Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Амирханов Н.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
34.5 Кб
Скачать

Сумен жабдықтау бойынша

Сумен жабдықтау жүйесі қатардан шығуы кәсіпорынның тоқтауына және кәсіпорын қирамаған жағдайдың өзінде өнім шығарудың доғарылуына алып келеді. АҚ ИТЖ сумен жабдықтау нормаларының тұрақтылығын көтеру мақсатында мыналар қарастырылады:

— категорияланған қалалар мен нысандардың сумен жабдықтау жүйесін қайта жобалауды оларда екі және одан артық су көзі орналастырылуы қажет, оның бірі жабық үлгіде болуға тиіс;

— екі тәуелсіз көзден сумен қамсыздандыру мүмкін емес жағдайда бір су көзінен жабдықтауға рүқсат етіледі, бүл жағ-дайда оған екі басты ғимарат орналастырылуға қажет оның бірі жабық үлгіде (жеріасты) болуға тиіс.

6+ ал оның бірі ықтимал қирау аймағынан алысрақ жерде болған жөн;

— сумен жабдықтаудың орталық жүйесінде суберу су қысымы мұнараларына жетпей берілуге тиіс;

— орталықтанған сумен жабдықтау су айдау мұнараларынсыз жібетілуге тиіс;

— таза су кездері ауаның шаңнан тазалайтын желдеткішпен, қымтағыш люктсрмен және жылжымалы ыдысқа су беру үшін икемделгіштермен жабдықталуға тиіс;

— әрт гидрантгары, су құбырының жылжымалы нүктелерін ажыратуға арналған қозғалтқыштар мумкіндігінше ғимарат пен бөлме қираған кезде субаспағьш аумақта орналастырылғаны жөн.

Газбен жабдықтау жүйесіне

Қалалар мен шаруашалық нысандарына 2 және одан әрі дербес газ құбырлары арқылы газ беру екі және одан артық газ тарату станциялары арқылы жүргізілуге тиіс, олар қала-ның яюбалық құрылыс аумағынан тысқары мүмкіндігінше әртүрлі жағынан тиіс.

Газ тарату станциялары мен нүктелер ажаратқыш автомат қондырғылары бар жер асты айналмалы газқұбырымен жабдықталуға тиіс.

Айдағыш және компрессорлық станциялар ықтимал күшті қираулар және апатты су басу аймағынан аулағырақ орналастырылуға тиіс.

Жер үсті төсемі жағдайында газқұбырларын магистралдік жолдарына ықтимал күшті қирау аймағындағы мүмкін бүліншілік аумағынан тыс жерлерде төсеуге, терең (жерасты) ұңғымасын жасауға жол беріледі; ашық төсемге күрделі жер бедерінен өткен уақытта болмашы қирау аумағында рұқсат етіледі.

Газқұбырларында құбыр жарылған кезде газдың шығуы автоматгы тоқтататын кран мен қашықтық басқару нүктесі бар, тығын арматурасын орнатқан дұрыс.

Энергожабдықтау жүйесіне

Осы заманғы өндіріс барысында энергия көзсіз мүмкін емес. Сондықтан энергожабдықтау желілері мен тұрақтарында АҚ ИТЖ мынаны қарастырады:

Электрмен жабдықтау нысандар жүйесінің тұрақтылығын бір-бірнен ықтимал қирау аумағынан екі радиустық қашықтықта орналасқан бірнеше көздерге қосу жолымен арттыру.

Категорияланған қалаларда канализация жүйесінің нысандарында соғыс жағдайының өзінде тоқтауға жол берілмейтін болса, энергиямен жабдықтау, өзге энергия тұтынушыларын қуаттандыру кезінде ажыратылмайтын негізі желілері бойынша жүргізілуте тиіс.

220квт және одан да жоғары электржүйесі және біріктірілген энсргияжүйесінің жүйе аралық байланыстар қосалқы станциясында және ЕЖБ жүйесінде қажетті желі ықтимал қирау аумағынан тыс қосалқы станцияларды өткізілуге және тұрғызылуға тиіс.

Айдағыш насос станцияларын электрмен жабдықтау ықтимал қирау аумағынан тыс немесе жеке дербес көздерінен тыс шекте орналасқан қосалқы станциялардан жүргізілуге тиіс.