ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ФАРМАЦЕВТИКА АКАДЕМИЯСЫ
Әскери кафедрасы
СӨЖ
Тақырыбы: Объектілердегі персоналды қорғау сенімділігін, арттыру тәсілдері
Орынндаған:Амирханов Н.
Тобы: 109 «А» КДС
Қабылдаған: Шадибекова А.
Шымкент 2013 ж
Жоспар
I Кіріспе:
II Негізгі бөлім:
ТЖ – дағы ұйымдардың іс әрекетін зерттеу
Төтенше жағдайлар салдарынан зақымданған тұрғын үйлерді қаржыландыру.
Проблеманың қазіргі заманғы жағдайын талдау
Обьектілерді қорғанудың нақты шаруашылық обьектілерін қорғаудың негізгі принциптері
Әлеуметтік мақсаттағы обьектілерді сейсмикалық тұрғыдан бекіту
III Қорытынды:
IV Пайдаланылған әдебиеттер:
Кіріспе
Қала тіршілігін қамтамасыз ететін кәсіпорындар Қазақстан Республикасының үкіметі анықтаған тізбесіндегі қалалар шекарасында орналастырады.
Қалаларды күнделікті жабдықтайтын тауарларды сақтауға арналған жаңа база, қойма, таратқыш, мұздатқыш.
Қазақстан Республикасының үкіметі белгілеген тауарларды сақтау нормасынан артпайтын көлемде жүргізеді. Оларды қала шегінде орналастырады.
Категорияланған қалаларда төтенше жағдай сораптау және техникалық станцияларын ықтимал күшті қираулар аумағынан алыс жерге орналастырады. Қала аумағында жолаушылар немесе жүк станциялары мен пристаньдарды, теңіз порттарын қала аумағынан аулақ жерге орналастырылуы ұсынылады.
Қаладан тысқары жерлерге троллейбус, трамвай парктері және телефон станциялары апарылады.
Демалыс лагерлері, пансионаттары, санаторийлер, демалыс үйлері, базалар және мемлекеттік азық-түлік және материалдық қорлары, жаңа категорияланған нысандар, хабар беретін радио орталықтар, жылжымалы құрал резервтері, байланыс тораптар станциялары, ҚӘУЗ, базистік қоймаларға ықтимал бүліну аумағына орналастыруға тиіс.
Магистральдық автомобиль және теміржолдары қаладан аулағырақ жерге төселуге тиіс. Ішкі қалалық желі сыртқы қалалық желімен орайластырышуға тиіс.
Ықтимал апатты су басу аумағында жаңа құрылыс аудандарын, категорияланған кәсіпорындар, материалдық және азық-түлік қоймаларын, жылжымалы құрам тұрақтарын салуға рұқсат етілмейді. Аталған аумақтарға таукен өндірісін салуға міндет етеді.
Қалаларды жоспарлау мен құрылыс салу
АҚ ИТЖ жобалау нормалы талаптарын ескере отырып қалаларды жоспарлау мен салу елді мекендердің зақымдалуын, халық шығынын азайтуға және қысқа мерзімде ҚНжЕ жүргізу қабілеттілігін жүргізуге ықпал ететін маңызды шаралар болып табылады. Жаңа қалалар онда 200-250 мың тұрғындарды ескере отырып жобаланып салынады.
Қала аумағы әрқайсысы 250га бөлінген жекелеген оқшау тұрғын алқаптарына бөлінеді. Олардың арасындағы әрттен қорғау бөліктері 100м аспауға тиіс.
Үлкен көшелер-2 бағытта қаланың орталық бөлігінен сыртқы аймаққа шығуды қамтамасыз етуге тиіс.
Ішкі қалалық көлікгі жерді сыртқы көлікпен, төтенше жағдай станциясымен өзен вокзалымен, әуежаймен, автовокзалмен сенімді және ыңғайлы байланыста болуға тиіс.
Қаланың 1км2 алаңында өзеннің жалпы ағынына орай 3000м3 көлемдегі су алабы. Осындай суат бір шақырым бойындағы әрт сөндіруді қамсыздандырады.
Жаңа көпірлер барлығының бір жарылыс пен құруын болдырмайтындай қашықтықта салынуға тиіс.
Өндірістік ғимараттар мен құрылыстарды жобалауға
АҚ ИТЖ жаңа шаруашылық нысандары және коммуналдық-энергетика жүйесін, ғимарат пен құрылыс салу кезінде экономикалық тұрғыдан аса қажетті және тиімді.
Өндірістік ғимараттарды салу мен жобалау кезінде жанбайтын немесе баяу тұтанатын материалдан жасалынған жеңіл қоршау құрылғыларын пайдалану ұсынылады.
Бұған пайдалану шарттарымен жол берілген жағдайда шатыр немесе жеңіл жамылғы астындағы ашық алаңдағы технологиялық қондырғыны орналастырған жөн.
Азық-түлік және азық-түлік шикізаты қоймалар үшін тұрақжайды тандау кезде сүрлен үлгісіндегі және резервуармен жабылған ғимараттарға артықшылық беріледі, ғимарат бөлмелерінде есік және терезе ойықтары саны шағын болуға тиіс.
Ғимарат пен құрылысты жобалау мен салу кезінде оларды радиоактивті шаңнан, УЗ және бактериялогиялық қорғау бойынша шаралар жүргізуге тиіс.
