Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Лекция интелектуалды меншік.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
118.66 Кб
Скачать

Меншік мүддесі, жалпы ережелер

Меншік – бұл бір жағынан заттардың, материалдық және рухани құндылықтардың белгілі тұлғаларға қатыстылығы, екінші жағынан мүлікке ие болып оны пайдалануды іске асыратын әлеуметтік қарым-қатынастар жүйесі.

Меншік түсінігінің ең бірінші құрамдас бөлігі оның материалдық негізін, табиғи – заттық бейнесін көрсететін заттар, мүліктік және мүліктік емес құқықтар, ақпараттық, интелектуалдық іс-әрекет нәтижелері және оларға деген иелік құқығы құрайды.

Екінші құрамдас бөлігі ол – қоғам субьектілері арасындағы қарым – қатынасты білдіретін, өндіріс, қайта бөлісу, материалдық немесе коллективті түрде игеру немесе қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсатында иеліктен айыру, берілген обьектілерді мемлекет берген керілдік бойынша пайдалану мен басқару процесінде пайда болатын әлеуметтік қатынастар жүйесі.

Меншіктің үш түрі белгілі, олар: жылжитын мүлік; жылжымайтын мүлік; интелектуалдық мүлік.

Мүлік субьектілері ретінде жеке тұлғалар, заңды тұлғалар, қоғамдық, ұйымдары мен ұйымдары бола алады. Меншік субьектілері арасында иелік ету дәрежесі мен сипаты, құқықтық статусы мен өкімдік функциялары ауқымына қарай меншік субьектілері арасында иелік ету дәрежесі мен сипаты, құқықтық статусы мен өімдік функциялары ауқымына қарай меншік иелерін, иегерлерді және пайдаланушыларды бөліп айтуға болады.

Меншік иесі обьектіге иелік етуде толық, мерзімсіз құқықтарға ие. Пйдаланушы өзіне тиесілі емес меншік обьектісін тек қана пайдалану және оған минималды ауқымда ғана өкім жүргізу құқықтарына ие. Иегер обьекті заңды түрде, шектелген уақыт аралығында пайдалнуға, оған минималды ауқымда өкім жүргізіп иеленуге құқылы.

Меншік құқықғы, ол меншік субектілерінің құқықтарын бекітіп сақтайтын, олардың меншік обьектілеріне қатысты заң шеңберінде белгіленген тәсілмен ие болуын, пайдалануын иеліктен айыруын өкім етуін білдіретін заң нормаларының жиынтығы. Бір мүлікке бірнеше тұлғалардың бір уақыт аралығында иелік құқығына ие бола алатындай жағдайлар да болуы мүмкін. Мұндай жағдайларды меншік құқығы субьектілерінің көптігі, ал тұлғалардың өзін меншіктестер деп атайды. Екі немесе бірнеше тұлғаның меншігіндегі мүлік оларға ортақ меншік құқығы бойынша тиесілі. Екі немесе бірнеше тұлға меншігіне тиесілі, заң жүзінде бөлуге болмайтын мүлік келген жағдайда ортақ меншік пайда болады.

Ортақ меншік шеңберінде әр меншік иесінің үлесі белгіленуі мүмкін. Мұндай ортақ меншік үлестік меншік деп аьалады. Егер ортақ меншіктің үлестері белгіленбеген болса онда меншік иелерінің ортақ иелігінде болады.

Интелектуалдық меншік обьектілері адам ақылы, адамзат интелектісінің тумасы болып табылады. Интелектуалдық меншікті зат түрінде берілуі мүмкін ақпарат деп айтуға болады.

Авторлық меншікті авторлық құқықпен қорғалатын обьектілерге жататын көркем шығармалар мен ғылыми еңбектер құрайыд, ал фонограммалар, теле-радио хабарлар сияқты атқарушылық қызметі аралас құқығымен қорғалады.

Авторлық құқық – автордың өз туындысына деген құқы. Авторлық құқықпен идеяның өзі емес сол идеяны айқындау қорғалады.

Авторлық құқықпен немесе копирайтпен қорғалуы үшін ол материалданған кескінде болуы шарт. Ақыл-ой өнімін жасаушы үшін авторлық меншік сол шығарма әкелетін пайданы табу үшін керек.

Өнеркәсіптік меншік – нәтижелері өндірісте, саудада және басқа да салаларда қолдануы мүмкін интеллектуалдық меншіктің түрі. Ол патент, куәлік немесе патенттік құқықпен қорғалады.

Өнеркәсіптік меншік обьектілеріне өнертабыстар, пйдалы модельдер, өндіріс үлгілері, тауарлық белгілер, фирмалық атаулар, дерекке қатысты нұсқаулар, әділетсіз конкуренцияның жасалған жерінің атауымен оған кедергі жасалуы жатады. «Өнеркәсіптік меншік» термині алғаш рет өткен ғасырда француз заңдарында пайда болған , ол бойынша тауар белгісіне деген құқық меншігінің ерекше бір түрі ретінде қарастырған.\

Пайдалы модель түсінігі тек кейбір елдерде қана қолданады, мысалы Ұлбританиямен АҚШ та бұл жоқ. Пайдалы модель үшін екі белгі тән: Өнертабыс деңгейі мен өнертабыспен салыстырғандағы қрғаудың максималды мерзімі.

Өнертабыс пен айдалы модель белгілі қоғамдық қажеттілік тудырған, адамның практикалық іс әрекеті аясында пайда болған мәселенің техникалық шешім табуы деп анықтама жасауға болады. «Техникалық шешім» термині өзінің жалпы мағынасында нақты қажеттіліктерді қанағаттандыратын іс-жүзіндегі құрал ретінде түсіндіріледі. Бұл жерде есте ұстаған жөн, кез келген техникалық шешім қорғауға алынбайды, тек қана белгіленген құқық нормалары мен критериилеріне сәйкес келетіндеріне ғана. Өнертабыстық патентпен қорғаған жағдайда патент иесінде, ал егер авторлық куәлікпен болса да онда мемлекет те ерекше құқықтар болады, ондайда өнертапқыш белгілі сияқы алуы құқылы.

Өнеркәсіптік үлгілер – пайдалы бұйымның естетикалық декоративтік жағының шешімін тауып, дизайн саласына салады, бірақ сонымен қатар өндіріспен өнеркәсіпте де модельдер ретінде қызмет атқарады.

Фирмалық атаулар мен коммерциялық атаулар кәсіпорындарды танып, оларды басқаларының арасында даралау үшін қажет.

Коммерциялық құпия болып табылатын обьектілер қарым-қатынастар кезінде ерекше орынды иеленеді. Егер меншік иегері құпияны сақтау үшін қажетті шаралар қолданған болса, онда рұқсатсыз заңсыз түрде болып құпияны ашуға тыйым салынады. Қорғаудың бұл жүйесі өнеркәсіптер құпияларға да қатысты, оның негізін азаматтық, қылмыстық заңдар және әділетсіз конкуренцияны тыйуға бағытталған заңдар құрайды. Әділ жүретін өндіріс пен сауда тәжірибесіне қайшы конкуренция актілерін тыйатын әділетсіз конкуренцияға тосқауыл қою құқығы да өндірістік меншіктің бір элементі болып табылады.

Ғылым техника және технология дамуымен жаңа обьектілер пайда болуда, оларды құқықтық қорғау қажет болып қалуы мүмкін, Сондықтан өндірістік меншік обьектілерінің саны үнемі өсуде.

Ғылым, әдебиетпен өнер туындылары

Әдеби шығармалар – бұл термин мағынасында – баяндау тәсілі, бірегей композициямен, сөз арқылы, ойлар, сезімдер мен образдарды білдіретін шығармаларды атайды. Өзінің осы мағынасында әдеби шығарма тек әдеби көркем емес сонымен қатар ғылыми, оқу, публицистикалық және басқа да еңбектерді білдіреді.

Бұл жерде әдеби шығарма басқалар қабылдауға мүмкіндік алатындай етіп, ауызша, жазбаша немесе басқадай обьективті формада болуы мүмкін. Ол қағазда, таспада, грампластинка, компакт-диск немесе басқа да материалдық тасушыда бекітіліп, сонымен бірге көпшілік алдында айтылып, орындалуы мүмкін.

Лекциялар, баяндамалар басқада сөз сөйлеулер

РФ заңдарында лекция, баяндама т.б. әдеби шығармаларды қорғау жөнінде тоқталып айтылмайды. Алайда, ауызша айтылып, ешқандай материалдық тасушыға бекітілмеген шығарманы құқықтық қорғау қиын болса да мүмкін нәрсе.

Хаттар, күнделіктер, жеке белгілеулер

Басқа әдеби шығармалар арасында ерекшеленбесе де, хаттар, күнделіктер мен жеке жазбалар т.б. жеке сипаттағы құжаттар заңмен қорғалатын интелектуалдық меншік обьектілері қатарына жатқызылады.

Хаттар, күнделікктер, жазбахаттар, белгілеулер тағыда басқаларға деген құқық авторға тиесілі, жариялау тек қана оның рұқсатымен іске асырылады. Жеке тұлғаларға қатысты құжаттар құпиясы ондағы бар мәліметтір құндылығына қарамастан қорғала береді. Обьектілерді құқықтық қорғау критериі болып бұл жерде тек ондағы мәліметтердің жеке тұлғаларға қатыстылығы есептеледі. Хат, күнделік, т.б. жариялау үшін авторлардың және адресаттарждың келісімі қажет.

