Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Жауап.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
157.48 Кб
Скачать

Ё«Экономикалық теория негіздері» пәнінен емтихан сұрақтары

  1. Экономикалық теорияның қалыптасуы мен даму кезеңдері

«Экономика» ұғымы ежелгі грек сөзінен («ойкос» - үй, үй шаруашылығы, «номос» - заң, заңдылық) аударғанда үй шаруашылы-ғын жүргізу және басқару заңдылықтары дегенді білдіреді.

Экономикалық теория – бұл адамдардың шексіз қажеттілікте-рін қоғамның шектеулі ресурстары арқылы қанағаттандыру үшін материалдық және материалдық емес игіліктердіөндіру, бөлу, айыр-бастау және тұтыну бойынша ғылым саласы.

Экономикалық ғылымның ұзақ және аса бай тарихы бар. Экономикалық ілімдерді жүйелеудің ең алғашқы белгілі талпыныстары бірінші Аристотель (б.з.д. 364-322) мен Платон (б.з.д. 428-348) сияқты ежелгі грек ойшылдарымен байланысты Аристотель экономиканы байлық туралы ғылым ретінде анықтап, құн, баға және ақша теориясына өте көп үлес қосты.

Жоғарыда атап өткеніміздей, «экономика» термині ежелгі грек сөзі, оны алғаш рет грек жазушысы және тарихшы Ксенофонт (б.з.д. 430-355) қолданған. Шын мәнінде, бастапқы мағынасында «экономия» сөзі орын алған, ол үй шаруашылығын жүргізудің өнері туралы ғылым ретінде сипатталды. Осы кезде француз экономисі Антуан де Монкретьен (1575-1621) 1615 жылы «Саяси экономия трактаты» атты еңбегін жариялайды. Онда ол сауда қатынастарын жан-жақты дамыту арқылы экономикалық саясатты жүргізуді ұсынады.

Меркантилизм. Экономикалық теориядағы алғашқы мектеп – меркантилизм болып табылады. Бұлар байлықтың көзі тек саудада деп түсінді, Меркантилизмнің басты өкілдері болып жоғарыда аталған А. Монкретьен, ағылшын экономисі Томас Мэн (1571-1641), Уильям Стаффорд (1554-1612), француз экономисі Жан Батист Кольбер (1619-1683),

Физиократтар. Бұл мектептің негізін салушылар болып француз ғалымдары Франсуа Кенэ (1694-1774) мен Анн Тюрго (1727-1781) болды. Физиократтар экономикалық ғылымда айтарлықтай бетбұрыс жасады. Олар бірінші болып өндіріс аясына көңіл бөлді. Олардың ойынша, байлықтың көзі сауда емес,

Классикалық саяси экономия. Саяси экономияның қалыптасуы мен дамуына сүбелі үлесті ағылшын экономистері Уильям Петти (1623-1687), Адам Смит (1723-1790), Давид Рикардо (1772-1823), Джон Стюарт Милль (1806-1873), француз экономисі Жан Батист Сэй (1762-1832) қосты. Классиктер (бұларға «классиктер» деген атақ берген Карл Маркс еді) физиократтарды сынай отырып, байлықтың қайнар көзі тек ауыл шаруашылығының еңбегі арқылы ғана емес, барлық өндіріс салаларындағы еңбекпен алынатынындығын қадап айтты

Марксизм. Басты өкілдері неміс экономистері Карл Маркс (1818-1883) пен Фридрих Энгельс (1820-1895) Бұлардың ойынша, тек жалдамалы жұмысшылардың еңбегі ғана қоғамның байлығын жасайды. т.б. Кейіннен, марксизм теориясын В. Ленин мен Г. Плеханов дамытты.

Неоклассикалық теория. бұл бағыттың негізін салушылар ағылшын экономисі Альфред Маршалл (1842-1924) мен Артур Пигу (1877-1959) болды. Бұл бағыт негізінде экономикалық теория шектеулі ресурстарды тиімді пайдалану ғылымы ретінде қарастырылады.

