Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Programma_GAK_kaz_Bio.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
76.69 Кб
Скачать

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Жаратылыстану және география институты

Ботаника және зоология кафедрасы

Кеңес мәжілісінде қарастырылып

бекітілді, хаттама №5 «23» қаңтар 2015 ж.

_____________ профессор Жанбеков Х.Н.

5В011300 – Биология

Мамандығының студенттеріне арналған

МЕМЛЕКЕТТІК ЕМТИХАН БАҒДАРЛАМАСЫ

бакалавриат

Алматы, 2015 ж.

«5В011300 – Биология» мамандығы бойынша Мемлекеттік емтихан бағдарламасы

Құрастырушылар:

Ботаника және зоология кафедрасының профессорлары, б.ғ.к.:

Иманкулова С.К.

Айдарбаева Д.Қ.

Шалабаев Қ.И.

Кенжебаева З.С.

доценттері, б.ғ.к.: Батырова К.И.

Жақсыбаев М.Б.

Өсімдіктер физиологиясы және биохимия кафедрасының проф. б.ғ.к.:

Сағатов К.С.

доцентттері, б.ғ.к.:Загриценко И.П.

Исабеков Б.М.

Анатомия, физиология, гигиена және тіршілік қауіпсіздігі кафедрасының профессорлары: м.ғ.д. Балғынбеков Ш.А.

б.ғ.к. Төленбек И.М., Бабашев А.М.

доцент, б.ғ.к.,Татаринова Г.Ш.

аға оқытушы, б.ғ.к. Шыныбекова Ш.С.

Абай атындағы ҚазҰПУ «5В011300 – Биология» мамандығының студенттеріне арналған Мемлекеттік емтихан бағдарламасында жалпы ережелер, мамандық бойынша мемлекеттік емтиханға кіргізілген пәндер тізімі мен әдебиеттер тізімі берілген.

Абай атындағы ҚазҰПУ «5В011300 – Биология» мамандығының студенттеріне арналған Мемлекеттік емтихан бағдарламасын студенттер оқу барысында пайдалануына болады.

Кафедра меңгерушісі _______________ Иманкулова С.К.

Ботаника және зоология кафедрасы мәжілісінде қарастырылып, бекітілді (15 қаңтар 2015 ж., хаттама №5).

Мазмұны

І. Жалпы ережелер

ІІ. «5В011300 - Биология» мамандығы бойынша мемлекеттік емтиханға енгізілген пәндер тізімі

ІІІ. Пәндер және емтихан сұрақтары тізімі бағдарламасы

    1. Ботаника

3.2. Зоология

3.3.Генетика

3.4. Эволюция ілімі

3.5. Биохимия

    1. Адам және жануарлар физиологиясы

І Жалпы ережелер

    1. 5В011300 - «Биология» негіздері мамандығы бойынша бағдарламаны 6.08. - 2010ж. «Анатомия, физиология, гигиена және өмір қауіпсіздігі негіздері» кафедрасы келесі бұйрықтарға сәйкес жасады: «Жоғары білім. Бакалавриат» ҚР МЕМСТ-на; «Оқытудың кредиттік технологиясы бойынша оқу үдерісін ұйымдастыру Ережесін бекіту туралы» ҚР БҒМ 2011 жылдың 20 сәуірінде қабылданған № 152 бұйрығы, «Білім алушылардың үлгерімін ағымдық бақылау, аралық және қорытынды аттестациялауды жүргізудің Типтік ережесіне бекіту туралы» ҚР БҒМ 01.11.2010 №506 бұйрығы.

    2. Қорытынды аттестация қажетті теориялық курстарды студенттердің меңгеру сапасын бақылайтын қорытынды кезең болып табылады.

    3. Қорытынды аттестацияға 5В011300 - «Биология» мамандығы бойынша оқу және жеке оқу жоспарын толық орындаған студенттер жіберіледі.

    4. Қорытынды аттестацияға студенттерді жіберу факультет бұйрығымен рәсімделеді, студенттер тізімі қорытынды аттестация басталуға екі апта қалғанда беріледі және МАК-қа ұсынылады.

    5. Студенттердің қорытынды аттестациясы кешенді емтихан түрінде жүреді.