Интервью, пікірайыс, редакцияға хаттар

интервью дер жазушы, репотер немесе коментатор өз әңгімелесушісінен баспаға шығаруға қажетті ақпаратты алу үшін болған кездесуді айтады. Интервью шығармашылық іс-әрекет нәтижесі болып табылады. Егер де интервью жақсы ойласиырылған композициямен ерекше стиль мен бейнеге ие болса, ол заңмен қорғалатын интеллектуалдық меншік обьектісіне айналады. Редакцияға жіберілген хат авторлық құқықпен қорғалатын интеллектуалдық меншік обьектісі болып табылады, себебі жазылу кезінде шығармашылық үлес қосуды қажет етеді. Хатта автордың позициясы, баяндау, ой-толғамы, фактілерді бағалау, әдеби-стиллистикалық тәсілдердің алуандығын қоса бәрң де синтезделген және ерекше маңызға ие.

Аудармалар

Шығарманы басқа тілге аудару авторлық құқықпен қорғалатын әдеби шығармалардың өзінше бір түрлі болып табылады. Егер аудармашының еңбегі шығармашылық емес, қажетті ғылыми және әдеби өңдеусіз, тек қана сөзбе-сөз аударуға ғана сайса, бұндай аударма авторлық құқықпен қорғалатын интеллектуалдық меншік обьектісіне жатпайды.

ЭЕМ-ге арналған программалар

РФ заңдарында ЭЕМ және деректер базасына арналған программалар ғылым, әдебиет пен өнер туындыларына теңделеді, бірақ өнертабысқа теңелмейді.

Авторлық құқықпен қорғалатын интеллектуалдық меншік обьектісі болып табылатын ЭЕМ программалары, белгілі нәтиже, дайындық материалдарын, ЭЕМ-ге программаларды әзірлеу барысында шығатын аудиовизуалдық көрсеткіштерді алу мақсатында, ЭЕМ және басқа да компьютерлік қондырғылардың іс-әрекет етуіне арналған, берілген командалар жиынтығын танытатын обьективтік форманы білдіреді.

ЭЕМ программаларын қорғаумен қатар соңғы жылдары ЭЕМ көмегімен интеллектуалдық меншік обьектілерін қорғау да өзекті болып табылады. ЭЕМ көмегімен жасалған көптеген туындылар өзінің ерекшелігі жағынан адамдардың шығармашылық іс-әрекеттері нәтижелерінен еш кем түспейді, сондықтан іс-жүзінде тәжірбиелі сарапшалардың өзі оларды бөліп қарамайды. Осындай шығармаларды авторлық құқықпен қорғалатын интеллектуалдық меншік обьектілері деп санауға толық негіз бар.

Драмалық шығармалар.

Драмалық шығармалыр өзінің жанрлық алуандығын, обьективтік көрініс беру формалары мен сахналық құбылу әдістерін қоса авторлық құқықпен қорғалатын интеллектуалдық меншік обьектісі болып табылады. Драмалық шығармалардың заңмен қорғалатын туындылардың ерекше түрі деп есептелуі, оларды қолданудағы көркемдік әдістер мен формаларының өзіндік спецификациясы болуымен түсіндіріледі.

Музыкалық шығармалар.

Көркемдік образдарды дыбыс арқылы берілетін туынды музыкалық деп танылады. Музыкалық танымның негізгі болып есептелетін дыбыс, көкемсуретте сияқты көзге көрінетін әлемнің бейнесін бермейді және сөзде болатын мағнылалық нақтылығы жоқ.

Сөйте тұра ол спецификациялық түрде ұйымдасқан, интонациялық табиғатқа ие. Көп ғасырлық сөйлеу тәжірбиесін өз бойына сініріп, интонация, музыкадан естілетін өнер тудырады. Музыкалық туындылар орындау кезінде, немесе компактдискілер, магнитафон жазбалары, күйтабақ т.б. техникалық құралдар арқылы санаға қабылданды. Көпшілік алдында орындалған туындыоар, қандай да болмасын материалдық формаыздармен қоса қорғалады.

Сценарилік туындылар

Авторлық құқықпен қорғалатын интеллектуалдық меншіктер арасында фильдер, спектаклдер, балеттер, бұқаралық көріністердің т.б. негізгі болатын сценарилерді де айтады. Сценарии, оригинал немесе басқа драмалық, баяндамалық туындының өңделген түрі болса да заңмен қорғалатын интеллектуыалдық меншік обьектісі болып табылады.

Аудиовизуалдық туындылар

Аудиовизуалдық шығармалар аудиторияның есту мен көру арқылы қабылдауына бағытталған кино және бейне шығармалардың кең ауқымын қамтиды. Бұған ең алдымен жанры мен бағытталуына, көлеміне, орындау тісліне байланысты емес кино, теле, бейнефильмдер, диафильмдер т.б. теледидарлық шығармаларжатады.

Бейнелеу және декоративтік өнер туындылары

Сурет, скульптура, графика, дизайн, комикстер, графикалық әңгімелер, монументалды, декоративтік, қолданбалы өнер – осылар көркемсурет және декоративтік өнер туындыларына жатады.

Өнертабыстар, пйдалы модельдер, өнеркәсіп үлгілері

Өнертабыстар

Интеллектуалдық меншік обьектісі егер ол қондырғы, тәсіл, зат, микроағза штаммы, өсімдік немесе жануар жасушасының түрі болса және белгілі зат, қондырғы жаңа мақсаттарда жұмсалса өнертабыс болып саналады. Машиналар, аспаптар, механизмдер, саймандар, транспорттық құралдар, ғимраттар, жабдықтар т.б. құрылғылар өнертабыс обьектілері ретінде саналады.

Пайдалы модельбер.

Жаңа өнеркәсіпке қолдануға жарайтын, өнлы Мадрид келісімі,Тауарлардың шыққан жері мен олардың халықаралық тіркеу атауларын қорғау жайлы Лиссабон келісімі,Өнеркәсіп үлгілерін халықаралық сақтауға алу туралы Гаага келісімі,Өнеркәсіп меншігі объектілерін классификациялау туралы шарт (Стасбургтік,Локарндік,Ниццалық,Веналық).Осылардың бірқатарының маңызы мен ролі жайлы берілген зерттеудің тиісті тарауларында сөз болмақ.

1991–ші жылдан,бұрыңғы КСРО субъектілерінде ұлттық патенттік жүйе құрылуымен қатар,өнеркәсіп меншігін құқықтық қорғау саласындағы ынтымақтастық процессі де жүріп жатыр.Мысалы,1993 –ші жылдың 12–ші наурызында осы сала бойынша мемлекетаралық келісім қабылданады,бұл сәйкес ұйымдарымен жұмыс органдары бар Еуразиялық патенттік конвенцияны дайындауға бастама болды.Конвенция бойынша бір өтінімді бір тілде жазып,сол конвенция елдерінің қайсында болмасын патенттің өз күшін сақтау мүмкіндігі қарастырылған.

2 -тақырып. Авторлық және шектес құқық. «Авторлық құқық және шектес құқық туралы» ҚР заңы

Сұрақтар:

Авторлық меншік,авторлық құқықпен және сабақтас құқықтармен қорғалады.

Авторлық құқық азаматтық құқықтың бір бөлшегі болып табылады,ол әдебиет,ғылым мен өнер туындыларының жасалып,қолданылуындағы қатынастарды реттейді.Алдыңғы қатарлы елдердің заңдары авторлардың өз шығармашылық өнімдерін жасап таратуға қолайлы жағдай туғызу авторлық құқық жүйесінің негізгі мақсаты болып табылады.

Бұл жерде шығармалардың авторлары болып табылмайтын,бірақ интеллектуалдық еңбек объектілерінің таралып материалдық күйге өтуінде ерекше роль атқаратын заңды және жеке тұлғаларды атап өту қажет.Бұл тұлғалардың құқықтары сабақтас деп аталады,және авторлық құқықпен тығыз байланысты.

Авторлық құқық қандайда да бір объектілеріне таралады,олар:

–жазбаша (қолжазба,машинаға басылған,нота жазбасы т.б.);

–ауызша (көпшілік алдында айту,көпшілік алдында орындау);

–дыбыстық және бейне жазу (механикалық,цифрлік,магнитті,оптикалық);

–бейнелеу (сурет,эскиз,картина,жоспар,сызба,кино,теле,бейне немесе фотокадр);

–көлемдік–кеңістікті (мүсіндеме,модель,макет,құрылыс);

–басқа да нысандарда.

Авторлық меншік объектісі болып табылатын шығармаларға авторлық құқық жалпыға бірдей мәлімдеу нәтижесінде таралады.

Халыққа жарияланған шығарма дегеніміз–автордың келісімімен,шығарманы алғаш рет көпшілік тани алатындай ету әрекеті.

Ол мынадай жолдармен іске асырылады:

–басқа адам немесе көпшілік оқырман таныса алатындай етіп шығарманы баспадан шығару;

–ЭЕМ программаларының даналарын,деректер базасын анықталмаған тұлғаларға ұсыну немесе ЭЕМ есіне жазу арқылы;

–түпнұсқаны немесе данасын нақты немесе техникалық құралдар көмегімен (сахналық қойылым,спектакль,опера,балет,кинофильм т.б.) көпшілікке көрсету.

