодексі» туралы заңы 2007 жылы 15 мамырда жарияланды.Осы Кодекс азаматтардың Қазақстан Республикасындағы еңбек бостандығына конституциялық құқығын iске асыру процесiнде туындайтын еңбек қатынастарын реттейдi. Осы Заңда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

Еңбек - адамдардың өмiрi үшiн қажеттi материалдық, рухани және басқа да құндылықтар жасауға бағытталған адам қызметi;

Зиянды (өте зиянды) еңбек жағдайлары - белгiлi бiр өндiрiс факторларының әсер етуi қызметкердiң жұмыс қабiлетi төмендеуiне немесе ауыруына, не оның ұрпақтарының денсаулығына терiс ықпал етуiне әкеп соғатын еңбек жағдайлары;

Қауiптi (өте қауiптi) еңбек жағдайлары - белгiлi бiр өндiрiс акторларының әсер етуi еңбектi қорғау ережелерi сақталмаған жағдайда қызметкер денсаулығының кенеттен күрт нашарлауына немесе жарақаттануына, не оның қайтыс болуына әкеп соғатын еңбек жағдайлары;

Өндірістегі қауіпті және зиянды факторларды талдау.

Жұмыс орнын тазалау жұмыстары мен жөндеу жұмыстарында құрылғылардың орнын ауыстыру немесе пайдалану барысында жұмысшылар мен қызметкерлер төмендегі бекітілген ережелерді қадағалау керек. Себебі, бұндай жұмыстарда техникалық құрылғыларға үлкен шығын әкеледі, ал ең бастысы адамның өміріне қауіп келтіру мүмкін.

Қауіпті және зиянды өндірістік факторлар табиғатта келесі топтардан тұрады: физикалық, химикалық, психофизиологиялық, биологиялық.

Бағдарламалаушы-операторға бөлмеде келесі теріс физикалық факторлар әсер етуі мүмкін: ауаның температурасы көтерілуі немесе пәсейіп кетуі, ауаның газдандырылып немесе шаң- тозаңның көтерілуі, ауаның ылғалдылығы көтерілуі немесе пәсейіп кетуі, жұмыс орынның жарықпен аз қамтылуы, иондалған сәулелердің максималды сатысы, электормагниттік өрістің максималды сатысы, статикалық энергияның максималды сатысы, энергиялық токтың зақымдалу қауіптілігі, экран дисплейдің сұрланып кетуі.

Бағдарламалаушыға әр дайым әсер ететін қауіпті химиялық факторына компьютерде жұмыс істеу барысында ионизацияланған ауадан белсенді бөлшектердің пайда болуы жатады.

Ал бөлмеге әсер ететін биологиялық зиянды өндірістік фактор жоқ.

Психологиялық зиянды факторға, оператордың жұмыс сменасы барысында мынаны жатқызамыз: көңіл-куй-жүйкенің тозуы; мидың шаршауы; көз анализатордың шаршауы және т.б.

Ультракүлгін сәулесін азғана қабылдауға болады, ал егер оның көп дозасын қабылдаса, ол терінің дерматитке, бас ауруына, көз ауруына алып келеді. Инфрақызыл сәулелер адам терісін күйдіріп жібереді, көз хрустальін зақымдайды, және дене температурасын көтереді.

Кейбір жағдайда электромагниттік өрістерінің қысым сатысы қауіп тудыру мүмкін. Экран және монитор корпусынан 5-10 см аралығында қысым өлшемі 140 В/м –ге дейін барады. Бұл СанПиН 2.2.2. 542-96: «Санитарлық ережелер және норма» стандарттан асып кетеді.

Жоғарыдағы айтылған факторлардың алдын алу үшін және оларды төмендету үшін келесі ережелерді ұстау керек:

  1. Статикалық электрдің деңгейін төмендету үшін дисплейдің экранын оператордың көзінен 550-700 мм кем емес қашықтықта орналастыру керек.

  2. Дисплей экранының жарықтандыруын төмендету үшін оны терезелерден немесе электржабдықтардан жарық ағынына перпендикуляр орналастыру керек.

  3. Қажет жағдайларда жасанды жарық немесе үстелдік шамды қосу керек;

  4. ЭЕМ компьютері қосылғанда оның тек қана штепсельдік колодкаларынның оңашалау бөліктерінен ұстау. Дербес ЭЕМ блоктарын рет-ретімен қосу үшін пайдалануға арналған нұсқауын ұстау керек;

  5. Статикалық электр разрядының туындауынан сақтау үшін дисплейдің экран бетін ұстауға рұқсат етілмейді;

  6. Компьютерде жұмыс істеу ұзақтығы 4 сағаттан аспауы керек. Әр 2 сағат ішінде 10 минуттік үзіліс жасау және түскі астан кейін физикалық жаттығулар, аутогендік жаттығулар және арнайы гимнастика жасау керек;

  7. ЭЕМ блогының қақпағын және сақтандырғыш кожухтарды алуға, ішкі бөліктерді сүртуге, желілерді ауыстыруға рұқсат етілмейді;

  8. ЭЕМ блогының басқа құрылғыларды қосатын шнурларды ауыстыруға болмайды;

  9. Жұмыс орнының орнатылған кескін үйлесімін өзгертуге, сулы шашықпен сүртуге, дербес ЭЕМ блогтарын ауыстыруға болмайды.