    6. Мамандық бойынша мемлекеттік емтиханға базалық және профильдік пәндер тізімі енеді.

    7. Мемлекеттік емтиханның құрылымы «Биология» мамандығының бағдарламасы және оқу жоспарындағы оқу бағдарламаларына сәйкес бакалавр дайындау деңгейінің талаптары бойынша анықталады.

    8. Мемлекеттік емтихан бағдарламасын, оны жүргізу және тапсырмалар мазмұнын кафедра меңгерушілері, оқытушылары Мемлекеттік емтиханға енгізілген пәндердің оқу бағдарламасы негізінде дайындады.

    9. «Биология» мамандығы бойынша мемлекеттік емтихан бағдарламасы кафедралар мәжілісінде қарастырылады, факультеттің Кеңесі шешімімен бекітіледі.

    10. Жоғары бағаға көтеру мақсатында мемлекеттік емтиханды қайта тапсыруға рұқсат етілмейді.

    11. Мемлекеттік емтихан бойынша «қанағаттанарлықсыз» баға алған студент бекітілген үлгілік анықтама беру арқылы шығарылады.

    12. Мемлекеттік емтихан тапсыру нәтижелері тапсырылған күні жарияланады.

Іі. «5в011300 - Биология» мамандығы бойынша мемлекеттік емтиханға енгізілген пәндер тізімі:

  • Ботаника

  • Зоология

  • Генетика

  • Эволюция ілімі

  • Биохимия

  • Адам және жануарлар физиологиясы

Ііі. Пәндер және емтихан сұрақтары тізімі бағдарламасы

3.1 Ботаника

Өсімдіктерді классификациялаудың практикалық және тоериялық маңызы. Төменгі және жоғары сатыдағы өсімдіктер систематикасының даму тарихы. Систематиканың кезеңдері. Жасанды, табиғи, филогенетикалық системалар. К.Линнейдің бинарлық номенклатурасы. Систематкианың дамудағы эволюциялық теорияның маңызы. Филогенетикалық системаны құрудың принциптері.

Таксономикалық категориялар туралы түсінік. Түр негізгі таксономикалық бірлік екендігі. Туыс, тұқымдас, қатар, класс, бөлім, дүние.

Өсімдіктер систематикасының ғылым ретінде қазіргі кездегі мақсаты және оның практикалық маңызы.

Органикалық дүниенің қазіргі заманғы системасы. Прокариоттар және эукариоттар. Төменгі және жоғары сатыдағы өсімдіктер туралы түсінік. Филогенетикалық байланыстар.

Прокариоттар

Бактериялар бөлімі (Bacteriophyla). Жалпы сипаттама. Клетка құрылысы. Бактериялардың морфологиялық типтері. Көбеюі, тұқым қуалаушылық информацияның берілу тәсілдері. Қолайсыз жағдайларда тіршілігін сақтап қалуға бейімделуі. Бактерияның табиғатта таралуы және қоректенуі. Олардың органикалық заттар ыдырауына қатысу және табиғатта зат айналымындағы маңызы. Бактериялардың әрекетін ауыл шаруашлығында және өнеркәсіпте пайдалану. Ауру туғызатын патогендік бактериялар.

Вирустар (Virophyta) бөлімі. Құрылысы және химиялық құрамы. Вирустардың табиғаты. Өсімдіктер, жануарлар және бактериялар вирустары.

Балдырлар (Algae). Эукариотты балдырларға жалпы сипаттама. Балдырлардың морфологиялық құрылымының деңгейі және структуралық варианттары. Хроматофораларының алуан түрлілігі. Жыныссыз көбею. Жыныстық процестері. Даму циклдары, варианттары: ұрпақ алмаспай және алмасу арқылы. Изоморфты және гетероморфты ұрпақ алмасу. Балдырлардың пигментті топтары. Классификациялаудың жалпы принциптері.