–көпшілік алдында орындау (өлен оқу,конференциядағы баяндама,музыкалық шығарманы орындау);

–эфирге жіберу немесе басқа амалмен (драмалық немесе басқа көркем шығарманы оқу,музыкалық шығарманы орындау).

Шығармаға деген авторлық құқық сол шығарма жасалған материалдық объектіге деген меншік құқығымен байланыспайды.Құқық меншігін материалдық объектіге беру,(мысалы кітапқа ) шығарманың авторлық құқықтарын беру деген сөз емес.

Егер шығарма жарияланбаған,бірақ қандай–да бір объективтік күйде берілсе оған авторлық құқық қолданылады.

Авторлық құқық идеялар,фактілер,тәсілдер,процесстер,концепциялар,ашылулар мен жүйелерге қолданылмайды.

РК–ның заңы бойынша автор бірқатар мүліктік және жеке мүліктік емес сипаттағы құқықтарға ие.

Мүліктік құқықтарда экономикалық мазмұны бар.Оларға шығармаларда пайдалануға қатысты әртүрлі құқықтар жатады.

Шығарманың пайда болған сәтінен бастап жеке мүліктік емес құқықтарға мыналар жатады:

–авторлық құқығы.Автордың шығармаға қатысты өзінің авторлығын тануды талап етуіне байланысты.

–қол сұқпаушылық құқығы–автордың намысы мен беделіне нұқсан келтіруі мүмкін өзгерістерден шығарманың атауы мен шығарманың өзін қорғау құқығы.(репутацияны қорғау құқығы).Автордың келісімінсіз шығармаға ешқандай өзгерістер не қосымша ақпарат,алғысөз,соңғы сөз,комментарий,иллюстрация енгізуге болмайды.

–шығарманы кез келген формада жария ету және жария етуге рұқсат беру құқығы.Жария ету тек бір –ақ рет жасалады.

–қайтарып алу құқығы,ертерек жария етуді қабылданған шешімді қайтарып алуды білдіреді.Осындай жағдайда ол шығып қойған даналарды өз қаржысына айналымнан алып тастауға құқылы.

Мүліктік құқықпен салыстырғанда аталған мүліктік емес құқықтар тек авторға тиесілі,оларды басқа тұлғаға,не мұра етіп қалдыруға болмайды.

Авторға өз шығармасын қолдануына қатысты айрықша құқықтар беріледі.Автор келісім–шарт бойынша берген құқықтар негізінде жеке тұлғалар мен заңды тұлғалар шығарманы пайдалану құқығына ие болады.Бұл құқықтар мүліктік құқықтар деп аталып,мұраға және толық не бөлшектелген түрде келісім бойынша берілуі мүмкін.Олар автордың өмір бойына және ол қайтыс болғаннан кейінгі 50 жыл бойы күшінде болады.Келісім бойынша бұл құқықтардың әрекет ету мерзімі заңмен бекітілмеген.

Шығарманы пайдаланудағы айрықша құқықтар мынадай әрекеттер жасауға рұқсат етуге жол ашады:

–шығарманы кез келген тәсілмен жаңғырту(жаңғырту құқығы).Жаңғырту–шығарманы не оның бөліктерін кез келген материалдық формада дайындау.

–даналарды кез келген әдіспен тарату–сату,жалға беру (тарату құқығы);

–тарату мақсатында шығармаларды импорттау (импорттау құқығы);

–шығарманы көпшілік алдында көрсетіп орындау (көпшілік алдында көрсетіп орындау құқығы);

–таныту мақсатында,одан кейінгі бағдарламаларды қоса шығарманы эфирден хабарлау (хабарлау құқығы);

–шығармаға аударма,аранжировка,өңдеу жасау (аударма,аранжировка,өңдеу жасау құқығы);

–архитектуралық,дизайнерлік жобаларды іске асыру (жобаларды іске асыру);

–автор келісімімен шығарманың даналарын,фонограмаларды айналымға шығару (айналымға шығару құқығы) .Егер заңды түрде баспадан шыққан шығарма даналары азаматтық айналымға сату арқылы еңгізілген болса,олардың бұдан бұлайғы таратылуы автордың келісімінсіз,оған сыйақы төлемей–ақ асырылуы мүмкін.Автор өзінің шығармасын пайдалануға деген құқықты Ресей Федерациясының және шетел территориясында заңды және жеке тұлғаларға оның ішінде шетелдіктерге де бере алады.Шығарманы пайдалануға қатысты аталған барлық мүліктік құқықтар әдетте автордың келісім–шарт жасауы арқылы іске асырылады.

Авторлық мүлік заң бойынша туындыңы шығармашылық еңбек нәтижесінде дүниеге әкелген жеке тұлға болып табылатын авторға тиесілі.Шығарманы жасаушы,автоматты түрде,шығарманы ешқандай рұқсат пен тіркеуден өткізбей–ақ,авторлық құқық субъектісі (тасушысы) болып саналады.

Екі не бірнеше тұлғаның бірлескен шығармашылық еңбегі нәтижесінде дүниеге келген туынды,шығарманың ажырамас бір бөліктен не әрқайсысының өзінше мағынасы бар бірнеше бөліктен тұратындығына қарамастан барлық тете авторларға тиесілі.

Егер бірнеше авторлармен жасалған туынды бөлінбейтін біртұтас болса,оған әр тете автор өзінше шығармашылық үлес қосса,бұндай тете авторлық бөлінбейтін болып саналады да олардың еш қайсысы да жеткілікті негізсіз оны пайдалануға тиым сала алмайды.

Егер шығарманың бір бөлігі өзінше мағынаға ие болып,басқаларынан дербес қолданыла алса,араларындағы келісімге қайшы келмесе,тете авторлар өз бөліктерін қалауынша пайдалана алады.

Тете авторлар арасындағы қарым–қатынас шарт бойынша анықталып отыруы мүмкін.Келісім –шартқа тете авторлардың бәрінің қолдары қойылуы тиіс.

Жинақтардың құрастырушылары–олардың шығармашылық еңбегінің нәтижесі материалдарды іріктеп орналастыру болып табылады.Егер шығармалары жинаққа енген авторлардың құқықтары сақталса,құрастырушылар жинаққа қатысты авторлық құқыққа ие болады.Сонымен қатар басқа тұлғалар дәл сондай материалдарды басқа жинақтар жасау үшін қолданылуы мүмкін.Бір жинаққа енген екі не бірнеше мақала авторлары тете авторлар болып табылмайды,және өз шығармаларын жинаққа тәуелді болмай–ақ пайдалануға құқылы.

Негізгі шығарманы аударуды,қайта жасауды,қайта өңдеуді іске асыратын тұлғалар да авторлық құқық субъектілері болып табылады.Бұндай шығармалар да туынды болып табылады және жасалған сәтінен бастап құқықтарға ие.Бұл авторлар негізгі туынды авторларының құқықтарын сақтауы тиіс.

Егер аудиовизуалды туынды авторлары бірнеше болса:қоюшы–режисер,сценарий авторы,музыкалық шығарма авторы.Олар шығармадағы өздерінің бөліктеріне байланысты авторлық құқықты пайдаланады.Аудиовизуалды туынды жасау кезінде авторлар осындай туындыны жасауға жауапкершілік алған заңды немесе жеке тұлғамен келісім –шартқа отырады.Авторлар осы келісім бойынша жаңғыртуға,таратуға, және басқа да жария етуге құқықтар береді (аудиовизуалдық туынды құқығы күшінде болатын мерзім шеңберінде).Қызметтік тапсырма ретінде жасалған туындыда авторлық құқық авторға тиесілі.Қызметтік тапсырмамен шарттыланған (обусловленно) қызметтік туындыны пайдалану құқығы және мүліктік құқықтар жұмыс берушіге тиесілі (егер автормен болған келісім–шартқа қайшы келмесе).Сонымен қатар жұмыс беруші қызметтік туындыны пайдаланған кезде өз атауының белгілеуін талап етуге құқылы.

Туындыны пайдалану құқықтары мұрагерлік бойынша,заң бойынша,өсиет бойынша беріледі.Заңды мұрагерлер қатарына кірмейтін кез келген заңды тұлға,мемлекет немесе азамат өсиет бойынша мұрагер бола алады.

Авторлық құқықтың барлық субъектілері өз мүліктік құқықтарын кез келген жеке немесе заңды тұлғаларға келісім бойынша бере алады.Бұндай тұлғалар құқық иелері болып табылады және келісім шеңберіндегі құқықтарға ие болады.

Әдеби шығармаларға қатысты авторлық құқық объектілеріне мыналар жатады:кітаптар,мақалалар,брошюралар,(ғылыми,көркем сипаттағылар да) музыкалық шығармаларға текстер,жарияланған және жарияланбаған лекциялар,сөз сөйлеулер,шіркеулік уағыздар т.б. материалдық тасушыда бекітілген шығармалар.ЭЕМ прграммалары да авторлық құқық объектілеріне жатқызылған.

Бейнелеу өнері туындыларына қатысты авторлық құқық объектілеріне:сурет,мүсін,архитектура,дизайн,графика және декоративті–қолданбалы өнер туындылары,иллюстрациялар,сызбалар жатады.

