Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1 рубежка 3 курс каз.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
90.41 Кб
Скачать

Стоматология факультетінің 3 курсы студенттері үшін і аралық бақылауға арналған тесттің сұрақтары

1 Вариант

1. Науқастың болжам диагнозы?

32 жасар науқас бұрын жоғары қызбамен, тамақтың қатты ауырсынумен өтетін балалық шақтан жиі баспамен ауыратынына шағымданады. 5 жыл бұрын фолликулярлы баспа, жүрек, буын зақымдайтын ревматизммен асқынған, соған байланысты 2 ай бойы терапия бөлімінде стационарлық ем алған. Содан бері жыл сайынғы тамақ ауруы, аздап қызбамен мазалайды. Науқас ревматизмнің қайта өршуі болмаса да, дәрігер ревматологтың бақылауында.

Объективті: жағдайы қанағаттанарлық. Пульс ритмді. Жүрек ұшында систоликалық шу, жүрек шегі солға ығысқан.

Алдыңғы таңдай доғаларының жеңіл гиперемиясы. Бадамшалар үлкен емес, доғалармен жармасқан лакунада іріңді тығын. Жақ асты лимфа түйіндері тығыз. Қалған ЛОР мүшелері қалыпты.

A. Созылмалы тонзиллит, компенсациялық түрі

B. Созылмалы фарингит

C. Созылмалы тонзиллит, субкоменсациялық түрі

D. Созылмалы тонзиллит, декомпенсациялық түрі

E. Агранулоцитарлы ангина

2. Диагноз қойыныз.

Вова К., 8 жаста. Шешесінін айтуы бойынша бірнеше жылдан бері мұрынмен дем алу бұзылған, мұрыннан кілегейлі бөліністің ағуы, құлақтың бітелуі және естімеуі байқалған. Бала түнде аузын ашып ұйықтайды. Ойлау қабілетінің дамуы өз құрбыларынан қалыс. Жиі салқын тиіп ауырады.

Объективті: мұрын-ерін қыртысы тегістелген. Тістері әр бағытқа қарай өскен және оның тістесуі дұрыс емес, қатты таңдай күмбез тәрізді (готикалық) мұрын қуысының кілегей қабығы ісінген, көгерген, мұрын жолдары тарылған. Мұрын арқылы дем алуы қиын.

A. Жұтқыншақ арты абсцессі

B. Аденоидты вегетация

C. Созылмалы ринит

D. Бадамшаның гипертрофиясы

E. Мұрын пердесінің қисаюы

3. Синуситтің қай асқынуы туралы ойлауға болады?

45 жастағы науқаста тұмаудан кейін, оң жақы іріңді синусит дамыған. Ем қабылдаған, бірақ жалпы жағдайы нашарлап, бас ауруы үдей, дене қызуы 39,4°С-қа жоғарлаған. Жалпы әлсіздік, селқостық пайда болған.

Объективті: науқас әлсіз, тері жамылғылары ылғал. Пульс 98 рет минутына, ритмді, оң жақ қабақтың тіндері гиперемияланған және инфильтрацияланған. Экзофтальм жоқ. Оң жақ көз алмасының қозғалғыштығы сақталған.

Риноскопияда: мұрын қуысының кілегей қабаты гиперемияланған, инфильтрацияланған. Оң жақ ортаңғы мұрын жолында іріңді бөлініс бар.

Пальпацияда: зақымдалған жағында қабақ үсті аймағы ауырсынады.

A. Қабақ асбцессі

B. Орбита флегмонасы

C. Қабақ ісігі

D. Кавернозды синустың тромбозы

E. Глаукома

4. Науқастың болжам диагнозы?

44 жастағы науқасты тамағының қышуы және күюі мазалайды. Бұл шағымдар әсіресе жалпы салқындаудан және ащы тағам қабылдағаннан кейін жиі пайда болады.

Обьективті: жұтқыншақтың клегей қабығы сәл қызарған. Бадамша бездері ұлғаймаған, жамылғы және тығын анықталмайды. Жұтқыншақтың артқы клегей қабаты қызарған, тұтқыр қақырықпен жабылған, беткейінде лимфоид тканьдардың және бүйір қатпарлардың (валиктердің) гипертрофиясы байқалады. Көмекейдің клегей қабығы өзгеріссіз дыбыс жалғамалары ақ, қозғалмалы. Дауыс саңылауы кең.

A. Фарингит

B. Катаралды ангина

C. Моноцитарлы ангина

D. Жұтқыншақ кандидозы

E. Агранулоцитарлы ангина

5. Науқастың болжам диагнозы?

20 жасар науқас тамағының өзіндік ауырсынуына, бастың ауруына, тізе буынының сырқырауына, жалпы әлсіздікке, 38ºС-қа дейін қызбаға шағымданады. Ауырғанына 2 күн, ауыруын салқынмен байланыстырады. Жағдайы қанағаттанарлық, тәбеті төмендеген.

Пульсі минутына 88 рет, қанағаттанарлық. Ішкі органдары қалыпты. Фарингоскопия: жұтқыншақтың кілегей қабығы қызарған, 2 бадамшаның беткейінде акшыл жабынды. Жақ асты лимфа түйіндері ұлғайған, басқанда ауырсынады. Басқа ЛОР мүшелері қалыпты.

A. Лакунарлы ангина

B. Катаралды ангина

C. Моноцитарлы ангина

D. Жұтқыншақ кандидозы

E. Агранулоцитарлы ангина

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]