
- •«Астана Медицина университеті» ақ
- •Объективті құрылымды клиникалық емтихан
- •Есеп №1. Тапсырма:Құрастырылған есеппен танысып және оны шешіп қорытынды жасаңыз.
- •«Астана Медицина университеті» ақ
- •Объективті құрылымды клиникалық емтихан
- •Есеп №2. Тапсырма:Құрастырылған есеппен танысып және оны шешіп қорытынды жасаңыз.
- •Астана Медицина университеті» ақ
- •Объективті құрылымды клиникалық емтихан
- •Есеп №4. Тапсырма:Құрастырылған есеппен танысып және оны шешіп қорытынды жасаңыз.
- •Астана Медицина университеті» ақ
- •Объективті құрылымды клиникалық емтихан
- •Есеп №5. Тапсырма:Құрастырылған есеппен танысып және оны шешіп қорытынды жасаңыз.
- •Астана Медицина университеті» ақ
- •Объективті құрылымды клиникалық емтихан
- •Есеп №5. Тапсырма:Құрастырылған есеппен танысып және оны шешіп қорытынды жасаңыз.
- •«Астана Медицина университеті» ақ
- •Емтихан алушыға арналған ақпарат.
- •Өкпе аускультациясы (жасы 5 жас)
«Астана Медицина университеті» АҚ
№1 Балалар аурулары кафедрасы
«Балалар аурулары» пәні
СТУДЕНТКЕ АРНАЛҒАН АҚПАРАТ
Өкпе аускультациясы.
Есеп №1
Бала 5 жаста. Балалар ауруханасында емделіп жатқанына 5 күн болған. Ауруханаға түсер алдындағы шағымы: дене қызуының 38,5-39,0С дейін көтерілуі, ылғалды жөтел, сылбыр, әлсіздік және тәбеттің төмендеуі. Ауру анамнезінде: ауырғанына 6 күн болған, жедел түрде дене қызуы 38,0 С-қа дейін көтеріліп, кейін 39,0 С –қа дейін жоғарлаған, тынысы жиілеп, тәбеті төмендеген.
Тыныс алу жиілігі минутына 40 рет.
Кеуде қуысының перкуссиясы барысында өкпе үні оң жақ жауырын асты ауданының 6-шы қабырға аралығында қысқарған.
Қазіргі сәтте:
Баланы тыңдап, жөтеліне сипаттама бер.
Өкпеге аускультация жаса.
Тыныс алу жиілігін есепте.
Тыныс алу түрін анықтап, сипаттама бер.
Тыныс алу шуылын анықтап, сипаттама жаса.
Қорытынды жаса ( болжамды диагноз қой).
Станция ұзақтығы -5 минут.
Нәтижені бағалап келесі станцияға өту ұзақтығы - 2 минут.
«Астана Медицина университеті» ақ
№1 Балалар аурулары кафедрасы
Іс-әрекет алгоритмі
Объективті құрылымды клиникалық емтихан
1 - станция
Өкпе аускультациясы (жасы 5 те )
Есеп №1. Тапсырма:Құрастырылған есеппен танысып және оны шешіп қорытынды жасаңыз.