Авторлық құқық объектілері ретінде заңмен қорғалады мыналар:фотографялық және фотографияға жақын тәсілдермен алынған туындылар,сонымен қатар аудиовизуалдық туындылар (кино–,теле–,видео–,радиотуындылар).

Авторлық құқық объектілеріне негізгі шығармадан туындаған еңбектер де жатады:аудармалар,аннотация,рефераттар, аранжировкалар, жинқтар және басқа да туындының құрамдас бөліктері жатады, олардағы материалдардағы іріктеу мен орналастыру шығармашылық еңбек нәтижесі деп есептеледі. ЭЕМ­на арналған деректер базасы жинақтарға жатады. Бул объектілер құралған материалдары авторлық құқық объектісі болса да, болмаса да авторлық құқықпен қорғалады.

Авторлық құқық объектілеріне қойылатын жалпы талаптарға сәйкес келетін туындылар авторлық құқықпен қорғалады. Авторлық құқықпен қорғалуға жарайтын объектілер саны үнемі өсуде. Бұл ең алдымен шығармашылық туындыларды жасауға қолданылатын жаңа техникалық құралдардың пайда болуына байланысты.Осылардың қатарына мысалы ақпаратты спутниктер мен ЭЕМ–рын программалық қамтамасыз ету арқылы тарату жатады.

Авторлық құқық қолданылмайды: халық шығармашылығы туындыларына және де ресми құжаттарға ( заңдар, сот шешімдері т.б), ресми символдар мен белгілерге ( жалаулар, ел таңбалар,ордендер, ақша белгілері т.б.), мемлекеттік, қоғамдық ұйымдар қабылданған ақпараттық сипаттағы оқиғалар мен фактілер жалы хабарлар.

Туындыны коммерциялық мақсаттарда қолдану автордың не басқа құқық иесінің келісімімен жазбаша шарт ( авторлық шарт) негізінде мүмкін. Шарт заңды немесе жеке тұлғалардың авторлық құқықпен қорғалатын ғылым, әдебиет пен өнер туындыларын пайдалануына қатысты.

Мүліктік құқықтарды тапсыру айрықша құқықтарды тапсыру немесе арықша емес құқықтарды тапсыру жайлы авторлық келісім–шарттары негізінде іске асырылады. Авторлық шарт бойынша тапсырылған құқықтар егер шартта нақты басқасы көрсетілмесе айрықша емес болып саналады.

Авторлық шарт қарастыруы тиіс;

– туындыны пайдалану амалдарын:

– құқық тапсырылатын мерзім мен территорияны:

  • туындыны пайдаланудың әр амалына байланысты сыйақы беру, оны белгілеу тәртібін, сыйақы көлемін, оны беру мерзімі мен тәртібін.

Қалған құқықтар екі-жақтың келісімімен шешіледі. Нақты авторлық шарт бойынша тапсырылмаған құқықтар тапсырылмаған болып саналады. Шарт бойынша тапсырылған құқықтар басқа тұлғаларға түгелімен не бөліктерімен берілуі мүмкін (егер шартта бұл туралы келісім болса).

Пайдалану бойынша ең кең тараған келісім-шарт түрлері:

- тапсырыстың авторлық шарты;

- туынды оригинал күйінде басып шығару мен қайта шығару туралы баспа шарттары;

- жарияланбаған туындыны кино немесе телевизиялық фильмде қолдану туралы-сценарилік шарт;

- бейнелеу өнері туындыларын жасап, көпшілікке көрсету мақсатындағы- көркемдік тапсырыс шарттары;

- туындыны өңделген, аударылған түрде жариялау туралы шарттар;

- ЭЕМ-на арналған программалар мен деректер базасын жасап тапсыруға арналған авторлық келісім;

- топологияларды жасап тапсыру туралы авторлық шарт;

- тете авторлық және т.б. туралы шарт;

Жарияланған туынды кей жағдайларда автордың келісімінсіз пайдалануы мүмкін, ал жарияланбаған туынды тек қана автордың келісімімен пайдаланылады.

Туындыдан баспадағы иллюстрация ретінде цитаталар беру, басқа да осыған ұқсас жолдармен пайдалану автордың келсімінсіз жасалуы мүмкін, бірақ пайдаланған деректе авторының есімі міндетті түрде аталуы тиіс.Бұндай жағдайда туындының қалыпты пайдалануына нұсқан келтірмеуі және автордың заңды қызығушылықтарының маңызы төмендетілмеуі тис. Осындай пайдалану негізінен ғылыми, зерттеулік, пікірталастық , сынау, ақпараттық мақсаттарда, цитата, басылым иллюстрациялары ретінде, радио және теле бағдарламаларда т.б. жасалуы мүмкін.

Сабақтас құқықтар тәуелді болып табылады/12/.

Сабақтас құқық иелері туындыны төмендегідей пайдалану мақсатында авторлардан келісім алуы тиіс:жазып алуға,орындауға,қойылым жасауға,эфирге не кабель бойынша бағдарламалар жіберуге (егер негізгі авторлық құқықтардың күшінде болу мерзімі бітпесе).Бұл құқықтар келісім–шарт негізінде беріледі.

Орындаушыларға жеке мүліктік емес және қолдану барысындағы орындау мен қою құқықтары беріледі.Фонограма жасаушылар мен эфир және кабельдік хабарлау ұйымдарына өз меншігін пайдалануға қатысты тек айрықша құқықтар беріледі.

Заң сабақтас құқықты үш дербес категорияға бөледі:

–атқарушылардың құқықтары;

–фонограма жасаушылар құқықтары;

–эфирлік және кабельдің хабарлау ұйымдарының құқықтары.

Орындаушылар дегеніміз–шығармашылық қызметіне қандай да бір әдебиет пен өнер туындыларын орындау,қойылым жасау жататын жеке тұлғалар.Бұлардың қатарына музыканттарды,актерлерді,әншілерді,бишілерді,спектаклдердің қоюшы–режисерлерін,дерижерларды т.б.жатқызуға болады.

Орындаушылардың сабақтас құқықтары алғаш орындаудан кейін пайда болады да сол сәттен кейінгі 50 – жыл бойы күшін сақтайды.(құқық пайда болған жылдан кейінгі жылдың 1–ші қаңтарынан есептегенде).

Туындыға заң күші қолданылмайды егер,ол көпшілік алдында орындалып,оған жазып алу немесе эфирден көрсету жасалынбаса.Жазба тек қана орындаушының келісімімен жасалады.Егер жазба коммерциялық мақсатта істелінсе,бұл келісімге эфир немесе кабель бойынша бағдарлама да кіреді.

Алғаш рет эфирден не кабельден бағдарлама жасалғанда орындаушы рұқсатын алу қажет.Бағдарламаны қайталаған кезде бұндай рұқсаттың қажеті жоқ.

Орындаушыға жеке мүліктік емес және мүліктік құқықтар тиесілі.

Жеке мүліктік емес құқықтарға мыналар жатады:

–есіміне деген құқық:

–орындаушының беделі мен намысына нұқсан келтіретін орындаудағы бұрмалаудан қорғау құқығы;

–орындау немесе қойылымды кез келген түрде қолдану құқығы;

–орындау не қойылымның әр түрін қолданғаны үшін сыйақы алу құқығы;

Орындаушылардың мүліктік құқықтары дегеніміз –өз шығармаларын басқа тұлғаларға коммерциялық мақсаттарда орындауға,қойылым жасауға,пайдалануға рұқсат беретін авторлардың айрықша құқығ.Ол бойынша орындаушылар құқылы:

–егер әу баста жазба коммерциялық мақсаттарда жасалынбаса,ертеректен эфирден берілмей,жазбаны пайдаланып іске асырылмаса,көпшілік құлағдар болу үшін эфирге не кабельден жіберуге;

–ертерек жазылмаған қойылым не орындауды жазбаға түсіруге;

–жазбаны жаңғыртуға;

–коммерциялық мақсатта баспадан шықан фонограманы жалға беруге.

Сабақтас құқықтарды еркін пайдалану

Кей жағдайларда сабақтас құқықтар авторлық құқық туралы заңда айтылғандай құқық иесінің келісімінсіз –ақ қолданылуы мүмкін.Авторлық құқықпен қорғалатын туындыларға қолданатын еркін пайдалануды сабақтас құқық объектілеріне де қолдануға болады.

Тек сабақтас құқықтарға тән жағдайлар:

–өтпелі оқиғалар шолуына кішігірім үзінділер қосу;

–оқыту және ғылыми ізденіс мақсаттарында қолдану;

–кішігірім үзінділерді дәйексөз ретінде ақпараттық мақсаттарда қолдану:

–жеке бас мақсаттарында пайдалану мен жаңғырту;

Авторлық және сабақтас құқықтарды бірігіп басқару.

Авторлық және сабақтас құқық иелері коллективтік негізде мүліктік құқықтарды басқару мақсатында коммерциялық қызметпен айналыса алмайтын қоғамдық ұйымдар құруы мүмкін. Олардың негізгі функциясы авторлық құқық иелерімен туындыларды пайдалануға пайдалануға қатысты өз еркімен жазбаша түрде істелетін келісім-шарттар жасау. Алайда өз бетінше бұл туындыларды пайдалануға бұл ұйымның қақысы жоқ, сондықтан олар пайдаланушылармен лицензиялық келісімдер жасайды.

