- •Мазмұны
- •1.3 Жылжымайтын мүліктің нарықтық құнын бағалау әдістері және салыстырмалы сату әдісін тәжірибелік қолдану
- •4 Жылжымайтын мүлік нарығының маркетингісі
- •1.4.1 Жылжымайтын мүлік нарығын сегменттеу
- •2 «Бион» жшс ақпараттық жүйесін жобалау
- •2.1 Мекеменің мәліметтер базасын құру
- •3 Сғзж бойынша тапсырма: мекеме сұранысына байланысты есептеу жүргізу
- •Қорытынды
2 «Бион» жшс ақпараттық жүйесін жобалау
Мәліметтер базасы кейбір қолданбалы ақпараттық жүйеде қолданылатын деректерді қамтиды. Мысалы: ’Сирена’ немесе ’Экспресс’ авиа және теміржол билеттерін сату системасы. Мәліметтердің ұйымдастыру түріне байланысты мәліметтер базасындағы деректердің негізгі модульдері келесі түрде болады:
иерархиялық
желілік
реляциялық
объекті-бағытталған
Иерархиялық модельде деректер ағаштәріздес (иерархиялық) құрылым түрінде беріледі. Деректердің осындай ұйымы иерархиялық реттелген ақпараттармен жұмыс жасағанда ыңғайлы, бірақ қиын логикалық байланыстармен жұмыс жасағанда иерархиялық модель әлсіз .
Желілік модельде деректер ерікті граф түрінде ұйымдастырылады. Желілік модельдің кемшілігі болып, құрылымының қаттылығы және оны ұйымдастырудың қиындылығы болып табылады. Сонымен қатар, иерархиялық және желілік модельдерінің кемшіліктерінің бірі болып, деректер құрылымының деректер базасын жобалау кезінде берілуі және деректерге қатынау барысында өзгертуге келмейді.
Объекті-бағытталған модельде мәліметтер базасының жазбасы объект түрінде беріледі. Объекті-бағытталған модель желілік және реляциялық модель ерекшеліктерін қамтып, күрделі мәліметтер базасын құруда пайдаланылады.
Деректер базасын құрайтын кестелер қатты дискідегі каталогта тұрады. Кестелер файлдарда сақталып , бөлек құжаттарға немесе электрондық кестелерге ұқсас. Кестелерді көшіруге, орнын ауыстыруға болады. Бірақ, құжаттарға қарағанда, деректер базасының кестелері көпқолданбалы қатынау режимін қолдайды, яғни бірнеше қолданбалармен бірмезгілде қолданылуына болады. Бір кесте үшін ( деректер, кілттер, индекстер т.б құрайтын ) бірнеше файлдар жасалады. Осылардың ішінде негізгісі болып кестенің атымен аталатын деректер файлы болып есептеледі. Кестені таңдағанда, әсіресе оның негізгі файлы таңдалады. Мыс: dBase кестесі үшін кеңейтіндісі DBF болатын файл, ал Paradox кестесі үшін DB кеңейтіндісі болып табылады. Деректер базасының әрбір кестесі жолдан және бағаннан тұрады, бір типті объектілердің ақпараттық жүйелер деректерін сақтауға негізделген.
Өріс мүмкін болатын типтің деректерін қамтиды. Кестенің негізін оның өрісінің сипаты құрайды. Әрбір кестенің кем дегенде бір өрісі болуы тиіс. Кестенің құрылымдық түсінігі өте кең және оның құрамына кіретіндер:
өріс сипаты
кілт
индекс
өрістің мәтініне шек қою
кестелер арасындағы біртұтастықты сақтау
парольдер
Кестені құрғанда кестенің аты және құрылымы беріледі. Кестенің атын өзгерткенде кесте және оның файлдары жаңа атқа ие болады. Бұл үшін деректер базасының кестелерімен жұмыс істейтін арнайы программалар қолданылады. Мыс: Database немесе Data Pump. Дискіден кестені жойғанда, оның барлық файлдары да жойылады.
