Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
фарм айгерим.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
88.58 Кб
Скачать

«Астана медицина университеті» АҚ

Кафедра Жалпы фармакология

СӨЖ

Тақырыбы: Қаптаушы, қармаушы, тітіркендіргіш және адсорбциялаушы заттар.

Орындаған: Ибраева А. 228 топ

Тексерген: КорановаТ.С.

Астана 2012

Жоспар:

  1. Кіріспе..............................................................................................................3

  2. Негізгі бөлім....................................................................................................4

  1. Қармаушы заттардың топтастырылуы, негізгі нәтижелері және әсер ету механизмі.

  2. Органикалық және бейорганикалық тұтастырғыш заттардың қолдану көрсеткіштері. Кері әсерлері.

  3. Қаптаушы және сорғыш заттар. Әсер ету қағидалары. Негізгі әсерлері. Қолдануы.

  4. Тітіркендіргіш заттар. Анықтамасы, тағайындалуы.Тітіркендіргіш заттардың емдік әрекетінің негізіне жататын нәтижелер. Теріге және шырышты қабатқа әсері, сол кезде болатын рефлекстердің мағынасы. Жеке тітіркендіргіш заттардың мінездемесі, оларды қолдану

  1. Қорытынды...........................................................................................14

  2. Пайдаланылған әдебиеттер................................................................15

Кіріспе

Қармаушы заттар әсері жергілікті қабынуға қарсы препараттарға жатады. Қармаушы дәрілер шырыш қабығына, теріге қолданғанда белок қабыршығын құрып, сезгіш нерв талшықтарын тітіркендіргіш заттардан қорғайды.

Қармаушы дәрілер 2 – топқа бөлінеді:

  1. Органикалық: танин, еменнің қабығының қайнатпасы, т.б. өсімдіктен алынады.

  2. Бейорганикалық тотықтырғыш дәрілер: висмуттың негізгі нитраты, ашудас, қорғасын ацетаты, мырыш тотығы, күміс нитраты.

Қармаушы дәрілер сыртқа, шаюға, жууға, ішке қолданады. Көбіне шырышты қабынуында /ауыз, мұрын/, ал көп концентрацияда күйгенді, жараны емдеуге қолданады. Қабынуды, ауыруды, басады.

Қаптаушы дәрілер шырыш қабығына қолданғанда қабыршық жасап, сезімтал жүйке талшықтарын механикалық және химиялық тітіркендіргіш заттардан қорғайды. Бұл дәрілерді асқазан ауруларында, және тітіркендіргіш дәрілермен бірге сұйық қоспа, клизма ретінде қолданады. Бұл дәрілерге зығыр және крахмал қоймалжыңы жатады.

Сорғыш дәрілер суда ерімейтін, тіндерді тітіркендірмейтін және адсорбциялық беткейлігі үлкен ұнтақ тәрізді инертті заттар. Бұл заттарға белсенді көмір, тальк және т.б. жатады. Бұлар іш өту кезінде және улы заттардың сіңірілуін тоқтату үшін қолданылады.

Тітіркендіріш заттар сезімтал жүйке ұштарын белсендіреді және тітіркендіріп қозу әрекетін арттырады. Сонымен қатар, зақымдалған мүшені немесе тінді иннервациялайтын орайлас жүйкеге орталық жүйке жүйесі арқылы алаңдатумен, ауыру сезімін басады. Бұл топқа жататын негізгі тітіркендіргіш дәрілер: қыша қағаз, скипидар, ментол, аммиак ерітіндісі, терпентиннің тазаланған майы жатады.

Негізгі бөлім

Қармаушы дәрілер

Қармаушы заттар әсері жергілікті қабынуға қарсы препараттарға жатады. Оларды шырышты қабаттардың және терінің қабыну үрдістерін емдеу үшін қолданады. Бұл препараттарды енгізген жерлерде жасушадан тыс сұйықтың, шырыштың, экссудаттың, жасуша бетінің (жасуша мембранасы) коллоидтарының тығыздалуы (белоктардың жартылай коагуляциясы) байқалады. Осылай пайда болатын қабық сезімтал жүйке ұштарын тітіркенуден сақтайды және ауыру сезімі төмендейді. Сонымен қатар жергілікті тамырлардың тарылуын, олардың өткізгіштігінің төмендеуін, экксудаттың азаюын, сонымен қатар ферменттердің ыдырауын шақырады. Осы көріністің бәрі қабыну үрдістерінің дамуына кедергі жасайды.

Қармаушы заттардың топтастырылуы:

  1. Органикалық:

Танин

Емен қабығының қайнатпасы

2. Бейорганикалық

Қорғасын ацетаты

Висмуттың негізгі нитраты

Ашудас

Мырыш тотығы

Мырыш сульфаты

Мыс сульфаты

Күміс нитраты