Саңырауқұлақтар (Fungi, Mycota) бөлімі. Саңырауқұлақтар клеткаларының ерекшеліктері. Саңырауқұлақтардың вегетативтік денесі. Бунақталған және бунақталмаған мицелий. Мицелийдің түр өзгерістері. Субстратқа мицелидің орналасуы. Сапрофиттік, паразиттік және симбиотрофты тіршілік етуге бейімделуі. Спора түзудің негізгі белгілері, оның әртүрлілігі. Вегетативтік көбею. Саңырауқұлақтардың жынысты көбеюінің эволюциялық тенденциялары. Жоғарғы және төменгі сатыдағы саңырауқұлақтар туралы түсінік және олардың классификациялау принципі. Саңырауқұлақтардың кластары. Жетілмеген саңырауқұлақтар.

Жоғарғы сатыдағы өсімдіктер. Жоғарғы сатыдағы өсімдіктердің жалпы сипаттамасы. Құрлықты ауа тіршілік ортасының ерекшеліктері. Жоғарғы сатыдағы өсімдіктердің вегетативтік денесінің морфологиялық және анатомиялық жіктелуі. Негізгі мүшелері мен ұлпалары. Құрлықта тіршілік етуімен байланысты көбею органдарының өзіндік ерекшеліктері. Жоғарғы сатыдағы өсімдіктердің жыныс органдарының шығу жолдарының мүмкіндіктері. Даму циклдерінің ерекшеліктері. Жоғарғы сатыдағы өсімдіктердің бөлімдері. Жоғарғы сатыдағы өсімдіктердің биосфераның эволюциялық қалыптасуындағы маңызы.

Мүктәрізділер бөлімі (Bryophyta). Мүктәрізділердің ажыратуға болатын белгілері. Даму циклдерінің өзгешіліктері. Мүктәрізділердің жер үсті өсімдіктері эволюциясының ерекше бағыты екендігі. Мүктәрізділердің қарапайымдылығының белгілері және ерекшеліктері.

Плаунтәрізділер бөлімі (Lyocpodiophyota) . Жалпы сипаттама және айырықша белгілері. Ұсақжапырақтылық (микрофиллия). Тіршілік және даму циклі. Тең және әртүрлі споралық. Таралуы. Классификациясы.

Қырықбуындылар немесе бунақтылар бөлімі (Equisetophyta). Жалпы сипаттама және ажыратуға болатын ерекшеліктер. Қазып алынған қырықбуындылар: гиениелықтар, каламмиттер. Жалпы сипаттама. Тіршілік еткен уақыттары. Кластары: гинеялар, сынажапырақтылар, каламиттер, қырықбуындар.

Шаңжапырақтәрізділер бөлімі немесе Папортниктер (Polypodiohyta). Жалпы сипаттама және бөлімнің негізгі ерекшеліктері. Спорофиттің морфологиялық және анатомиялық құрылысы. Даму циклі. Папортниктәрізділердің қазбадан табылғандары: протоптеридиум, стауроптерис, кладоксилон. Жапырақтарының шығу тегі (макрофиллия). Классификациясы.

Ашықтұқымдылар бөлімі (Pinoplyta немесе Gymnospermae) . Жалпы сипаттама және негізгі ерекшеліктері. Тұқым. Тұқымның биологиялық маңызы. Тіршілік формалары. Анатомиялық және морфологиялық құрылысының ерекшеліктері. Даму циклінің өзгешіліктері. Классификациясы.

Жабықтұқымдылар немесе гүлді өсімдіктер бөлімі (Angiospermae немесе Magnoliophyta). Гүлді өсімдіктер құрлық өсімдіктерінің эволюциясының ең жоғары кезеңі екендігі. Гүлді өсімдіктерінің эволюциясының ең жоғары кезеңі екендігі. Гүлді өсімдіктердің вегетативтік денесінің морфологиялық, анатомиялық, биохимиялық өзгешеліктері. Гүл, оның шығу тегі. Тозаңдану. Ұрық қалтасының құрылысы. Қосарынан ұрықтану, эндоспермнің ерекшеліктері. Жеміс, оның биологиялық маңызы. Жабықтұқымдылардың шығу орны, пайда болған уақыты және жорамалданған тектерінің ұрпағы (сыртқы көрінісі). Гүлді өсімдіктердің әртүрлілігі, олардың қазіргі кездегі жердің өсімдіктер жамылғысындағы рөлі. Классификациялау принциптері.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]