МАРЖИНАЛИЗМ. Маржинализм теориясы арқылы экономикалық теорияның микроэкономикалық негіздері әріқарай дами түсті. Бұл бағыттың негізін қалаушылар: Карл Менгер (1840-1921), Евгений Бем-Баверк (1851-1914), Фридрих Визер (1851-1926), Леон Вальрас (1834-1910), Вильфредо Парето (1848-1923), Август Фридрих фон Хайек (1899-1992), Людвиг фон Мизес (1891-1973) болды. Осы ғалымдардың еңбектерінде «шекті пайдалылық» теориясының негізгі қағидалары қалыптасты.

Кейнсиандық теория. Бұл бағыттың негізін қалаушы, ағылшынның көрнекті ғалым-экономисі Джон Мейнард Кейнс (1883-1946) болды. Кейнс өзінің 1936 жылы шыққан «Жұмыспен қамтудың, ақшаның және пайыздың жалпы теориясы» деген басты еңбегінде экономикалық мәселелерді реттеудің макроэкономикалық негіздерін жасай отырып, микроэкономикалық талдау шеңберінде шешіле алмайтын көптеген сұрақтарға жауап бере алды. Осы теория негізінде экономикалық екінші құрамдас бөлігі – макроэкономика қалыптасты. Кейнстің бұл еңбегі оны және оның теориясын әйгілі етті.

. Кейнстің макроэкономикалық теориясын Элвин Хансен, Пол Самуэльсон, Джон Хикс, Евсей Домар және Рой Харрод сияқты ғалымдар әріқарай дамытып неокейнстік бағыттың негізін қалады.

МОНЕТАРИЗМ. Экономикалық ой-пікірдің бұл ағымы жаңа көзқараспен екінші дүниежүзілік соғыстан кейін өмірге келді. Монетаризмнің негізін қалаушы, американ экономисі, Нобель сыйлығының лауреаты Милтон Фридмен (1912-2006) болып табылады. Бұл бағытта макроэкономикалық саясаттың ортасында ақша мәселесі орын алады.

Оңтайлы күтімдер теориясы. Бұл басқаша, жаңа классикалық макроэкономикалық теория деген атпен белгілі болып 1970-жылдары қалыптасты. Бұлар макроэкономика саласына микроэкономикалық талдаудың құралдарын қолдануды ұсынды. Жаңа классиктер оңтайлы күтімдер гипотезасын алға тартты, оның авторы болып американ экономисі, Нобель сыйлығының лауреаты Роберт Лукас (1937 жылы туылған) саналады

ИНСТИТУЦИОНАЛИЗМ. «Институционализм» термині «заң негізінде орнатылған тәртіп немесе дәстүр» дегенді білдіреді. Институционалдық-әлеуметтік бағыт қазіргі экономикалық теорияда маңызды орын алады. Бұл теорияның негізгі өкілдері: американдық экономистер Торстейн Веблен (1857-1929), Джон Коммонс (1862-1938), Уэсли Митчелл (1874-1948), Джон Гэлбрейт (1908 жылы туылған). Бұлар экономикалық мәселелерді дәстүрлі емес әдістер арқылы зерттейді. Неоклассиктердің «экономикалық адам» мәселесін «әлеуметтік адам» ретінде қарастырды Сонымен, институционализм – бұл адамдардың экономикалықтан басқа, әлеуметтік, мәдени, саяси, адамгершіліктік, құқықтық құндылықтарын зерттейтін ерекше бағыт.

Институционализм теориясынан негізгі екі бағыт тарайды: неоинституционализм және қоғамдық таңдау теориясы.

Неоинституционализм бағыты меншік құқығының экономика-лық теориясы деп аталады. Негізін салушы болып американдық экономист, Нобель сыйлығының лауреаты Рональд Коуз (1911 жылы туылған) табылады. Бұл бағыт трансакциондық шығындар теориясына аса мән бере отырып, нарықтық қатынастарды дамытудағы меншік құқығының жаңа рөлін қалыптастырды және өндірісті нарықтық тұрғыдан тиімді үйлестірудің шығындарын анықтауды алға тартты.

