
- •Ё«Экономикалық теория негіздері» пәнінен емтихан сұрақтары
- •1. Жай ұдайы өндіріс.
- •2. Ұлғаймалы ұдайы өндіріс.
- •7. Игілікті мұрагерлікке беру құқығы.
- •8. Игілікті иеленудегі мерзімсіздіқ құқығы.
- •9. Сыртқы ортаға зиян келтіретін әдістерді қолдануға қарсылық жасау құқығы.
- •1. Өндірістік Әлеуметтік Нарықтық
- •Өндіріс шығындарының теориясы. Трансакциондық шығындар
- •Кесте 10.1 жіө-ді есептеу әдістері
- •Y, жиынтық өнім көлемі Сурет 11.1 Жиынтық ұсыныс қисығы
- •Сурет 11.3 Классикалық макроэкономикалық тепе-теңдік
- •Сурет 11.4 Кейнстік макроэкономикалық тепе-теңдік
- •Сурет 12.1 Экономикалық (іскерлік) цикл
- •Сурет 13.1 Филлипс қисығы
- •1) Салықтар:
- •2) Бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер:
- •Сурет 14.1 Лаффер қисығы
- •Сурет 14.2 Лоренц қисығы
Y, жиынтық өнім көлемі Сурет 11.1 Жиынтық ұсыныс қисығы
Жиынтық ұсыныстың қысқа, аралық және ұзақ мерзімде қарастырылуының басты себебі болып оған деген, яғни, жиынтық өнім көлеміне деген теориялық көзқарастардың әртүрлі болуы табылады. Осыған байланысты, макроэкономикалық тепе-теңдіктің негізінен, қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді үлгілері орын алады.
Макроэкономикалық тепе-теңдік және оның үлгілері. Кейнстік революция Классикалық үлгі француз экономисі Жан-Батист Сэйдің (1762-1832) заңымен тығыз байланысты және осы тұжырымға сәйкес құрылады. Сэй заңы бойынша, толық жұмысбастылық жағдайында жасалған өнімді сатып алатын шығындар мен оны сататын табыстар әрқашанда бір-біріне тең болады. Өндірілген өнімдердің құны автоматты түрде табыстарды қамтамасыз етіп отырады, яғни ұсыныс сұранысты тудырады. Бұл жерде, алынған табыстар бірден шығынға айналып отырады, олардың белгілі бір бөлігі жинақталмайды, түгелімен жұмсалып отырады деген болжамдар айтылады.
Жиынтық ұсыныстың ұзақ мерзімдегі қисығы классикалық кесінді деп аталады және ол тік сызық түрінде сипатталады. Классикалық кесіндіде экономика жұмыспен толық қамтылған жағдайда болады және жиынтық өнімнің нақты көлемі өзінің әлеуетті деңгейіне1 тең болады. Ал нарық икемді көрсеткіштер (баға деңгейі, атаулы жалақы, пайыз мөлшерлемесі) арқылы тепе-теңдікті ұстап тұрады. Жиынтық сұраныс өзгерген жағдайда жиынтық өнім көлемі өзгермейді, тек бағалар деңгейі ғана өзгереді (сурет 11.3).
Р
AS
E
AD
Y
Сурет 11.3 Классикалық макроэкономикалық тепе-теңдік
Е нүктесінде классикалық үлгі бойынша макроэкономикалық тепе-теңдік қалыптасады. Классикалық макроэкономикалық тепе-теңдік автоматты өзін-өзі реттейтін нарықтың тетігі ретінде қарастырылады және ол мемлекеттің экономикаға араласуын қаламайды. Сэй заңын алға тартанын осындай идеяны А.Смит, Д.Рикардо, Дж.Ст.Милль, А.Маршалл және А.Пигу сияқты классика-лық және неоклассикалық теорияның өкілдері жақтайды.
Кейнстік үлгідегі макроэкономикалық тепе-теңдік үлгісі классикалық үлгіге мүлдем қарама-қарсы болып табылады. Кейнс өзінің теориясында Сэй заңын қатты сынға алды және ол экономикаға мемлекеттің араласуын жақтады. Оның айтуынша, бір жылда өндірілген жиынтық өнім толығымен сатылмауы және сатып алынбауы мүмкін, яғни табыстар мен шығындар бір-біріне тең болмайды. Осы кезде кейбір адамдар жұмыссыз қалады және өндіріс қысқарады, ал соның салдарынан экономикада дағдарыс орын алады. Экономикалық дағдарыс жағдайында жиынтық ұсынысты емес, керісінше жиынтық сұранысты ынталандыру қажет, олай болса, сұраныс ұсынысты тудырады.
Жалпы алғанда, кейнстік үлгі қысқа мерзімге сәйкес келеді. Қысқа мерзімді кезеңде жиынтық өнімнің нақты көлемі өзінің әлеуетті деңгейіне сәйкес келмейді және сұраныс өзгергенде бағалар деңгейі өзгермейді және жиынтық өнім көлемі өзгеріске ұшырайды. Экономикалық дағдарыс кезінде мемлекеттің экономикаға араласуы арқылы жиынтық сұранысты арттыруды ынталандыру қажет, соған байланысты жиынтық сұраныс жиынтық өнімнің нақты көлемі өзінің әлеуетті деңгейіне жеткенше дейін арта береді (сурет 11.4).
Р
E AS
AD
Y