Аталған ұйымдар авторлық құқық иелерінен алған өкілеттілік шеңберінде, Ресей Федерациясы заңдары бекіткен тәртіп бойынша құралған жарғы негізінде әрекет етеді. Бұндай ұйымдардың мүшелігінде авторлар, орындаушылар, фонограмма жасаушылар, эфирлік және кабельдік хабарлау ұйымдары басқада кез келген заңды құқық иелері бола алады.

Авторлық және сабақтас құқық иелерінің пайдаланушыларға деген наразылықтарын, талаптарын осы ұйымдар шешуге тиіс.

ЭЕМ және деректер базасына арналған программалар.

Бүгінгі таңда, ақпараттық жүйелер мен технологиялардың қарқынды дамуы кезінде ЭЕМ мен деректер базасына арналған программалар әртүрлі инженерлік-техникалық, экономикалық, логикалық, ақпараттық-іздестіру мәселелерін шешудің таптырмас құралына айналған. Ақпараттық жүйелерді құрудың бірінші кезеңінде техникалық қамтамасыз ету ( ақпараттық құралдар ) басымдық бағыттардың бірі еді. Электронды есептеу машиналары өте қымбат тұрып, әртүрлі модельдер бір-бірімен сәкес келмейтін. Жүйенің қызмет етіп тұруын қамтамасыз ететін программалар кешені ЭЕМ-нан бөлінбейтін күйде болатын. ЭЕМ шығаратын фирмалар іс-жүзінде бұл жүйелерді программалармен қамтамасыз ететін монополистер болды.

ЭЕМ-ның жаңа толқынының дүниеге келуі программалау бойынша дайындығы әртүрлі пайдаланушыларға арналған жеке компьютерлердің қарқынды дамуына байланысты программалық қамтамасыз ету үлкен сұранысқа ие болып келеді. Компьютерді қолданбалы мақсаттарды шешу құралы етуге мүмкіндік беретін программалар жасалуда.

Персональды (жеке) компьютер және белгілі программа көмегімен кез-келген сала маманы зерттеу, есептеу, текстерді өңдеп құруды іске асыра алады. Сонымен қатар көптеген оқыту бағдарламалары мен ойындар дүниеге келуде. Ақпараттық өндіріс саласындағы саудада салмақ енді қондырғылардан программалық қамтамасыз етуге ауысты. Интеллектуалдық еңбек нарығында алуан түрлі программалық қамтамасыз ету саны жедел өсуде. Нарықтың жаңаруы өте тез жүруде. Әрбір программалық қамтамасыз етумен айналысатын әзірлеуші фирма қолданбалы программалардың көптеген түрлерін ұсынады. Олардың мүмкіндік өрісі-тексті өңдеу бағдарламаларынан бейнені өңдеу жүйелеріне дейін.

Программалар мен деректер базасын қолданатын ЭЕМ-ын пайдаланушылар олардың жасаушыларының авторлық құқықтарын сақтауға міндетті.

3 -тақырып. Пайдалы үлгіні, өндірістік үлгіні, тауарлық белгіні ашу, өнертабыс ұғымы Сұрақтар:

Пайдалы үлгіні, өндірістік үлгіні, тауарлық белгіні ашу, өнертабыс ұғымы

Өнеркәсіп меншігінің қорғалуы патенттік құқық негізінде іске асырылады.

Өнеркәсіп меншігі объектілеріне деген құқық субъектілері болып иесінің міндеттері жеке және заңды тұлғалар болып табылады (сурет14). Жеке тұлғаларға ҚР азаматтары, шетел азаматтары, қос азаматтығы барлар және азаматтығы жоқ тұлғалар жатады. Заңды тұлғаларға шаруашылық қоғамдар мен серіктестіктер, өндірістік және тұтынушы кооперативтер, мемлекеттік коллективтік арендалық кәсіпорындар, қоғамдық ұйымдар, әртүрлі қорлар т.б. жатады.

Өнеркәсіп меншігін қорғау құжаты-патент немесе куәлік.

Патент, өзінің заңдарына сәйкес мемлекеттің беретін құжаты, ол бір жағынан өнеркәсіп меншігіне деген құқықтарды, объектіні пайдаланудағы авторлық және айрықша құқықтарды растап, басымдықты куәландырады.

Екінші жағынан патент сол патент иесіне ұсынылған құқықтардың қорғалуын қамтмасыз етеді. Қорғалуға деген құқық және қорғаудың сәкес механизмі патентті берген мемлекеттің заңдарында көрініс табады.

Патент беріледі - автор немесе оның құқық иелеріне, патентті беруі бойынша өтінімде көрсеткен өнертабыс, пайдалы модель, өнеркәсіптік үлгі авторына (авторларға) немесе автордың жұмыс берушісі, жеке,(немесе) заңды тұлғаларға.

Қызмет бабымен, тапсырма ретінде жұмыскер жасаған өнеркәсіп меншігі объектісіне қатысты патент алу құқығы жұмыс берушіге тиесілі егер екеуінің арасындағы келісім-шартта басқасы қарастырылмаса. Жұмыс беруші патентті алған жағдайда жұмыскер жұмыс берушінің объектіні пайдаланудан тапқан пайдасына сай сыйақы алуға құқылы. Сыйақының мөлшері жұмыскер мен жұмыс берушінің арасындағы келісіммен анықталады.

Құқық иелері

Автор Жеке тұлға Заңды тұлға

Жұмыс беруші (автордың қызмет тапсырмасын орындау кезіндегі жасағаны, шартпен басқадай жағдай қарастырылмаса.)

Патент иесінің айрықша құқығы

Пайдалану Пайдалануға рұқсат беру

Пайдалануға тыйым салу

Автордың және патент иесінің құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету

Құқық иесінің құқықтарының бұзылуына байланысты әртүрлі сот инстанцияларында тексеру, қарау

Патент иесінің айрықша құқықтарын бұзу болып табылмайтын іс-әрекеттер

Ертеректе пайдаланылса Коммерциялық пайдалану болып табылмайтын басқа да әрекеттер.Ұлттық қауіпсіздік үшін пайдалану (РФ үкіметінің рұқсатымен)

Патент

Объектіні міндетті түрде пайдалану, Баж төлеу

Сурет 1.4 Өнеркәсіп меншігі объектілері.

Жұмыскер объектіні жасайтыны жайлы хабарлағаннан кейінгі төрт ай бойы жұмыс беруші пайдалану бойынша нұсқаулар жасамай, бұл жағдайды құпияда ұстау керектігі туралы жұмыскерге хабарламай, ешқандайда іс-әрекет жасамаса, жұмыскер өз бетімен патент алу жайлы өтінім беруге құқылы. Жұмыс беруші бұндай объектіні патент иесіне өтемақы беру арқылы пайдалана алады.

Егер өнертабысты жасауға бірнеше тұлға қатысса, олардың бәрі де тете авторлар болып табылады, олардың өздеріне тиесілі құқықтарды пайдалану тәртібі араларындағы келісім арқылы шешіледі.

Авторлық құқық ажырағысыз жеке және мерзімсіз қорғалатын құқық болып табылады.

Объектіні жасауда өзінің шығармашылық үлесін қоспаған,тек техникалық, материалдық басқадай көмек жасаған немесе объектіге қатысты құқықтарды реттеуге, пайдалануға көмек берген тұлғалар автор болып танылмайды.

Өнеркәсіп меншігі объектілерінің иелері мен жасаушылары белгілі мүліктік және мүліктік емес құқықтарға ие.

Мүліктік емес құқықтар тұлғаның материалдық қамтамасыз етіп, экономикалық мазмұны жоқ болады. Олар азаматтық құқықтарға жатады. Жеке мүліктік емес құқықтарға жататын негізінен авторлық құқығы, өтінім бойынша жарияланған деректерде өнеркәсіп меншігі объектісінің жасаушысы өзінің аталуын талап ету құқығы.

Мүліктік құқықтар да азаматтық құықтарға жатады. Бірақ олар белгілі экономикалық мазмұнға ие. Бұл айрықша құқық, құжат иесінің өнеркәсіп меншігі объектісін төмендегідей түрде коммерциялық пайдаланудағы айрықша құқығы: өндіріс түрінде, қорғау құжатына құқықтарды беру, пайдалануға қатысты құқықтарды беру (лицензиялар); өнеркәсіп меншігі объектісін жасаушының ақшалай сыйақыға деген құқығы.

1.Пайдалы қолданудың принциптері.

2.Нарықтық жаңалықтардың ерекшеліктері.

1.Пайдалы қолданудың принциптері.

Ойлап шығару шығармаларға қатысты авторлық құқық объектілеріне мыналар жатады:кітаптар,мақалалар,брошюралар,(ғылыми,көркем сипаттағылар да) музыкалық шығармаларға текстер,жарияланған және жарияланбаған лекциялар,сөз сөйлеулер,шіркеулік уағыздар т.б. материалдық тасушыда бекітілген шығармалар.ЭЕМ прграммалары да авторлық құқық объектілеріне жатқызылған.

Бейнелеу өнері туындыларына қатысты авторлық құқық объектілеріне:сурет,мүсін,архитектура,дизайн,графика және декоративті–қолданбалы өнер туындылары,иллюстрациялар,сызбалар жатады.

