Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Оскэ (легкие) преподават и кафедры тексерілген...docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
52.47 Кб
Скачать

Астана Медицина университеті» ақ

1 Балалар аурулары кафедрасы

Іс-әрекет алгоритмі

Объективті құрылымды клиникалық емтихан

1 - станция

Өкпе аускультациясы (жасы 5 те)

Есеп №4. Тапсырма:Құрастырылған есеппен танысып және оны шешіп қорытынды жасаңыз.

Сатылар

Іс-әрекет қатары

1

Сырттай назар салып тексерісте жөтел мен тыныстық сипатын анықтау

Оқытушының қойып берген дыбыстық жазбасын тыңдап және оған пікірлер жүргізу: «ысқырықты тыныс алу»

2

Алдыңғы аймақтарда симметриялы түрде аускультация жүргізу.

Дәрігердің қалпы (студенттің): Науқастың (манекеннің) алдынан оң жағынан тұру. Аускультация жүргізу:

1.Оң және сол жақ өкпе ұшы аймағынан бұғана орта сызығы бойымен;

2.Оң және сол жақ екінші қабырға аралық аймағына;

3.Оң және сол жақ үшінші қабырға аралық аймағына;

4.Оң жақ төртінші қабырға аралық аймағына;

5.Оң жақ бесінші қабырға аралық аймағына;

6.Оң жақ алтыншы қабырға аралық аймағына;

3

Беткей бүйір аймақтарда симметриялы түрде аускультация жүргізу

Дәрігердің (студенттің) қалпы: Алдыңғы жақтан аускультация жүргізу (Дәрігерге қолайлы болу үшін сол жаққа қарай шегінуге болады). Қолтық асты ортаңғы сызық бойымен аускультация жүргізу:

1.Оң жақ алтыншы қабырға аралық деңгейде, сол жақтан манекеннің ерекшелігіне байланысты аускультация жүргізу мүмкін емес, сондықтан тек

( ауызша түрде баяндау).

2.Оң және сол жетінші қабырға аралық деңгейде.

4

Артқы аймақтарда симметриялы түрде аускультация жүргізу

Дәрігердің(студенттің) қалпы:

Науқастың (манекеннің) артынан сол жақтан тұрып аускультация жүргізу:

1.Оң және сол жақ жауырын үсті аймағында;

жауырынаралық аймағында;

Паравертебральды (омыртқа маңы) сызықпен;

2.Оң және сол жақ үшінші қабырға аралық дейгейде

3.Оң сол бесінші қабырға аралық дейгейде; жауырын сызығымен жауырын асты аймағына;

4.Оң және сол жақ жетінші қабырға аралық дейгейінде;

5.Оң және сол жақ сегізінші қабырға аралық дейгейде;

5

«Еркін»аускультация жүргізу

Классикалық емес өкпе аускультациясын жүргізу-«Еркін» аускультация(мақсаты: қосымша тыныс алу шуын нақтылау, анықтау).

6

Тыныс алу жиілігін есептеу

Тыныс шуы аймағына фонендоскоп қойып, 1 минутта тыныс алу жиілігін есептеу. Тыныс жиілігі минутына 32 рет.

7

Тыныс алу түрін анықтау оған сипаттама беру

Талдау жасау: Қатаң тыныс алу.

8

Қосымша шудың «тыныстық» түрін анықтау сипаттамасын беру

Талдау жасау: Өкпенің барлық бөлігінде құрғақ ысқырықты сырылдар естіледі.

9

Қорытыны жасау

Болжамды диагноз: Жедел обструктивті бронхит.

ЕСКЕРТУ: 1,6,7,8,9 –тармақтардағы жауаптың нәтижелері таңдалған есепке байланысты, 2,3,4,5 тармақтары –бірдей орындалады.

«Астана Медицина университеті» АҚ

1 Балалар аурулары кафедрасы

«Балалар аурулары» пәні

СТУДЕНТКЕ АРНАЛҒАН АҚПАРАТ

Өкпе аускультациясы.

Есеп №5

.

Бала 5 жаста. Шағымы: тыныс алуының қиындауы, ұстама тәріздес жөтелдің пайда болуы.

Ауру анамнезінде: емшек жасынан бастап атопиялық дерматит белгісі пайда болды. Респираторлы дертпен жиі сырқаттанады, жылына 7 рет. Респираторлы аурулар балада ентігумен, ұзақ уақытқа созылатын мардымсыз құрғақ жөтелмен өтеді. Анасы поллинозбен сырқаттанады.

Қазіргі сәтте:

Баланы тыңдап, жөтеліне сипаттама бер.

Өкпеге аускультация жаса.

Тыныс алу жиілігін есепте.

Тыныс алу түрін анықтап, сипаттама бер.

Тыныс алу шуылын анықтап, сипаттама жаса.

Қорытынды жаса ( болжамды диагноз қой).

Станция ұзақтығы -5 минут.

Нәтижені бағалап келесі станцияға өту ұзақтығы - 2 минут.