Техникалық қауіпсіздік.

Өндірістегі есептеуіш техника бөлмелерінде қауіптілігі жоғары ауыр аппараттар, компьютерлер, принтер және т.б. орнатылған. Бұл техникалық жүйелер әрдайым, қамқорлықты және дұрыс жұмыс істегенді талап етеді.

Жұмыс кезінде қауіпсіздікке қойылатын талаптар:

  • Өрт қауіпсіз ережелерін білу;

  • Техникалық қауіпсіздік ережелерін білу;

  • Бөлменің техникалық жарықтандырудың техникалың қауіпсіздік нұсқауын білу;

  • Құрылғыларды пайдалану кезінде, электрқұрылғылармен жұмыс істеуде қауіпсіздік ережелерін білу және оларды ұстау.

Компьютер құрылғысына қойылатын талаптар:

    • Компьютер құрамына кіретін арнайы желілік кабельдерді қолдануға рұқсат етілмейді. Басқа кабельдерді қолданған жағдайда оның берілген стандартқа сәйкес екендігіне көз жеткізу керек;

    • Желілік кернеу жағдайында қосыталын және желілік кабельдердің қосуға және алмастыруға рұқсат етіледі;

    • Желілік кернеу қосу тек қана желілік кабельдердің қатесіз қосылған жағдайда рұқсат етіледі;

    • Құрылғының разъемдары және сымтетіктері механикалық зақымдалудан сақтану керек;

    • Статикалық кернеуді тудыратын компьютердің пернетақтаның үстіне ешқандай жамылғыны жаймау керек.

Жұмыс алдында жүргізілетін қауіпсіздік шаралары.

  • Күнделікті жұмыс алдында бөлмелерде тазалық жүргізілуі қажет, яғни видеотерминалдардың корпустары мен экрандары ылғалды әдіспен сүртіледі. Аспаптармен қосылатын сымдарда, ток көзін қосу кезінде, көрінетін зақым келтіруші заттардың (қателікті болдырмау) жоқ болуына көз жеткізуіміз қажет. Қателік болған жағдайда, басқарушыға алдын-ала ескерту қажет.

  • Жұмыс алдында, ток көзі өшіп қалған кезде, басқарушы ішкі тексеріс барысында (бөлмеде) зақым келтіруші құрылғылардың жоқтығына көз жеткізуі тиіс.

  • Ток көзінің сымдары стол астында немесе жанында ілініп тұрмауы қажет және де абайсызда адам аяғы сымдар мен электр розеткілеріне тиіп кетуіне жол берілмеуі тиіс.

  • Есептеуіш техника бөлмелерінде оптималды ауа температурасы 19-21оС құрайды. Жіберілетіні 18-22 оС. Жұмыс алдында және де жұмыс біткеннен кейін кабинетті тазартып отыру қажет.

Жұмыс барысындағы қауіпсіздік шаралары.

  • Жұмыс барысында, ток көзін іске қосқанда байланысатын сымдарды қосып, өшіруге (розьемы соединительных проводов) жөндеу жұмыстарын жүргізуге, есептеуіш техника желілерін (средства)қараусыз тастап кетуге, предохранителді алмастыруға рұқсат етілмейді.

  • Басқарушы, есептеуіш техника желілері (средства) өзінің тура бағытында жұмыс істегенін қадағалау қажет және де сонымен қатар олардың жұмыс шарттары мен режимдері тасымалдаудың нұсқауларына сай болу керек.

  • Жұмыс барысында жұмысшы бөлмені қараусыз қалдырмауы қажет, ал үзіліс уақытында бөлмені жауып қоюы қажет.

  • Есептеуіш техниканың ережелеріне профилактикалық жөндеу жұмыстары уақтысында жүргізіліп тұру тиіс. Профилактикалық жөндеу жұмыстары жұмысшының қатысуымен жүргізіледі.

  • Есептеуіш техника ережелеріне жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан жерде, есептеуіш техника бөлмесінде кемінде 2 адам болуы қажет.

  • Жұмыстың орындалуы және табылған немесе жөндеуге жарамсыз бөлімдер «Жөндеу және профилактика» журналына тіркеледі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]