Авторлық құқық объектілері ретінде заңмен қорғалады мыналар:фотографялық және фотографияға жақын тәсілдермен алынған туындылар,сонымен қатар аудиовизуалдық туындылар (кино–,теле–,видео–,радиотуындылар).

Авторлық құқық объектілеріне негізгі шығармадан туындаған еңбектер де жатады:аудармалар,аннотация,рефераттар, аранжировкалар, жинқтар және басқа да туындының құрамдас бөліктері жатады, олардағы материалдардағы іріктеу мен орналастыру шығармашылық еңбек нәтижесі деп есептеледі. ЭЕМ­на арналған деректер базасы жинақтарға жатады. Бул объектілер құралған материалдары авторлық құқық объектісі болса да, болмаса да авторлық құқықпен қорғалады.

Авторлық құқық объектілеріне қойылатын жалпы талаптарға сәйкес келетін туындылар авторлық құқықпен қорғалады. Авторлық құқықпен қорғалуға жарайтын объектілер саны үнемі өсуде. Бұл ең алдымен шығармашылық туындыларды жасауға қолданылатын жаңа техникалық құралдардың пайда болуына байланысты.Осылардың қатарына мысалы ақпаратты спутниктер мен ЭЕМ–рын программалық қамтамасыз ету арқылы тарату жатады.

Авторлық құқық қолданылмайды: халық шығармашылығы туындыларына және де ресми құжаттарға ( заңдар, сот шешімдері т.б), ресми символдар мен белгілерге ( жалаулар, ел таңбалар,ордендер, ақша белгілері т.б.), мемлекеттік, қоғамдық ұйымдар қабылданған ақпараттық сипаттағы оқиғалар мен фактілер жалы хабарлар.

Патент, өзінің заңдарына сәйкес мемлекеттің беретін құжаты, ол бір жағынан өнеркәсіп меншігіне деген құқықтарды, объектіні пайдаланудағы авторлық және айрықша құқықтарды растап, басымдықты куәландырады.

Екінші жағынан патент сол патент иесіне ұсынылған құқықтардың қорғалуын қамтмасыз етеді. Қорғалуға деген құқық және қорғаудың сәкес механизмі патентті берген мемлекеттің заңдарында көрініс табады.

Патент беріледі- автор немесе оның құқық иелеріне, патентті беруі бойынша өтінімде көрсеткен өнертабыс, пайдалы модель, өнеркәсіптік үлгі авторына(авторларға) немесе автордың жұмыс берушісі, жеке,(немесе) заңды тұлғаларға.

Қызмет бабымен, тапсырма ретінде жұмыскер жасаған өнеркәсіп меншігі объектісіне қатысты патент алу құқығы жұмыс берушіге тиесілі егер екеуінің арасындағы келісім-шартта басқасы қарастырылмаса. Жұмыс беруші патентті алған жағдайда жұмыскер жұмыс берушінің объектіні пайдаланудан тапқан пайдасына сай сыйақы алуға құқылы. Сыйақының мөлшері жұмыскер мен жұмыс берушінің арасындағы келісіммен анықталады.

Пайдалы модельдер дегеніміз сындарлы орындалған өндіріс құралдары, тұтыну заттары, қондырғылар және олардың құрамдас бөліктері.

«Сындарлы орындау» термині қорғалатын пайдалы модельдер қатарына төмендегі қондырғы түрлерін енгізу мағынасын білдіреді:блок схемалар, сақиған және де белгілі қондырғыларды жаңа мақсаттарда қолдану.

Егер пайдалы модель қорғау өлшемдеріне сай келіп, жаңа өнеркәсіпте қолданымды болса оған қорғау жасалады.

Өнеркәсіпте қолданылу мүмкіңділігінің талаптары өнертабыстың қорғалу мүмкініне қойылатын талаптарға толығымен сәйкес келеді.

Пайдалы модельдің жаңашылдығы оның белгілерінің жанындағы тек формальды сыртқы ерекшеленуімен ғана шектелмейді.

Пайдалы модельдің жаңалығын тексерген кезде ескерілетін техника деңгейін анықтауда, оны өнертабықа қатысты техника деңгейінен айырып тұрған екі ерекшелігі бар.

Бірінші ерекшелігі жаңалығын текесерген кезде, өтінім етілген пайдалы модель сияқты жалпыға белгілі болған дәл сондай мақсатта жұмсалатын мәліметтер ғана есепке алынады, демек егер пайдалы модель жер жыртатын ауылшаруашылық құралы болса, ол басқамен емес тек ғана содай жер жыртатын құралдарымен ғана салыстырылуы керек.

Екінші ерекшелік, пайдалы модель жаңалығының абсолюттік емес тек үстіртін әлемдәк жаңашылдығында жатыр, үйткені өнертабысқа қарағанда басымдық беруге қатысты модельді тексерген кезде барлық қолданылған құралдар емес тек РФ территориясындағы қолданылу фактілері ғана есепке алынады.

Пайдалы модельге куәлік беріледі, бұл куәлік модельге қатысты басымдықты, авторлықты, оны пайдаланудағы ерекше құқықты бекітеді.

Пайдалы модель куәлігі өнертабыс потенті сияқты құқықтарға ие.Бұлардың айырмашылығы күшінде болу мерзімдерінде: РФ Патенттік ведомствосына өтінім түскеннен кейін, патент 20 жыл, ал куәлік 5 күшінде болады.

Өтінімді пайдалы модельге қатысты беру шешімі, экономикалық тиімділігімен, пайдалы модельге қорғау мерзімімен және өнертабысқа қатысты өтінім тапсыруға қарағанда бұнда қорғауды алудың жеңілдетілген рәсімімен түсіндіріледі.

Пайдалы модельге өтінім РФ Патенттік ведомствосына тапсырылады.

1.Пайдалы модельге өтінім тек бір ғана пайдалы модельге немесе біртұтас шығармашылық ниетті құрайтын пайдалы модельдер тобына жатуы керек.

2.Пайдалы модельге өтінім толтыру ұстанымдарын өнертабысқа өтінім толтыру ұстанымдарына ұқсас.

Өтінім құрамында болу керек:

-пайдалы модель сипаттамасы;

-пайдалы модель формуласы

-сызбалар;

-реферат;

3.Төмендегілер пайдалы модель өтініміне қоса беріледі:

-белгіленген мөлшерде баж төленгенін, оны төлеуден босатылғанын, немесе аз мөлшелде төлеу жеткілікті екенін куәландыратын құжат;

-Егер өтінім сенім белдірілгендер мен өкілдер арқылы берілетін болса РФ Патенттік ведомствосы алдында көрсетілетін сенімхат.

Пайдалы модель өтінімін сараптау, формальдық талаптармен шектеледі: келу бойынша тіркеу жүйесі деп аталатын жүйе заңмен бекітілген, бұл өз кезегінде өтінімнің РФ Патенттікведомствосына түсуі мен қорғау құжатының берілу арасындағы уақыттың азайуына әкеледі.

Егер тексеріс нәтежесінде өтінім құжатарына қатысты бүкіл талаптар орындалғаны анықталса, пайдалы модельге куәлік беру жайлы шешім қабылданады.

Куәлік өтінім етуші жауапкершілігіне, куәліктің шындыққа сай екендігіне кепілдіксіздік беріледі.

- өтінімге талап етілген құжаттардың түгелділігі;

- олардың белгіленген талаптарға сай екендігі;

- пайдалы модель біртұтастығының сақталуы;

қосымша материалдардың сәйкестігі (егер олар өтінім келіп түскен кезден бастап көрсетілген екі ай өткенге дейін тапсырылса).

Формальдық сараптау кезінде пайдалы модель біртұтастығының бұзылмағандығы тексеріледі.

Өнертабысындағы бір немесе бірнеше формула пункті бар бір пайдалы модельде біртұтастық сақталынбады, ал формула бір пайдалы модельге жатпайтын нақты емес деп саналады егер:

- бір тәуелсіз пунктте балама түріндегі белгілер болса, олардың әр-қайсымен сипаттама мәліметтеріне сәйкес әр-түрлі техникалық нәтижелерге қол жеткізілсе;

- бір тәуелсіз пунктте балама түрінде көрсетілген белгілер басқа белгілердің баламалық орындалуына әкелсе;

- тәуелді пунктте, тәуелсіз пункттің белгілерін жоққа шығаратын не ауыстыратын белгілер болса.

5. Өтінім келіп түскеннен кейінгі екі ай ішінде өтінім етуші оның материалдарына өтінім етілген пайдалымодельдің ішкі мәнін өзгертпейтін түзетулер мен нақтылаулар енгізуге құқылы. Қосымша материалдар пайдалы модельдің ішкі мәнін өзгертеді егер олар ертеректе берілген өтінім материалдарында жоқ пайдалы модель формуласына қосылатын белгілерге ие болса.

Кез келген тұлға пайдалы модель өтініміне қатысты техникалық деңгейді анықтау үшін ақпараттық іздеуді өткізуді қолдаухат арқылы талап етуге құқылы.