№ |
Сатылар |
Іс-әрекет қатары |
1 |
Сырттай назар салып тексерісте жөтел мен тыныстық сипатын анықтау |
Оқытушының қойып берген дыбыстық жазбасын тыңдап және оған пікірлер жүргізу: «құрғақ жөтел» |
2 |
Алдыңғы аймақтарда симметриялы түрде аускультация жүргізу. |
Дәрігердің қалпы (студенттің): Науқастың (манекеннің) алдынан оң жағынан тұру. Аускультация жүргізу: 1.Оң және сол жақ өкпе ұшы аймағынан бұғана орта сызығы бойымен; 2.Оң және сол жақ екінші қабырға аралық аймағына; 3.Оң және сол жақ үшінші қабырға аралық аймағына; 4.Оң жақ төртінші қабырға аралық аймағына; 5.Оң жақ бесінші қабырға аралықаймағына; 6.Оң жақ алтыншы қабырға аралық аймағына; |
3 |
Беткей бүйір аймақтарда симметриялы түрде аускультация жүргізу |
Дәрігердің (студенттің) қалпы: Алдыңғы жақтан аускультация жүргізу (Дәрігерге қолайлы болу үшін сол жаққа қарай шегінуге болады). Қолтық асты ортаңғы сызық бойымен аускультация жүргізу: 1.Оң жақ алтыншы қабырға аралық деңгейде, сол жақтан манекеннің ерекшелігіне байланысты аускультация жүргізу мүмкін емес, сондықтан тек ( ауызша түрде баяндау). 2.Оң және сол жетінші қабырға аралық деңгейде. |
4 |
Артқы аймақтарда симметриялы түрде аускультация жүргізу |
Дәрігердің(студенттің) қалпы: Науқастың (манекеннің) артынан сол жақтан тұрып аускультация жүргізу: 1.Оң және сол жақ жауырын үсті аймағында; жауырынаралық аймағында; Паравертебральды (омыртқа маңы) сызықпен; 2.Оң және сол жақ үшінші қабырға аралық дейгейде 3.Оң сол бесінші қабырға аралық дейгейде; жауырын сызығымен жауырын асты аймағына; 4.Оң және сол жақ жетінші қабырға аралық дейгейінде; 5.Оң және сол жақ сегізінші қабырға аралық дейгейде; |
5 |
«Еркін» аускультация жүргізу |
Классикалық емес өкпе аускультациясын жүргізу - «Еркін» аускультация (мақсаты: қосымша тыныс алу шуын нақтылау, анықтау). |
6 |
Тыныс алу жиілігін есептеу |
Тыныс шуы аймағына фонендоскоп қойып, 1 минутта тыныс алу жиілігін есептеу. Тыныс жиілігі минутына 16 рет |
7 |
Тыныс алу түрін анықтау оған сипаттама беру |
Талдау жасау: Катаң тыныс алу. |
8 |
Қосымша шудың «тыныстық» түрін анықтау сипаттамасын беру |
Талдау жасау: ұсақ көпіршікті ылғалды сырыл естіледі. |
9 |
Қорытыны жасау |
Болжамды диагноз: Ауруханадан тыс оң жақ өкпе пневмониясы, орташа ауырлық дәрежелі, асқынбаған, жедел ағымды, тыныс жетімсіздігі (тексерген кездегі көрсеткіш 0, ауруханаға жатқызылған кезде 2 дәреже). |
ЕСКЕРТУ: 1,6,7,8,9 –тармақтардағы жауаптың нәтижелері таңдалған есепке байланысты, 2,3,4,5 тармақтары –бірдей орындалады.
«Астана Медицина университеті» АҚ
№1 Балалар аурулары кафедрасы
Балалар аурулары» пәні
СТУДЕНТКЕ АРНАЛҒАН АҚПАРАТ
Өкпе аускультациясы.
Есеп №2
Бала 5 жаста. Балалар ауруханасында емделіп жатқанына 7 күн болған. Ауруханаға түсер алдындағы шағымы: дене қызуының 39,0 С дейін көтерілуі, ылғалды жөтел, сылбырлық және әлсіздік. Ауру анамнезінде: ауырғанына 5 күн болған, дене қызуы үнемі 38,0 С пен 39,0 С аралығында жоғарлаған.
Тыныс алу жиілігі минутына 40 рет.
Кеуде қуысының перкуссиясы барысында өкпе үні оң жақ жауырын асты ауданының 9-10-шы базалды сегментте қысқарған.
Қазіргі сәтте:
Баланы тыңдап, жөтеліне сипаттама бер.
Өкпеге аускультация жаса.
Тыныс алу жиілігін есепте.
Тыныс алу түрін анықтап, сипаттама бер.
Тыныс алу шуылын анықтап, сипаттама жаса.
Қорытынды жаса ( болжамды диагноз қой).
Станция ұзақтығы -5 минут.
Нәтижені бағалап келесі станцияға өту ұзақтығы- 2 минут.