Қоғамдық таңдау теориясы экономикалық және саяси құбылыстардың өзара байланысын зерттейді. Американдық экономистер, Нобель сыйлығының лауреаттары Джеймс Бьюкенен (1919 жылы туылған) мен Кэннет Эрроу (1921 жылы туылған) осы теорияның негізін қалаушылар болып табылады. Қоғамдық таңдау теориясы саясат қызметін экономикалық талдауды ұсынады

  1. Экономикалық теорияның пәні және зерттеу әдістері

Экономикалық зерттеу пәні – бұл экономикалық субъектілер-дің нарықтағы өмір сүру ерекшеліктері мен тәртіптері.

1. Ғылыми абстракция – бұл зерттеліп отырған құбылыстар-дың ең маңызды жақтарына және қасиеттеріне көңіл бөлу.

2. Анализ – бұл зерттеліп отырған объектіні жекелеген бөлік-терге бөліп талдап көрсету.

3. Синтез – бұл зерттеліп отырған объектінің жекелеген элементтерін біртұтас жүйеге біріктіріп көрсету.

4. Индукция – бұл жекелеген құбылыстар мен деректерден жалпы қорытынды шығару.

5. Дедукция – бұл жалпыдан жекеге қарай өту.

6. Эксперимент – бұл сараптама жүргізу.

7. Гипотеза – бұл алдағы уақытқа ғылыми болжам жасай алу.

8. Аналогия – бұл экономикалық құбылыстарды басқа экономи-калық емес мысалдар арқылы түсіндіру және ұқсату.

9. «Әртүрлі тең жағдайларда» әдісі – бұл қандай да бір құбы-лысқа бір фактор әсер еткенде басқа факторларды тұрақты деп қарастыру.

  1. Экономикалық заңдар және категориялар

Экономикалық заңдар – бұл адамдар өмірінде үнемі тұрақты түрде қайталанып отыратын себеп-салдарлық байланыстар мен құбылыстар. Қолданылу мерзіміне қарай барлық экономикалық заңдар төмендегідей жіктеледі:

1. Арнайы экономикалық заңдар – шаруашылық жүргізудің нақты бір белгілі нысандарын дамытумен байланысты заңдар.

2. Ерекше экономикалық заңдар – олардың іс-әрекет жүргізу жағдайлары сақталатын нақты бір тарихи дәуірлерге тән заңдар.

3. Жалпы экономикалық заңдар – адамзаттың барлық тарихи дәуірлеріне тән заңдар.

  1. Экономикалық теорияның құрылымы мен атқаратын қызметтері

1. Микроэкономика – бұл шектеулі ресурстар мәселесін жекелеген экономикалық агенттердің (үй шаруашылығы, фирмалар, т.б.) нарықтағы тәртіптері мен мінез-құлықтары тұрғысынан зерттейтін экономикалық теорияның бір саласы. 2. Макроэкономика – бұл экономикалық мәселелерді біртұтас жүйе ретінде зерттейтін және агрегатталған өлшемдерді қолданатын экономикалық теорияның бір саласы.

Экономикалық теорияның атқаратын қызметтері:

1. Танымдық қызметі – экономикалық заңдарды, құбылыстарды зерттеу және түсіндіру.

2. Практикалық қызметі – іс жүзінде зерттелген объектілерді қолданып экономикалық саясаттың негізін жасау.

3. Болжамдық қызметі – экономикалық дамудың жалпы ғылыми болжамын жасау.

4. Дүниетанымдық қызметі – ғылыми тұрғыда қоғам өміріне қажетті экономикалық көзқарастар жүйесін құру.

5. Әдіснамалық қызметі – барлық экономикалық ғылымдар үшін теориялық және әдіснамалық негіз жасау.

6. Сыншыл қызметі - әртүрлі экономикалық теориялардың артықшылықтары мен кемшіліктерін ашып көрсету.

  1. Қоғамдық өндіріс, оның қазіргі экономикалық жүйедегі орны мен рөлі

Не өндіру керек? – қандай тауарлар мен қызметтер өндірілуі тиіс.

Қалай өндіру керек? – қандай ресурстарды және технологияны пайдалану арқылы өндірілуі тиіс?

Кім үшін өндіру керек? – шығарылған тауар немесе қызмет кімге арналады, олар қалай бөлінеді,

Қоғамдық өндіріс үнемі үздіксіз жаңартылып отырады, ол үдерісті ұдайы өндіріс деп атайды.

Ұдайы өндірістің екі тұрпаты ажыратылады: