
- •Ё«Экономикалық теория негіздері» пәнінен емтихан сұрақтары
- •1. Жай ұдайы өндіріс.
- •2. Ұлғаймалы ұдайы өндіріс.
- •7. Игілікті мұрагерлікке беру құқығы.
- •8. Игілікті иеленудегі мерзімсіздіқ құқығы.
- •9. Сыртқы ортаға зиян келтіретін әдістерді қолдануға қарсылық жасау құқығы.
- •1. Өндірістік Әлеуметтік Нарықтық
- •Өндіріс шығындарының теориясы. Трансакциондық шығындар
- •Кесте 10.1 жіө-ді есептеу әдістері
- •Y, жиынтық өнім көлемі Сурет 11.1 Жиынтық ұсыныс қисығы
- •Сурет 11.3 Классикалық макроэкономикалық тепе-теңдік
- •Сурет 11.4 Кейнстік макроэкономикалық тепе-теңдік
- •Сурет 12.1 Экономикалық (іскерлік) цикл
- •Сурет 13.1 Филлипс қисығы
- •1) Салықтар:
- •2) Бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер:
- •Сурет 14.1 Лаффер қисығы
- •Сурет 14.2 Лоренц қисығы
7. Игілікті мұрагерлікке беру құқығы.
8. Игілікті иеленудегі мерзімсіздіқ құқығы.
9. Сыртқы ортаға зиян келтіретін әдістерді қолдануға қарсылық жасау құқығы.
10. Жауапкершілікке жазалау түрін қолдану құқығы, яғни қарызды төлеуге игіліктермен жазалау мүмкіндігі.
11. Қалдықтық сипат құқығы, яғни бұзылған құқық шарала-рын қалпына келтіруді қамтамасыз ету институтының өмір сүру құқығы.
Нарықтық шаруашылықтың негізгі белгілері. Натуралды және тауарлы шаруашылық
Қоғамдық шаруашылықты жүргізудің тарихи тұрғыдан қалыптасқан 2 әдісі бар:
1) Натуралды шаруашылық – қоғамның тек өз қажеттіліктері үшін ғана қажетті өнімдердің жиынтығын өндірумен айналысатын тұйық шаруашылық.
Натуралды шаруашылықтың иемденушілік және ұдайы өндірушілік болып бөлінеді.
2) Тауарлы шаруашылық - өнімдердің жеке тұтыну үшін емес, олардың айырбастау және сату үшін өндірілуін сипаттайтын шаруашылықтың дамыған түрі. Тауарлы шаруашылықтың негізгі сипатты белгілері:
- экономикалық қатынастар жүйесінің ашықтылығы;
- қоғамдық еңбек бөлінісінің дамуы;
Тауардың мәні, қасиеттері, формалары және әртүрлі теориялары
Тауар – бұл сатуға арналған және айырбас үшін өндірілген адам іс-әрекетінің өнімі. Тауардың 2 қасиеті бар:
1. Тұтыну құны, тауар осы қасиеті арқылы сатып алушылардың қандай да бір қажеттілігін қанағаттандыра алу қабілетіне ие бола алады.
2. Айырбас құны, яғни тауардың зат бола отырып басқа бір затқа айырбастала алуы.
Ақшаның мәні, болу тарихы, түрлері, қызметтері және әртүрлі теориялары
Тауар құнының одан әрі дамуымен байланысты, ақша бүгінгі күні тауарлардың айырбасталуына ғана қызмет көрсететін техникалық құрал Ақшаның атқаратын қызметтері:
1. Ақшаның құн өлшемі құралы ретіндегі қызметі. Ақшаның бұл қызметі өндірілетін барлық тауарлардың құнын көрсете алады
2. Ақшаның айналым құралы ретіндегі қызметі. Ақшалар осы қызметі арқылы қолма-қол нысанда нақты тауар айырбасына делдалдық жасайды.
3. Ақшаның төлем құралы ретіндегі қызметі. Бұл қызметті ақша тауарды сатқан кезде, ақшаны қарызға бергенде, салықты,төлегенде атқарады.
