Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1 рубежка 3 курс каз.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
90.41 Кб
Скачать

Стоматология факультетінің 3 курсы студенттері үшін і аралық бақылауға арналған тесттің сұрақтары

3 Вариант

1. Науқастың болжам диагнозы қандай?

Анасы 8 айлық баласының мазасыздануына, айқайлауына, ұйқысының бұзылғанына, тәбетінің төмендеуіне, мұрыннан тыныс алудың қиындауына, 4 күн дене қызуының жоғарылауына шағымданады. 10 күн бұрын ЖРВИ-мен ауырған, мұрыннан сұйықтық ағуы тоқтап, жөтелі басылған, бірақ жалпы жағдайы орташа күйде, мазасыз, жабыранқы. Қайталап дене температурасы жоғарылап, мұрыннан тыныс алуы қиындаған.

Объективті: жалпы жағдайы орташа ауырлықта, tº - 38º, терісі бозғылт. Тыныс алысында “шу” бар. Жақ асты лимфа түйіндері ұлғайған, пальпация кезінде оң жағы ауырсынады.

Фарингоскопия: жұтқыншақ артқы қабырғасы қызарған, оң жағы томпайған. Басқа ЛОР мүшелері ерекшеліксіз.

A. Жұтқыншақ арты абсцессі

B. Катаралды ангина

C. Моноцитарлы ангина

D. Жұтқыншақ кандидозы

E. Агранулоцитарлы ангина

2. Диагноз қойыңыз?

31 жасар науқас: сол жақ мұрын жартысынан қою іріңді бөлініске, мұрыннан тыныс алуының қиындауына, бас ауруға, маңдай аймағындағы ауырсынуға, дене температурасы – 37,8ºС дейін жоғарылауына шағымданады. Ауруы 3 жыл бұрын басталған, тұмаудан кейін мұрыннан қою ірің ағып және басы ауырған. Денесі салқындаса ауруы өршиді. Соңғы өршу 1 апта бұрын басталған.

Объективті қарағанда: мұрын қуысының кілегей қабаты гиперемияланған, инфильтрацияланған. Сол жақ мұрын кеуілжірлері гипетрофияланған, ал ортаңғы мұрын жолында іріңді бөлініс және кіші көлемдегі полиптер анықталады. Сол жақ қас үсті аймағы пальпацияда ауырсынады. Рентгенограммада: маңдай қуысында толықтай қараюмен іріңнің деңгейі және сол жақ гаймор қуысында аз дәрежеде қабырғалық қараюы анықталады.

A. Полипозды-іріңді гемисинусит

B. Созылмалы іріңді гайморит.

C. Вазомотор риниті

D. Созылмалы іріңді фронтит

E. Созылмалы іріңді этмоидит

3. Дәрігер қандай алғашқы процедура жасамаған?

Жедел оң жақты гаймориті бар 20 жасар науқасқа оң жоғарғылы жақ қуысына пункция жасалған. Ине арқылы қуысқа сұйықтық өтпеген.

A. Ортаңғы мұрын жолының анемизациясы

B. Жоғарғы мұрын жолының анемизациясы

C. Ортаңғы және жоғарғы мұрын жолының анемизациясы

D. Төменгі мұрын жолының анемизациясы

E. Мұрын қуысын шаю

4. Науқастың болжам диагнозы.

Науқас 38 жаста, ренгенотехник, жұтынғанда тамағының ауырсынуына, температурасының жоғарлауына, аяқ-қолдардың ауырсынуына, қалтырауға шағымданады. Ауырғанын 2 күн, салқын тиюмен байланыстырады.

Жалпы жағдайы орташа ауырлықта, терісі құрғақ, сұрғыш-сары түсті, дене қызуы 39º, пульсі минутына 88 рет.

Фарингоскопия: кілегей қабаты орташа қалыпта қызарған, бадамша беткейі лас-сұр түсті некрозды жамылғымен жабылған. Регионарлы лимфа түйіндері ұлғайған. Қан анализінде гранулоциттердің айқын төмендеуі.

A. Лакунарлы баспа

B. Катаралды ангина

C. Моноцитарлы ангина

D. Жұтқыншақ кандидозы

E. Агранулоцитарлы ангина

5. Науқастың болжам диагнозы қандай?

Науқас, тамағының оң жағының қатты шаншып ауыруына, ауырсынудың құлаққа берілетіне, басының ауруына, қалтырауға, тыныс алудың қиындауына шағымданады. Ауырғанына 5 күн. Денесінің тоңазуынан соң, тамағы ауырып, температурасы 37,8º көтерілген. Үйінде антибиотик, сульфаниламид қабылдаған. 3 күннен кейін температурасы қалыпына келген, содан соң емделуді тоқтатқан. 5-ші күні температура бірден 39º-қа көтеріліп, жұтынғанда тамағының оң жағында ауырсыну күшейіп, қалтырау пайда болған. Жалпы жағдайы орташа ауырлықта. Дене қызуы 38º. Басы ауырған жағына қарай қисайған. Аузы бірнеше милиметрге ашылады, мінгірлеп сөйлейді, дауысы әлсіз.

Фарингоскопия: алдыңғы доға және жұмсақ таңдайдың оң жақ жартысы қызарған, алға қарай ығысқан. Тілшік ісініп, солға ығысқан. Жұтынғында тамағы қатты ауырады.

A. Паратонзиллярлы абсцесс

B. Заглоточный абсцесс

C. Тіл баспасы

D. Мойын флегмонасы

E. Агранулоцитарлы ангина

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]