
- •«Университет» жшс
- •Жалбыз эфир майлары өндірісіне құрастырылған технологиялық регламент
- •Мазмұны
- •Өндірістің соңғы өнімінің сипаттамасы
- •Өндірістің химиялық реакциясы – жоқ
- •Өндірістің технологиялық сызбасы
- •Өндірістің аппаратуралық сызбасы және қондырғылардың спецификациясы
- •5. Шикізаттар, материалдар, жартылай фабрикаттардың сипаттамасы
- •6. Технологиялық үрдістің мазмұны
- •7. Жалбыз эфир майының өндірісіндегі 100 кг шикізаттың шығын нормалары, материалдық баланс
- •8.Өндірістегі бақылау және технологиялық үрдісті басқару
- •9. Өндірістегі қауіпсіздік техникасы және еңбекті қорғау
- •10. Өндiрiстiк санитария және гигиена
- •11. Қоршаған ортаны қорғау мәселелері.
- •11. Өндiрiстiк инструкциялардың тiзiмi:
11. Қоршаған ортаны қорғау мәселелері.
Жалбыз майын өндіретін кәсіпорынды жобалау кезінде келесі материалдар берілуі тиіс:
- құрылыс жүретін территория жерінің негізгі физика-химиялық параметрлерінің көрсеткіштері- жердің түрі, рН, органикалық заттардың және күтілетін өндіріс қалдықтарының спецификалық химиялық және биологиялық компоненттерінің құрамы;
- өндірістің дамуы барысында мүмкін болатын өндіріс қалдықтарының сандық және сапалық мағлұматтары (қауіптілік класы бойынша);
- өндіріс қалдықтарының топыраққа тигізетін залалдарының сипаттамасы;
- жерді санитарлы қорғауда атқарылатын жұмыстардың жоспары;
Қалдықсыз өндірісті енгізудің техникалық мүмкіншілігі болмаған жағдайда, жоба бойынша бүкіл өндіріс қалдықтарын тазалайтын шаралар қаралып, өндіріс барысында максимальды қолданылуын қамтамасыз ету керек.
Жаңадан тұрғызылатын, қайтатұрғызылатын және кеңейтілетін кәсіпорындардың құрылыс жобаларында ГОСТ-қа сәйкес атмосфералық ауаға жіберілетін зиянды заттардың мөлшерін негіздейтін мағлұматтар берілуі керек. Жіберілетін қалдықтарды есептеген кезде, микроорганизм-продуценттердің белгілі бір түрінің атмосфералық ауадағы мөлшері табиғи фоннан жоғары болмау керектігін жетекші ету керек.
Жалбыз майының өндірісі кезінде табиғатты қорғау шаралары қараластырылуы керек:
- құрамында органикалық бояғыштар, реагенттер, синтездің жартылай өнімдері мен басқа да зиянды химиялық заттары бар өндіріс қалдықтарын рекуперациялау немесе залалсыздандыру;
- биологиялық активті заттарды ұстап қалып, оны утилизациялау және залалсыздандыру;
- жағымсыз иісі бар қалдықтарды дезидорирлеу;
Жалбыз майын өндіретін кәсіпорын, суқолданысын және сушығындарын қысқартуға міндетті, кайта сумен қамтамасыз ету жүйелері мен өндіріс қалдықтарының тазартылған ағынды суларын максимальды қолдану арқылы.
Өндірістің ағынды сулары үнемі микроб контаминациясына ұшырайтын болғандықтан міндетті түрде залалсыздандырылуы тиіс;
Техникалық сумен қамтамасыз етудің қайтымды жүйелеріндегі тазартылған ағынды суларды дайындау және қолдану, қоршаған ортаны продувочных сумен кірлетудің нормативтен асуын болдырмауы тиіс.
Тазартуға арналған құрылыстар мен қондырғыларды таңдау өндірістік регламентке сәйкес өндіріс түріне, технологиялық процес кезеңдеріне және ағынды сулардың физика-химиялық құрамына байланысты және де әрбір жағдайда жергілікті мемлекеттік санэпидқызметтерінің ұйымдарының рұқсатымен дифференцирленген болуы керек.
Ағынды суларды тазалап, залалсыздандыруға арналған құрылыстарды қолдану жағдайларын және жұмыс істеу тиімділігін өндірістік тексеру, бұл құрылыстарды қолданып жатқан кәсіпорындардың міндеті.
Қалдықтарды жинау, сақтау және тасымалдау тәсілдері, қоршаған территорияны, тұрғындар аймақтарының жерін кірленуін болдырмауы тиіс және өндірістік қалдықтарды тазалау және залалсыздандыру жұмыстарын атқарып жатқан жұмысшылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуі тиіс.
Өндіріс жүріп жатқан аумақтағы жерлер бас кірлетушілерге және де биологиялық активті компоненттерге зертханалық тексерілуі тиіс.
Жердің кірлену дәрежесін бағалау, бұл аймақтағы кірленбеген жерлердің фондық мәліметтерімен салыстыру арқылы жүргізіледі.