6. Егер өтінім етуші куәлікті беру жайлы хабарды алғаннан кейінгі екі ай ішінде баж және куәліктің әрекет етуінің бірінші жылы үшін төленгені жайлы құжаттарды тапсырса, куәліктің берілуі жайлы мәліметтер ресми бюллетеньде жарияланады. Бұл мәліметтерде пайдалы модель атауы және формуласы жазылады.

Мәліметтер жарияланғаннан кейін, өтінім иесі өтінім етілгенге ұқсас қондырғыларды пайдаланатын үшінші тұлғаларға өтінім берілгендігі жайлы хабарлауға құқылы, демек бұл жерде ол заңдармен бекітілген уақытша қорғау режимін пайдаланып отыр, ол бойынша патент иесі пайдалы модельге қатысты куәлікті алғаннан кейін оған компенсация төленуі қарастырылған.

Сонымен пайдалы модельдерге қатысты құқықтық қорғау өнертабыстарымен салыстырғанда тез беріледі, сөйте тұра өнертабысқа патентпен берілуі мүмкін барлық құқықтар бұл жерде сақталады.

Материалдық шығындардың аздығы, қорғауды пайдалы модельге қатысты алудың тағы бір артықшылығы болып табылады. Бұл өтінімнің РФ Патенттік ведомствасында тексерілуі, куәліктіңбелгіленген уақыт аралығында күшінде болуы және басқа да құқықтық маңызы бар әрекеттер үшін төленетін соманың аздығымен түсіндіріледі.

7. Пайдалы модельге қатысты куәлікке өтінім етуші өзі жауапты болады және ол кепілдіксіз беріледі, себебі өтінім бойынша өнеркәсіп меншігінің бұл объектісіне РФ Патенттік ведомствовасы оның патенттелуге жарамдығына қатысты тексеру жасамайды. Пайдалы модельге қорғау алу мәселесінің нақ осы аспектісі өнертабыспен салыстырғанда ерекшеленеді, бұл жерде өтінім етуші пайдалы модельдің өнеркәсіпте қолданылу мүмкіндігін, жаңашылдығын, патенттелуге жарамдығын, куәлікте көрсетілген құқықтарын іске асырғысы келсе өзі қамтамасыз етеді.

Қорғаудың күшінде болуы, өтінім етушіге оның куәліктегі құқықтары шектеліп, үшінші тұлғалар (мысалы иесінің рұқсатынсыз оны жасап шығару, сату) пайдалы модельді өз қажетіне пайдаланып кетпеуі үшін қажет.

Пайдалы модельге куәлік және оны алуға деген құқық мұрагерлік бойынша беріледі.

РФ Патенттік ведомствасона өтінім келіп түскеннен кейінгі үш жыл бойы пайдалы модель мүлдем немесе қажетті деңгейде пайдаланылмаса, қорғалатын объектіні пайдаланғысы келетін тұлғаға мәжбүрлік лицензия берілуі мүмүкін.

8. Куәліктің күшінде болуы мерзімінен бұрын тоқтатылады:

- куәлік заңсыз деп танылса;

- қорғау құжаты иесінің РФ Патенттік ведомствосына жазған өтініші негізінде;

- куәлікті күшінде ұстап тұру үшін қажет баж белгіленген мерзімде төленбесе.

Қорғау құжатының әрекет ету мерзімінің уақытынан бұрын тоқтатылғаны жайлы мәлімет РФ Патенттік ведомствосының ресми бюллетенінде жарияланады.

9. Пайдалы модельді шетелде патенттеген кезде, бұндай қорғау барлық елдерде орын алмағанын ескеру қажет. Бүгінгі таңда пайдалы модельдер негізінен мына елдерде қорғалады: ГФР, Жапония, Италия, Испания, Португалия, Бразилия, Австралия, Венесуэла, Фелепин, Польша, Қытай, Венгрия, Югославия, Финляндия, Дания, Белорусия, Қазақстан, Грузия.

Өнертабысқа құқықтық қорғау беріледі,егер ол

- жаңа болса;

- өнертапқыштық деңгейі болса;

- өнеркәсіпте қолданылатындай боас.

Техника деңгейіне белгісіз болса өнертабыс жаңа болып табылады.

Өнертабыстың басымдық алған күніне дейін әлемде қолжеткізуге мүмкін деректер деп саналады. Әлемде белгіленген күні жұртшылыққа баспа, радио, теледидар арқылы жеткізілген деректер де қолжеткізуге мүмкін деректер деп саналады.

Өнертабысқа көпшіліктің қол жеткізуі мүмкін мәліметтерді қарсы қою мүмкіндігі бар күнді анықтау үшін төмендегі ақпарт деректері қолданылуы мүмкін:

- қорғау құжатына қатысты жарияланған сипаттамалар, жарияланған күні көрсетілген өтінімдер;

- басылуына қол қойылған сәттен бастап – отандық басылымдар;

- жарыққа шыққан кезінен бастап басқа басылымдар;

- қолжазба мақалаларын, шолуларды, монографияларды, басқа да материалдарды сақтауға берілегендері сақтауға берілген сәтінен;

- ғымыми-техникалық ақпарат органдарындағы ғылыми-зерттеу жұмыстары жайлы есептер, тәжірибелі конструкторлық жұмыстарға және басқа да конструкторлық, технологиялық, жобалық құжаттарға түсіндірмехаттар – сол органдарға тіркелген сәтінен бастап;

- нормалық-техникалық құжаттар-өкілетті органда тіркелген сәтінен бастап;

- қолжазба құқығында жарық көрген диссертация және диссертация авторефератының материалдары – кітапханаға келіп тіркелген сәтінен;

- конкурске алынған жұмыстар-оларды таныстыру үшін көрсеткен сәтінен, конкурстың өткізілуіне қатысты құжаттармен ьекітіледі;

- көрнекті ақпарат деректері(плакаттар, сызбалар, схемалар, фотосуреттер т.б.)-оларды көру мүмкін болған күннен бастап,ресми құжаттармен дәлелденген;

- ауызша баяндамалар, лекциялар, сөз сөйлеулер- баяндаманың жасалған, лекцияның оқылған, сөз сөйлеудің болған күнінен бастап, егер бекітілген тәртіпте нақтыланса;

- кино, радио, теледидар бойынша хабарлау-осындай хабардың орын алған сәтінен, белгіленген тәртіппен сәйкес ақпараттық тасушыда нақтыланса.

Ақпаратты жариялау сәтінен кейін он екі айдан кешіктірілмей Патент ведомствосына өнертабыс жайлы өтінім берілуі тиіс. Өнертабыстың жаңалығын анықтаған кезде техника деңгейіне РФ да басқа тұлғалармен берілген өнертабыстар мен пайдалы модельдерге байланысты (шақыртып алынғандарды санамағанда) барлық өтінімдер қосылады (олардың ертеректе алған басымдықтары болуы талабы негізінде). Өнертабысқа экспертиза жүргізу кезінде сол авторлардың өтінімдері техника деңгейіне қосылмайды.

Ертеректе берілген барлық өтінімдер мен объектілерді (жариялаған күні мен ол жайлы мәліметтерге тәуелді емес жағдайда) техника деңгйіне енгізу бұрын соңды осындай өнертабыс жайлы өтінім болмағандығын анықтау мақсатымен түсіндіріледі. Басқаша айтқанда патент алғаш өтінім етушіге беріледі.

Өнертапқыштық деңгей.

Егер ол(өнертабыс) маман үшін нақты техника деңгейінен болып табылмаса, өнертабыстың өз өнертапқыштық деңгейі болады. Өнертапқыштық деңгей талабы - өнертабыстың негізн құрайтын шешім басқа белгілі шешімдерден ерекшеленіп қана қоймай, сонымен қатар ол шығармашылық еңбек өнімі болуы шарт.

Егер өнертабыстың ерекше қасиеттеріне сәкес келетін басқа шешімдер анықталмаса өнертабыс өнертапқыштық деңгейге сәйкес деп саналады. Немесе сондай шешімдер анықталып бірақ өнертабыстың арқасында іске асырылатын техникалық әсерге ерекше қасиеттердің ықпал етуі жайлы деректер жоқ болса.

Өнертабыстар өнертабыстық деңгей талаптарына сәкес емес деп танылады егер олар мыналарға негізделсе:

- белгілі затты қандай да бір белгілі бөлікпен толықтыру, техникалық нәтижеге жету үшін оларды белгілі ережелер арқылы толықтырып, қосу, өнертабысқа осындай толықтырудың әсері бар екендігі анықталғанда;

- техникалық нәтижеге жету үшін белгілі бөлікті басқа белгілі бөдліктермен алмастыру, егер оған қатысты осындай алмастыру әсері пнықталса;

- белгілі заттың қандай да бір бөлігінт (элемент,әрекет) шығарыфп сол шығаруға тән нәтиже алғанда (мөлшерінің, салмағының, материал сыйымдылығының азаюы, сенімділігіннің жоғарлауы, процесс ұзақтығыныңтазайуы т.б);

- біртиптес элементтер санының өсуі, техникалық нәтижені күшейту үшін әрекеттердің өсуі затта нақ осындай элементтер мен әрекеттердің болуы негізінде;

- техникалық нәтижеге жету үшін белгілі затты белгісіз материалдармен толықтыру, материалдың белгілі қасиеттеріне негізделгенде;

- техникалық нәтижеге жету үшін белгілі затты белгісіз материалдармен толықтыру, материалдың белгілі қасиеттеріне негізделгенде;

- таңдаулы мен байланыстырылуы белгілі ережелерге негізделген белгілі затты белгілі бөліктермен жасау, техникалық нәтиже белгілі қасиеттер мен олардың арасындағы байланысқа негізделсе;

- Белгілі қондырғыны, тәсілді затты, штаммды жаңа мақсаттарда қолданғанда, егер жаңа мақсат белгілі қасиеттерге , орындалуға, құрылымға негізделсе, жаңа мақсатқа жету үшін қандай қасиеттер құрылым т,б қажет екені белгілі болса;

Өнертабыстың деңгей талаптарына сәйкес деп танылмайды мыналарға негізделген өнертабыстар:

-сандық белгісінің (белгілерінің) өзгертілуіне;

-бұндай белгілер арасындағы байланыс пен оның түрі өзгертіліп берілсе, техникалық нәтиже мен белгілердің жаңа анықтамасы белгілі заңдылықтарға, белгілерге, олардың арасындағы байланыстарға негізделсе.

Сөйте тұра өнертабыс өнертабыстық деңгейге сәйкес деп танылады егер жогарыдағы мәліметтер техника деңгейінен емес, өтінім материалдарынан белгілі болса.

Өнеркәсіпте қолданылуы

Егер өнертабыс, өнеркәсіпте, ауыл шаруашылығында, денсаулық сақтау және басқа да салаларда қолданылса, бұндай өнертабвс өнеркәсіпте қолданылымды деп табылады. Өтінімде көрсетілген іске асырылу мүмкіндігі дәлелденіп, қолдану кезінде өнертабыс белгіленген мақсатында іске асырылуы тиіс. Өнеркәсіпте қолдану талаптарына сәйкес жасалуы мүмкін өнертабысты ертеректе өнертабыстармен салыстырғанда артықшылықтармен қамтамасыз ету мағынасы жатқан жоқ. Аталған талап өнертабыстың қисындылығын емес, тек оның пайдаланылу мүмкіндігін білдіреді.

Затты өнертабыс объектісі ретінде сапалық өлшерлік құрамы, композиция мен ингриденттер құрамы, утилитарлық физика-химиялық құрамы және затты шығару тәсілдерінің нышандары арқылы сипаттауға болады.

Өнертабыс объектісі ретіндегі заттарға жатады:

- құрамына жоғары материалды қосындылар мен гендік инженерия объектілері кіргізілген қосындылар;

- композициялар (құрамдар мен қоспалар);

- ядролық айналу өнімдері.

Жеке қосындыларды сипаттау үшін жекелеген жағдайларда төмендегідей белгілер қолданылады.

Төмен молекулярлы қосылымдар үшін:- сапалық құрамы (жеке элементтер атомдары),сандық құрамы (бір сызық бойымен, тармақталған), атомдар арасындағы байланыс, олардың химиялық формула құрылымында көрсетілген молекуладағы орналасуы.

Жоғары молекулярлы қосылымдар үшін: макромолекуланың бір буынының химиялық құрамы мен құрылымы, макромолекуланың жалпы құрылымы (бір сызық бойымен тармақталған), буындар кезеңділігі, молекулярлық массасы, молекулярлық массасы, молекулярлық-массалық бөлініс, макромолекуланың геометриясы мен стереометриясы, оның аяғындағы және жанындағы топтары.

Бекітілмеген құрамы бар жеке қосындылар үшін: сәкестендіруге мүмкіндік беретін физико-химиялық және басқада сипаттамалар (оның ішінде алу тәсілінің белгілері).

Гендік инженерия өнімдеріне: физикалық карта немесе нуклеотидтердің реттілігі, аминоқышқылдардың реттілігі, сонымен қатар басқада ерекше физико-химиялық сипаттамалар.

Композиция сипаттамасы үшін төмендегі белгілер қолданылады:

- сандық құрамы (ингриденттер);

- сапалық құрамы (ингриденттер құрамы);

- композиция құрылымы;

- ингриденттер құрылымы.

Белгіленбеген құрылымды композициялар сипаттамалары үшін физико-химиялық, физико-утилитарлық көрсеткіштер және алу тәсілінің белгілері пайдаланылуы мүмкін.

Ядролық айналым өнімдері өнертабыс объектісі ретінде төмендегідей белгілермен сипатталады:

- сапалық құрамы (изотоп немесе элементтер изотоптары) сандық құрамы (протондар мен нейтрондар саны);

- негізгі ядролық сипаттар: жартылай құлдырау (полураспад) кезеңі, сәуле шашу энергиясы мен түрі (радиоактивті изотоптар үшін).

Тәсіл өнертабыс объектісі ретінде дегеніміз- материалдық объектілер көмегімен материалдық объектіге өзара байланысқан әрекет ету тәсілі, жүйесі, процессі. Тәсілге тән ерекшелік, ол бірнеше әрекет жиынтығы күйінде болған жағдайда уақытпен сәкестендірілген болады (кезекпен, бір уақытта т.б. орындалады).

Әрекет немесе әрекеттердің болуы, негізгі нышаны болып табылатын тәсіл сипаттамасында сол әрекеттерді жасайтын қондырғылар мен заттар қатысуы мүмкін.

Тәсілді сипаттау үшін төмендегі белгідер пайдаланылады:

- әрекет немесе әрекеттер жиынтығының болуы;

- уақытқа қатысты осындай әрекеттердің жиынтығы;

Әрекеттердің орындалу жағдайы;

- заттарды, қондырғыларды (құрал-сайман, жабдықтарды т.б.), микроағза штаммдарын, жануарлар мен өсімдік жасушалары түрлерін пайдалану тәртібі.

Материалдық объектіге әсер ету жағдайы мен соңғы нәтижесіне байланысты, тәсілдерді төмендегідей топтарға бөлуге болады;

- өнімді (бұйымдар, заттар) дайындауға бағытталған тәсілдер;

- материалдық әлем заттарының күйін өзгертуге бағытталған тәсілдер (өңдеу, реттеу т.б.) ;

- материалдық әлем заттары жағдайын анықтауға бағытталған тәсілдер (өлшеу, бақылау, диагностика т.б.).

  1. Құрастыру ережесі және заттың белгісін тіркеуге тапсырыс беру және куәлік беру.

- микроағзалардың жеке штаммдары;

- өсімдіктер мен жануалар жасушаларының жеке түрлері, оның ішінде жасуша клондары;

- микроағзалар, өсімдіктер мен жануарлар жасушалары түрлерінің консордицумдары (қауымдастықтары).

9 -тақырып. Күрделі процент, дисконтированиясы мен аннуитет

(2 сағат)

Сұрақтар:

1.Инвестиция кірісі жөніндегі баға болжамы есеп беру құралы.

2.Реверсияның өту бағасы.

1.Инвестиция кірісі жөніндегі баға болжамы есеп беру құралы

Өнеркәсіп үлгілері, өнер мен өнеркәсіптің қиылысқан жерінде тұрғанына байланысты, екі түрлі құқықтық тәртіп әсеріне ұшырайды:

- эстетикалық мәніне қатысты барлық көркем туындыларға қолданылатын авторлық құқық нормалары бойынша қорғау:

- үлгілердің механикаландырылған өндірісте өнеркәсіптік тәсілмен іске асырылуға бағытталғандығына байланысты, оларды өнеркәсіп меншігі объектілері ретінді патенттік құқық нормалары бойынша қорғау.

Өнеркәсіп меншігін қорғау формасын таңдаудағы осы қарама- қайшылық: авторлық құқық немесе өнеркәсіп меншігі - барлық елдердің заңдарына тән. Айырмашылық мәселенің қалай шешілетіндігінде жатыр. Құқықтық қорғаудың осы екі формасы біріктірілген, қисындастырылған немесе біріне-бірі қайшы келу керек пе.

Осыған байланысты жүйелердің үш түрі бар.

1. Өнеркәсіп үлгілерін қорғаудың кумулятивтік құқықтық жүйесі, өнер бірлігінің ұстанымы негізінде құрамында қорғаудың екі түріне де ие. Осы ұстанымды либерализммен ерекшеленетін Франция заңдары құралған.

2. Кумулятивтік қарама-қарсы жүйе сеператистік деп аталады. Бұл жүйе ұстанымдары Италия заңдарында айқын іске асырылған. Бұл жүйе авторлық құқық пен патент заңдарының біріктіріліп әрекет етуіне ешқандай да жол бермейді. Сеператистік жүйе бойынша авторлық құқық өнеркәсіптік немесе коммерциялық мақсаттарды көздемейтін таза көркем туындыларға ғана қолданылады. Бірқатар елдердің заңдарында бұл мәселені көркемдік үлгінің жоғары деңгейін анықтайтын оның ерекшелігінің өлшемдері арқылы шешеді. Осы себептен күнделікті тауарлардың үлгілері жүйелі түрде бүл авторлық құқық бойынша қорғау шеберінен ысырылады, сондықтан паралельді қорғауға сирек жағдайларда ғана жол беріледі.

3. Өнеркәсіп үлгілерін қорғаудың қисындастырылған жүйесі бойынша автор қорғаудың түрін өзі таңдайды. Ресейде өнеркәсіп үлгілерін патенттік қорғау қисындастырылған жүйе бойынша іске асырылады.