4. Ақшаның жинақтау құралы ретіндегі қызметі. Болашақ тұтыныстарды қанағаттандыру және ұзақ пайдаланылатын тауарларды қорланады.
5. Ақшаның «әлемдік ақшалар» ретіндегі қызметі. Бұл жерде әлемнің дамыған елдерінің тұрақты валюталары (доллар, еуро, йена, рубль, т.б.) әлемдік ақшалар қызметін орындайды.
Нарықтың мәні және әртүрлі жіктелу критерийлеріне байланысты түрлері
Жалпы нарық немесе рынок деген ұғымды классикалық саяси экономия бағытының негізгі өкілі Адам Смиттің (1723-1790 жж.) «көрінбейтін қол» қағидасымен байланыстыруға болады. нарық өзін өзі автоматты түрде реттейтін механизм деген тұжырым
Нарықтың пайда болу жағдайын ең алдымен мыналар анықтайды:
1) Қоғамдық еңбек бөлінісі.
2) Өндірушілердің дербестілігі және экономикалық таңдаудың еркіндігі.
3) Өндірушілердің жеке меншік шеңберіндегі экономикалық оқшаулануы.
Нарық құрылымының әртүрлі жіктелу өлшемдеріне байланысты түрлері орын алады:
1) Нарықтық қатынас объектілерінің экономикалық мүдделері бойынша:
- тауарлар мен қызметтер (игіліктер) нарығы;өндіріс факторларының нарығы, - қаржы нарығы;- ақпарат нарығы.
2) Географиялық орналасуы бойынша:
- жергілікті нарық;- аймақтық нарық;- ұлттық нарық;
- дүниежүзілік нарық.
3) Бәсекенің шектелу деңгейі бойынша:- жетілген бәсеке нарығы;- монополиялық нарық;- олигополиялық нарық;- монополистік бәсеке нарығы.
4) Салалар бойынша:- автомобиль нарығы;- компьютер нарығы, т.б.
5) Сатылу сипаттамасы бойынша:- көтерме сауда нарығы;- бөлшек сауда нарығы;- фьючерстік сауда нарығы.
6) Заң нормаларына сәйкестігі бойынша:- ресми нарық;- ресми емес (көлеңкелі) нарық
Нарықтың атқаратын қызметтері мен принциптері. Нарықтық инфрақұрылым 1)Нарықтың ақпараттық қызметі – нарықтың экономиканың қазіргі жағдайлары туралы маңызды мәліметтерді тарата алуы
2) Нарықтың делдалдық қызметі – нарықтың тұтынушыға өзіне мүмкіндік жасау қабілеті..
3)Нарықтың баға белгілеушілік қызметі – нарықтың тек қоғамға ғана қажетті шығындарды қабылдауды және төлеуді талап етуі.
4) Нарықтың реттеушілік қызметі – нарықтың ақша қаражаттарының тиімсіз саладан тиімді салаға көшуін қамтамасыз етіп болашағы бар салалардың дамуына жағдай жасауы.
5) Нарықтың сауықтырушылық қызметі – нарықтың қоғамдық өндірісті бәсекеге әлсіз, икемсіз және қабілетсіз кәсіпкерлерден тазарта отырып бәсекеге жарамды аса белсенділер мен тапқырларға жол ашып отыруы.
1) Маржиналды (шекті) талдау принципі – нарық субъектілерінің әрдайым ұмтыла беруін сипаттайтын мінез-құлықтың қағидасы.
2) Баламалы (экономикалық) таңдау принципі –максималды түрде қанағаттандыру мақсатының орындалуы кезінде eң дұрысын және жақсысын таңдап алу.
3) Экономикалық ұтымдылық принципі –ең аз шығынмен максималды нәтижелілікке жетуіндегі ұтымды шешім қабылдау әрекеті мен мінез-құлқы. Инфрақұрылым – бұл қоғамдық өндірістің қалыпты жұмыс істеуі үшін фирмалардың қызметін әсер ететін мекемелердің кешенді жүйесі.
Экономикада инфрақұрылымның мынадай түрлері қалыптасқан: