- •«Биостатистика» пәнінен оқпе әдісі бойынша студенттердің тәжірибелік дағдысын бағалауға арналған әдістемелік өңдеу
- •Шымкент 2015
- •Оқпе –нің құрылымдық кезеңдері
- •Оқпе әдісі бойынша дайындалған тапсырмалардың ретті
- •1 Кесте. Оқпе әдісі бойынша дайындалған тапсырмалар ретті.
- •Емтихан қабылдаушы үшін қадамдар түрінде оқпе-нің әрбір кезеңінің құрылымы
- •Оқпе-ні кезеңдер бойынша жүргізуге арналған жабдықтар тізімі
- •Әр кезеңнің тапсырмалар тізбесі
- •1 Билет
- •2 Билет
- •3 Билет.
- •4 Билет.
- •5 Билет.
- •6 Билет.
- •7 Билет
- •8 Билет
- •9 Билет.
- •10 Билет.
- •11 Билет.
- •12 Билет.
- •Кезеңдердің орындалуы
- •Емтихан қабылдаушы үшін жауаптардың үлгісі
|
ҚРДСжӘДМ «Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы» ШЖҚ РМК Медициналық биофизика, информатика және математика кафедрасы |
044 -35/15-( ) |
«Биологиялық статистика» пәні бойынша тәжірибелік сабаққа арналған әдістемелік өңдеу |
«Биостатистика» пәнінен оқпе әдісі бойынша студенттердің тәжірибелік дағдысын бағалауға арналған әдістемелік өңдеу
Мамандық: 5В110400 «Медициналық профилактикалық іс»
Пәні: Биостатистика
Курсы : 3
Шымкент 2015
ОҚПЕ әдісімен тәжірибелік дағдыларды атестациялау, бойынша әдістемелік нұсқау кафедрасының мәжілісінде талқыланды және бекітілді.
№___ хаттама ________ 2015ж
ОҚПЕ әдісімен тәжірибелік дағдыларды атестациялау, бойынша әдістемелік нұсқау Әдістемелік Кеңес мәжілісінде талқыланды және бекітілді.
№___ хаттама ________ 2015ж
Түсіндірме хат:
«Биостатистика» пәнінен үлгілік оқу бағдарламасы 5В110400 «Дәрігерлік емдеу ісі» мамандығы бойынша ҚР 2009жылғы МЖМБС сәйкес жасалынды.
Пәннің негізгі мақсаты: биологиялық статистиканың теориялық негіздерін оқыту және статистикалық өңдеу әдістерін гигиеналық және эпидемиологиялық талдауда қолдану дағдыларын қалыптастыру.
Пәннің негізгі міндеті:
қазіргі заманғы медициналық деректер мен биологиялық өңдеудің статистикалық әдістері туралы білім негіздерін қалыптастыру;
медициналық және биологиялық деректерді өңдеу үшін қазіргі заманғы статистикалық әдістерді қолданудың негізгі дағдыларын қалыптастыру
ОҚПЕ технологиясының негізгі сипаттамалары:
емтиханды тәуелсіз экзаменатор қабылдайды;
студент емтиханды жеке код (шифр) бойынша тапсырады;
тапсырма «қадамдарға» бөлінген кезеңдер бойынша орындалады;
әр «қадам» балл жүйесімен бағаланады;
емтихан аяқталғанда студенттің тәжірибелік іс дағдысы, алынған балдардың қосындасы бойынша бағаланады.
Студент пәнді оқып біткеннен кейінгі құзіреттіліктері:
білуге:
деректердің түрлерін және оларды бейнелеу тәсілдерін;
өлшеу шкалаларының түрлерін;
таңдаманың сандық сипаттамаларын;
қалыпты үлестірілім заңы белгілерінің қасиеттерін;
Стьюденттің t-белгісін;
Кольмогоров-Смирнов және Пирсонның келісім белгісін;
болжам тексерудің параметрлік емес (Манна-Уитни, Уилкоксон) белгісін;
бір факторлы дисперсиялық талдауды;
корреляциялық тәуелділік (Пирсонның сызықты корреляция коэффициентін, Спирменнің рангілік корреляция коэффициентін);
регрессиялық талдауды;
негізгі эпидемиологиялық көрсеткіштерді;
медициналық-биологиялық тәжірибе жүргізу кезеңдерін және оны жоспарлауды;
«Statistica 10» бағдарламасы;
істей алуға:
деректерді өңдеудің статистикалық әдістерін қолдануды;
биостатистикадағы өлшеулердің сенімділігін бағалауды, айырмашылықтардың статистикалық маңыздылығын анықтауды;
статистикалық қатарлардың үлестірілуін анықтау және олардың теориялық таралу заңдарына сәйкестігін бағалауды;
таңдамалылардың сандық сипаттамаларын есептеуді;
мәліметтерді сызба түрінде кескіндеуді;
бірфакторлы дисперсиялық талдау әдістерін қолдануды;
жұптасқан сызықты регрессия теңдеуін анықтауды;
регрессия теңдеуінің маңыздылығы туралы болжамын тексеруді;
жұптасқан сызықты корреляция коэффициентін есептеуді;
корреляция коэффициенті маңыздылығы туралы болжамды тексеруді;
«Statistica 10» бағдарламасы да жұмыс істеуді;
меңгеру дағдылары:
«Statistica 10» бағдарламасында жұмыс істей алу;
негізгі статистикалық белгілермен жұмыс істей алу.