2.1 Мекеменің мәліметтер базасын құру
Ал енді мәліметтер базасымен жұмыс жасамас бұрын, біз оның каталогын құрып алайық. Ол каталог бізде С:\akerke. Деректер базасын құру DatabaseDesktop (DBD) утилит көмегімен іске асырылады. DBD утилит көмегімен кестені құруға және оның құрылымын өзгертуге, оның біріншілік кілттерін және индекстерін, жазбалар құру және өзгертулер жасауға болады.Компоненттер парағы. Деректер базасының қолданбасын құруда қолданылатын компоненттерді қарастырайық. Деректер базасымен жұмыс істегенде қолданылатын компоненттер Data Access, Data Control, Midas, Decision Cube, Rave және InterBase парақтарында орналасады. Data Access парағында деректерге қатынауды ұйымдастыратын визуалды емес компоненттер орналасады:
DataSource – деректердің басы
Table – ДБ кестесіне негізделген деректер жинағы
Query – SQL – сұранысқа негізделген деректер жинағы
StoredProc – серверде сақталатын процедураны шақыру
DataBase – ДБ қосылу
Session – ДБ жұмысының ағымды сеансы
BatchMove – топ жазбалармен операцияларды орындау
Update – деректер жиынтығын модификациялау
NestedTable - қойылған кесте
Data Controls парағында деректерді басқаратын визуалды компоненттер орналасады:
BGrid – кесте
DBNavigator – навигациялық интерфейс
DBText – жазба
DBEdit – бірқатарлы редактор
DBMemo – көпқатарлы редактор
DBImage – графиктік көрініс
DBListBox – қарапайым тізім
DBComboBox – комбинацияланған тізім
DBCheckBox – тәуелсіз ауыстырғыш
DBRadioGroup – тәуелді ауыстырғыш топтары
DBLookupListBox – басқа өріс деректерінің қарапайым тізімі
DBLookupComboBox – басқа өріс деректерінің комбинацияланған тізімі
DBRichEdit – толық функционалды тестілік редактор
DBCtrlGrid – модификацияланған кесте
DBChart – диаграммма
Midas парағында қашық деректер базасын басқаратын визуалды
компоненттер орналасады :
ClientDataSet – клиенттік деректер жинағы
DCOMConnection – көпқолданбалы режимде қашық сервермен қосылу
SocketConnection - Windows сокеті арқылы қашық сервермен қосылу
DataSetProvider – деректер жиынының провайдері
SimpleObjectBroker – қарапайым объект брокері
WebConnection – Web-сервермен қосылу
CorbaConnection – Corba-клиенттің қосылуы
Decision Cube парағында шешімді қабылдайтын жүйені қалыптастыратын компоненттер орналасады:
DecisionCube – көпшекті деректер кубы
DecisionQuery – көпшекті деректерді қамтитын жиынтық
DecisionSource – көпшекті деректердің бастамасы
DecisionPivot – көпшекті деректердің көпөлшемді проекциясы
DecisionGrid – көпшекті деректердің кестесі
DecisionGraph – көпөлшемді деректердің графиктік ұсынысы.
Rave парағында есеп берудің ретіне арналған визуалды компоненттер орналасады :
RvProject – проектің басты компоненті, Rave – пен байланысты қамтамасыз етеді
RvSystem – уневирсалды компонент, есеп беруді қарауды және баспаға шығаруды қамтамассыз етеді
RvNDRWriter – есеп беруді арнайы форматтағы файлға жазады және оны көруге мүмкіндік береді, баспаға шығарады
RvCustomConnection – мәліметтері жоқ есеп берумен байланыстырады
RvDataSetConnection – мәліметтермен байланыстырады
RvTableConnection–Table компаненті бар мәліметтермен байланыстырады
TRvQueryConnection–Query компоненті бар мәліметтермен байланыстырады
RvRenderPreview–RvNDRWriter арқылы құрылған файлдағы мәліметтерді экранда мүмкіндік береді
RvRenderPrinter–RvNDRWriter арқылы құрылған файлдағы мәліметтерді баспа құрылғысына жібереді
RvRenderPDF – есеп беруді PDF форматына ауыстырады
RvRenderRTF – есеп беруді RTF форматына ауыстырады
RvRenderHTML – есеп беруді HTML форматына ауыстырады
RvRenderText – есеп беруді мәтіндік файлға ауыстырады
InterBase парағында InterBase серверімен жұмыс істеуге арналған компоненттер орналасады :
IBTable – Table дерегінің жинағы
IBQuery – Query дерегінің жинағы
IBStoredProc– InterBase серверінде сақталатын процедураны шақырады
IBDatabase – деректер базасымен қосылу
IBTransaction – транзакция
IBUpdateSQL – деректер жиынтығын модификациялау
IBDataSet – деректердің бастамасы
IBSQL – SQL- сұранысты орындау
IBDatabaseInfo – деректер базасы туралы ақпарат
IBSQLMonitor – SQL- сұраныс орындалуының мониторы
IBEvents – сервер оқиғасы
InterBase парағының көп компоненттері Data Access компоненттеріне ұқсас болып келеді, айырмашылығы InterBase компоненттері, тек InterBase серверімен жұмыс істеуге арналған. Data Access парағының компоненттері әмбебап болып келеді. [24]
2.2 «БИОН» жылжымайтын мүлік бюросының ақпараттық жүйесін жобалау.
Бағдарламаны іске қосқан кезде экранға бағдарламаның бірінші формасы шығады (сурет 1).
Сурет 1. Алғашқы форма
Бұл форманың бетін басқанда бізде төмендегідей форма шығады (сурет 2).
Сурет 2. Негізгі форма
Негізгі бетте «Келісім шарт», «Тұрғын үй қоры», «Қызметкерлер», «Шығу» батырмалары енгізілген . Негізгі беттегі «Келісім шарттар» батырмасын басқан кезде, бізде төмендегідей терезе шығады (сурет 3).
Сурет 3. Келісім-шарттар формасы
Бұл бетте келісім түрлері, мүлік атаулары берілген. Мұнда «Сұрыптау» әдісі көрсетілген. Сұрыптау әдісін мерзімімен, қызметкер кодымен, клиент кодымен, мүлік кодымен сұрыптау әдістерін жүзеге асыруға болады.
Негізгі беттегі «Тұрғын үй қоры» батырмасын бассақ бізде төмендегідей терезе шығады (сурет 4).
Сурет 4. Тұрғын үй қоры терезесі
Бұл терезеде үйлердің бағасы, бөлме саны, аумағы, үйдің типі, ауданы көрсетілген және сұрыптау әдісі берілген. Тұрғын үйлерді «бөлме саны бойынша», «қабат номері бойынша», «қабаттылығы бойынша» және «барлығы» бойынша сұрыптауға болады. Мысалы, «бөлме саны бойынша» сұрыптайтын болсақ, бізде төмендегідей терезе шығады (сурет 5).
Сурет 5. Бөлме саны бойынша фильтрлеу әдісі
Негізгі беттегі «Қызметкерлер» батырмасын бассақ, біздегі қызметкерлер туралы мәліметті шығарып береді. Ол төмендегідей болады (сурет 6).
Сурет 6. Қызметкерлер кестесі
Негізгі беттегі «Анықтамалар» батырмасын басқан кезде, «аудандар», «үй типтері», «келісім түрлері», «қызметкерлер», «клиенттер» базасы енгізілген.
Анықтамалар батырмасын басқан кезде, бізге «аудандар» туралы мәлімет шығады. Ол төмендегідей болады (сурет 7).
Сурет 7. Анықтамалар беті
Анықтамалар бетіндегі «Үй типтері» терезесін басқан кезде, бізге үйлердің типтерін көрсетеді. Мысалға, үйдің қандай затпен салынғандығын. Ол терезе төмендегідей болады (сурет 8).
Сурет 8. Үй типтері беті
Анықтамалар бетіндегі «Келісім түрлері» батырмасын басқанда бізге жылжымайтын мүліктің атуы, сату, сатып алу, айырбастау бойынша келісім-шарттары енгізілген. Ол терезе төмендегідей (сурет 9).
Сурет 9. Келісім түрлері беті
Анықтамалар бетіндегі «Клиенттер» батырмасын басқанда, бізге төмендегідей терезе шығады. Ол терезеде жылжымайтын мүлік орталығының клиенттері көрсетілген (сурет 10).
Сурет 10. Клиенттер беті
Негізгі беттегі «Ақпарат» батырмасын басқан кезде, бізге автор туралы мәлімет шығады. Ол төмендегі терезеде көрсетілген (сурет 11).
